Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................
4
І
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................

6
1.2
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............
19
1.3
Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................

29

ІІ
ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1
Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................

36
2.2
Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................
45
2.3
Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................

52

ІІІ
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1
Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................

61
3.2
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................

67


ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
75

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_2195.doc

— 809.50 Кб (Скачать документ)

Жалпы туристік ағынды қалыптастыру кезінде сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қазақстан Республикасына келуші және Қазақстан Республикасынан кетуші азаматтар туралы деректері пайдаланылады. Келетін келушілер ағынын есепке алу кезінде ұсынылған деректерден тұрақты тұру орнына (ТТО) келгендер алынып тасталады.

Туристік фирма қызметі туралы толық ақпарат алу үшін статистиканың басқа салаларының статистикалық нысандарының деректері пайдаланылады:

1) жылдық және тоқсандық кезеңділікпен  «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық  қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік  статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (1-ӨҚ) мен «Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп» (2-ШК) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

- өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден табыс;

- салықтар мен бюджетке өзге міндетті төлемдер;

- кәсіпорынның шығыстары;

- өндірілген өнім көлемі.

2) жылдық кезеңділіктегі «Денсаулық  сақтау ұйымының (әлеуметтік қызметтің) қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі  көрсеткіштері туралы есеп» (Әлеуметтік  қаржы (денсаулықсақтау)) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан санаториялық-курорттық мекемелер бойынша деректер пайдланылады:

- ағымдағы табыстар;

- туристік қызметтен табыстарға салық салғанға дейінгі пайда (шығын);

- ағымдағы шығыстар;

- салықтар;

- басқа да міндетті төлемдер;

- орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемі;

- олардың ішінде: демалысты, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер;

3) «Негізгі капиталға инвестициялар  туралы есеп» (1-Инвест) жалпы мемлекеттік  статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан экономикалық қызметтің төменде санамаланған түрлері бойынша негізгі капиталға инвестициялар бойынша деректер пайдаланылады:

- туроператорлардың, турагенттердің және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі;

 - тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер ұсыну;

- азық-түлік заттары мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер ұсыну;

- санаториялық-курорттық мекемелер қызметтері;

- жолдар мен тасжолдар құрылысы;

- темір жолдар мен метролар құрылысы;

- басқа топтастыруларға қосылмаған өзге азаматтық құрылыс объектілерінің құрылыстары;

- (құбырлар арқылы тасымалдау) басқа құрлықтық көлік және құбырлар арқылы тасымалдау;

- су көлігі, (орман құймасы) басқа;

- әуе көлігі [34].

Қызмет көрсету статистикасының статистикалық нысандарынан мәдениет объектілері бойынша қызмет көрсетілген келушілер санының деректері пайдаланылады.

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар көрсеткіштерінен басқа мына әкімшілік дереккөздерден деректер пайдаланылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің.

Туристік фирма қызметінде «сапар» немесе «қатынау» термині тиісті тұлғаның кәдімгі орта шегінен тыс орналасқан қандай да бір орынға  қандай да бір саяхатын білдіреді. Бұл терминдер келушілер өзінің әдеттегі тұру орнынан тыс кету сәтінен бастап қайтып оралғанға дейін жүзеге асыратын қызметке жатады.

Сапарды келушінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы бойынша немесе сапардың нақты белгілері бойынша жіктеуге болады. Туристік сапар өзге ерекшеліктер қатарында (мысалы негізгі мақсат) негізгі мақсатты орынмен сипатталады.

Туристік сапардың негізгі мақсатты орны сапарды жүзеге асыру туралы  шешім қабылдау негізінде жатқан бару орны ретінде анықталады. Алайда егер мұндай орынды келуші атала алмаса, онда негізгі мақсатты орын тұрақты тұру орнынан яғни әдеттегі ортасынан неғұрлым алыс орналасқан орын ретінде анықталады. Халықаралық ұсынымдарға сәйкес саяжайлық үйлер «әдеттегі орта» түсінігінің қамтуы аясынан алынып тасталады.

Сапарлардың мақсаты. Сапардың негізгі мақсаты ол болмаған жағдайда осы сапар болмауы мүмкін болған мақсат ретінде анықталады. Туристік сапар мақсаты туралы ақпарат туристік шығындардың сипаттық үлгілерін анықтау үшін пайдалы. Бұл ақпарат сондай-ақ туристік сұраныстың негізгі сегменттерін шығару үшін маңызды. Егер сапардың негізгі мақсаты жұмысқа орналасу және табыс табу болса, онда мұндай сапар туристік деп есептелмейді, ал бұл тұлға келуші деп есептелмейді.

Туризммен байланысты сапарлар мақсатын жіктеуді қайта қараумен байланысты 2008 жылғы халықаралық ұсынымдарға сәйкес туристік сапарлар олардың келесі  негізгі мақсаттары бойынша жіктеледі:

Жеке мақсаттар: еңбек демалысы, бос уақыт және демалу; достарына және туысқандарына бару; білім беру және уәсіби дайындық; дін/қажылық

дүкендерге бару; транзит; өзге де мақсаттар.

Іскерлік және кәсіби мақсаттар. Сапарды оның негізгі мақсаты бойынша жіктеу сапар барысында жүзеге асырылатын қызметтің негізгі түрлерімен байланысты болуы тиіс. Әрбір туристік сапар қандай да бір келуші сапарда бола тұрып қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыра алатын болса да жалғыз ғана негізгі мақсатқа ие болады. Әрбір негізгі мақсат («Транзит» санатын қоспағанда) сапар кезінде жүзеге асырылатын негізгі қызмет түрлерінің тобымен байланысты.

Келушілер санатының қамтуы шеңберінен құқықтық және экономикалық аумаққа келмейтін келушілер және құқықтық және экономикалық аумаққа келетін, бірақ түнеуге қалатындар ғана алынып тасталады. Транзиттік жолаушылардан қамтуға тым болмаса бір түнге қалатын тұлғалар жатады.

Қатынау оны туристік келу деп жіктеуге болатындай міндетті түрде түнеумен болу шарт емес. Солай бола тұра келіп кету деге түсінік тоқтауды ұйғарады. Қандай да бір географиялық аймаққа онда тоқтаусыз ену осы аймаққа келу болып есептелмейді.

Туристік сапарлар мен қатынауларды байқау – бұл байқау кезінде бір тұлға біреуден көп сапар немесе қатынау жасай алатындықтан келушілердің ағынын байқау деген емес.

Туристік фирма тұтынушыларына қызмет жасайтын туризм түрлері. Туризмнің үш түрі туризмнің басқа түрлерін жасай отырып  әртүрлі араласып келуі мүмкін:

1) ішкі және кету туризмін  қамтитын ел шегіндегі туризм, яғни қарастырылып отырған елдегі, осы ел шегіндегі ішкі немесе халықаралық туристік сапарлар шеңберінде тұрып жатқан және тұрмайтын келушілердің  қызметі;

2) ішкі және кету туризмін  қамтитын ұлттық туризм, яғни  қарастырылып отырған елде, осы  ел шегінде және одан тыс  ішкі немесе кету туристік сапарлар шеңберінде  тұрақты тұратын келушілердің қызметі;

3) келу және кету туризмін  қамтитын халықаралық туризм, яғни  қарастырылып отырған елде одан  тыс немесе кету туристік сапарлар  шеңберінде тұрақты тұратын келушілердің  қызметі және кету туристік  сапарлар кезінде аталған ел шегінде қарастырылып отырған елде тұрмайтын келушілердің қызметі [35].

Туризмнің басқа түрлеріне сәйкес келушілер былайша жіктеледі:

- Халықаралық келушілер: туристер (түнейтін келушілер); бір күндік кедушілер.

Ішкі келушілер:  туристер (түнейтін келушілер); бір күндік кедушілер.

Халықаралық саяхаттар кету әрі келу  саяхаттарын қамтиды және саяқатшының тұратын елі барған елден немесе елдерден ерекшеленетін жағдайларға жатады. Халықаралық саяхат жасаған тұлғалар  халықаралық саяхатшылар болып саналады. Қарастырылып отырған ел тұрғысынан қарағанда халықаралық саяхатшылар не келу не кету саяхатшылары болып табылады.

Шекараға келуші халықаралық саяхатшыларды екі санатқа бөлуге болады: халықаралық келушілер (ел тұрғындарына қатысты  қайтып оралушы кетуші келушілер немесе осы елде тұрмайтын тұлғаларға қатысты келетін келуші келушілер) және туризм саласына қосылмаған өзге де халықаралық саяхатшылар. Халықаралық келушілер олардың сапарларының негізгі мақсаттары бойынша айырмашылықтанады.

Ішкі саяхатшы егер: туристік сапарда болса; қарастырылып отырған, саяхаттап жүрген елінің тұрғыны болып табылса, қарастырылып отырған ел тұрғысынан  ішкі келуші ретінде жіктеледі.

Келушілер жалғыз әрі олардың сапарларымен байланысты қызмет,  келіп-кету мен шығындар  түрлерінің барлығын не бір бөлігін бірлесіп жүзеге асыратын бірлестіктермен де саяхаттайды.

Саяхаттаушы бірлестіктер  шығындары біріктірілетін, бірлескен сапар жасаушы келіп кетушілер ретінде анықталады. Солай бола тұра келушілердің көптеген сипаттамаларын саяхаттаушы бірлестіктердің әрбір мүшесі үшін жеке анықтауға болады, олардың кейбіреулерін кейде анықтау мүмкін болмайды. Келушілер сондай-ақ жекелеген тұлғалардан  немесе саяхаттаушы бірлестіктерден тұратын топтың (саяхаттаушы) құрамында да саяхаттауы мүмкін: оған мысал ретінде толық қызмет көрсетілулермен топтасқан туристік сапар немесе жазғы лагерьге шығатын жастар тобы қызмет атқарады. Осылайша Халықаралық ұсынымдарға сәйкес саяхаттаушы компания топ байқаудың бір бірлігі болып табылады.

Туристік қызметтердің бірі көліктің әртүрлі түрлерін пайдалану болып табылады. Көлік түрінің астарында келіп- кетушінің сапар барысында пайдаланатын негізгі көлік түрі айтылады. Бұл негізгі көлік түрі мыналардан шыға отырып әртүрлі тәсілдермен белгілеуге болады:

- сапар кезінде арақашықтықтың көп мөлшері мильде/километрде қандай көлікпен жүріп өтілді;

- ең жоғарғы уақыт көліктің қандай түрінде өткізілді;

- жалпы көлік шығындарының  көп үлесі қандай көлік түріне тиеді [36].

Халықаралық саяхаттарға қатысты көліктің негізгі түрі жиі негізгі жүріп өткен арақашықтықтан немесе келетін елдің  немесе аумақтың шекарасын кесіп өту үшін пайдаланылған көлік түрінен шыға отырып белгіленеді.

Көлік түрі стандартты жіктеуге ие: Әуе көлігі; Кестеге бағынатын сапарлар; Кестеге бағынбайтын сапарлар; Жеке әуе кемелері; Әуе көлігінің өзге де түрлері; Су көлігі; Жолаушылар жолағы мен паромдар; Круиздік кемелер; Яхталар; Су көлігінің өзге де түрлері; Құрлық көліктері; Темір жол көлігі; Қалааралық және қалалық автобустар және қоғамдық көліктердің өзге де түрлері; Жүргізушісімен автокөлік құралдарын жалдау; такси, лимузиндер мен жеке автокөлік құралдарын жүргізушісімен жалдау; бұлшық ет және жануар күшімен көлік құралдарын жалдау; Меншіктегі көлік құралы (8 адамға дейін сыйымдылығымен); Жүргізушісіз жалға алынған көлік құралы (8 адамға дейін сыйымдылығымен); Құрлық көлігінің өзге де түрлері: салт аттар, велосипедтер, мотоциклдер және т.с.с [37].

Сапар немесе келу ұзақтығы  түнеумен орналастыру қызметтері сияқты туристік қызметтерге сұраныстарды бағалау үшін маңызды ақпарат болып табылады. Сапар ұзақтығын анықтау қандай да болсын сапар немесе келумен байланысты шығыстарды бағалау үшін қажет.  Түнеуді қарастырмайтын сапарлар сапарда өткізген сағат санына қарамастан бір күндік сапарлар ретінде қарастырылады.

Өздерінің сапарларын жоспарлау немесе ұйымдастыру барысында келіп кетушілер сапарлардың түрлі нұсқалары туралы ақпарат алу үшін және брондау мақсатында (не пакетте не жеке сатып алынатын көліктік қызметтер,  орналастыру, рекреациялық шаралар) турагенттік және туроператорлық қызметтермен айналысатын туристік ұйымдар қызметін жиі пайдаланады.  Турагенттік функциясы негізінен белгілі бір уақыт кезінде және белгіленген шарттарда  басқа ұйымдар көрсететін  белгілі бір қызметті пайдалануға құқықты сатуда жатыр.  Олардың рөлдері келіп кетушіге ақпаратты және басқа да қызметтерлі көрсетуде жатыр және олар экскурсия барысында сүйемелдеу, гидтер қызметтері және т.б. сияқты  қосымша қызметтерді  дербес көрсете алатын болса да, кейбір қызметтерді сатып алу кезінде делдал болып табылады.

Туроператорлар – бір немесе одан жоғары туристік қызметтерді (мәселен, тасымалдаулар, орналастыру, қоректендіру, көңіл көтеру, экскурсиялар) қиыстыратын  және оларды турагенттіктер арқылы немесе тікелей соңғы тұтынушыға бірыңғай бағаға бірыңғай өнім ретінде (кешенді тур деп аталатын) сататын кәсіпорындар. Кешенді тур элементтері  алдын ала анықталуы мүмкін немесе келіп кетуші алдын ала белгіленген тізімнен сатып алғысы келетін қызметтер комбинацияны таңдайтын «тапсырыс» рәсімі  арқылы анықталады [38].

Туроператорлар әдетте өзіндік атауымен және өз атынан жұмыс істейді.  Оператор алдымен жиі алдын ала және арнайы уағдаласқан бағамен туризмнің түрлі салаларын сатып алады, содан кейін  бұл қызметтер қиыстырылады және тұтынушыларға  бірыңғай кешенді өнім ретінде не келіп кетушіге тікелей не турагенттік арқылы ұсынылады. Коммерциялық кәсіпорындар ретінде олар сонымен қатар олардың меншігіндегі немесе кәсіпорынның сол тобына енетін келісімді ауе компанияларының көмегімен халықаралық тасымалдаулар сияқты кейбір қызметтерді көрсете алады. Бұл өнім әдетте  тасымалдау қызметін және орналастыру, қоректендіру, экскурсияға шығару, көңіл көтеру шараларын және келіп кетушілер талап ететін басқа да қызметтер сияқтының бір немесе бірнешеуін, сондай-ақ  туроператордың өзінің қызметтерін қамтиды.  Көпшілік жағдайда келіп кетуші түрлі элементтер арасындағы шығыстарды бөлу туралы хабарсыз болады және кету сәтіне дейін қызмет жеткізушілерімен тікелей байланысы болмайды.  Туроператор  кешенді турға енгізілетін қызмет жеткізушілеріне қатысты жиі тәуекелге барады және егер өнім (жолдама) брондалған көлемдерде  сатылмайтын болса, оларға тұрақсыздықты төлеуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары

 

Қазақстан Республикасында туризмнің тарихи алғы шарты біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта құрылған Ұлы Жібек Жолының құрылуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік алуына байланысты халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғыртуға және туристік қызметті реттеу үшін негіз қабылданады.

     Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде туризмнің дамуы 1992 жылы 3 шілдедегі №1508-XII "Туризм туралы" ҚР заңымен, 1997 жылы 30 сәуірдегі №3476 «ҚР Ұлы Жібек Жолында туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы және ЮНЕСКО жобасын және түркі тілдес елдердің басшыларында Ташкент декларациясын іске асыру туралы» және 1998 жылы 27 ақпанында №3859 "Жібек Жолындағы тарихи орталықты жаңарту, түркі тілдес халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту туризм инфрақұрылымын құру" жоспарына және де ҚР-ның 2008.07.05 қабылданған «Туристік қызмет туралы» заңына сай дамуда. ҚР мемлекеттік бағдарламасы туралы ҚР Президентінің нұсқауымен қамтамасыз етілген. Бұл құжаттарды қабылдау Қазақстанның туризм нарығының дамуына оң өзгерістер әкелді [39].

     Туристік нарық туристік өнімді өндіруші және тұтынушы арасындағы экономикалық қатынастардың көріну сферасы ретінде болады. Туристік өнімді әрбір өндіруші және тұтынушының өз экономикалық мүдделері болады, олар бір-біріне сай келмеуі мүмкін, ал сай келсе туристік өнімді сату-сатып алу акті жүреді.

Информация о работе Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары