Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа

Краткое описание

1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................

І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ

Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................

Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................

Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................

II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................

3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................

3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кларита диплом.doc

— 678.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда «Қазақстан Республикасында туризм индустиясын  дамытудың ұлттық бағдарламасы»  құрылды, онда 2010 жылға дейінгі туризм бойынша көрсеткіштер мен туристік ағымдардың болжамы есептелінді. Осы  кезде болжамдарды есептеу кезінде  қонақ үйлер мен басқа орналастыру құралдарының максималды сыйымдылығы есепке алынды. Орналастыру орындарында қажеттілік пен туристердің жалпы болжамды ағымының құрылымы математикалық әдістер көмегімен өткен көрсеткіштер негізінде бағаланатын болжамның сандық әдісі негізінде анықталынған.

Қазақстан туризм саласында  дүниежүзілік тәжірибені, ғаламдар болжамын ескере ортырып, төл туристік бизнесін жедел дамытуға күш салуы тиіс. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет азаматтарының ой - өрісін көрсетеді. тарихи мұрағаттар да, туристік бизнес те болашаққа қызмет етеді, стартегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар көпір болады.

Дүниежүзілік туристік ұйымның болжамы бойынша, 2020 жылға  қарай саяхатшыларды ең көп қабылдайтын  ел Қытай болмақ. Ал, осы елге жетудің тиімді де қысқа жолының екеуі де Қазақстан арқылы өтпейді ме?

Өркениетті елдерде  туризмді дамыту басты мақсаттардың біріне жатады және туризм елдің мәртебесін (имидж) қалаптастыратын құрал болып  есептеледі. Елінің сұлу табиғатымен  әлемді тандандыру арқылы мемлекет бюджетіне ақша түсірі, кіріс келтіру ең пайдалы іс екені де белгілі.

Осы туризм арқылы қалтасын қампайтып отырған елдерде жетерлік. Кіп – кішкентай Израильдің бюджетіне  тек қана туризмнен – 2 млрд. доллар, Тайландқа – 7 млрд. доллар, ал АҚШ – тың қоржынына 50 – млрд. доллар пайда түседі екен.

Ал, бізде сыртқа шығатын  туристік сапарлардың  мөлшері – 50 пайызға жуық ьолса, елімізге келетіе  туристік сапарлар – 16 пайызды ғана құрайды. Туристер ағының қайткенде  көбейтуге болады? Осы орайда Туркия мен Тайландтың туризмнен түсетін  кірісті көбейту үшін визаны арзандатып, кейбір елдер үшін визасыз жүе кіргізгені нәтижелі болған. Туркия мен Тайландты туристер тасқыны басып қалды. Тайланд визасы небәрі 8 доллар тұрады.

Қазақстандық визаларды алу  ережелері:

1. Әзербайжан, Армения, Беларусия, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан және Украина сияқты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамына кіретін мемлекеттердің азаматтарына Қазақтанға келу үшін кіру визасы қажет емес. ( Молдова және Украинадан басқа, Молдова азаматтары 90 күнге дейін, ал Украина азаматтары 3 айға дейін Қазақстанда визасыз бола алады).

2. Басқа шет елдердің азаматтары  Қазақстанға келу үшін кіру  визасын алулары қажет.

3. Кіру визаларының көптеген  түрі бар, олар:

Іскерлік виза Іскерлік (іскерлік келіссөздер, форум, нарық зерттеулерін жүргізу үшін) мақсатымен, Қазақстан территориясында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өтініші бойынша келген шет ел азаматтарына беріледі.

Туристік виза Лицензиясы бар жергілікті саяхат агенттіктердің өтініштері бекітілгенінен кейін беріледі.

Транзиттік виза Баратын мемлекетке кіру визасы, ұшу күндері мен Қазақстандағы транзиттік мекен көрсетілген билеті бар жолаушыларға Қазақстандағы портқа немесе станцияға келгеннен кейін 5 күн ішінде беріледі.

Дипломатиялық виза Дипломатиялық төлқұжаты бар, кей кезде заңды түрде қажет болғанда жолаушыларға беріледі. Дипломатиялық визалар консулдық төлемдерсіз рәсімделеді.

Қызметтік виза Дипломатиялық қызметші болып саналмайтын халықаралық ұйымдар мен шетел дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлеріне, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының үкімет органдырының шақыруымен іс-сапарға келген шетел азаматтарына беріледі.

Инвесторлық виза Қазақстан нарығында жұмыс істейтін және іскерлік жобаларды дамытуды жоспарлаған үлкен шетел компанияларының менеджерлеріне және өкілдеріне – ерекше инвесторларға беріледі.

Жұмыс визасы Жұмыстық визалар Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне байланысты шаралардан басқа, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат пен қосымша құжаттарды тапсырғаннан соң беріледі.

Оқу визасы Білім мекемелерінің өтініш беру арқылы көші-қон полициясының рұқсатымен беріледі.

Медициналық виза Белгілі бір мекемелер мен ұйымдардың өтінішімен, шақыру мақсаты айқындалған, емдеу, медициналық тексеру, кеңес алу үшін шақырылған Қазақстан азаматтығы жоқ шетел азаматтарына беріледі.

Тұрақты тұру визасы Заңға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін беріледі.

Ескерту:  Қазақстанға келгеннен кейін виза берілмейді

4. Кіру визасын алу үшін сіздің  төлқұжатыңыз жоспарланған ұшу  күнінен кейін кем дегенде  6 ай ішінде жарамды болуы тиіс. Рұқсат алған соң, виза төлқұжатқа жапсырылады.

5. Әр виза алу өтініші шақыру  қағазымен расталуы қажет.

6. Ресми бір мәрте, жеке, іскерлік  және туристік визаларды алу  үшін төмендегі мемлекеттердің  азаматтарына шақыру қағазын  тапсыру қажет емес:

АҚШ, Аустралия, Аустрия, Бельгия, Біріккен Араб Эмираттары, Венгрия, Греция, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Исландия, Исраил, Ирландия, Италия, Канада, Корея  Республикасы, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша. Португалия, Сауд Арабиясы, Сингапур, Словак Республикасы, Ұлыбритания, Франция, Финляндия, Хорватия Респубикасы, Швейцария және Швеция.

7. Егер шақырған ұйым мемлекеттік  емес ұйым болса, бірнеше мәрте,  іскерлік және туристік визаларды  алу үшін Ішкі Істер Министрлігінің Көші-қон полициясының рұқсаты қажет.

8. Кіру визасына өтінішті тұрғылықты  мекен-жай бойынша Қазақстанның  дипломатиялық немесе өкілдік  кеңселеріне беру қажет. Сіз  барлық Қазақстан дипломатиялық  кеңселерінің тізімін осы сайттың  мына бөлімінен таба аласыз: “Саяхат Жайлы Ақпарат / Дипломатиялық елшіліктер/Шет елдерде (Қазақстанда)”.

9. Визаға өтініш бергенде, сізде мына құжаттар болуы тиіс:

a. жарамды төлқұжат;

b. Төлқұжатқа арналған фотосурет;

c. шақыру қағазы.

Құжаттарды тапсыру кезінде консул сізден басқа құжаттарды талап етуі мүмкін.

10. Дипломатиялық визадан  басқа, барлық визаға төлем  төлеу міндетті.

Туризм бойынша көрсеткіштерді болжау кезінде орналастыру орындарының  өткізілімдік мүмкіндігін ғана есепке алып қана қоймай, сондай-ақ көрсету объектілерінің өткізілімдік мүмкіндіктерін, сонымен қатар республика ландшафтарының максималды мүмкін болатын туристік жүктелімді есепке алу қажет.

Осымен бірге туристік ағымды шектейтін негізгі факторларының  бірі неғұрлым әйгілі ескерткіштер немесе құнды градоқұрылыстық ансамбльдердің және қызмет көрсету объектілерінің өткізілімдік мүмкінділіктері болып табылады.

Темір жол көлігі саласында:

Соңғы жылдары темір жол көлігі билет құнының қолжетімділігіне байланысты республика халқының негізгі жол жүру құралына айналды.

Статистика деректері бойынша, 2008 жылы темір жол көлігін 87615 турист  (10,27 процент) пайдаланған.       

Қазақстан аумағы бойынша  өзімізде жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезы жүріп өтеді. Оның ішінде қала маңындық қатынаста 69  бағдар бойынша; жергілікті қатынаста – 49, мемлекетаралық қатынаста – 11, халықаралық қатынаста – 3 поезд жүреді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ТМД елдерінде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтеді. 

Жолаушыларға темір  жол көлігінде сервистік қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар поезында жолаушылар үшін ланч-бокстар құрудың технологиялық процесінің жобасы қарастырылуда, “ЖВ купе”, “РИЦ купе” санатындағы вагондардың жолаушылары үшін безендіріліп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару бағдарламасының жобасы әзірленді. 

Сонымен қатар “Жолаушылар  тасымалы” акционерлік қоғамының  поездарындағы қызмет көрсету деңгейі халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Вагон паркінің әбден тозуы және біршама бөлігінің ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттілігі жолаушылар тасымалының өзін-өзі ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығымен түсіндіріледі. 

Автокөлік саласында:  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы  № 1809 қаулысына сәйкес республикалық  маңызы бар жалпы пайдаланудағы  автомобиль жолдары тізбесіне ірі туристік объектілерге апаратын және туризмді одан әрі дамытуда барынша қызығушылық тудыратын  мынадай жолдар енгізілуіне байланысты соңғы жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр:

  1. Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы - Қорғас;
  2. Шымкент–Қызылорда – Ақтөбе – Орал – Самара;
  3. Алматы – Қарағанды – Астана– Петропавл;
  4. Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы;
  5. Омбы–Павлодар–Семей–Майқапшағай;
  6. Астана – Қостанай – Челябі - Екатеринбург.

  Статистика деректері бойынша 2008 жылы қаларалық автобустардың қызмет көрсетулерін 87615 (20,1 процент) турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойындағы бөлінген жолақта мынадай объектілер жұмыс істейді:  925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 - тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ.

Су көлігі саласында:

Каспий теңізіндегі Ақтау порты  Қазақстанды Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен   ішкі су жолдары бойынша қатынастар бар. 

Шығыс Қазақстандық cу жолдары республикалық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар және туристік қызметке кіріктірілген кемелер үшін Өскемен мен Бұқтырма шлюздері арқылы шлюздеу құнының 25 проценті мөлшерінде жеңілдетілген тариф белгіледі. Бұл ретте Өскемен және Бұқтырма шлюздері арқылы аз мөлшерлі флотты шлюздеу ұзындығы 10 м дейінгі кемені - шлюздеу құнының – 10%-імен және 10 метрден ұзын кемені - шлюздеу құнының 20%-імен жеңілдетілген тариф бойынша белгіленген кестемен жүргізіледі. Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсіпорын 276 туристке қызмет көрсеткен. 

Елдің басқа да су артериялары туристік мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Еуропадан келген туристердің Каспий теңізі бассейіні аумағында үлкен қызығушылығы жағажай туризмінде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды. 

Туризмдегі физикалық жүктелім туризм мен қоршаған орта арасындағы сандық-сапалық өзара байланысты көрсетеді. Қабылдау жүктелімі туристік топтардың жекелеген мінездеріне әлеуметті-психологиялық тәсілге негізделген, бұл көрсеткішке туристердің талғамдары, әдеттері мен жергілікті халықтың дәстүрлері және т.б. әсерлерін тигізеді. Осы кезде жүктелім түрінде субъективті элементтер үлкен мәнге ие болады, сондықтан да туристік ағымдарды болжау рекреациялық ресурстардың физикалық жүктелімінен шыға жүргізіледі. Әрине, бұл тәсіл кезінде, экономикалық көзқарас жағынан берілген ресурстарды қолдану тиімділігін есептеу керек.

Күнделікті тұтынушылар  циклі бір күндегі туристік қызметтер  сағытының санын әрбір туриске  қызмет сағатының санына қатынасы ретінде  анықтайды. өткізілімдік мүмкіндікке негізделген туристік ағымдарды есептеу жоғары жүктелімдіктің салдарынан табиғи ландшафтарды ң бұзылуына алып келуі мүмкін. сондықтан да болжау кезінде туристердің өтілімділік көрсеткіші, сонымен қатар туристік жүктелім нормативі оптималды сәйкес келуі керек.

Туристік жүктелімді анықтау туристік ағымды болжау кезінде  неғұрлым объективті болып табылмайды, өйткені ол тек сезілетін және сезілмейтін көптеген параметрлерге  байланысты сандық көрсеткіш. Бұл көрсеткіш  ұзақмерзімді жоспарлау кезінде  пайдалы ақпарат береді.

«Қазақстан Республикасында  туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» бойынша болжамдық  көрсеткіштер мен туристік жүктелім параметрлері бойынша болжамдық  көрсеткіштерге зерттеу жүргіземіз. Бірақта жұмыста көрсетілген  көрсеткіштерге жету осы бөлімнің басында көрсетілген саланы дамыту жағдайларын қалыптастыру кезінде ғана мүмкін. Болжамдарды салыстыру туристік сыйымдылық шегі 1020 мың адамды құрайтынын көрсетеді, ал «Қазақстан Республикасында туоизм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» бойынша 2010 жылы бұл көрсеткіш 1510 мың адамды құрды, норманы 490 мың адамға жоғарлатадығ ал туристер ағымының жоғарылымы – жылына 8,8 млн. адам-сағат. Осы көрсеткіштің жоғарлауы салдарынан табиғи ресурстардың деградациясы болуы мүмкін, басқа жағынан тарих пен мәдени ескерткіштерінің эстетикалық негіздерін бұзуына алып келеді.

Туристік ағымдарды  болжаудағы маңызды мәнге неғұрлым аттрактивті туристік аймақтардың  приоритеттерін анықтау ие болады.

Бұл туристік қызмет көрсетуді  болжау мен жоспарлау тәжірбиесінен шығады, сонымен қатар бар туристік бағдарлар, туристік аймақтар бойынша орналастыру объектілерінде қажетті орын санын анықтау және оларды жоғарлату бойынша жобалық шешімдерді қабылдау.

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері