Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа

Краткое описание

1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................

І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ

Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................

Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................

Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................

II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................

3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................

3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кларита диплом.doc

— 678.50 Кб (Скачать документ)

Туристік тұтынуды оқып-үйрену мен туризмді дамытуды болжау   Қазақстанда жағымсыз аспектілерді минимумға дейін жеткізуге және жағымды аспектілерін күшейтуді көрсетеді.

Туризмнің мәдениетке әсері  келушілер мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынаста және тұрғындардың жағдыйының жақсаруына әсер етуінен  көрінеді. Бірінші деңгейінде келушілер  мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынаста бір-бірімен рухани мәдениетпен алмасуын көруге болады. Ол әр түрлі этникалық топтарда мәдениеттің өсуімен, сонымен қатар адамның ішкі мәдениетінің көтерілуімен айқындалады. Ғылым мен техника салаларында біліммен алмасу мүмкіндігі туады. Екінші деңгейінде тұрғындардың жағдайының жақсаруына әсерін тигізеді. Ол мемлекеттке келетін туристердің контингентінің «бай» жоғары индустриалды мемлекеттерден келуін айқындайды. Бұл резидент еместердің төлеу қабілетін түсіндіреді. Тұрғындардың жағдайының жақсаруы адамның білімге, ғылымға және оқуға талпынысына мүмкіндік туғызады. Яғни барлық мәдениеттің өсуіне абсолютті алғы шарттар жасайды. Туризм бұл жағдайда бірінші және ерекше орын алу керек. Туризм және тұрғындардың жұмыс бастылығы екі позицияда қарастырылады: Туризмнің жұмыссыздықты қысқартуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға әсері.

Туризм табиғи, мәдени объектілердің болуын ғана емес, сондай-ақ басты фактор жұмыс күшін анықтайды. Қазіргі кезде әлемде туризм индустриясында 212 миллион жұмыс орны бар, ал кешелектегі он жылда оның саны 338 миллионға дейін өсуі ықтимал.

Жұмысшыларды туристік салаға нәтижелі тарту үшін еңбек  биржасында есепте тұрған жұмыссыздарды  тарту керек. Қазіргі кезде Қазақстанда  еңбек нарығында қиын жағдай қалыптасты. Экономиканы қайта қалыптастырудың нәтижесінде көптеген жұмыс орындары қысқарды, яғни жұмыссыздардың саны көбейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Дипломдық зерттеуді  жүргізу барысында біз келесідей  шешімдер мен қортындылауларға келдік:

       1. Нарықтық экономика – туризм үшін неғұрлым жағымды орта. Туризм рекреациялық, танымдылық және емдік мақсатта орындалады, бірақ сонымен бірге жаңа инфрақұрылымды құру, аралас салаларды дамыту, елдің төлемдік балансын жақсарту және валюталық түмімнің ағымы сияқты экономикалық аспектілерге және үлкен мәнге иелік етеді.

       Қазақстанда соңғы 12 жылдың ішінде туризм сферасында түбегейлі институционалды және сапалы өзгерістер болды. Нарықтық экономика элементтерін енгізу, мемлекеттік туристік кәсіпорындарды акционерлік, жеке және біріккен кәсіпорындарға қайта құру сыртқа шығу туризмі мен шоп-туризмге бағытталған Қазақстанның отандық туристік өнімін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

       Қазақстанның аймақтарын рекреациялық аймақтандыру сапарлық мақсаттар бойынша туризмді қайта құруға мүмкіндік берді. Еліміздің территориялық артықшылықтарын және оның аттрактивтігін бағалауды есепке ала отырып ішке кіру туризмін дамыту үшін приоритетті болып тау, танымдылық және рекреациялық туризм табылады. Қазақстандағы көрсетілген туризм түрлерінің құрылымы елде мамандандырылған аңшылық туризмнің, оқиғалық туризмнің, көштік, этникалық, өткенді еске түсірушілік, діни және жастар туризмінің қызмет етуі мен әрі қарай кеңеюі үшін мүмкіндіктері бар.

       Шетеледер тәжірибелері көрсетіп отырғандай, туризм сферасында дұрыс қалыптастырылған мемлекеттік саясат оның пайдалылығын қамтамасыз етугуі мүмкін және әлеуметті-экономикалық дамудағы бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі. Шетелдік туризмді дамытуға бағытталы мен дамыту кезінде, қымбат және қымбат емес орналастыру құралдарын үйлестіріп, шетелдік туристердің саранымына жауап беретін туристік өнімді құру арқылы болашақта Қазақстан Рнеспубликасында ішке кіру туризмін дамыту мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда туризмді елдің мамандануының негізгі түрлерінің біріне айналдыра отырп, халықаралық туризмді сапалы дамыту үшін икемді салық саясатын, пайызсыз займдар мен несиелер беру, соның ішінде валютада, дотациялар қарастыру мақсатты болар еді. 

       2. Экономикалық күйзеліс жағдайында, белгіленген экономикалық және саудалық байланыстардың бұзылуы, жұмыссыздық өсуі кезінде туристік қызмет көлемі мен туристік өнімнен бас тарту болған жоқ, бірақ туризмде құрылымдық қайта құру байқалды – қызметтердің жалпы көлемінде сауда-саттық туризмі жоғарылады, неғұрлым үнемді турларға сұраныс көбейді.

       Туристік сферадағы бар сертификациялау мен лицензиялау жүйесі өз қызметтерін толық көлемде орындап отырған жоқ. 2001 жылы қабылданған соңғы лицензиялық жүйе туристік саланың дамуына теріс әсерін тигізді. Лицензияны туризмнің түріне байланысты және ішке келу туризмімен айналысатын туристік фирмалардың қызметтерін ынталандыру  мақсатында беру қажет. Туризмдегі тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарлату үшін кешенде Қазақстанның жекелеген аймақтарында қызметтерді сертификациялауды жүргізу мақсатталынған: туристік фирмалар, қонақ үйлер және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары.

       Туристік қызметтің жақсаруы маркетингті тиімді қолдану көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін. туризм нарығын сегменттеу әртүрлі сегменттердің приоритеттері айрықшаланатынын көрсетті: жоғары табысы бар тұтынушылар рекреациялық туризмді талғайды, орташа және төмен табыстылар – шоп-туризмді.

      Туризмде фирмалар арасындағы бәсеке жоғарылауда, сондықтанда бәсекелестерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін оқып-үйрену керек, осыған орай фирмамен тұтынушыларын таңдауға әсерін тигізетін неғұрлым маңызды қызметтік көрсеткіштері есепке алынған туристік фирмалардың рейтингтік бағаларының варианттары құрылған.

       3. Дипломдық жұмыста ішке кіру туризмін дамытуға мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі негізделген. Осы мақсатта шетелдік туристерді қабылдаумен айналысатын туристік фирмалар үшін жеңілдік шарттар қолдануға болады: қызмет етуінің бастапқы жылдарында жиынтық табыстан алынатын салықтан, қосымша құн салығынан босату, сонымен қатар туристердің негізгі ағымы жоспарланып отырған аймақтарда туристік инфрақұрылым объектілер салумен айналысатын ұйымдарды субсидиялау және жеңілдетілген несие беруді қарастыру.

       4. Туризмді дамытуға ынталандырушылық әсер ету инвестициялаудың арқасында жүргізіледі. Сондай-ақ, инвестициялаудың сондай мақсатталынған жүйесін қолдану керек, әсіресе жергілікті жұмыс күшін және жергілікті өндіріс материалдарын қолдануды іске асыратын.

Туризм әлемдік  экономикада басты рольдердің бірін  атқарады. Туризімнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көзсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады.

Қазіргі туризм – бұл әлемдік эконмиканың  құлдырауын білмейтін саласы.

Қорыта айтқанда жалпы туризм мемлекетке 3 оңтайлы нәтиже береді:

       1. Шетел валютасының құйылуын қаматамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

       2. Халықтың жұмыспен қамтылуын қаматамасыз етеді.  Бүкіл әлемдік туристік ұйым (БТҰ) мен Бүкіл әлемдік туризм және саяхат кеңесін бағалау бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына жұмыс орны келеді. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

       3. Елдің инфроқұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

        Туризм елдің тұтас  аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.

Туризм саласындағы  шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  құрылуы немесе жұмыс істеуі жол  көлігі, сауданы комуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуде дамытумен тығыз байланысыты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда неғұрлым дәрменді мултипликаторлық тиімділікке ие.

       Туризм жеке және ұжымды жетілдіру құрамы ретінде жоспарлануы

және тәжірибеге іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен спортпен араласумен байланысты қызмет. 

       Туризм жылдам және тұрақты дамуы, оның қоршаған ортаға барлық секторларымен қоғамның әл- ауқатын күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік дамуы бағдаламасында туристік саласы басымдық ретінде белгілі.

       Осы тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекегке қабілетті туризм индустриясының құқықтық ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.

       Қазақстанлда туризмнің тенденциясы кереметтей болмай тұр. Агенттік тарапынан ұйымдастырылған бірлі – жарым саминарлар мен іске асуы күмәнді жобаларды ескермесек, әрине. Жарнамалық газеттердің тең жартысын алып тұрған турфирмалармен туристік агенттіктерге көз салсаңыз, елімізде ттуризм қарыштап дамып жатқандай әсер қалдырады. Ашық нарықтық қоғам туризмнің дамуына қолойлы жағдай жасып тұр. Тек қажетті жағдай туғызып, құқықтың жағын реттеп, тәртібін қадағалап тұрса жетіп жатыр. Қазіргі кездегі туризмнің жеткен жетістіктерін (біршама дамығаны рас қой) агенттікпен байланыстыруымыз қате болар. Бұл жетістікті туризмнің дамуға бейімділігімен байланыстырғанымыз жөн. Қазақстандағы туризм қараусыз өскен жеміс ағашы секілді жабайланып бара жатқаны жасырын емес. Көршіміз Қырғызстанның жылдық бюджетінің жартысын Ыстықкөлге демалу  үшін келген туристердің әмияндары құрайды. Туризмнің басқа елдердегідей емес, елімізде экономикалық маңызы төмен. Біз көп ретте сұлу табиғатымыз бен тарихи мәнізор ескерткіштерімізді айтып мақтанғанда, алдыға дан салмаймыз. Ал, іске келгенде, дүрмектің соңында қалып жатамыз. Әлде, біздің табиғаты сұлу аймақтарымыз бен тарихи ескерткіштеріміз біз айтқандай емес пе? Олай демек тұрмақ, ойлаудың өз» қианат болар еді. Агенттік туристік фирмалар мен туристік агенттіктерді қатаң қадағалап, мына салалардың басын біріктіріпжұмыс жүргізсе, туризмнің маңдайы жарқырар еді. Олар: туристік фирмалар мен туристік агенттіктер, маркетингтік зерттеу, туризмдегі БАҚ-тың салмағы, банк саласындағы сақтандыру қызметі, қонақүй, әуе қатынасы, спорт және іскерлік туризм. Аталған салаларды үйлестіріп жұмыс істесе, туризмнің даңғыл жолында қырғыздар сияқты тасымыз өрге домаламаса да, қаржының басын қайыруға болады.

       Ендігі сөзді еліміздегі туризмнің қадам басуына бұрсақ, республикада туристерге арналған 159 қонақүй, 34 сауықтыру орны, 29 демалыс бағы, 26 демалыс үйі, 17 туристік кешен, 13 сауықтыру лагері, 10аңшылық үйі бар екен. Солардың ішінде үздіксіз пайда түсіріп тұрған қонақүйлер мен мейрамханалар болса керек. Қалғандарының пайда тауып, қарық қылып тұрғаны шамалы. Оған сеьеп – БАҚ-дұрыс насихатталмауы, қызмет көрсетудің және инфрақұрылымдардың кежегесінен кейін кетіп тұрғаны. Егер жолымыз тақтайдай, байланыс көңілдегідеі болса, қыдырымпаз саяхатшылар Қазақстанның тау-тасынын аяқ құрғатпайтыс еді.

2001 жылдың 13 маусымында  күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы  туристік қызмет туралы» Заңды  басшылыққа және әлемдік туризм  тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүргізу, құс салу, үкі асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы ай налдыру, қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Қазіргі шетел туристерін зауыт – фабриктер, олар шығарған өнімдер қызықтырмайды. Оларды еліміздің өзіне тән табиғи дәстүрлері мен салттары ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға таяу ұзын жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек тоқу, тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, сақина соғу шеберлерін тұрақты орналастыру мәселесін шешу керек.

Және де тағы бір айтар  ұсынысым шетел мемлекеттерінен  өңірімізге келген туристерге каламыздың брендтік сувенирлік имиджін ұсынатын өнім түрін шығарсақ.  

Қаланың брендісі тұтынушылардың тұрақты сұранысымен пайдаланушы және қоғамдық таңылушы, кеңінен белгілі, осы кала және қоғамның қайталанбас ерекще тұтынушылық сипаттарын анықтайтын өтпелі емес құңдылықтар жиықтығы ретінде қарастырылады. Бренд қаланың  ащық имиджі негізінде қалыптасады, ол негізде оның тұтынушыларының қандай да бір  сұраныстарын қайталанбас мүмкіндікдер түрінде қанағаттандырып жатыр, бренд жоғары имоционалды тұтынушылар қажетінің бақталастық артықшылар және кірістер факторы болып саналады, қала экономикасының бағалы активі болып табылады.

Ақтөбе брендісі өзінің әлеуетті тұтынушыларына нақты ақпаратты, дәлелдемелерді беруі тиіс және қала өз тұтынушыларына тұрарлық екендігіне сендіруі тиіс, қала, өз тұтынушыларының маңыздылығын мәртебесін жоғарлату қажет.Ерекше назарды қаланың тартымды имиджіне, бренд мәртебесіне аудару керек. Әрине, 1996 жылы Пекинде өткен геологтар форумында «Айдарлыаша ғаламдық стратотипі» мәртебесін алған Айдарлыаша геологиялық қимасы ма немесе Алтын Орда дәуірінен қалған Абат-Байтақ кесенесі ме, әлде құстардың — 250; сүтқоректілердің — 29, бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі кездесетін Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты ма, әйтпесе қөне Көкжар жеріндегі ескерткіштер, Мұғалжар тауындағы ежелгі адамдар тұрақтары бар — қай-қайсысының да орны ерекше. Тарихи-мәдени ескерткіштер, табиғаты көрікті мекендер облысымыздың қай өңірінде де аз емес. Солардың арасында Байғанин даласындағы «Ақбота — Сәңкібай» тауы мен «Құлшар шоқысы» бар. Бұларды табиғаттың бір құпиясы деп қабылдасақ та болады. Жап-жазық далада — аппақ болған, ақ борлы төбелер. Ашық күні айналасына аппақ нұр шашып тұрғандай әсер қалдырады. Ал күн еңкейген сәтте кемпірқосақ тәрізді түрлі-түрлі түске боялып көрінеді. Әсіресе, көктемде, айнала дала гүлдеріне толған шақта, бұл жердің әсемдігі көз тойғысыз… Бір көрген адам тағы да көргісі келеді.

Екінші жағынан, бұл  жерлер атауының өзінде үлкен мән  бар. Қазақтың ерлікке толы тарихына қатысты бұл жерлерге жастарды, оқушыларды экскурсияға апарар болсақ, ол сапарлардың  тәрбиелік мәні де болар еді.

Жалпы облысымыздағы туристік кешендер жылдан жылға даму үстінде. Мысалға жаңа мешіт пен шіркеу, заман талабына сай салынған Мега Ақтөбе сауық кешені де Ақтөбе қаласының төлқұжатына айналды.Ұлы Жібек жолындағы бұл әсем қала қашаннан оны мекен етушілер үшін Жерұйыққа тең бергісіз болып қала бермек!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері