Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................
4
І
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................

6
1.2
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............
19
1.3
Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................

29

ІІ
ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1
Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................

36
2.2
Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................
45
2.3
Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................

52

ІІІ
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1
Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................

61
3.2
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................

67


ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
75

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_2195.doc

— 809.50 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық пікір, өз кезегінде, кәсіпорынға өндірісін кеңейту, сату және қызмет көлемін өсіру, және де табысын арттыру мүмкіндігін береді. Кәсіпорынның мақсатты функцияларын жүзеге асыруда негізгі жұмыс құралы болып кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтары іске асатын нарықтық стратегия табылады. Бизнестің халықаралық теориясы мен практикасында кәсіпорынның нарықтық стратегияларыныңнегізгі үш түрі көрсетіледі.

Кәсіпорын жетекшілігі бар болған бәсекелестік артықшылықтарына талдау жасап, және нарықта жүргізетін стратегиялардың бірін таңдауы қажет.

Нарықтық стратегия жүргізілгеннен кейін, тұрақты табыспен қамтамасыз ететін кәсіпорынның келесі мақсатты функциясын жүзеге асыру құралы болып фирманың мақсатына жетуге бағытталған жоспарлау табылады.

Осылайша, турфирма қазіргі туристік нарықтағы маңызды экономикалық субъект болып табылады деген қорытынды жасауға болады. Турфирма туристік әрекетпен айналысады және басқару шешімін қабылдауда өзіндік еркіндікке ие. Кез-келген фирманың түпкі мақсаты тұтынушыларға қызмет көрсету барысында табыс табу.

 

1.2 Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары

 

Туристік фирма қызметін ұйымдастыру – туристік фирмада өндірістік-қызмет көрсету процесін басқару. Кез келген туристік фирма қызметін көрсету процесінің элементтеріне жұмысшы, құрал, еңбек заты мен қолданылатын технология жатады. Өндірістік-қызмет көрсету процесін іске асыру үшін оның барлық элементтері тізбектеледі.

Осылайша,  туристік фирма қызметін ұйымдастыру туристік фирманың бірыңғай өндірістік-қызмет көрсету процесінде еңбекті, құралдар мен технологияны тиімді үйлестіруге бағытталған шаралар жүйесі болып табылады.

Туристік фирма қызметін ұйымдастырудың менеджментінің негізгі міндеті – жұмыс күшін, материалдық, ақшалай, және ақпараттық ресурстарды дұрыс пайдалана отырып, туристік фирманың алдына қойылған, мақсаттарға жету.

Туристік фирма қызметін көрсету технологиясы туристік нарықта туристік өнімнің өтуі процесіне әсер ету тәсілдері, туристік өнімді өндіру мен тиімді ету формалары, әдісерінің жиынтығын менеджмент танытады. Туристік фирма қызметіндегі менеджмент – бұл туристік фирмада өндірістік-қызмет көрсету процесін басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдары мен формаларының жиынтығы [19].

Туристік фирмадағы маркетинг- менеджменттің интегралдық қызметі.

Туристік фирма қызметіндегі маркетинг туристік өнімді сату көлемін арттыру мақсатында сұранысқа белсенді әсер ету мен туристік нарықтың талаптарын есепке алуға бейімделген, туристік өнімді өндіруді, іске асыруды және тұтынуын ұйымдастыруды басқарудың кешендік тәсілін білдіреді.

Туристік қызметтің экономикасы – бұл түрлі қызмет көрсетумен туристік өнімді сату нәтижесінде алынған пайданы, материалдық емес активтердің және айналым қорларының, өндіру факторларының жиынтығы [20].

Туристік қызметтің активтері мен пайдасын құндық бағалау оның даму деңгейі мен көлемін сипаттайды. Сонғысы бір жағынан, сатылған туристік өнімнің көлемі мен сапасының, пайдаланылатын қорларының арасында тиімді қатынасты, екіншіден, туристік өнімді сату көлемі мен одан түсетін пайда арасында қатынастың   табылуына байланысты.

Бұл факторлардың іске асу тиімділігі туристік фирманың қызмет етуіне және дамудың ішкі-сыртқы жағдайларының әсеріне тәуелді.

Адамзат қоғамының тарихи даму барысында құрал-жабдықтарға туристік қызметтің әр түрлі формаларының болғандығы белгілі. Туристік фирма қызметі экономикалық мағынасында шаруашылықты қоғамдастыру дәрежесіне тәуелді бөлінеді. Бұл жерде ең төменгі деңгей – бұл жеке шаруашылық жүргізу. Қоғамдастырудың жоғарғы деңгейлері адамдардың қандай да  бір ұйымдарға бірігу масштабының кеңеюімен қалыптасады.

Туристік фирма қызметін ұйымдастырудыға жалпы үлестік келесі формалармен сипатталады: шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, шаруашылық бірлестік, біріккен кәсіпорын.

Үлестік фирма қызметінен айырмашылығы жалпы біріккен иемдену типі бірқатар ерекшеліктерге ие:

А) әрбір фирма иесіне тиесілі мүлік иесі анықталмайды;

Б) біріккен фирма кез-келген қатысушысы өз бетінше, өз қалауы бойынша жалпы мүліктің қандай да бір бөлігін шаруашылық мақсатында пайдаланып, иемдене алмайды;

В) жалпы табыс қатысушылары арасында тең үлеспен немесе әрқайсысының еңбектік үлесіне тәуелді бөлінеді (кесте 2).

Кесте 2. Туристік қызмет көрсететін қызмет кәсіпорындарының сыныптандырылуы

Бірінші қайтара қызмет көрсету кәсіпорындары

Екінші қайтара  қызмет  көрсету  кәсіпорындары

Тікелей  белгілеу  ұйымдары

Жанама  белгілеу ұйымдары

 

Орналасу, тамақтану құралдары; мейрамханалар, ресторандар, кафелер, т.б.;

Емдеу-сауықтыру курортары;

Көлік  кәсіпорындары;

Сувенирлік өнімдер дайындау мен  сату  бойынша  кәсіпорындар;

Туристерге қосымша қызмет  көрсету  бойынша ұйымдар

Жарнамалық ұйымдар;

Сақтандыру  компаниялары;

Ақпараттық  туристік  кәсіпорындар

Қонақ үй шаруашылығынан тыс тамақтану  кәсіпорындары;

Көлік кәсіпорындары;

Ауылшаруашылығы өнімдері, киім,  жиһаз  және  т.б.    Өндіру  бойынша  кәсіпорындар;

Банктер, химиялық  тазарту, емдеу  орындары және т.б.

 туристік индустрия үшін  кадр дайындайтын  оқу  орындары

Сілтеме – тақырыпты зерттеу барысында автормен құрылған


 

Туристік фирма қызметін ұйымдастырудың басты шарттары:

- Ұйымдық-құқықтық формасын анықтау

- Бизнес-жоспар құру

- Менеджментті дұрыс ұйымдастыру

- Маркетингті ұйымдастыруда жоғары  сапаға жету

- Стратегиялық жоспар құру

Фирма стратегиясын жасау. Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарлаумен салыстырғанда аса көлемді болып, ішкі ортаның негізгі элементтерімен бірге сыртқы аспектілерді: әлеуметтік және саяси факторлар, бәсекелестердің әрекеті, сатып алушылардың талғамы мен қажеттіктерін қамтиды. Стратегиялық жоспарлаудың басты ерекшелігі- оның варианттылығы, кәсіпорынның келешекте дамуының альтернативті версияларды жасау.

Ортаны талдау фирма әрекетінде бірнеше маңызды функциялар атқарады:

  • экономикалық ұйымға және оның болашағына әсер ететін аса маңызды элементтердің есебін жүргізуді стратегиялық жоспарлау тұрғысынан алғанда жақсартады;
  • кәсіпорын саясаты тұрғысынан алғанда кәсіпорын туралы аса жағымды да қолайлы көзқарастар қалыптастыруға көмектеседі;
  • күнделікті қызмет әрекеті тұрғысынан алғанда орындалатын қызмет функцияларын жақсарту үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді [21].

Туристік фирма қызметіне экономикалық стратегиясын жасау. Қандай да бір жүйенің дамуындағы негізгі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы стратегия болып табылады.

Фирма қызметінің инвестициялық стратегиясын жасау. Жалпы түсінік бойынша, инвестициялық стратегия – бұл инвестициялық қоржынның, яғни заңды немесе жеке тұлғаның иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығын қалыптастыру стратегиясы. Инвестициялық стратегияны жасауда ұдайы өндірістің: техникалық қайта жарақтану, модернизация, реконструкция, осы процестердің басқа да сипаттарын анықтау қажет.

Фирма қызметіндегі персоналды ынталандыру стратегиясы. Бұл жүйенің негізін жұмыскерлерді еңбек етуге итермелейтін ынталар құрайды және кәсіпорынның потенциалды клиенттерінің мүдделеріне, сұраныстары мен талаптарына бағытталып, ынталар іс-әрекет нәтижесімен байланысуы керек [22].

Стратегиялық жоспарлауда маркетинг қызметінің ролі. Қазіргі нарықтық жағдайда маркетинг экономиканың кез-келген саласының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Маркетингтік жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын өзінің бәсекелестерімен салыстырғанда біршама аз шығынымен және тұтынушылардың сұранысын барынша сапалы түрде өтеп отыруы арқылы өз пайдасын көбейтеді. Осы мақсатқа жету жолындағы нақты іс-әрекет жиынтығы маркетингтің мазмұны деп аталады.

Фирма қызметін жоспарлау. Жоспарлау – менеджмент процесінің алғашқы және ең маңызды кезеңі. Кәсіпорынның құрған жоспарлар жүйесінің негізінде жоспарланған жұмысты ұйымдастыру жүзеге асырылады, сол жұмысты орындайтын персоналды ынталандыру, нәтижелерді бақылау мен жоспарлы көрсеткіштер бойынша баға беру жүзеге асады [23].

Жоспарлаудағы үздіксіздік шартының бірі – жоспарлаудың бір-бірімен кезектесіп келуі. Жоспарлау  процесі мынадай алғышарттардың әсерінен үздіксіз болуы шарт:

  • сыртқы ортаның айқындалмағандығы мен кездейсоқ өзгерістердің болуы кәсіпорынның сыртқы жағдайларына қатысты үнемі өзгерістер жасап, жоспарларды реттеп отыру қажет;
  • тек айқын алғышарттар ғана өзгеріп қоймай, кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктері мен құндылықтары туралы көзқарастары да өзгереді.

Фирманың іс-жоспары және іскерлік ортасын болжау. Іс-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруда, әрекет етудің жаңа сферасын меңгеруде жасалатын фирманың даму жоспары. Іс-жоспар жаңа кәсіпорын ашу мақсатымен де бұрын жұмыс істеп тұрған ұйымды одан әрі жетілдіру мақсатымен де құрылады. Іс-жоспар маңызды мәселелерді шешіп береді: кәсіпкерлік қызметтегі қауіп-қатерді төмендете отырып, қоғамның болашақтағы тұрақтылығы мен өміршеңдік деңгейін анықтап береді; дамудың сандық және сапалық көрсеткіштерінің жүйесі ретінде бизнестің инвестор тарапынан қызығушылық пен қолдауды қамтамасыз етеді; жоспарлаудың тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.

Стратегиялық және оперативті жоспарлау. Экономикалық ұйымдағы жоспарлау процесін екі негізгі кезеңге бөледі: фирма қызметінің стратегиясын жасау, яғни стратегиялық жоспарлау және жасалған стратегияны жүзеге асыру тактикасын анықтау, яғни оперативті немесе тактикалы жоспарлау.

Фирма стратегиясы – бұл негізгі мақсаттардың жиынтығы және мақсаттарды жүзеге асырудың негізгі тәсілдері [24].

Тактикалық жоспарлау – бұл стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорын ресурстары қалайша үйлестірілетіні туралы шешімдерді қабылдау. Тактикалық жоспарлау әдетте қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерді қамтиды.

Фирманың бизнес-жоспар тиімділігі  және оны бағалау әдістері.

Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары.   Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жаңа сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары.

Бизнес-жоспарды жаңадан құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар экономикасы дамыған ұйымдар жасауы мүмкін. Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:

  • кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді; 
  • дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды;
  • фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырып, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады;
  • жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алуға көмектеседі, мекемеге және оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.

Онда фирма қызметінің өндірістік және нарықтық, қаржылық және техникалық, ішкі және сыртқы аспектілеріне сәйкес келетін артықшылықтар қарастырылады.

Туристік фирма қызметінің негізгі мақсаты -  пайда табу. Болашақтағы жұмысты белгілей отырып, қанша, қандай көлемде пайда табуға болатындығын есептеп шығару қажет. Сонымен бірге, бұл бөлімде басқа да мақсаттар көзделеді: әлеуметтік мақсаттар – тауарлармен атқарылатын қызметтерді көбейту, экономикалық жағдайларды жақсарту [25].

Негізгі бөлім мынадай бөліктерден тұрады: басты мақсат; өнімнің қысқаша мінездемесі, айрықша ерекшеліктері; қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері; жобаны орындау мерзімі; шығындар көлемі: болжаулы тиімділік пен соңғы нәтижелер; нәтижелерді қолдану аясы.

Сату нарығын, сату көлемін талдап, бағалау. Бұл бөлімде өндіріс көлемі, сату көлемі анықталады. Маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, бәсекелестер мен баға саясаты және олардың мүмкіншіліктері зерттеледі.

Ұйымдық шаралар мен жұмыс жасау жоспары. Кәсіпкерлік бағдарламаға – маркетинг, өнім шығару, өнімді сатып алу, сақтау тасымалдау, сатып алушыға әртүрлі деңгейдегі қызмет көрсету жатады. Ұйымдық шараларға – бизнес-жоспарды орындауды басқару, жобаны басқарудың ұйымдық құрылымы, орындаушылардың іс-әрекетін қадағалау, еңбекақының арнайы формаларын ұйымдастыру шаралары, кадрларды дайындау, есептеу және бақылау жатады [26].

Ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл бөлімде ресурстардың түрлері және көлемі жайында және ресурстарды қолдану әдістері жайлы анықтамалар беріледі. Ресурспен қамтамасыз етуге – материалдық ресурстар, еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, ақпарат ресурстары жатады.  

Жобаның тиімділігі. Бұл бизнес-жоспардың соңғы бөлімі, мұнда кәсіпкерліктен алынған тиімділік есептелінеді. Тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне – пайда және рентабельділік көрсеткіш жатады. Сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-техникалық тиімділік есептелінеді.

Бизнес-жоспардың тағайындалуы кәсіпорын экономистеріне негізгі төрт міндетті шешуге көмектеседі, бұл:

- өткізу нарығының сиымдылығы мен келешектің даму бағытын анықтау;

- ойластырылған істің әулетті табыстылығын анықтау үшін, өнімді дайындау мен өткізу үшін шығындарды бағалау және тауарды сату алдында бағаны есепке қою;

- жаңадан өнімді өткізудің бірінші жылында кездесетін қиындықтарды анықтау;

- кәсіпорын өндірісінің жоғарылауы немесе құлдырау есебін анықтайтын көрсеткіштермен есептеу.

Әдетте фирма бизнес-жоспары үш-бес жылға есептеліп құрылады. Тұрақты жағдайда жұмыс істейтін кәсіпорын және тұрақты нарықтың өндіріс көлемінің өсуіне байланысты өндірілетін өнімге бизнес-жоспар құрылады, бұл бизнес-жоспар өндірістің жетілдіруіне және оның ұсталымдарын төмендету жолдарын іздестіреді. Бизнес-жоспар кәсіпорынның келешектегі ішкі және сыртқы жағдайларын бағалайды. Бизнес-жоспар кәсіпорынның басшыларына қоғамды құру және акционерлік меншік жағдайына бағыттау үшін қажет. Осы бизнес-жоспар бойынша кәсіпорын  басшылары өндіріске табыстың қай бөлігі қалу керектігін және қай бөлігі акционерлер арасында девиденд түрінде берілу керектігі жөнінде шешім қабылдайды.

Информация о работе Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары