Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................
Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................
Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................
II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................
3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................
3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
Қазақстанның шетелдерге
насихатталуы..................
II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі......................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы.................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған
бағдарламалар.................
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................
3.2 Қазақстан Республикасында туризмді
дамыту болжамы.......................
3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай – ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлгін халықаралықинвестициясының 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірді.
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.
Б.э. дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан турмзмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл – ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.
Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік – құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.
Қазіргі уақытта 2003-2005 жылдарға
арналған туризмді дамыту жөніндегі
республикалық бағдарламаның
Қазақстанның мәдени – тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.
Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризімнен табыс, мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында кееледі. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сиымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм енбекшілердің
жыл сайынғы ақылы енбек
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикі зат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істеуді. Шетелдік эконмистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есепппен екі сағат болған кезде кемінде 350000 доллар немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризімді дамыту- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік- мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.
Қазақстанда туризмнің дамуы, мемлекеттің, қоғамдық-құқықтықжәне жеке құрылымдардың арасында өз ара байланыстың жоқтығы, экономикалық механизімнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің – шығу туризмнің артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге, Қазақстанда келу туризмін дамытудың да алғы шарттары іс жүзінде бар, себебі Республикада табиғи және рекреационды ресурстар, мәдени, тарихи сәулер және архиологиялық ескерткіштер мол.
Қазақстандағы қазіргі
заманғы туризм дамуының деңгейі
қолда бар туристік әлеуметті
толығымен пайдалануға
Отандық туристік нарықтағы қазіргі жағдай маркетингтің қағидаттары мен тәсілдерін қолдануды, жаңа тұтынушылардың негізгі белгілерін зерттеуді, сондай-ақ туристік қызметтерді тұтынушылардың мативациялары мен мінез-құлықтың ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді. Туризмді зерттеуге, сонымен бірген М.Б. Биржаков, В.И. Азар, Ф. Котлер сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың критериясы ретінде қарастыру, және осыған байланысты ұсынулар жасау болып табылады. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста келесідей негізгі тапсырмалар қойылған:
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста туризмнің ерекшеліктері, оны құраушы компоненттері қарастырылған. Сонымен қатар атаулы еңбекте басты назар стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіру жолдарына бөлінген.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектері, Қазақстан Республикасының нормативтік, құқықтық актілері, түрлі әдістемелік нұсқаулар, облыс әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімдерінен тұрады.
І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ДАМЫУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
Ұзақ даму тарихи бола тұрып, туризм әлі күнге дейін толық, бір мәнді анықтама алған жоқ және оны тек жеке мамандар ғана емес, туристік ұйымдар да әр түрлі анықтап жүр. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде ол жеткілікті зерттелмеген және оған сандық баға беру қиын.
Туризмнің іс жүзінде бар анықтамаларын екі топқа біріктіруге болады. Оның бірі жұмысшылық деп аталады және оның мінездемесі тар арналы, оған туризмнің жеке экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және тағы басқа аспектілерін немесе туризмнің ерекшеліктерін қамтиды да, нақты мәселелерді (мысалы, статистикалық мақсаттағы туризм анықтамасы) шешу құралы ретінде қолданылады. Екінші топ, мәндік анықтамалар пәнді түгелдей қамтиды, туризмнің қасиеттері мен қатынастарының көптүрлігін бір бірлікте көрсететін ішкі мазмұнын ашады, және оны ұқсас, көбінесе өзара байланысты, бірақ басқаша табиғаттағы құбылыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Туризмнің статистикалық анықтамасы. Статистикада туризмді тұрғындардың мекен-жайын немесе жұмыс орның орнын ауыстыруына байланысты емес көшіп-қону формасының бірі деп түсіндіріледі. Оған анықтама берілудің қажеттілігі ХХғ. І жартысында туындады және ол туристік ағындардың барлық жерде өсуімен, туризмнің экономикалық маңызының артуымен және саяхаттаушы тұлғалардың статистикалық есебін алуға тырысушылықпен түсіндіріледі.
Турист терминіне алғашқы
Қазіргі уақытта халықаралық
тәжірибеде саяхат пен туризм статистикасы
жөнінде халықаралық
Ұсынылған анықтама саяхаттаушы тұлғалардың туризмдегі статистикалық зерттеудің обьектісі болып табылатын бөлігін анық көрсетуге мүмкіндік береді. Оттава конференциясының қорытынды құжаттарында және Бүкіләлемдік Туристік Ұйым техникалық құралдарына турист келіп-кетуші ретінде анықталады және бұл ұғымды туризм статистикасында түйінді ұғым ретінде қолдану ұсынылады. Ол туристермен қатар жалпылама ортақ белгілері бар экскурсанттарға тиісті. Олардың арасындағы айырмашылықтар құбылыстың мәніне қатысты емес, сондықтан экскурсиялық сапарлар көбінесе туризмнің жеке оқиғасы ретінде қарастырылады және туристік статистикалық анықтамаларда көрсетіледі.
Туристтер мен экскурсанттарды келіп-кетушілер категориясына біріктіруге және сол уақытта басқа саяхаттаушы тұлғалардан ажырату мүмкіндік беретін үш басты белгіні бөліп көрсетуге болады: күнделікті орта шегінен асып басқа жерге ауысу, келген жерінде болу ұзақтығы және сапар мақсаты.
Күнделікті орта шегінен асып сапарлау бұл саяхаттаушыларды жіктеудің бірінші белгісі.
Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері