Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 23:22, дипломная работа
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
І ТАРАУ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................
Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................
Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................
II ТАРАУ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Ақтөбе облысының қазіргі жай-күйі.............................................................
2.2 Ақтөбе облысының туризмінің даму перспективасы..................................
2.3 Алдағы уақытта туризмді дамытуға арналған бағдарламалар...................
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстанның ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама...................
3.2 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................
3.3 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
Күнделікті орта термині айналымға Оттава конференциясында келіп-кетушілер қатарынан күнделікті үйден жұмысқа (оқуға) барып, қайта келетін адамдарды бөліп қарау үшін енгізілген. Олар күнделікті ортадан аспайды және турист болып саналмайды.
Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның туризм статистикасы жөніндегі ұсынымдамаларында күнделікті орта параметрлері екі көрсеткішпен сипатталады. Ол нысанға келіп-кету жиілігі және оның қашықтығы. Тұлға тұрақты баратын жерлер оның тұрғылықты жерінен әжептәуір қашықтықта болса да, оның күнделікті ортасының элементтері болып табылады. Осыны негізге ала отырып айтатын болсақ,мысалы, шекаралық аудандардын тұрғындары шекаралас мемлекеттердің территориясында қызмет істеп және ол елдерге үнемі барып тұратындықтарына қарамастан халықаралық туристер санына жатқызылмайды.
Сонымен қатар, күнделікті ортаға адамдардың бұл нысандарды психологиялық түрде күнделікті ортаэлементі ретінде қабылдауынан шығады. Мысалы, көрші орналасқан театрға баруды ешкім де туристік шара деп санамайды және ол туризм статистикасында да көрініс таба алмайды.
Келген жерде болу ұзақтығы – бұл келіп-кетушілердің статистикалық жиынтығын бөліп көрсетудің екінші белгісі. Ол күнделікті орта тұжырымдамасының дамуына енгізіледі және туристер мен экскурсанттарды резиднттерден ажырата білуге мүмкіндік береді. Болу ұзақтығы 12 аймен шектеледі, одан кейін келіп-кетуші тұрақты тұрғын санатына ауысады да, туризм статистикасында есепке алынбайды. Бұрынғы тұрғылықты орнына қысқа келу (мысалы, туыстарына қонаққа келу) жағдайында бұл тұлға сол территотияның келіп – кетушісі ретінде тіркеледі. Атап айтсақ, Оңтүстік Еуропаның басты қабылдаушы туристік елдері – Италия мен Испанияда келу туристік ағымының үлкен бөлігін отанына келуші эмигранттар құрайды. Сапар мақсаты (себебі) – келіп-кетушілердің үшінші белгісі. Басқа саяхаишылардан айырмашылығы олардың саяхаттауының себептері ресми құжаттар мен ғылыми әдебиеттерде кең түрде көрсетілген туристік себептер болып табылады. Келіп – кетушілерді статистикалық есепке алудың ыңғайлығы үшін Бүкіләлемдік Тіристік Ұйымның ұсынуымен (1-сурет) туристік мақсаттар бірнеше топтарға біріктірілген: бос уақыт, рекреация, демалыс; туыстар мен таныстарға қонаққа барып қайту; іскерлік және кәсіби мақсаттар (іскерлік кездесулерге, конференцияларға, конгрестерге қатысу тағы басқа); ем қабылдау, діни қасиетті жерлерге зиярат ету (қажылық); басқа да туристік мақсаттар.
Жай көзбен қарағанда келіп – кетушілердің статистикалық жиынтығы өте ала – құла және әртүрлі болып көрінеді. Саяхат мерзімінің әртүрлі ұзақтығы сапарлар географиясына, қозғалу әдістеріне қарамастан, барлық бұл тұлғалар бір санатқа біріктірілген және барлық жұмыс іздеу және ақы төленетін қызметті жүзеге асыру үшін жолға шығатын тұлғаларға қойылған.
Жоспарлы мақсаттар (себептер) бойынша жіктеу мигранттардың екі санатының әртүрлі экономикалық табиғатын көрсетеді. Олардың әрбірінің ерекшліктері шекарадан тыс шыққан жағдайда өте айқын білінеді, дегенмен жіктеу ішкі саяхатшылармен бірдей халықаралық саяхатшыларға да қатысты.
Ежелгі Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар – аса ауқымды туристік нысан болып табылатын Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мың жылдыққа ұласады. Ортағасырлық Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар, мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.
Аталған кезеңде Ұлы Жібек жолының солтүстік түркі тармаға бойынша VI – XIV ғасырлардағы саяхаттар тек қана сауда үшін ғана емес, сонымен қатар қажылық, емдік және білім алу мақсаттарымен де болғаны туралы жеткілікті негіздемелер бар. Қазақ жерлері арқылы да жүріп өткен атқты саяхатшы Марко Поло: “Ұлы ханның жаушысы Канбаладан қандай жолмен шықса да, 25 шақырымнан кейін станса, оларша янб, ал бізше атты поштаға жетеді, әр стансада жаушылар тоқтайтын үлкен, әсем үй бар. Бұл керуен сарайларға сәнді жібек көпелерімен көз тартатын кең төсектер қойылған, жаушыға керектің бәрі бар, тіпті патшаның өзі де осында тоқтай алады”, - деп жазған.
Қазақстан аумағындағы ең бірінші туристік нысандар түркі тайпаларын жаулап алумен және олардың атамекенінен ауа көшуімен байланысты. Қазақстанда қажылық туризмін ең бірінші ұйымдастырған Әмір Темір болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары әр тірлі әлеуметтік туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізі 1399 ж. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған кесене болды.
Бірақ Қазақстан туризмі тарихындағы ең елеулі табыстардың көбі жаңа заманда жүзеге асты.
1991 жылға дейін Қазақстанда
Қазіргі уақытта Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің орнын экономикалық туризм ығыстыра бастады және оның жоғары дамыған индустрияға, ұлттық экономиканың маңызды бір саласына айналуы мәселесін шешу керек. Сондықтан шет елдерде және өзіміздің елде адамзат тарихының әр түрлі кезеңдеріндегі туризмнің тиімді даму факторларын зерттеу қазіргі күндегі өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Туризм тарихы бойынша еңбектердің нәтижесін пайдалану туризм танудың негізгі теорияларын дамытуға, Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудағы осы заманғы тұжырымдаманы жасауға және туристік кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.
Шетелдік азаматтарға
Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін туристік қызметті реттеудің және халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта жанғыртудың негізі қаланды.
Бүгінгі күнде біздің мемлекетте турузмнің даму бағыттарын Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 маусымындағы “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 30 сәуіріедегі “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО және Дүниежүзілік туристік ұйымның Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолындағы туризм инфрақұрылымының дамуы бойынша жобасын жүзеге асыру туралы” және 1998 жылдың 27 ақпанындағы “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жанғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және мұрагерлікпен дамыту, туристік инфрақұрылым жасау” жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарғылықтары белгілеп берілді. Бұл құжаттарды қабылдау Қазақстанның туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді.
Туризм саласында халықаралық қатынастарды дамытуға байланысты қадамдардың бірі – Қазақстанның 1999 ж. елде 415 туристік ұйым қызмет еткен, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік ұйымдар және 14 шетелдік туристік агенттіктер бар. Қазақстан кәсіпорындары 80 елдің туристік фирмаларымен келісімшарттық қатынастар орнатты. 4 алматылық және 13 обылыстық турфирмалар 8 мемлекетке туристік авиарейсті жүзеге асырады.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар топтары едәуір дамыған. Осы облыстар мен қалалардағы туристік ұйымдар күн сайын туристер мен экскурсанттардың 88% - іне қызмет көрсетеді.
Қазір «туризм» терминін
кең және терең түрде түсіндіру
керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы
2 бағытта беріледі: географиялық және
экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан
сұраныс және ұсыныстың кеңістік-территориял
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г.А.Папирян, туризм ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді.
П.В.Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы – халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады.
Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтама «қазіргі туризмнің экономикасы» жұмысында берілген: «Туризм қызмет және тауар нарығының бөлігі болып табылады және оны сұраныс пен ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Біздің ойымызша, туризм дегеніміз - рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие.
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай
отырып оның дамуына себепші болатын
және әсер ететін факторларға тоқтаймыз.
Схема бойынша олар: экономикалық
- әлеуметтік – географиялық – демографиялық
– саяси – этникалық –
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статикалық факторларға табиғи-географиялық факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақытта және кеңістікте өзгеретін әр түрлі бағасы, мағынасы болады.
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризмнің негізгі аспектілерін көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына: тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс-сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу, туризмге жағдайлардың өсуі жатады.
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама
түрде адамның бос уақыт
Сыртқы факторларға
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық бақылаудың өзгеруі, технологиялық өзгерістер, транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы, сондай-ақ саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар – бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие. Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т.б. өсуі.
Туризмнің мәндік анықтамасы. Туризм мәселелері жайындағы ғылыми әдебиеттерде оның толыққанды анықтамасы жоқ. Бірақ, анықтамалардың түрлілігіне қарамастан барлық авторлар туризм ұғымына туристік мұқтаждық пен себептерді, туристер мінез – құлқының ерекшеліктерін, олардың тұрақты орындарынан тыс жерлерде болуын, туристер және тауарлар мен қызметтерді өндірушілер арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды, сферасының қоршған табиғат, экономикалық және басқа да макроорталармен өзара қарым – қатынастарын енгізеді. Мамандар арасында кең таралған туризмнің міндік анықтамасы туризм облысындағы ғылыми сарапшылардың Халықаралық ассциациясында ұсынылған болатын. Ол бойынша:
Туризм – бұл адамдардың тұрақты тұрғын орны мен жұмыс орындарынан басқа жерлерде болған кездеріндегі пайда болатын қатынастырының жиынтығы.Туристік қызметті кеңейту жаңа рекреационды территориялар салу,курортық кешен құрылыстары үлкен капиталдық салымдарды қажет етеді. Үлкен жобалар, әдетте, әртүрлі көздерден қаржыландырады. Оларды жүзеге асыруға үлестік негізде мемлекеттік құрылымдар, жеке қаржы мекемелері (ұлттық, шетелдік), халықаралық ұйымдар және тағы басқалар қатысады.
Ақша құралдарын туристік нысандардың жаңа құрылысымен бастан – аяқ қайта жабдықталуына бөле отырып, мемлекет және басқа да инвесторлар беруден пайда алуға тырысады. Олар белгіленген мерзімде салынған капитал мен оның пайыздарын қайтары алуға күш салады. Инвесторлар материалдық көзқарастан шыға отырып, несие берудің ең жақсы шарттарын іздеуге мәжбүр. Осындай мақсатта олар капитал экспортшылары бола отырып, шетелдік туризм нарықтарға шығады. Экономикалық көзқарастан, шетелде жұмыс орның тапқан тұғалар тауарлар мен қызметті өндірушілер, яғни шет мемлекеттің жалпы ұлттық өнімін өндірушілер болып табылады. Еңбектері үшін олар отанына аударатын сыйақы – белгілі көлемдегі ақша соммасын алады. Сондықтан қаржы қатынастарына шетел азаматтарының ақы төленетін қызметі олардың уақытша тұрғылықты елінен валютаның кетуімен (шығындар) және олардың тұрақты тұрғылықты еліне пайда түсуімен (кірістер) көрсетіледі.
Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері