Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:31, курсовая работа
Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.
КІРІСПЕ ........................................................................................
4
І
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1.1
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................
6
1.2
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............
19
1.3
Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................
29
ІІ
ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1
Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................
36
2.2
Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................
45
2.3
Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................
52
ІІІ
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1
Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................
61
3.2
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................
67
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
75
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................
5) туристердi күтiп алу, шығарып салу және оларға iлесiп жүру тәртiбi;
6) туристiк өнiмнiң бағасы және оны төлеу тәртiбi;
7) тараптардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi;
8) шартты өзгерту және бұзу жағдайлары;
9) баратын жерiне туристiң
10) шарттың тараптар келiсiмi бойынша белгiленетiн өзге де ережелерi [14].
3. Шартты жасасу кезiнде
4. Мән-жайлардың елеулi түрде өзгеруiне мыналар жатады:
1) саяхат жағдайларының
2) көлiк тарифтерiнiң ойламаған жерден өсуi;
3) салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жаңа ставкаларын енгiзу немесе олардың қолданыстағы ставкаларының артуы;
4) тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн өзге де негiздер.
5. Туроператор немесе турагент
шартты орындамаған немесе
6. Турист туроператорға немесе
турагентке шартты орындаудан
бас тарту туралы хабардар
етiлгенге дейiн көрсетiлген
7. Туристiк жолдаманың сатып
алынуы туристiк қызмет
8. Турдың құрамына кiретiн
9. Туристiң кiнәсiнен туристiк
қызмет көрсету шартын орындау
мүмкiн болмайтын жағдай
10. Туристiк қызмет көрсету
11. Туристiң кiнәсiнен болған
12. Басқа елге келген жерi бойынша
не жүру барысындағы маршруты
бойынша шарт талаптарына
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына мына төмендегілер жатады:
Кесте 1. Туристік кәсіпорындардың сыныптандырылуы
Бірінші қайтара қызмет көрсету кәсіпорындары |
Екінші қайтара қызмет көрсету кәсіпорындары | ||
турфирмалар |
Тікелей белгілеу ұйымдары |
Жанама белгілеу ұйымдары | |
Туроператор-лар турагенттер
|
Орналасу құралдары; Емдеу-сауықтыру курортары; Көлік кәсіпорындары; Сувенирлік өнімдер дайындау мен сату бойынша кәсіпорындар; Туристерге қосымша қызмет көрсету бойынша ұйымдар |
Жарнамалық ұйымдар; Сақтандыру компаниялары; Ақпараттық туристік кәсіпорындар |
Қонақ үй шаруашылығынан тыс тамақтану кәсіпорындары; Көліккәсіпорындары; Ауылшаруашылығы өнімдері, киім, жиһаз және т.б. Өндіру бойынша кәсіпорындар; Банктер, химиялық тазарту, емдеу орындары және т.б. туристік индустрия үшін кадр дайындайтын оқу орындары |
Ескерту: автормен құрылған |
Барлық туристік фирмалар нарықта туроператорлар немесе турагенттер ретінде көрінеді.
Туристік операторлар – туристік қызмет көрсетумен айналысатын туристік кәсіпорын.
Туристік нарықта жұмыс істейтін барлық туроператорларды мына төмендегіше жіктеуге болады:
1. Мөлшері бойынша:
- ірі туроператорлар – қызметін
жылына 100 мың адамнан артық
- орташа туроператорлар – қызметін жылына 30-дан 100 мың адамға дейін пайдаланатын кәсіпорындар;
- майда туроператорлар – қызметін
жылына 30 мың адамнан артық
2. Қызмет түрі бойынша:
- бұқаралық нарық операторлары – бұлар чартерлік авиарейсті пайдаланумен бұқаралық туризм орнында турпакетті сататын туроператорлар ;
- туристік нарықтың белгілі бір сегментіне маманданған операторлар:
3. Қызмет орны бойынша:
- елден тысқары бағыттар
- шетелдерде тұратындарға турпакеттерді қалыптастыратын сыртқы нарықтағы туроператорлар
4. Экономикалық мақсаттар бойынша:
- коммерциялық туроператорлар, олардың басты мақсаты – тұрақты және үлкен пайда табу;
- коммерциялық емес туроператорлар, экономикалық жағынан мүдделі болғанымен оларда пайда табу бірінші кезекке қойылмайды;
- «қара» туризм кәсіпорындары
туристік қызметпен тұрақты
Туристік агенттіктер (турагенттер) – туроператорлар дайындаған турларды сатып алатын кәсіпорындар мен мекемелер, олар турларды сатумен айналысады.
Туристік агенттік туристік бизнестің сансыз көп кәсіпорындары, олар өздерінің саны жағынан туроператорлар санынан бірнеше есе асып түседі.
Туристік фирма қызметіндегі негiзгi ұғымдар
1) гид (гид-аудармашы) - туристерге
уақытша келген елдегi (жердегi) туристiк
ресурстармен таныстыру
2) туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарт - өтелмелi туристiк қызмет көрсету бойынша туроператордың немесе турагенттiң және туристiң арасындағы келiсiм;
3) туризм нұсқаушысы - тиiстi бiлiктiлiгi
және туристiк маршруттармен
4) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
5) туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристiк өнiмдi өткiзу жөнiндегi туристiк ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) бағытталған шаралар кешенi;
6) тур - белгiленген мерзiмдер
7) туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы
жиырма төрт сағаттан бiр
8) өз бетiнше туризм - туристер өз бетiмен ұйымдастыратын, жүрiп-тұрудың белсендi тәсiлдерi пайдаланылатын саяхат;
9) турист - жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi мерзiм кезеңiнде уақытша болатын елдi (жердi) аралап көретiн және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнеп шығатын жеке тұлға;
10) туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi турагент) туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметi;
11) туристiк қызмет - жеке және
заңды тұлғалардың туристiк
12) туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың (бұдан әрi - туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi;
13) туристiк жолдама - туристiк қызмет көрсету кешенiн алуға құқықты растайтын құжат;
14) туристiк ұйымдар - қызметiнiң негiзгi түрi туристiк қызмет болып табылатын заңды тұлғалар;
15) туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер;
16) туристiк ваучер - турдың құрамына
кiретiн қызметтерге туристiң
17) туристiк өнiм - саяхат барысында
туристiң қажетiн
18) туристiк рынок - туристiк қызмет саласында тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) және ақша айналысы;
19) туристiк қызмет көрсету - өзiнiң
туристiк саяхаты кезеңiнде
20) уәкiлеттi орган - туристiк қызмет
саласында мемлекеттiк басқару
функцияларын жүзеге асыру
21) экскурсант - бiр жерге, елдi мекенге,
аумаққа немесе сол жердегi басқа
елге туризм мақсатында жиырма
төрт сағаттан аспайтын
22) экскурсиялық қызмет - азаматтардың уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруiн ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды;
23) экскурсовод - уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен таныстыру жөнiнде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты бiлiктiлiгi бар, кәсiби даярланған жеке тұлға [17].
Туристік кәсіпорындар – бұл ұйымдастыру-шаруашылық бірлігі, туристерге қызмет көрсетуді дайындау, орындау және ұсынуды жүзеге асыру үшін барлық қажетті өндірістік қаражаттарды, басқарудың барлық әдістерін пайдалана отырып жүзеге асырады.
Турфирманың экономикалық жағдайын түсіну үшін алдымен оның анықтамасына назар аудару қажет. Турфирманың көптеген анықтамалары бар, олардың бірнешесін келтіреміз:
ТурФирма – бұл туристік қызметпен айналысатын және басқару шешімдерін қабылдауда шаруашылық еркіндікке ие болған экономикалық субъект. Бұл адамдар тобының (иелердің) мақсатын жүзеге асыру үшін құрылған ұйым. Нәтижесінде трансакционды үзілістердің азаюына қол жеткізілетін, өзара келісімдер желісімен байланысты өндіріс факторларының басшыларының одағы. Бизнес негізінде қолдану барысында синергетикалық нәтиже беретін және трансакционды үзілістерді төмендетуге мүмкіндік беретін өзіне тән ресурстар мәселесі бойынша имплицитті келісім болатын бірлестік.
Сонымен қатар турфирма нақты атаумен бизнес жүргізетін ұйым ретінде белгілеуге болады. Турфирма табиғи еңбек ресурстарын және капиталды қолдануды бақылайды. Ол дизайн, өндіріс және қызмет ұсыну әдісіне қатысты шешімдерді өзі қабылдайды.
Туристік фирма қызметінде ең жоғарғы табысты келтіру – бұл кез-келген туристік қызметтің түпкі мақсаты. Бұл мақсатқа мақсатты құрылымдар жиынтығын тактикалық, сонымен қатар стратегиялық тәртіппен жүзеге асыру мен анықтау арқылы қол жеткізіледі.
Оларға мыналар жатады:
Құндылықтар құру – турфирманың басты функциясы болып табылады.
Құндылықтар құру процесі нәтижесінде кәсіпорын өз қызметінің қоғамдық пікіріне қол жеткізетін, топтық және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруды білдіреді [18]. Өркендеуші турфирма – бұл өз қызметінен тұрақты табыс табатын фирма. Фирма басшылары (немесе акционерлері) тұрақты және өсетін табыс ағымына жетуге және өздеріне тиісті иеліктің (дивидент, акция)құнын арттыратын өзіндік және тартылған құралдарды қолдануға талпынады. Қызметкер және жеткізушілер кәсіпорынның бірқалыптылығын, онымен ұзақ мерзімді қатынасты, сондай-ақ жағымды қызмет атмосферасын қалайды. Тұтынушылар үшін маңыздысы оларды сапасы мен бағасы жағынан қанағаттандыратын тауар және қызмет.
Информация о работе Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары