Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................
4
І
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................

6
1.2
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............
19
1.3
Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................

29

ІІ
ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1
Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................

36
2.2
Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................
45
2.3
Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................

52

ІІІ
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1
Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................

61
3.2
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................

67


ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
75

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_2195.doc

— 809.50 Кб (Скачать документ)

- Біріншіден, құлдырау сатысында  тұрған өнімді ауыстыру үшін  жаңа өнімді дер кезінде табуы қажет (жаңалықтарды әзірлеу проблемасы).

- Екіншіден, фирма әрбір стадияда  осы кездегі бар өнімдермен  тиімді жұмысты ұйымдастыра білуі  қажет (стратегиялық келіс проблемасы).

- Үшіншіден, тіршілік циклының  әртүрлі деңгейлеріне жатуына  байланысты фирма ұсынатын өнімдердің құрылымдық  тиімділігі.

Фирманың қызметін зерттеуде әрбір туристік кәсіпорын өзінің дербес өнімін жақсырақ білдіруге көмектесетін талдаумен айналысуы қажет. Фирма өнімдерінің бәсекелес  өнімдерден айырмашылығын табу жайғастыру деп аталады,  бұл  белгілі бір нарық сарасының сұранысын  барынша толық қанағаттандыру мен өзіндік ерекшелікті тапсырыскерлерді тартуда маркетингтің фундаменталды беталысы болып табылады.

Туристік өнімнің жайғастыру мағынасында,  стратегиялық зерттеулер негізінде, өнімнің бәсекелестік қатардағы әлдеқайда тиімді түрін және бұл түрді маркетингтік коммуникациялар көмегімен бүтін аудиторияға жеткізілуін анықтау түсіндіріледі. Негізі бойынша саралау мен жайғастыру – өзара байланысты екі талдамалы процедура,  бұлардың басты мақсаты екі негізгі сұраққа жауап алу: туристік өнімнің алушысы кім болып табылады;  берілген туристік өнімді сатып алу үшін оларды қалай сендіруге болады.

Туристік өнімді жайғастыру міндеті, барлық нарық бойынша біріккен жайғасым таңдау орынына әрбір сарадағы жайғастыруды талап ететін, нарықты қамтудың сараланған келісін қолдану кезінде, ерекше актуалды болып табылады. Сондықтанда, жайғастыру – бұл сараланған маркетинг стратегиясын өткізуде маңызды құрал.

Фирманың туристік қызметін зерттеуде жайғастыруды іске асыру кезінде келесідей типтік сұрақтар туындайды:

- Тұтынушылар қолайлы қарайтын  нақты немесе қабылданатын, ерекшелікті  қасиеттер және (немесе) пайдалар  қандай?

- Осы қасиеттер мен (немесе) пайдаларға  қатысты бәсекелестік өнімнің  жайғасымы қалай қабылданады?

- Бәсекелестер орын алған, әлуетті  тапсырыскерлер мен жайғасымды  берілген сарада күтуді ескере  отырып, қандай жайғасымды таңдаған  дұрыс?

- Таңдалған жайғасымды қорғау  үшін, қандай стратегиялық құралдар  ең жақсысы болып табылады?

Туристік кәсіпорын жайғастыруды келесідей жағдайларда қолдана алады: өзіндік ерекшелікті қасиет бойынша (мысалы, төменгі баға бойынша); туристік өнім қанағаттандыратын тұтынушы немесе қажетсіну үшін тиімділік бойынша; тұтынушылардың белгілі бір тобы үшін ең оптималды ретінде өнімнің бөлінуімен қорытындыланатын, тұтынушыға (мысалы, тіршілік стилі бойынша); баға/сапа қатынасына; өнім аталатын немесе болжалатын бәсекелеске қатынасы бойынша жайғасқан кезде, бәсекелеске; ұсынылатын өнімнің басты артықшылықтары мен жайғасымдары туралы ерекше, айрықша ақпаратты беру қажеттігі болған кезде, фирманың имиджіне.

Фирманың туристік қызметін зерттеу бірқатар факторларды ескеруді талап етеді. Қажетті, жекеше айтқанда:

– тұтынушылар санасында туристік өнімнің нақты орын алған жайғасымы туралы жақсы түсінікте болу;

– бәсекелестік өнімдердің жайғасуын білу;

– бәсекелестік өнімдердің жайғасуын таңдау;

– меншікті жайғасымды таңдау және оны ең мақұлданушы аргументтермен негіздеу;

– тұтынушылар санасында қажетті жайғастыруды жүзеге асыру  үшін, өнімнің жеткілікті әлуетті екеніне көз жеткізу;

– жайғастырудың осал жерін бағалау;

– таңдалған жайғасудың маркетингтің басқа элементтерімен келісулерін қамтамасыздандыру: бағамен, көлеммен, коммуникациямен.

Туристік өнімнің айрықшаланатын ерекшеліктері тұтынушылар үшін бірқатар мүдделі және келесідей болады:

– маңыздылық – ерекшелік тұтынушыларға жоғары бағаланатын пайда келтіреді;

– қайталанбастық – бәсекелестер мұндай ерекшелікті ұсына алмайды немесе фирма оны өте айқын көрсете алады;

– айғақтық – ерекшелікті көрсетуге болады, ол тапсырыскерлерге көрінеді;

– қол жетерлік – тұтынушылардың осы ерекшелікті өзіне алуға жағдайлары келеді;

– қорғаушылық – бәсекелестер үшін бұл ерекшелікті тәжірибелік алу және көшіру  күрделі;

– көрнекілік – айрықшылықты ерекшеліктің мәні тқтынушыларға жеңіл жеткізіледі және олар үшін ақиқатты.

Айтайық, туристік кәсіпорын өзінде бірнеше әлуетті айрықшылықты ерекшеліктер байқады. Бұл жағдайда, олардың ішінен жайғасу стратегиясы соған сүйеніп жасалатынын таңдау қажет. Осыдан келіп туатын сұрақ: жайғастыру кезінде қанша айрықшылықты ерекшеліктерді қолдану қажетті?  Бұл сұраққа бірмәнді жауапты теорияда, тәжірибеде бере алмайды.

Бір мамандар кәсіпорын өзінің барлық күшін бір ғана айрықшылықты ерекшелікті қолдау үшін жұмылдыруы керек деп есептейді. Осы міндетке қайратты жұмыс істейтін кәсіпорын, бәрінен бұрын тқтынушылар алдында жақсы беделге ие болады.

Маркетинг саласындағы келесі мамандар, туристік фирмалардың бірден бірнеше айрықшылықты ерекшеліктер бойынша жайғастырылуы керектігіне көз жеткізеді.  Дегенмен, кәсіпорынның айрықшылықты ерекшелік санын көбейтіп жариялауымен, олар тұтынушылардың сенімін жоғалу тәуекелдігі туады.

Жалпы алғанда туристік кәсіпорындар, өнімді жайғастырумен байланысты, келесідей негізгі қателіктерден аулақ болғаны жөн:

– үстірттік жайғасу – қандайда бір айқын белгіленген жайғасымның болмауы;

– біржақты жайғасу – тұтынушыларда фирма және оның ұсынатын өнімдері туралы тар түсініктің қалыптасуы;

– жайсыз жайғасу – тұтынушыларға фирма және оның ұсынатын өнімдері туралы асыра айту көрінісін жасауға ұмтылу;

– бірмәнді емес жайғасу – тұтынушыларда фирма және оның ұсынатын өнімдері туралы  шиеленіскен көрініс жасау.

Таңдалған жайғасым жұмыс істеуі үшін ол тұтынушылардың игілігіне айналуы керек. Маркетинг шеңберіндегі кәсіпорынның барлық күші жайғастырудың стратегиясын жүзеге асыруға бағытталуы керек. Мысалы, егер фирма қызмет көрсету деңгейі бойынша бәсекелестерінен озуды шешсе, онда қызметкерлерінің көзін жеткізіп, оларды оқыту бағдарламасын құрастыруы керек, сонымен қатар мұндай қызмет көрсетудің басымдылығын, артықшылығын мақұлдайтын жарнама жасауы қажет.

Фирманың туристік қызметін зерттеу, фирма үшін туристік нарықтың мүмкіндіктерін, әлсіз және күшті жақтарын, қауіптерін айқындау мақсатында, ақпаратты жүйелі жинау және талдау процесінде үлкен маңызы бар. Зерттеулер туризм менеджерлерімен дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық базамен қамтамасыздандырады. Стратегиялық зерттеулер айқындауға мүмкіндік береді:

- бизнесті тиімді жүргізуге  кедергі келтіретін проблемаларды;

- проблемалардың пайда болу  себептері және оларды шешудің  мүмкіндікті жолдарды;

- туристік нарықтағы келешектегі  беталыстарды.

Фирманың туристік қызметін зерттеу көздейтін басты мақсаттары (сурет 5):

1. Маңызды проблемаларды айқындау. Күнделікті қарқынды қызметтің салдарынан орындаушылардың, кәсіпорынның жемісті жұмыс істеуі үшін кедергі болып табылатын, қызметтің проблемалы салаларында шоғырлануға аз уақыттары қалады. Бизнестің тиімсіздігіне келтіретін себептер мен проблемаларды айқындау, көбінесе басқару процесіне зерттеулермен енгізілетін, көптеген қарапайым үлестердің бірі болып табылады.

2. Кәсіпорынның өзінің мақсатты  нарықтарымен байланысын қолдау. Туризмдегі зерттеулер келешекті  беталысты айқындауға мүмкіндік  береді,  нарықтар сұранымдарын жақсы түсінуге, сәйкес саясатты әзірлеу үшін нарықтағы өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндік береді. Зерттеулер нарықтағы кездейсоқ өзгерістерден тәуекелдіктің тууы ықтималдығын төмендетеді және осы нарық үшін, нарықта өткен өзгерістер салдарынан ескіргендер қатарына өтетін тауарды фирманың шығармайтынына кепілдікті қамтамасыздандырады.

3. Шығындарды төмендету. Зерттеу  бизнестің ең тиімді әдістерін  анықтауға және тиімсіздерін  жоюға көмектеседі.

4. Пайданың жаңа көздерін әзірлеу. Зерттеулер жаңа нарықтарды, жаңа өнімдерді және сатылудағы өнімдерді қолданудың жаңа нұсқаларын ашуға әкеле алады.

 


 

Сурет 5 – Фирмадағы туристік қызметтерді зерттеудің басты мақсаттары

 

5. Сатуды ынталандыруға көмектесу. Зерттеулер нәтижелері тек белгілі фирма үшін мүдделі емес, сонымен қатар жалпы қоғам үшін мүдделі және сатуды ынталандыру үшін жарнамалық компанияларда қолданыла алады. Бұл бәрінен бұрын, өнімге, қызметке деген тұтыныстық қатынас зерттеулері және жүргізу кезінде анықталған тауарлар мен қызметтерге тұтынушылардың баға беруі сұралатын зерттеулер.

6. Сатып алушылар тарапынан қолайлы  қатынастарды жасау. Тұтынушылар  туристік кәсіпорындардың зерттеу  жұмысын жүргізулеріне жақсы  көзқараста болады. Олардың ойынша, осындай әрекетпен айналысатын компании, шын мәнінде оларды қамқорлыққа алады және олардың қажетсінулерін қанағаттандыратын тауарды немесе қызметті жасауға барлық күшін салады.  Мысалы, егер сауалнаманың кіріспесінде сұрақтың мақсаты көрсетілсе, мысалы көрсетілетін қызметтің сапасын жоғарылатыу, тапсырыскерлер шын көңіліменен жауап береді және оларды фирма туралы, көрсетілетін қызметтердің сапасын қолдаушы немесе жақсартушы ретінде жағымды әсер қалады.

 

2.3 Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)

 

     Алматы қаласында орналасқан «ҒаламНұр» туристік фирмасы жоғары қызмет түрін көрсетеді, бағалары өте тиімді, ішкі және сыртқы туризм түрлеріне толықтай қызмет көрсетеді.

ЖШС «ҒаламНұр» туристік компаниясы 1996 жылдан бері ірі фирмалар қатарындағылардың бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету нарығында алғы шептерде орын алады. Біздің  компаниямыз туризм саласында жұмыс істейтіндердің ішінде ең беделдісі және байырғысы. «Интурист» ВАҚ филиалының құқықтық мирас қоры бола отырып, «ҒаламНұр», Түркия, Қытай, Германия, Жапония, АҚШ, Франция, Швейцария және көптеген басқа дүниежүзі елдерінің туристік компанияларымен кеңейтілген іскерлік байланыстарды сақтап қалды. Байланыстарын кеңейту мақсатында, «ҒаламНұр» Қазақстандық Туристік Ассоциацияның (ҚТА) Құрылтайшыларының бірі құқығында енді. 

Көптеген жылдардан бері компания «ҒаламНұр» Біріккен Араб Эмиратына, Түркияға, Таиландқа, Иорданияға ұшатын чартерлік сапардың иесі болып келеді.

Жоғары кәсіпқойлықты тәжірибелі мамандар штаты, көптеген жылдарға созылған ірі туроператорлармен серіктестік қатынастар, тек туристік мерзімде емес, күнтізбелі жылдың барлық бойлығында тапсырыскерлердің мәнді көлеміне сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. «ҒаламНұр» компаниясының туристерінің саны жылдан жылға өсуде, сонымен қатар нығыз іскерлік байланыстар кеңеюде.

Компанияның ең жақсы серіктестерінің бірі «Royal Park» болып табылады. «Royal Park» компаниясымен біріге отырып, Бізге «ҒаламНұр» сапар шегуге бірегей мүмкіндік ұсынады. Бізге, аңызға айналған, дүниежүзіне белгілі араб қонақжайлылығын және ашық көңілдігін көзбен көріп, сезінуімізге мүмкіндік береді.

Эмират туралы әсер – бұл жыл он екі ай күн күліп тұратын, ал жағалауында көк жасыл теңіз толқындап жатқан елдің кішіпейіл және қонақжайлы халқы туралы әсер, бұл жерде қазіргі аспанмен таласқан биік үйлер дәстүрлі араб кварталдары «бастакиямен», олардың өзгермейтін ішкі аулаларымен және «жел мұнараларымен» - ескі, бірақ қазіргі кондиционерлердің тиімді прототиптерімен көршілес орналасқан.

«ҒаламНұр» – отелдер, дүниежүзінің ең жақсы отелдерімен теңеседі, ал мейрамханалары ең экзотикалық дәмдермен есіңізде қалады. Дегенмен, осымен бірмезгілде, бұл пикникке жайғасуға немесе кешкі мезгілдерде жұлдызды ашық аспан астында кәуәбке отыруға болатын, шөл даладағы құм төбелер мен оазистер елі.

«ҒаламНұр» – бұл сатып алуды ұнатушылар үшін жұмақ, арабша «сук» деп аталатын, тар колоритті көшелердегі дәстүрлі базарларында немесе ультра сәнді сауда орталықтарында тауарлар молшылығы күтеді. Спорттық демалысты ұнатқандар үшін бұл жерде спорттың кез – келген түрімен айналысуға барынша кең мүмкіндіктер табылады, мейлі парус астында жүзсін, аквалангпен сүңгісін, су шаңғысын тепсін, теннис, атқа міну, садақ ату немесе тіпті коньки тепсін, барлығыда табылады.

Қарапайым заттардың табиғаты мен мәдениеті, дәстірі мен қазіргісі, әсерлілігі мен құпия ойы. Осының бәрі қолайлы жылы ауа райымен, жылы жұмсақ теңізбен және толық қауіпсіздікпен ұштаса отырып, шетелдікте, қазақстандықта туристердің көңілін өзіне аудартады.

«ҒаламНұр”  туристік фирмасы 1996 жылы Қатысушылар шешімінің негізінде ұйымдастырылды (кәсіпорынның жарғылық капиталына әрқайсысы 20 % салған, 5 құрылтайшылар).

Қызметкерлер штаты  23 адамнан тұрады (Сурет 6).

Фирма қызметтің келесі түрлерін көрсетеді:


- Туризм, отелдерді, туристік базаларды, мотелдерді, экскурсия ұйымдастыру  бойынша қызметті, жеке және істік  сапарларға қызмет көрсетуді, мәдени, гастролдік, мейірімділік және басқа  шараларға қатысу мен ұйымдастыруда, қызмет көрсетеді;

- Мамандардың туристік сапарлары  мен іссапарларын ұйымдастыру;

- Таяу және алыс шетелдердегі  халықаралық туристік қызметтерді  жүзеге асыру;

- Әртүрлі елдердің әуе жолы  компанияларының ішкі және шетелдік  рейстерге әуе жолы билеттерін  сату;

- Сауықтыру және демалыс үйлерінде жолдамаларды өткізу.

«ҒаламНұр» Сіздің осы еліктіретін және таң қалдыратын елді өзіңізгн ашуыңызға көмектеседі. Біз сенімдіміз, Сіз бұл елде бір рет болсаңыз, сіздің жүрегіңіздің бір бөлігі өмір бойына осында қалатынына және қайта айналып соғарыңызға.

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

Сурет 6 - «ҒаламНұр” туристік фирмасы қызметкерлерінің штаты.

 

Біз Сізге өте кереміт демалыс, істік сапар, әртүрлі экскурсиялық бағдарламалар ұсынып, бизнес семинарлар мен басқада көптеген істерді ұйымдастырамыз.

«ҒаламНұр» бағытындағы қызмет көрсету диапазоны өте кең:

- Ең жақсы отелдер 

- Қолайлы бағалар 

- Рұқсатнамалар

- Шоп - турлар

- Интернетте турларды резервте  сақтау

Информация о работе Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары