Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................
Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................
Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................
II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................
3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................
3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
Осыған орай, ежелде «Ұлы Жібек Жолы» өткен туристік аймақтарда туристердің қандай ерекше қызығушылықтары бар екендігін анықтауға болады. Ұлы Жібек Жолының қазақстандық бөлігінде болжанылған туристердің ағымы жылына 50 мыңға жуық шетелдік туристерді құрайды. болжауға әсер ететін орналастыру объектілерінің сыйымдылығы, туристердің ағымы, туристік объектілердің өткізілімдік мүмкіндіктері, сонымен қатар бір туристен алатын табыс сияқты негізгі факторларға сүйене отырп, толығымен Қазақстан Республикасы бойынша пайда мен өткізілген өнімдер бойынша болжанылған көрсеткіштерді есептеу жүргізілді.
Тәжірибеде болжалынған
көрсеткіштерді алу үшін келісілген
инвестициялық саясатты жүргізу
қажет. Біз көңілімізді туристерді
қабылдаумен айналысатын
2. Франция, Жапония.
3. АҚШ, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері.
Сөйтіп, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразиядағы жаңа әрі тартымды туристік объект ретінде алға ілгерілету стратегиясын әзірлеу қажет.
Экономиканың өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру мен туризмді дамытуды мемлекеттік кең ауқымды қолдау жөніндегі міндеттер шеңберінде маңызды мән мынадай «белсенді» жобаларды іске асыруға беріледі:
1. Алматы қаласын және Алматы облысын дамыту:
дамудың бас жоспарлары мен туристік кластер құру мен дамытудың шебер-жоспарлары шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысында туризм мен спорт инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Қапшағай қаласында Диснейленд-парк және Лас-Вегас үлгісі бойынша туризм және ойын-сауық индустриясының құрылысын қамтамасыз ету үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу;
ілеспелі қызмет көрсетулер
саласын қалыптастыру мақсатында “Қорғас“
Халықаралық шекаралық
2. Астана қаласын және Ақмола облысын дамыту:
Шучинск-Бурабай курорттық
аймағындағы ойын-сауық
“Бурабай” ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамыту;
Ақмола облысы Аршалы ауданының Мартыновка ауылында (Астана қаласынан 30 км қашықтықта) Перғауындар ауылы (Мысыр), “От-бос” кешені (Квебек, Канада) тақылеттес сақтардың көшпелі тұрмысын, олардың өзіндік мәдениеті мен дәстүрлерін әйгілеуге бағытталған “Шеберлер сарайы” деп аталатын көрме орталығы бар “Шебер ауылы” этнографиялық кешенін салу.
3. Жібек жолы бойында туризмді дамыту:
Тек қана мәдени құндылықтары басымдық танытатын Өзбекстанмен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелік артықшылығы Жібек жолының қазақстандық бөлігінің бірегей табиғат ландшафтарымен, эндемикалық флора және фаунамен және көшпелілердің тарихи-мәдени мұрасымен әрі көне қалалар халықтарының мәдениетімен үйлесім тапқан құрама турлар болып келуінде. Аталған жобаны іске асыру үшін мыналар жоспарланып отыр:
- “Жібек жолы меруерті” халықаралық
туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі
жобаның бірінші кезеңін Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-
-“Жібек жолы меруерті” халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның екінші кезеңін Алматы-Тегеран бағдары бойынша жүзеге асыру жөнінде мемлекетаралық келіссөздер жүргізу және бағдарды Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы 2008 жылдың аяғына қарай Пекин қаласына дейін ұзартуды қамтитын үшінші кезеңін іске асыруға дайындау;
-“Қорғас” және “Достық” шекара пункттерінен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына дейін жол бойы инфрақұрылымының объектілерін көрсете отырып жол картасын жасау;
-Түркістан қаласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) өңірлік бағдарламасының “Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық және даму мақсатында әлеуетті нығайту” халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде қонақ үйлер мен керуен-сарайлар желісін салу және оларды дамыту;
-Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы мемлекеттер үшін туристік визаларды өзара тану және одан әрі бірыңғай туристік виза енгізу мәселелерін шешу жөніндегі мемлекетаралық келіссөздер процесін, оның ішінде аталған ұйымдар қызметінің шеңберінде жандандыру.
4. Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту;
Жобаны іске асыру
мақсатында мыналар
-каспий теңізі бойынша Ақтау - Астархань (Ресей) - Махачкала (Дағыстан)-Баку (Әзірбайжан) - Энзели (Иран) - Түркменбаши (Түрікменстан) - Ақтау халықаралық круизін дайындау және оны ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;
-жағажай туризмін дамыту және Ақтау қаласында туризм және ойын-сауық индустриясын құру жөніндегі мәселені пысықтау мақсатында Кендірлі демалыс аймағын жайластыру.
5. “Қазақстан – ғаламшардың бірінші ғарыш айлағы” жобасының шеңберінде Байқоңыр қаласында ғарыш туризмін дамыту үшін жағдайлар жасау. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, 2007 жылдың есептік кезеңінде сырттан келушілер туризмі 12,8 %-ға өсті және келушілердің жалпы санынан 5310,6 мың адамды құрады (38,5 %). 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқа шығушы туристер саны 23,2 %-ға өсті және жалпы келушілер ағынынан 4544,4 мың адамды немесе 33,0 %-ды құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша туристер саны 12,5 %-ға өсті және 3932,6 мың (28,5 %) адамды құрады.
Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53863,0 млн. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 13890,7 млн. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 1,9 есеге өскенін дәлелдейді. Есептік кезеңде 1007 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 51 жеке кәсіпкер 567,0 мың келушілерге қызмет көрсеткен, бұл 2006 жылдың деңгейінде 105,1 %-ды құрады.Туристік индустрия субьектілерінің туристік қызметінен түскен жалпы табыс 2007 жылы 63,0 млрд. теңгені құрады және бюджетке аударылған салық сомасы 9 млрд. астам теңгені құрады, бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда 36 %-ға артық.
Республикада қызмет
ететін 992 қонақ үй шаруашылығы кәсіпорны
2640,2 мың адамға 40414,1 млн. теңгеге
қызмет көрсеткен. Есептік кезеңнің
қорытындысы бойынша
Елімізде қазақстандық және шет елдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешенді іске асыруға жағдай жасалып жатыр, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленді және қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалды – техникалық базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды. Бұл ретте әлемдік деңгейдегі «Жаңа Іле» туристік орталығын құру жөніндегі «серпінді» жобаны іске асыру маңызды мәнге ие болып отыр.
Алайда, еліміздегі туризмнің жағымда даму тенденциясына қарамай, әлем экономикасындағы қолайсыз жағдай туристік ағымға кері әсерін тигізді, нақты айтсақ, - әкімшілік дерек көздер мен жүргізілген статистикалық зерттеулер дерегі бойынша туристік қызмет 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша республика аумағында ішкі туризм алдыңғы 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 % (3 370,3 мың адам келеушілердің жалпы ағымының 30,9 % құрады), келу туризмі 10,3 % кеміді (3851,0 мың адам немесе келушілер ағымының 32,8 % құрады). Осы жағдай туризм индустриясы даму көрсеткіштерінің сандық және сапалық жоспарланған көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Туризм және спорт саласының аясында ерлер және әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндіктері олардың өзіндік ерекшеліктері есепке алына отырып, табысты іске асып жатқандығын атап өткен жөн: туризм индустриясында туристік ұйымдардың басшылығында және қызмет көрсету аясында әйелдер көбірек еңбекпен қамтылған (барлық еңбекпен қамтылғандар санының 98 %-ға жуығы). Спортта әдетте ерлер көш бастап жүрген спорт түрлерін көптеген әйел азаматтар белсенді игеріп жатыр. Бұдан басқа, бүгінде бірқатар проблемалық мәселелер туындап отыр, олардың шешу көзделген мақсатқа - Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі туризм орталығы ретінде қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
1. Туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы
қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сонымен қатар санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, сапа түрлері және туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлер халықаралық талаптарға сай емес.
2. Қызмет көрсетудің
төмен сапасы және Ұлы Жібек
жолының қазақстандық
3. Кадрларды даярлаудың,
қайта даярлаудың және олардың
біліктілігін арттырудың төмен
деңгейі және туризмнің
4. Туристік индустрияда ұсынылатын қызметтердің төмен сапасы.
Бұл Қазақстанда туристік визаларды ресімдеу, шетелдік туристерді тіркеу процедураларына, кедендік және паспорттық бақылау мерзімдеріне қатысты.
5. Туризм елі ретінде
Қазақстанның жеткіліксіз
Стратегиялық бағыттардың мақсаттары мен міндеттері:
1-стратегиялық бағыт.
Қазақстанды Орталық Азия
1-мақсат. Аса тиімді
және бәсекеге қабілетті
1. Туристік қызметтен түсетін кірісті 2007 жылғы 63,0 млрд. теңгеден 2011 жылы 70 млрд. теңгеге дейін көбейту;
2. Туризмнің басым
түрлері бойынша туристік
1- міндет. Туризм инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету
Көрсеткіштер. Туристік орталықтарды салу: Алматы облысында «Жаңа Іле» туристік орталығын салу» (серпінді жоба), Ақмола облысында «Бурабай», Маңғыстау облысында «Ақтау Сити» әлемдік деңгейдегі туристік орталықтарын және «Кендірлі» демалыс аймағын салу жөніндегі серпінді жобаларды іске асыру - көрсетілген облыстардың әкімдіктерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе (жеке инвестиция есебінен); ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде туризмді дамытудың шебер жоспары – ҚР МАМ, ҚР БҒМ; ҚР ККМ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктерімен бірлесе (жеке инвестиция есебінен) зерттеулер жүргізу; жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің саны – ҚР ККМ және тиісті әкімдіктермен бірлесіп; жетекші туристік және табиғи объектілерге апаратын жөнделген және жаңа жолдардың ұзақтығы – ҚР ККМ және тиісті әкімдіктермен бірлесіп;
Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері