Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа

Краткое описание

1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................

І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ

Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................

Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................

Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................

II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................

3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................

3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кларита диплом.doc

— 678.50 Кб (Скачать документ)

      Еліміздегі никельдің 55 пайызы, титанның 40 пайызы, фосфориттердің 34 пайызы, цинктің 4,7 пайызы, мыстың 3,6 пайызы, аллюминийдің 2 пайызы, тас көмірдің 1,4 пайызы Ақтөбе жерінде. Мұндағы жер қойнауында алтын, күміс, кобальт, калий тұздары, асбест, каолин, әйнектік және түсті тастық шикізаттар, табиғи әшекей материалдары, мұнайбитумды кендер, минералды сулар, құрылыс материалдарына қажетті шикізаттар, өзге де табиғи байлықтар бар.

      Облыста егін және мал шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері де жеткілікті. Солтүстіктегі құнарлы жерлерге орналасқан аудандар егін салумен, асыл тұқымды мал өсірумен айналысса, жерінің дені шөлейт болып келетін аудандар халқы негізінен мал өсіреді.

      Үлкен аймаққа орналасқан облыстың табиғаты далаға тән көркемдігімен ерекшеленеді. Көне таулар санатындағы ежелгі Мұғалжар—Орал тауларының далаға сіңген сілемдері. Ор, Елек, Қобда, Ойыл, Ырғыз, Жем, Сағыз өзендері мен ұсақ өзендер, ең ірілері мен көркемдері Ырғыз ауданына орналасқан дала көлдері — облыстың негізгі су ресурстары. Аймақтың құрғақ континентальды климатының тепе-теңдігі осы табиғи су көздеріне байланысты. Ырғыз ауданының жерінде 1967 жылы ұйымдастырылған Торғай мемлекеттік қорығы — облыстың мақтанышы. Ірі көлдер мен өзендер (Торғай, Өлкейек, Телғара, Ырғыз) орналасқан осы аймақта 29 түрлі аң, 30 түрі Қызыл Кітапқа енгізілген 170 құс түрлері бар. Қарғалы, Елек, Қобда аудандарында бұлан, Байғанин, Ойыл жерінде қарақұйрық сияқты аңдар, Ырғыз Шалқар өңірінде киік пен жабайы шошқа кездеседі.

      Осындай бай да байтақ өңірдің білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, көлік салалары ерекше қарқынмен дамып, жыл санап жақсарып келеді.

      Ақтөбеде бүкіл еліміздің мақтанышы болып отырған Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Академиясы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекетгік университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясының, Қазақ мемлекеттік Заң Академиясының, Экономика және статистика академиясының, Орталық Азия университетінің институттары мен филиалдары, С.Бәйішев атындағы университет сияқты ірі жоғарғы оқу орындары, әрқилы мамандықтар бойынша білім беретін 21 колледж, 16 кәсіптік лицей, 474 жалпы білім беретін мектеп, 99 мектепке дейінгі мекеме, 5 арнайы мекеме жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп отыр.

      Денсаулық сақтау саласы жыл сайын жақсарып, халық денсаулығының игі көрсеткіштері көтеріліп келеді. Облыста 251 дербес амбулаториялық-емханалық мекеменің 121-і, 60 аурухананың 41-і мемлекеттің меншігінде. 12 аудандық, 5 туберкулез, 1 қалалық, 12 ауылдық ауруханалар, 113 дәрігерлік амбулаториялар мен 208 медициналық пункттер, 31 шағын медпункттер облыс жұртшылығының денсаулығын сақтаумен айналысып отыр. Ақтөбе — медицина ғылымы мен ғалым-дәрігерлерлері ерекше биік деңгейге көтерілген өңір. Осындағы Медицина Академиясы білгір дәрігерлер мен медицина ғалымдарының ерекше ұстаханасы іспеттес. Әйгілі хирург Намаз Ізімбергенов, ғалым-хирург Жақсылық Досқалиев сияқты көптеген медицина қызметкерлері отандық медицинаның мақтанышына айналып отыр.

      Ақтөбе спортының даңқы да ерекше. Сидней Олимпиадасының чемпионы, халықтың мақтанышы Ермахан Ыбырайымов сол кезде қала әкімі болған, бокстан КСРО спорт шебері Е.Сағындықовтың (қазіргі облыс әкімі) шақыруымен Ақтөбеге келіп, Олимпиялық резерв спорт мектебін ашты, осы қалада жаттықты. Кейін ол өз жеңісін Ақтөбе қаласына арнады, ал ақтөбеліктер оны өз қаһарманы ретінде қуанышпен қарсы алды. Әлем чемпионы, боксшы Галиб Жафаров, Әлемнің бес дүркін чемпионы, самбодан еңбек сіңірген спорт шебері Асхат Шахаров, кикбоксингтен әлем чемпиондары Азамат Төлегенов пен Азат Сыдықов сияқты ондаған спорт шеберлері Ақтөбенің даңқын асқақтатып жүр. Ал «Ақтөбе» футбол командасы Қазақстан Республикасының чемпионы дәрежесіне көтерілді. Ақтөбенің спорт кешендері, спорт мектептері тамаша спортшылар әзірлеп шығарып отыр. Облыс спортшылары 700-ден астам халықаралық, республикалық чемпионаттар мен турнирлерге қатысып, 84 алтын, 200-ден астам күміс, 100-ден астам қола медальдарды жеңіп алған.

      Қарышты дамып келе жатқан облыс жұртшылығының тұрмысы, әлеуметтік жағдайы ерекше қарқынмен жақсарып келеді. Жаңа мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, мәдени нысандар, ірі сауда орталықтары, тұрғын үйлер саны соңғы екі жылда 2-2,5 есеге көбейді. Әсіресе, тұрғын үй құрылысы ерекше көбейіп, осы сала бойынша облыс республика бойынша алдыңғы қатарға шықты.

      Осынша жедел дамудың себепкері — білікті басшылықтың арқасында замана үрдісіне мейлінше сай ұйымдастырылған экономиканың өсуі, Елбасы белгілеген міндеттердің уақытылы және сапалы түрде жүзеге асырылуы, болашаққа деген сенімі берік облыс жұртшылығының барлық салада көрсетіп отырған күш-жігері.

      Ақтөбе өңірінің қарыштай дамуын 2006 жыл қорытындыларының бірер көрсеткіштерінен айқын аңғаруға болады:

      - Өндірістік өнімнің жалпы көлемі облыс тарихында 500 миллиардық межеден тұңғыш рет асып 620,0 млрд теңге болды. Бүл 2005 жылғыдан 101,3 млрд. теңгеге артық!

      - Өңдеуші   өнеркәсіп   өнімі   көлемінің өсуі   бойынша   облыс   еліміздегі   озат  үштік қатарына қосылды!

      - Құны 308,6 млрд теңгелік 71 жоба жүзеге асса, оның 52-і — өңдеуші кәсіпорындар;

      - Жылына 200 мың тонна мыс концентратын шығаратын Көктау тау-кен комбинаты іске қосылды.   Бұл бір жылдан астам уақыт ішінде, құла түзде орнаған ірі комбинат. Оның екінші кезегі 2008 жылы іске қосылып, жылына 47 мың тонна цинк концентратын шығарады, ал  мыс өнімі   260  мың тоннаға   жеткізіледі.   Енді   осы жерде   нақты   өнім   шығаратын металлургия зауыты салынбақ;

      Мұның бәрі индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясы шараларын жүзеге асыру, қосымша құн деңгейі жоғары өнім шығаруға бағытталған жоғары технологиялы өндірісті құру арқылы мүмкін болып отыр.

      - Ауыл шаруашылығын қолдау үшін 3,7 млрд. теңге бөлініп, игерілген, 2,0 млрд. теңге несие, 385 млн. теңге субсидия берілген;

     - бір жыл ішінде 3671 отбасы жаңа үйге ие болды;

     - небәрі 425,8 мың шаршы метр түрғын үй пайдалануға берілді;

     -  білім саласына 20,3 млрд, теңге, денсаулық сақтауға 11,3 млрд. теңге, мәдениет саласында 1567,9 млн. теңге бөлінді.

      Экономиканың өркендеуіне ірі және орта бизнес, инвесторлар, кәсіпкерлер өлшеусіз үлес қосып отыр. Облыста шығатын өнімнің 94 пайызын аса ірі өнеркәсіп мекемелері — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» трансұлттық корпорациясына қарасты Дөң кен байыту комбинаты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «Авиажөндеу зауыты 406 ГА» ААҚ, «Актюбрентген» ААҚ шығарады. Ақтөбе облысының аса ірі кәсіпорындары санатында «Ақтөбеқұрылыс», «Өмірбек», «КБК «Великая стена», «Көктас-Ақтөбе», «Жорға-РД», «ЖАК» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері де бар. Аталмыш кәсіпорындар өз өнімдерін өндірумен ғана шектелмей, әлеуметтік, мәдени және рухани салаларда ірі істерді жүзеге асырып жүр.

      Облыстың әуе, темір жол, жол қатынастары соңғы жылдары жедел дамып келеді. Ақтөбе аэропортының ұшу алаңы халықаралық стандарттарға сай етіп қайта салынды, енді жолаушылар мен жүк терминалдары жаңартылып жатыр. Ақтөбені Астанаға жалғайтын темір жол мен тас жолдың облыс территориясындағы бөлігі пайдалануға беріліп, Шымкент-Самара, Ақтөбе-Орал, Ақтөбе-Атырау жолдары мен ішкі жолдарды салу мен жөндеу қызу жүргізіліп жатыр.

      Индустриялық-инновациялық стратегия аясында құны 8 миллиард АҚШ долларына тең 120-дан астам инвестициялық жоба әзірлеп, жүзеге асыра бастады. Оның жетеуі «Қазақстанның 30 корпоративті жетекшісі» атты мемлекеттік бағдарламаға енгізілді. Мұның ішінде жылына 6 млрд. текше метр газ өңдейтін Жаңажол газ өңдеу зауытының, Ақтөбедегі электрометаллургия зауытының, мыс балқыту зауыты мен кен байыту комбинатының, жылына 21,7 млн шаршы метр өнім беретін әйнек зауытының, хром рудаларын байыту комбинатының, жылына 1200 теміржол вагонын шығаратын зауыттың құрылыстары мен Самара-Шымкент тас жолының 410 шақырымдық бөлігін толық жөндеу жобалары бар. Олардың жалпы құны 3 миллиард доллар.

Қазіргі Ақтөбе өңірі  — күн санап көркейіп, өте күшті  қарқынмен дамып, халқының әлеуметтік, мәдени, рухани дәрежесі үздіксіз шарықтап келе жатқан аймақ. Оның болашағы бүгінгіден де сәулетті боларына сенім мол Мұның кепілі — қуаттана түскен экономика, білімі мен білігі, мәдени, интеллектуалдық, рухани деңгейі жоғары, әлеуметтік белсенділігі күшті, ауызбіршілігі мықты жұртшылық пен сол жұрт бірауыздан қолдап отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты, кемеңгер ақыл-ойы. Бұған облыс басшысы мен жергілікті биліктің білгірлігін, серпінді қимылын да қосуға болады.

Қобыланды батыр –  қаһармандық символы, қазақ халқының мақтанышы. Қобда ауданы Жиренқопа  жеріндегі Жалғызоба, Қособа,Бесоба - Қобыланды батырдың қалмақтармен соғысқан іздері. «Қобыланды батыр» жырындағы Қособа, Жиренкөл, Ешкіқырған, Тасбұлақ тауы, Тұшман бұлағы бүгінге дейін өзгеріссіз осылай аталды.

Талғат Бигелдинов атындағы ҚР әуе қорғанысы күштерінің әскери институты 

Еліміздегі бірегей оқу орны!

Алия Молдағұлова қазақ халқының даңқты қызы, Кеңес Одағының Батыры. Әлия - аты аңызға, ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің, текті қыздардың кіндігін кескен, кір-қоңын жуған өңірдің перзенті. Қарақыпшақ Қобыландының, Асанқайғы мен Абат батырдың, Есет батыр мен Әйтекенің, "Әбіқайыр мен Бөкенбайдың, Ботагөз ару мен Исатай-Махамбеттердің, Асау мен Барақтың... .

Әбілқайыр хан-Кіші жүз  ханы, қолбасшы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды  ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен кіші жүздің ханы болды.

Тама Есет батыр Көкіұлы -Жоңғарлармен шайқастарда Кіші жүз  туын көтерген, Аңрақай ұрысында әскербасшысы ретінде біріккен қазақ қолының  жеңісіне зор үлес қосқан.

Қысқа қайырсақ, Ақтөбе мақтан тұтуға тұрарлық өңір, осындағы жаны сергек, жүзі жылы, күш-жігері мол жүртшылықтың атамекені.

Ақтөбе облысында Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы    29 желтоқсандағы №231 Жарлығымен бекітілген   Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңінің іске асырылуының қорытындылары мұнда Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне және  Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне 2009 жыл бойынша берген есепті баяндамасының құрлымына сәйкес келтіріледі.

 Мәліметтер  Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы    29 желтоқсандағы №231 Жарлығымен  бекітілген , Қазақстан Республикасында  туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ауқымында дамуының негізгі бағыттарына сәйкес беріледі.

А.Туристік қызметті қолдау

-өңірлерде туризм саясатын іске асыруды қамтамасыз ету жүйесі(құрылымдық,кадрлық және т.б.)

Туристік қызметті тұрақты  және сапалы негізде қолдауды жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы №385қаулысына сәйкес  2009жылғы 1қаңтардан бастап туризмді басқару функциялары кәсіпкерлік және өнеркәсіп басөармасынан алынып, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына (ТДШ және СБ) берілді.Басқарма бастығының туриз жөніндегі орынбасары штатқа кіргізілді.Бөлім бастығы, бас және жетекші мамандары бар штаттан тұратын туризм жөніндегі бөлім құрылды.

В.Туризмнің  инфрақұрлымын дамыту:

-коммуникациялар құрылысы (электртербеіліс желілері, сумен жабдықтау,телефондандыру,көлік жолдары )

2008 жылы барлық ауылдық  елді мекендер телефондандырылды.8 ауданда16 ауылдық  аналогты АТС-тарды  сандық желіге жаңалау және  алмастыру жүргізілді.Интернет желісіне  кеңжолақты қолжетімділік қызметін жылжыту жөнінде жұмыс жүргізілді,  5344клиент желіге қосылды.

  2008 жылы жалпы саны 20,7 мың адам тұратын 7елді мекенді толық орталықтандырылған түрде сумен жабдықтау қамтамасыз етілді. 7 нысан,оның ішінде сомасы 1821,9 млн.теңге сумен жабдықтаудың  41,8 шақырым желісі пайдалануға берілді. 2009 жылы су шаруашылығы ғимараттарын реконструкциялау мен олардың құрлысына 1914,6 млн.теңге бөлінді.

Көлік жолдары бойынша: Хромтау ауданында Хромтау станциясына  кіреберіс автожолы;Қобда ауданында  Батпақты өзенінен өтетін  көпір;Ақтөбе қаласының Заречный ауылындағы Елек өзенінің көпірлік өткелі құрылыстары аяқталды және пайдалануға берілді.Хромтау ауданы Тассай аулына кіреберіс автожолының 22 шақырым көпір және автожолдың  86 шақырым күрделі жөндеуден өтті.

2009 жылы автожолдың 52,2 шақырым  және 38 шақырым орташа жөндеу жүргізілуде. «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк »автожолының 68 км көпір күрделі жөнделуде. Ырғыз – Нұра автожолының Ырғыз өзеніндегі көпірі реконструкциялануда. Абат – Байтақ кесенесіне көпір құрылысы жүргізілуде.

Автожолдардың жергілікті, соның ішінде Ақтөбе қаласындағы  желісінің құрылысына, реконструкциясына  және жөндеуіне 2,9 млрд. теңге бөлінді.

- туристерді орналастыратын  орындардың құрылысы және оларды  реконструкциялау

Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы орналастыратын орындардың жалпы жай-күйін бағалау жүргізді: облыстағы 39 қонақ үйдің жай-күйі жақсы деп танылды, 4 кемпингтің жай-күйі қанағаттандырарлық, 4 отельге жүктеу жүргізілді және сертификаттар берілді.

-санаториялық-курорттық мекемелердің құрылысы және оларды реконструкциялау

Облыстың 7 санаториялық-курорттық  мекемесінің жай-күйі жақсы.

-киіз үй өндірісі, кәдесыйлық өнімдерін жасау, қол  өнерді дамыту туралы

Ақтөбе облысында халықтық қолөнерді қалпына келтіру және кәдесыйлық өнімдерін индустриясын дамыту жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде, сондай-ақ киіз үйлер өндіру жөніндегі кәсіпорын ашу мүмкіндігі қарастырылуда, мәселен, жыл сайын қолданбалы өнер шеңберлерінің «Шеберлер ауылы» жәрмеңкесі өткізіліп тұрады, оған облыстық бюджеттің қаржысынан қазіргі сәтте 400 мың теңге бөлінді.

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері