Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа

Краткое описание

1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................

І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ

Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................

Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................

Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................

II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................

3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................

3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кларита диплом.doc

— 678.50 Кб (Скачать документ)

-туристік саланы кадрлық,  ғылыми-әдістемелік, жарнама-ақпараттық  қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

-туризмнің инфрақұрылымын  дамыту, туризмнің материалдық базасын жаңартуға, жаңа объектілер құрылылысын жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;

-туризм саласында  және қызмет көрсету салаларында  шағын кәсіпкерлікті дамытуды, халықтың  жұмыспен қамтылуын қамтамасыз  ету;

-туризм индустриясвна  инвистициялар салу және басқа қаржыландыру және несиелендіру үлгілерін тарту;

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарының бірі- туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту болып табылады. Бұл бағытта мынандай шараларды іске асыру қажет:

-аймақта туризмнің  және туристер қауіпсіздігінің  пәрменді шараларының жүйесін  жасау;

-ішкі нарықтағы туристік  бағыттарды жасау мақсатында  батыс аймақта және басқа облыстармен  ынтымақтастықты дамыту;

-туристерге қызмет  көрсету сапасын арттыру мақсатында туристік қызметтердің сатндарттау, сертификаттау талаптарына сәйкес келуін бақылау;

-туризм саласындағы кадрлар даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін қамтамасыз ету және кадрлар біліктілігіне талаптардың заңдарға сәйкес келуін қатаң бақылау;

Бағдарлама туризм саласындағы қауіпсіздіктің деңгейін көтерудің мынадай басым бағыттарын айқындайды:

-туристің өмірі мен  денсаулығының қауіпсіздігі;

-туризмнің сақтандыру  нарығын дамыту;

-тұтынушылардың нарығын қорғау;

-көліктегі қауіпсіздік;

-орналасу мен тамақтану орындарындағы қауіпсіздік;

-туристік ортаны қорғау және  сақтау;

-қорғау және қауіпсіздік мәселелері  жөнінде хабардар ету;

-ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге  қарсы күрес т.б;

Осы бағдарламаны іске асыруға арналған техникалық-экономикалық негізгі шарттар мыналар болып табылады:

-саладағы бірыңғай ақпараттық кеңістік жүйесін дамыту;

-облвстың туристік индустриясының  тұрақты дамуын қамтамасыз ететін  жүйе құраушы туристік өнімдерді  және туристік объектілерді әзірлеу  және іске асыру;

-облыс аудандарында туризм дамытудың бағдарламаларын әзірлеу;

-тұтынушыға туристік өнімді  ұсынудың барлық сатысын қамтитын  көп арнаулы маркетинг жүйесін  жасау;

Туризм саласындағы халықаралық  ынтымақтастықты дамытудың негізгі  бағыттары:

-халықаралық туристік  көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу;

-«Ежелгі түріктер  елі» және «ата-жұртқа саяхат»  жобаларын іске асыруға қатысу;

-дүниежүзілік туристік  ұйымның халықаралық ұйымдары  мен консультациялық байланыстарды  орнату;

Бағдарламаны іске асыру  жөніндегі іс-шаралар облыстық бюджетке қаралаиын қаражат есебінен және шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаны басқаруды  және оның іске асырылуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық кесімдеріне және әдістемелік құжаттарға сәйкес барлық мүдделі атқарушы және әдістемелік құжаттарға сәйкес барлық мүдделі атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, Ақтөбе қаласы мен аудандық әкімшіліктерімен бірлесіп облыстық туризм және спорт басқармасы жүзеге асырылады.

Бағдарламаны іске асыру  барысында туризмнің базалық  инфрақұрылымын, сапалы туристік өнім, тиісінше ішкі және келу туризмінің түрлері  бойынша турситердің жалпы ағымының тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін даярланған туристік-экскурсиялық ұйымдар мен кәсіпкерлік құрылымдар құру болжанады. Сонымен қатар жыл сайын келу туризмнің клемін 20% аттыруға болжам жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

        ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

 

3.1 Қазақстандағы ішкі  туризімінің қазіргі жағдайына  сипаттама

 

Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен  және табиғатпен тілдесумен тікелей  байлынысты, жеке және ұжымдық толық  жетілудің жолы ретінде жоспарлануы жеке тәжірибеге негізделуі тиіс қызмет.

Туризм – әлемдік  экономикада басты рольдердің бірін  атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымның  деректері бойынша  ол әлемдік  жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан 
астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9-шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 
Қазіргі  туризм  индустриясы  ірі  жоғары табысты  және жоғары деңгейде     дамып жатқан халықаралық саудадағы қызмет көрсетулердің бірі. Халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8 пайызын, экспорттағы қызмет көрсетулердің 37 пайызын алады. Ішкі туризмнен түскен табыс, табыс көлемі бойынша мұнай, мұнай өнімдерін және автомобиль экспорттаудан   кейін үшінші орын алады.  Қазіргі деңгейдегі жағдай жаңа  мыңжылдықта да   қала бермек. Ал туризмнің өсуіне негізгі себеп болатын, ол туризм әлемдегі дәстүрлі аудандардан басқа, жаңа территориялардың пайда болуы. Осыған байланысты Қазақстанда әлемдік туристік нарықтағы өзінің орнын алып қалуға зор мүмкіншілігі бар.

1993 жылы Қазақстан  Республикасы, дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.

Қазақстанда қазіргі  заманғы инфрақұрылым салаларының  дамуына, соның ішінде туризмге үлкен  мән беріледі. Туризм елдің тұтас  өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылығын жүргізуін субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің   дамуымен   тығыз байланысты.

Біздің ғасырымызға  дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған  Ұлы Жібек жолының құрылуы  мен дамуы Қазақстан ішкі туризімінің тарихи алғы шарттары болып табылады

Қазақстанның тәуелсіздік   алуы ішкі туристік  қызметті реттеу мен халықтық тарихи және мәдени мұрасын  жаңғырту үшін негіз болып қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың  барлық  саласына  және  қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға     ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында   туризмді   басты сала деп анықтады.

Қазіргі туризм – бұл  әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін  саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін,  шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды.

Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту  – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының  құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен  қамтылуын көбейтуге көмектеседі.  ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм  және саяхат кеңесінің бағалауы  бойынша, туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын  дамытуға жәрдемдеседі.

Қазақстанда ішкі туризмнің  дамуы үшін нормативтік-құқықтық база 
құрылды. 2001 жылдың маусымында "Қазақстан Республикасындағы 
туристік қызмет туралы" жаңа заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы 
экономикасың бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, 
экономиканың,   әлеуметті  және ұйымдастырушылық    негізін айқындайды.   Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті  мемлекеттік реттеудің негізі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм  үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.

1993 жылы Қазақстандағы  туризм индустриясын дамытудың  ұлттық бағдарламасы, 1997 жылғы "Жібек  жолының тарихи орталықтарын  жандандандыру. Түркі тілдес мемлекеттердің  мәдени мұрасын сақтау және  сабақтастыра дамыту, 1997-2000 жеке туризм инфрақұрылымын құру туралы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Қазіргі уақытта 2000-2015 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі республикалық бағдарламаның жобасы жасалған. Бұл бағдарламаның басты мақсаты республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі жеке бәсекеге қабілетті туристік немен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету. Сонымен қатар ол Қазақстанның ішкі туристік бейнесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.

Мемлекет Басшысының “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты халыққа Жолдауында туристік сектор шикізаттық емес саладағы ел экономикасының мамандануын анықтайтын мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған жеті кластерінің қатарында экономикалық басымдықтардың бірі болып белгіленді.

Қазақстанның мәдени-тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру  мен сақтауға, саланың ғылыми-әдістемені қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.

Туризм елдің тұтас  аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы  және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық, тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Осындай көрсеткіштерге ие болып отырған   туризм саласы Қазақстан Республикасында енді бой көтеріп келеді.  

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев «мемлекеттің экономикасына валюталық кірістің көзі ретінде туризмді перспективті салалардың бірі» деп бірнеше  рет атап өтті. Бірақ, бүгінгі таңда  Қазақстанда туризм саласы қажетті әлемдік стандарттардан артта қалып отыр. Бұл бірқатар жағдайлармен анықталады, олар:

–  туристік инфрақұрылымның әлі де дами қоймағандығы;

–  шетел инвестициясын туризмге қызықтыратын қаржылық-кредиттік жүйенің жетілмегендігі;

–  мемлекеттің көрікті орындарының және туристік жерлерінің шетелде жарнамаланбауы және жеткілікті насихатталмауы;

–  туризм саласында жоғары квалификацияланған мамандардың аздығы;

– туризм индустриясын нарықтық бәсекелестікке сай құру үшін ұйымдастырушылық, инновациялық және экологиялық негіздің дамымағандығы, туримзнің ғылыми негізінің өңделмегендігі.

Туризм индустриясын үлкен көлемді бизнес негізінде  дамытуды қалыптастыру және рекреациялық потенциалды, рационалды пайдалану «Қазақстан 2030» стратегиясын, «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту концепциясы», «Қазақстан Республикасының Туристік қызмет туралы» заңын және басқа да нормативті-құқықтық актілерін жүзеге асыру мақсатында бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанды орталықазиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.

Мемлекеттік бағдарламаның  мақсаты  сырттан келушілер туризмі  және ішкі туризм көлемін арттыру  есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің  тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.  

Қойылған мақсаттарға  сәйкес бірінші кезектегі міндеттер  мыналар болып айқындалды: 

–  туризм инфрақұрылымын дамыту; 

–  туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құру;

–  елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;

–  туристік әлеуетті арттыру;

– рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.

Қазақстанның қазіргі  экономикасында ішкі туризмнің ролі айқындалып келеді.

Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында сырттан келушілер барынша кең көлемі байқалады, бұл ретте іскерлік туризм басым. Көрсетілген қалаларда, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым сыртқа шығушылар туризмі  дамыған.

Ішкі туризмнің барынша  дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс  Қазақстан, тұтастай алғанда Қарағанды  туризімінде, Алматы және Ақмола облыстарында байқалады, республика бойынша туризмнің  барлық түрлерінен барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетілген. Бұл өңірлердегі туристердің сапар мақсаты негізінен іскерлік және кәсіби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар болып табылады. 2001 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдар саланы дамытуға қажетті қаржылай қаражатты бөліп келеді, алайда, талдау көрсеткеніндей, облыстардағы туристік индустрияның дамуын тежеуші факторлардың бірі жергілікті атқарушы органдардың экономикалық өсімді қамтамасыз ететін басымдықтардың бірі ретінде аталған салаға жеткіліксіз назар аударуы болып табылады. Айталық, ішкі туризмді дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік және республикалық бағдарламасын іске асыруға Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2008 жылға - 329 мың теңге, Павлодар облысында жыл сайын - 500 мың теңгеден және Қостанай облысында – 1,5 млн. теңге шегінде бөлінді.Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристік объект болды, оның ішінде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйі, 24 туристік база, 35 сауықтыру лагері, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6 мұражай, 2  кесене, 1 туризм жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын және басқалары (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) - 5. 2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншік нысанында, 22-сі мемлекет меншігінде және 23-і басқа мемлекеттердің меншігінде болды. Елде үш, төрт, және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс істейді, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады. Республика бойынша туристерді орналастыру объектілерін пайдаланудан түскен кіріс 2005 жылы 21156 млн. теңгені құрады, аталған кәсіпорындар көрсеткен қызмет көлемі  17737,5 млн. теңге, оның ішінде – мейрамханалары бар қонақ үйлер – 15927,0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер – 1533,3 млн. теңге,  жастар жатақханалары мен таудағы туристік базалар – 57,7 млн. теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотіркемелерді қоюға арналған тұрақтарда көрсетілетін қызметті қоса алғанда – 0,7 млн. теңге, қалған орналастыру объектілері – 218,8 млн. теңгені құраған (6-қосымша). Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат, санаторий-профилакторийде 2008 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерін 257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйінде, пансионаттарда  32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына “Сарыағаш” (ОҚО), Арасан-Қапал (Алматы облысы), “Мойылды”, “Баянауыл” (Павлодар облысы), “Жаңақорған” (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы), “Каспий” (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2007 жылы туризм объектілерінің негізгі жаңа құралдарына 29591,8 млн. теңге, 2008 жылы 37895,2 млн. теңге, 2009 жылы 33994,3 млн. теңге инвестиция бөлінген. Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдістеріне куә болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және туристік индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткіліксіз. Талдау көрсеткеніндей, елдің инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан туристік ұйымдардың қызметін жүзеге асыруға 2007 жылы тек 139 млн. теңге, 2008 жылы 242 млн. теңге және 2009 жылы 48,3 млн. теңге тартылған. Туристік қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары іскерлік мақсатта болатынын (іскерлік туризм) және олар сапалы әрі қызмет көрсетулердің толық жиынтығын ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсетті. Елдің іскерлік орталықтары – ірі қалалардағы халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер желісінің одан әрі дамуы дәл осы іскерлік туризмге байланысты болады. Алайда, қонақ үйлерді, пасионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің материалдық базасы, сондай-ақ санаторийлік-курорттық мекемелер моралдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегіне жетуімен сипатталады.  Қазіргі ішкі туризм экономикалық құбылыс ретінде индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың жылдам дамуының катализаторы болып ілгері басып, жаңа жұмыс орындарын береді, ұлттық кірістің өсуіне әсер етеді, жергілікті инфрақұрылымның дамуын және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін көтереді. Туризм индустриясы инвестицияның жылдам өтелуімен және жоғары дәрежелі тиімділікпен айқындалады. Яғни, туризм мемлекет экономикасына қолайлы жағдай тудырып, оның дамуына әсер етеді. 1998-1999 жылдары Қазақстанға 100 әлем мемлекеттерінің өкілдері келді. Біз зерттеген уақыт барысында Қазақстанға туристер жіберетін мемлекеттері ішінде 1-орында Германия, 2-орында Ресей, содан кейін Туркия, АҚШ және Жапония елдері. Көрсеткіштерді анализдеп, Германия азаматтарын резидент емес туристерге қызмет көрсету басымдылығы Қазақстанда үлкен неміс диаспорасының барлығымен түсіндіріледі: Ресей, екінші орында, бұл географиялық жақындылық және біздің мемлекеттер арасындағы ескі байланыстар. Туркия үшінші орында тұр. Бұл тарихи тамырлардың, тілдің, мәдениеттің жалпылығы, сонымен қатар Туркияның Қазақстанға деген кәсіпкерлік ортаға қызығушылығы. АҚШ және Жапония Қазақстанға негізінен экономикалық тұрғыдан құштар. Аталған 5 мемлекеттің резидент еместерге қызмет көрсетуден 1998 жылы кіріс 709,1 АҚШ долларын немесе жалпы кіріс суммасының 51% құрды. 1999 ж. кіріс 358,2 мың АҚШ долларын немесе 43,1% қысқарды. Біз Қазақстанға туристер жіберуші мемлекеттерді 6 категорияға бөлдік. Бұл: 1) 10 мыңнан аса туристер жіберуші мемлекеттер; 2) 5 мыңнан 10 мыңға дейін туристер жіберуші мемлекеттер; 3) 1 мыңнан 5 мыңға дейін; 4) 5000-ден 1000-ға дейін туристер жіберуші мемлекеттер; 5) 100-ден 500-ге дейін туристер; 6) 100 туристен аз мемлекеттер. Осы категорияға сәйкес 1998 жылы бірінші категорияда Германия 14838 туристер, екінші категорияда жіберуші мемлекеттер болған жоқ, үшінші категорияда 6 мемлекет бар: Ресей, Туркия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай (24,5% жалпы резидент емес туристерден), төртінші категорияда : Франция және Пәкістан (4,2%), бесінші категорияда 18 мемлекет, олардың ішінде: Корея Республикасы, Өзбекістан, Украина, Австрия, Италия, КХДР, Иран және Қырғызстан. 18 мемлекеттің үлесі 11,3 пайыз құрды. Алтыншы категорияға қалған мемлекеттер (9,6%). 1999 жылы бұл жағдай келесідей болды:

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері