Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа

Краткое описание

1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................

І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ

Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................

Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................

Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................

II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ

3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................

3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................

3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кларита диплом.doc

— 678.50 Кб (Скачать документ)

Бүгінде туризм – қай  елде болсын бәсекеге қабілетті, қаржыны  көп талап ететін сала болып табылады. Сол үшін барлық елдер оған қаржыны аямай төгіп жатыр, бұл сайып келгенде мемлекеттің имиджін қалыптастыру үшін жұмсалып жатқан нәрсе ғой, яғни Қазақстанның шетелдерге қалай насихатталып жатқандығы. Қазір біздің ел шетелдермен Бүкіләлемдік Туристік ұйыммен қарым – қатынас арқылы және өзге жеке бастамалар арқылы насихатталып жатыр. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымының туризмді дамыту мақсатында арнайы құрған ұйымы. Қазір еліміз аталмыш ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Оған мысал ретінде биылғы жылдың сәуір айында Алматыда Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның Еуропалық комиссиясының 45-мәжілісінің өткенің айтуға болады. Бұл жиынға Еуропаның 42 елінің ұлттық туристік әкімшіліктері қатысты. Біз алдағы уақытта да Бүкіләлемдік Туристік Ұйыммен байланыс жасайтын боламыз. Өйткені, бұл еліміз үшін өте қажетті нәрсе. Қазақстан аталмыш халықаралық ұйымға 1993 жылдан бері мүше болып келеді, 2000 жылдан бері оның ұйытқы болуымен өткізілген барлық халықаралық шараларға, Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында ұйымдастырылатын халықаралық көрмелерге қатысудамыз. Осы орйда, отандық туристік ұйымдардың шетелдерге өтккізілген көрмелерге Қазақстан туралы танымдық дүниелерді апарып, насихст жұмыстарын жүргізіп жатқаның атап өткеніміз жөн. Мәселен, 2004 жылы туристік ұйымдарымыздың қызметін әлемнің 60-қа жуық елдерінің турстері пайдаланыпты. Бұл Қазақстанның әлем елдеріне ойдағыдай насихатталып жатқанын көрсетеді. Енді келесі жылы біздің ел Қытайдың Шанхай қаласында өтетін «WTF», Кореяның Сеул қаласында болатын  «KOTFA» көрмесі мен Жапонияның астанасы Токио қаласында өтетін «SATS» атты көрмеге қатысады. Ал, өіміздің Алматы қаласында мұндай көрмелер 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Астанада мұндай көрмелер 2004 жылдан бері өткізіле бастады. Сол кезде елордада «Астана – Leasure» атты халықаралық көрме ұйымдастырылған еді.

Бұл көрмелерден басқа, біз тағы мынадай үкен шараны өткізіді жоспарлап  отырмыз. Мәселен, біздің еліміз Макао  мен Сальвадорда Бүкіләлемдік туристік ұйымның атқарушы кеңесіне мүше болуға өтініш жазған еді, егер БТҰ-ның атқарушы кеңесіне мүше болып қабылдансақ, бұл еліміздің туризмдегі имиджін арттыруға мүмкіндік береді. Тағы бір атап өтетін нірсе, осы жиында біз 2009 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас Ассаблеясы міжілісін Астанада өткізіге де өтініш білдірдік. Бұл жұмыстардың бәрі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Испания Корольдігіне жасаған ресми сапарында жасала бастады. Сол кезде Мемлекет басшысы Мадрид қаласындағы ЮНВТО – ның штаб – пәтеріне арнайы барып, аталмыш ұйымның жұмысымен етене танысқан болатын.

Жалпы айтқанда, қазіргі таңда Бүкіләлемдік туристік ұйымның біздің елге деген  сенімі зор. Өйткені, Қазақстанда саяси  тұрақтылық бар, халақтар арасында достық пен ынтымақтастық қалыптасқан, одан кейін туристерді қызықтыратын тамаша жерлеріміз бар. Осының бәрі еліміздің саяси имиджін қалыптастыруға өз септігін тигізуде. Саяси имидж дегеннен шығады, қазір еліміз еліміз көптеген халықаралық беделді ұйымдардың бас қосатын жеріне айналған. Мәселен, Азиядағы ынтымақтастық және өзара сенім шаралары жөніндегі кеңестің самиттері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиындары, Әлемдік және дәстүлі діңдер лидерлерінің сьезі, Еуразиялық медиа – форумның мәжілістері, бәрі-бәрі біздің елде өтеді. Бұл шаралар Қазақстанның саясы тұрақты, бейбітшіл ел екенін көрсетеді.

        Қазіргі таңда кез келген елдің туризмдегі имиджін қалыптастыруға ақпараттық технологиялардың әсері көп. Біз еліміздің туризмін дүниежүзінің туристік қызмет көрсету нарығына наихаттау жөнінде стратегия жасағанда, ең әуелі осы мәселеге баса назар аудардық. Қазір өзінізге белгілі, коммерциялық фирмалардың шетел тұтынушыларына жарнама жасау мүмкіндігі аз. Осыған орай, Туризм және спорт министрлігі тарапынан елімізге ең көп туристер келетін Батыс елдеріне насихаттау мақсатында жұмыс істеп жатыр. Мәселен, қазір Қазақстан жөнінде BBC,CNN, Euro News телеарналарында бейнероликтер көрсетілуде. Онда еліміздің туристік мүмкіндіктері насихатталуда.  Осы жұмысқа қатысты біз тағы туризм және спорт министрлігінің шетелде өкілдіктерін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа министірлік елімізді дүниежүзіне насихаттау мақсатында баспасөз турын ұйымдастыруды қолға алып жатыр. Жақында Туризм және спорт министрлігі мен Бүкіләлемдік туристік ұйымның мұрындық болуымен елімізде екінші рет «Press tour to Kazakhstan» атты баспасөз туры болып өтті..Бұл жолы біздің елге Ұлыбританияның «CNN Traveller», «The Guardian» атты ақпарат құралдарымен бірге Германия, Испания, Португалия, Нидерланды мен Грекия елдерінің журналистері келіп қайтты.

II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ

2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі

 

Ұлан-байтақ Қазақ Елінің барлық өңірлері сияқты Ақтөбе өңірінің де кәрі тарихы өз бастауын есте жоқ ескі замандардан  алады. Еуразияның асыл белдігі сияқты Ұлы Даланың орасан зор аймағын  қамтитын Ақтөбе жерінің тау-тасы мен өзен-өткелі, көлі мен шөлі, киелі топырағы небір тарихтың, осы құрылықты мекендеген жүздеген ұлттар мен ұлыстардың талайына бұйырып, маңдайына жазылған талай тағдырлардың, небір қанкешулер мен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақытты дәурендердің куәсі болғанына дау жоқ.

      Сонау Алтай бөктеріндегі киелі Өтікеннен өрбідік дейтін көк түркілері адамзат тарихында бірінші боп ат жалын тартып мініп, бірінші боп тегермешті ойлап тауып, арбаға қос артқалы жайлы қоныс, жаңа жұрт іздеген жұрттың бірнеше мәрте батысқа маңдай түзеп, үдере көшкені анық. Соның адамзат есінде қалғаны Халықтардың Ұлы Көші десек, ғасырлар бойғы ұлы дүрмектің бәрі дәл осы өңірді айналып өте алмаған. Ақтөбе өңірімен өтпеген көш о кезде сиреп үлгермеген Сібір ормандарына, не болмаса, Хазар теңізіне (Каспиге) барып тірелер еді.

      Аймақтың көне тарихының терең болмағы, оның топырағында, жел жеп, уақыт мүжіген тау-тасында арғы замандар жәдігерліктерінің жұқаналары жататыны, өзегі ақиқаттан өрбіген небір асыл аңыз-әфсаналар жұқаналарының осы өңірді атажұрт деп таныған, сүйген, қастерлеген бүгінгі ұрпақтың санасынан өшпейтіні содан: Ақтөбе жері тоғыз жолдың торабын тоғыстырған ұлы Өткел іспеттес. Әлі де солай...

      Шығысы мен түстік-шығысында Қостанай, Қарағанды, түстігі мен түстік-батысында Қызылорда, Маңғыстау, батысы мен теріскей-батысында Атырау, Батыс Қазақстан, ал терістігінде Ресеймен шектесетін  Ақтөбе облысы — Қазақ елінің батыс бөлігіндегі геосаяси, экономикалық һәм стратегиялық маңызы зор, жер қойнауы өте бай, экономикалық әлеуеті басым өңір. Халық саны 713,9 мың адам (облыс бойынша).

      Арғы тарихта гиперборейлер мен аорстар, одан соң сарматтар, сақтар, бертінде оғыздар, жалпы атауы «қыпшақтар» болып аталатын түркі текті тайпапар, одан беріде Жошы ұлысы, Алтын Орда ыдыраған соң Ноғайлының аруағы басым жұрты мекендеген осы өңірдің тарихы мен тарихи тұлғалары, ерлігімең даналығымен, өнерімен тұстастарын таңдандырып қана қоймай, ұлысқа ұран, ұлтқа мәңгілік өнеге бола білген ұл-қыздары туралы мыңдаған құдіретті кітаптар жазуға болар еді.

      Осы өңірмен күллі Еуропаға бас идіріп, Рим императорын тізерлеп тағзым етуге мәжбүр еткен, Византияның елшісі Марцеллин таңдайын қаға таңданған сақтардың ұлы патшасы Еділ —Атилла батырдың қосыны да, Таң (Дон) мен Еділдің ер болмысты билеушілері Қотан мен Аққұбылдың алауыздығын пайдалану арқылы ғана туын Еділ бойына тіге алған Батудың түменбасы, Шығысханның құдіретті қолбасшысы Сүбітай баһадүрдің қалың қолы да, Алтын Орда ханы Тоқтамыстың, оны өкшелей қуған «жігіттің падишасы» Өмір Темірдің қаһарлы жасағы да, Алтын Орда хандарының бітіспес қарсыласы Едігенің әскері де,... беріде, Алтын Ордадағы аласапыран тұсында, Жәнібектің, Әбілқайыр мен Барақтың жұрты да, одан беріде күллі қазақ халқының болашақ тарихи тағдырын кескілескен ұлы шайқастарда да, үлкен саяси аренда да шешіп берген, тарихтың сын сағат, қатерлі өткелінде қазақтың ел болып қалуына бірден-бір себепкер болған, Ордабасы жиынынан көп бұрын, «Ақтабан шұбырынды» тұсында санасын үрей билеп, пышыраған қазақтың басын бір тудың астына қосып, Торғай—Арал шебінде қалмақтарға тойтарыс берген, одан соңғы ұлы шайқастарды басқарып, қазақ елін азат еткен Әбілқайыр баһадүр-ханның құдіретті әскері де жүріп өткен-ді...

      Қазақтың өзіне ғана тиесілі бергі тарихы осы өңірде, әйгілі Хантөрткүлде ұлы жырау, абыз Асанқайғы Қарғабойлы Қазтуған, өз ұлы Абаттармен бірге ел тағдырын ойлап, мәжіліс құрғанын айтады...

      Түркі өркениетінің көне жұрты ежелгі Мұғалжар тауының төңірегінде дәуірлегенін ұлы ориенталистер бірауыздан мойындаса, осы өлкеде арғы қазақтар дәуірінде көне қалалардың көп болғанын археологтар дәлелдеп жатыр. Ащыбас-Шат, Күйгенқала, Мәулімберді, Абат-Байтақ сынды ескі қалалар жұрты арғы тарихқа мегзейді. Балғасын мен Доңызтау құпияларына ғалымдар енді ғана назар аудара бастаса, күллі қазақ ұлтының бірнеше ұрпағына ерлік пен елсүйгіштіктің өнегесі болған эпос кейіпкері Қарақыпшақ Қобыландының асыл сүйегі жатқан Жиренқопада ғылым жолымен анықталған ақиқат негізінде батырдың басына тас қойылып, салтанатты мемориалдық кешен ашылып, эпос кейіпкері тұңғыш рет жалпыұлттық, жалпытүркілік деңгейде ұлықталып отыр.

       Бұл  өңір атышулы Әбілқайыр ханның, Әйтеке бидің, XV ғасырдың ұлы батыры  Қобыландының, Арал мен Әжібай, Алтай  мен Алыбай, Бөкенбай мен Есет  Көкіұлы, Асау мен Барақ, Жоламан  мен Бақтыбай, Көтібар мен оның  ұлы Есет, Қарағұл мен Қайдауыл  сынды көптеген ел қорғаған батырлардың, ұлы ойшыл Мөңке би, Шернияз, Ақтан, Сары, Саршолақ сияқты ондаған ұлы ақын-жыраулардың, дана күйші Қазанғап бастаған сазгерлердің мекені.

      Жоңғарлардың, Ресей империясының басқыншылығына қарсы күрес осы өңірде үздіксіз жүргізілді. Өз бостандығы үшін күрескен халықтың басынан талай ауыр замандар өтті, қаны аяусыз төгілді. Беріде осы өңір халқы ақ пен қызыл болып бөлініп, ұзақ қырқысқан Ресей қоғамының теперішін де молынан көріп, революцияның, ұжымдастыру мен отырықшыландырудың, қолдан ұйымдастырылған аштықтың ауыр зардаптарына душар болды.

      Алайда, халық рухын, атамекені мен бостандығына, тәуелсіздігіне деген сүйіспеншілігін бір сәтке де кеміткен жоқ. Қажырлы, дарынды ұл-қыздарын өсіріп, болашаққа беттеген киелі көшін жалғады. Ақтөбе өңірі әйгілі лингвист, түркітанушы Құдайберген Жұбанов пен академик Сақтаған Бәйішевтерден басталатын ондаған ірі ғалымдардың, Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргеновтерден басталатын ірі мемлекет қайраткерлерінің, Тахауи Ахтанов, Қуандық Шаңғытбаев, Сағи Жиенбаев бастаған ондаған дарынды ақын-жазушылардың, әйгілі академик Ахмет Жұбанов бастаған сазгерлер мен суретшілердің, өзге де өнер тарландарының атамекені.

      Ақтөбе жері әйгілі батыр бабаларының даңқын Ұлы Отан соғысы жылдарында да лайықты түрде жалғастырды.

      Ақтөбе сол жылдары күллі кеңестік Шығыстан шыққан екі батыр қыздың бірі — Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың, Кеңес Одағының Батыры Хиуаз Доспанованың есімдерін мақтан етеді. Сол жылдары Ақтөбеде құрылған 312-атқыштар дивизиясы және 101-ұлттық бригада жауынгерлері Мәскеу түбіндегі фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерліктің үлгісін көрсетті. 129-минометшілер полкі де даңққа бөленді. Майданға аттанған 15 мыңға жуық ақтөбеліктер жауынгерлік орден-медальдармен марапатталып, 24 адам Кеңес Одағының батыры, үш адам Даңқ орденінің толық иегері атанды.

      Ақтөбе халқы жасампаз еңбекте де тамаша үлгілер көрсетті. Облыстың ондаған еңбекшілері Социалистік Еңбек Ері атағын алып, жүздеген еңбек тарландары құрметті атақтармен, орден-медальдармен марапатталды. Ақ тарыдан өнім алуда әлемдік рекорд жасаған әйгілі диқан, Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» хикаятына, Б.Брехттің «Тары» поэмасына кейіпкер болып, есімі дүние жүзіне танылған ұлы еңбеккер Шығанақ Берсеевтің еңбектегі үлгісі ақтөбеліктердің бүгінгі ұрпақтары үшін асқақ идеалға айналып отыр.

      Белгілі ғарышкерлер В.М.Пацаев пен Ю.В.Лончаков - Ақтөбе өңірінің түлектері.

      Ақтөбенің ең басты байлығы — ерлік пен мәрттікті, парасаттылық пен біліктілікті, ата-бабаларының асқақ рухын құбыланама етіп ұстанған, қазіргі Қазақ елінің мәртебесі биіктей беруі үшін еңбек етіп, ізденіп жатқан, ертеңгі күнге берік сеніммен қарайтын, ауызбіршілігі мықты ақтөбеліктер.

Кеңес Одағы тұсында орасан зор  экономикалық табыстарға жетіп, ғылымда, мәдени һәм рухани өмірде биіктен көріне білген Ақтөбе облысы қазір, мемлекетіміздің іргесі бекіп, әлемге танылып отырған, халқымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген межеге — еліміздің әлемнің ең таңдаулы елу елінің санатына қосылуы үшін құлшынып отырған тарихи кезеңде де абырой биігінен көрініп отыр. Соңғы төрт жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы еселеп артты, Ақтөбе жалпы ел экономикасын, ел бюджетін қолдай алатын донар аймаққа айналды. 2005 жылғы рейтингтік көрсеткіштер бойынша облыс барлық салалар бойынша бірінші орынға шықты. Бұл — ел экономикасы үшін өте ауыр, Кеңес Одағының ыдырауы мен жаңа үрдіске көшкен экономиканың өтпелі кезеңіне байланысты орын алған қиындықтар елді едәуір қалжыратқан кезеңдерде болашақ экономикалық, әлеуметтік дамудың іргетасы дұрыс қаланғанының және соңғы төрт жыл ішіндегі саяси һәм экономикалық басшылықтың серпінділігінің нәтижесі. Облысты 7 жыл бойы басқарған Аслан Мусин ауыр кезеңнен экономиканы дағдарыссыз алып шығып, экономикалық дамудың берік іргетасын қалыптастырса, осы өңірдің перзенті, экономика ғылымдарының докторы, тамаша үйымдастырушы, парасатты басшы Елеусін Сағындықовтың соңғы үш жыл ішіндегі серпінді, білікті басшылығы Ақтөбені, Елбасы сөзімен айтсақ, «ел экономикасының локомотивіне» айналдырды.

      Ақтөбе — экономикалық потенциалы мол, жер қойнауы өте бай, интеллектуалдық және мәдени деңгейі өте жоғары өңір. Осы мол мүмкіндікті біліктілікпен, замана үрдістеріне сай пайдалану облыстың жедел дамуына, үздіксіз көркеюіне мүмкіндік беріп отыр. Ақтөбе жерінің қойнауында еліміздегі барланған мұнай қорының 10 пайызы, болжанған көмірсутек шикізатының 30 пайызы бар. Қазақстан хромының 100 пайызы да осында. Хром рудалары қоры бойынша облыс әлемде екінші орынды (400 млн.тоннадан астам) иемденсе, мыс рудасының қоры (100 млн. тонна) және мұнайдың өндірістік қоры бойынша республикада үшінші, газ қоры бойынша төртінші орында.

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері