Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................
4
І
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................

6
1.2
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............
19
1.3
Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................

29

ІІ
ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1
Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................

36
2.2
Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................
45
2.3
Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................

52

ІІІ
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1
Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................

61
3.2
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................

67


ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
75

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_2195.doc

— 809.50 Кб (Скачать документ)

 

Кестеден көрініп тұрғандай, қарастырылып отырған кезеңде «ҒаламНұр» турфирмасы 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы көрсетілетін қызмет көлемін 2500 мың теңгеге немесе 2,6 % арттырған. Ал шығндардың 1,7 %-ке артуына байланысты, пайда көлемі 17,7 %-ке өскен. Өткізуден тыс операциялардан түскен табыс артық құрал-жабдқтарды, сонң ішінде туристік құрылғылар мен материалдқ құндылықтарды сату арқаснда өскен.

  Турфирманың жиынтық табысының  қалыптасуның негізі болып туристік қызметтен түскен табыс табылады, сондқтан табысты басқару үрдісінде оған үлкен рөл беріледі. Соңғы қаржылық қорытындыға өткізуден тс операциялардан түскен табыс пен шығынар (бағалы қағаздар бойынша дивидендттер, валюта курсының өзгерулері) әсер етеді.

Турфирманң қаржылық қорытндысының өзгеруі төрт фактордың өззгеруіне байланысты:

- көрсетілген қызмет көлемі;

- көрсетілген қызмет құрылымы;

- айналыс шығындарының өзгеруі;

Қызмет бағасының өзгеруі 2008 жылғы жағымды қаржылық қорытынды көрсетілген қызмет шығындарының 1 теңгеге төмендуі есебінен болған, осының салдарынан табыс 34,7 мың теңгеге артқан және өткізу көлемінің 80,2 мың теңгеге артуы мен өткізу құрылымының 71 мың теңгеге төмендеуі есебінен болған.

 

 

 

 

Кесте 14. «ҒаламНұр» турфирмасының пайдасын факторлық талдау қорытындысы

 

Көрсетілген қызмет көлеміне байланысты қаржылық қорытындының өзгеруі

2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда, мың теңге

Қаржылық қорытындының өзгеруі

+426,36

Соның ішінде :

Көрсетілген қызмет көлемінің өзгеруі есебінен

өткізу құрылымының өзгеруі есебінен

өткізу шығындарның 1 теңгеге өзгеруі есебінен

 

+80,2

-71,0

+34,7

Сілтеме – «ҒаламНұр” фирмасының көрсеткіштерін пайдалана отырып, да автормен құрылған


 

Яғни, «ҒаламНұр» турфирмасына қаржылық қорытынды көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік беретін қызметтер нарығын зерттеу бойынша маркетинг саясатын қалыптастырып, тиімді қызметтер үлесін арттыру керек.

Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – қаржы көлемі мен құрылмының өзгеру тнденцияларын және олардың қаржылық тұрақтылық пен қаржыны пайдалану тиімділігіне әсерін анықтау. Талдаудың бұл кезеңінде қаржы құрылымымен анықталатын турфирманың қаржылық тұрақтылығы қарастырылады. Турфирманың табысы 3 негізгі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін қаржылық база болып табылады:

- турфирманың шаруашылық қызметін  жүргізумен байланысты шығындарды  өтеу;

- табыстың бір бөлігі әр түрлі  салықтарды төлеуге кетеді;

- табыстың белгілі бір бөлігі пайданың қалыптасу көзі болып табылады.

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, 2008 жылы «ҒаламНұр» турфирмасының қаржылық жағдайы жақсарады деп болжауға болады. Жаңа туристік өнімді өткізуден түскен табстың өсуіне және турфирманың қаржылық жағдайының тұрақтануына әкеледі.

Жалпы алғанда “ҒаламНұр” компаниясында қаржылық жағдайдың оң көрсеткіштері бар. Әсіресе біздің фирма үшін маңызды мерзімдер аралығындағы кезеңге экономикалық тұрғыдан төтеп беру, қыс айларын, бұл кезде туристер ағыны көп төмендейді, жәнеде туристердің аз саны, ереже бойынша, “Гиацинт”, “ҒаламНұр”, “Жаңа-Жол”, «Жібек Жолы”, “Гульнар-Тур” сияқты турфирмалармен қызмет көрсетіледі жәнеде туристерді тарту үшін, қосымша жеңілдіктер мен арзандатулар енгізуге жеткілікті қаражаты бар кейбір басқа туристік фирмалар.

 

 

 

 

 

ІІІ ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

3.1 Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары

 

Туристік фирманың маркетингі фирманың басқа функционалдық бөлімшелерінің әрекеттерінде, жақын қараған кездерде біріктірілетін, қызметтің ерекше түрін көрсетеді. Қазіргі маркетинг фирма қызметтерінде «адамдық капитал» мәнінің маңызды өсуін және осы капитал сапасының бірмезгілдік-радикалдық өзгерісін жан – жақты ескеруі керек.   

«ҒаламНұр” туристік фирмасының  имиджі беріктенуі және тиімді қызметі үшін біздің көзқарасымызда штатқа қоғаммен байланыс бойынша маманды немесе басқаша айтқанда “public relations ” маман енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Өндірісті, өткізілімді, сатып алуды, қаржыны және т.б.  басқару бойынша негізгі функционалдық міндеттерді орындаушы менеджерлерге, бұл қызметті өздерінің бағыныштыларымен, жетекшілерімен және әріптестерімен тиімді коммуникацияның жүзеге асырылуымен ұштастыру қиын.

Нәтижесінде, көптеген жағдайларда менеджерлер, сенімді қайтымды байланыстың болмаған кезінде, әсіресе, ақпараттармен тікте, көлденеңде бойынша алмастыруда, ақпарат қозғалысын жоғарыдан төмен қамтамасыз ететін, ішкі фирмалық коммуникацияның дәстүрлі біржақты типіне артықшылық береді. Менеджерлер иығына тиімді коммуникацияларды ұйымдастыру міндетін арту әрекеті, бірқатар жағдайларда, компанияны, қызметкерлер үшін әртүрлі ақпараттық материалдардың үлкен мөлшерін шығарушы баспаханаға айналдыруға әкеледі: көп тираждылар, ішкі фирмалық бюллетеньдер, баяндамалар мен шолулар, пікірсайыстық парақтар, әртүрлі құжаттар, сонымен қатар кино-, бейне- және аудио өнімдер. Бұл ақпараттық материалдардың тиімділігінің, шын мәнінде, жоғарылығы жеткіліксіз.

Фирма ішіндегі коммуникацияны құру және дамыту бойынша жұмыстарды менеджерлерге міндеттеу тиімсіз екенін тәжірибе көрсетті, олар жұмыстың нақты бөлімшесі мен шешім қабылдауға жауапты. Ұйым, менеджерлер мен «көк жағалылар» арасында өзіндік коммуникациялық делдал бола отырып, осы жұмысты жоғары кәсіпкерлік деңгейде орындай алатын, мамандардың ерекше категориясын керек етеді. Бұл міндетті қазіргі кезде қоғаммен байланыс жүргізетін менеджмент атқарады (“public relations”).

“Менеджмент ұйымның мақсаттарға жетуі үшін қоғамның қатынастары мен бағалықтарын түсінуді керек етеді. Бұл мақсаттардың өзі ұйымның ортасымен анықталады. “public relations” саласындағы маман менеджментке қатысты кеңесші және делдал қызметін атқарады, ол жеке мүдделер мен ұйымдар мақсатын маңызды саясат пен әрекетке алмастыруға ықпал етеді ”.

Мұндай кеңесші мен делдал қызметінің, қызметкерлерді басқару аясындағы нақты бағытын атауға болады:

1) ұйымның репутациясын қолдай  отырып, ол жеке өнімділіктің  өсуіне апаратын, біріккен команда  рухының қалыптасуы үшін жағдай  жасауға мүмкіндік туғызады;

2) “public relations” көмегімен ішкі  ортаның кездейсоқ өзгерісі туралы  ұйымның «ерте ескерту жүйесі»  бернесін орындайды;

3) сол “public relations” арқасында  ұйымның алдынан жаңа мүмкіндіктер  ашады, өйткені қоғаммен байланысатын  мамандар, менеджерлер ішіндегі біреуге қарағанда, оның ішкі ортасымен барынша тығыз байланысты қолдайды;

4) менеджерлер мен жұмысшылар  арасындағы қатынастардағы дағдарысты  жағдайлардан ұйымның шығуына  көмектеседі;

5) “public relations” компанияның жоғарғы  жетекшілерінің оның қызметкерлерінен алшақтауын болдырмаудың әрекетті құралы ретінде қолданылады;

6) қоғаммен байланысты біле отырып, тәжірибе жүзінде үздіксіз жүретін, өзгерістерге қызметкерлердің бейімделуіне  жемісті әсер етеді;

7) “public relations” саласындағы маман бола отырып, компания жоспарын қоғамның әлеуметтік жауапкершілікті институты ретінде жұртшылыққа көрсетіп, әлеуметтік ортада өткізеді. 

Қызметкерлер менеджері, коммуникация дағдыларын нашар білгендіктен, оның беталысына жеткіліксіз ықпал етеді, бұл қатынаста кәсіподақтан қалыс қалады деген пікір таратылған. Соңғылары көбінесе менеджерлер мен «көк жағалылар» арасындағы коммуникациялық делдалдар ролін өзіне алады. Бұл жағдай компанияның жоғарғы жетекшілерінің наразылығын шақырады.

Менеджмент ішкіфирмалық “public relations” саладағы мамандарға сенім артады. Бұл мамандар менеджерлер мен «көк жағалылар» арасындағы коммуникациялық делдалдар сияқты әрекет істеу үшін, белгілі бір жағдайлар қажет.

- Біріншіден, менеджерлерге тиімді  ішкіфирмалық коммуникацияны жасау  және дамыту ісінде  “public relations”  саласындағы мамандарға толығымен  сенуі керек.

- Екіншіден, менеджерлерге де, кәсіподақ  қайраткерлеріне де бұл мамандарға  кәсіпқойлар ретіндеде, адал коммуникациялық делдал ретінде де сеніммен қарауы керек.

- Үшіншіден, менеджерлер мен жұмысшылар  еңбек қатынасы аясындағы коммуникацияның  ерекше маңыздылығын толығымен  түсінуі керек.

- Төртіншіден, менеджерлер мен  жұмысшылар, жұртшылықпен байланыс  бойынша менеджерлерге шындықты, ашық ақпарат берілетініне дайын болуы керек [46].

Кәсіпорындарды жекешелендіру мен акционерлеу процестерін қамтитын Қазақстандағы экономикалық реформалар жүрісі, жаңадан пайда болған компанияларда осындай проблемалардың пайда болуын сенімділікпен болжауға мүмкіндік береді. Жекешелендірілген ұйымдардағы еңбек қатынасы, коммуникация саласындағы дайындықтың ерекше жоғары деңгейін талап ететін менеджменттің күрделі және қиын орындалатын бернелерінің біріне айналады.

Еңбек қатынасы аясындағы коммуникация нақты мақсаттардың бірқатар міндеттері мен жетістіктерін орындау үшін сайланған. Ерекше маңызға иелер келесілер:

1. Тұлғалар аралық коммуникацияны  қамтамасыз ету. Батыс менеджментінің  тәжірибесі, қызметкерлерді басқару  мақсатына жетуде маңызды рольді атқаратын құрал – әртүрлі текті баспасөз ақпараты дегенді айтады. Дегенмен ол жеке сұхбатты алмастыра алмайды. Мұндай сұхбаттасудың дамуы  – фирма ішіндегі “public relations” міндеті.

2. Фирма ішіндегі басылымдардың  өзгерісі (көптираждылар, бюллетендер). “public relations” саласындағы мамандардың белсенді әрекеттері бұл баспасөздердің тәуелсіз болуына, сынама материалдарды жариялауына және оқушыларының пікіне мүдделі болуына әкелді. Осылай, бұл басылымдар, барлық ұйымның трибунасына айналды және коммуникацияның екіжақты каналын көрсетеді.

3. Нысанды коммуникациялардың нысансыздармен  табысты бәсекелестігін қамтамасыздандыру. “public relations” мамандары, жалданған  қызметкерлерді ереуіл ұйымдастыруға  итермелеу үшін қолданатын  сыбыстар  каналын жеткілікті табысты бейтараптандырады.

4. Қызметкерлердің жетекшілер саясаты  туралы ақпаратты болуын жақсарту. Жұмысшылар үшін ерекше маңызды  мәселе, ішкіфирмалық “public relations”  берілетін, әлеуметтік кепілдіктер, қызметте көтерілу және жалданды  қызметкердің еңбегінің төлену деңгейі туралы ақпаратты болу.

5. Компания жұмыскерлеріне қаржы  құжаттарымен танысуда көмек  көрсету. Компанияның қатардағы  жұмыскерлері жетекшілердің қаржы  саясаты мен қаржы есептерін  дұрыс түсіну үшін қажетті  дайындығы барлық уақытта бола бермейді. Кейбір компаниялардың “public relations” мамандары қаржы есептеріне қосымша қызметкерлерге арналған бейне фильмдер дайындайды, олар ұйымның қаржылық жағдайын түсіндіру мақсатында және қажетті оқу жүргізуде қолданылады.

6. Бас және еншілес компаниялар арасындағы ақпараттарды алмастыруды ұйымдастыру. Бірқатар жағдайларда екі компанияныңда қызметкерлері арасындағы қатынастың үйлесімі күрделі болады. Ол үшін “public relations” саласындағы мамандар, коммункация саласындағы өзінің мүмкіндіктерін қолдана отырып, олардың үйлесім табуына мүмкіндік береді.

7. Жаңа технологияның ерекшеліктерін  түсіндіру. Бұл мәселе технологияның  тұрақты жетілдірілуімен, автоматтандырудың, роботтанудың, компьютерлендірудің  енгізілуімен байланысты үлкен  мәнге ие болуда. Бұл процестердің сипаттамалары жұмысшыларға барлық уақытта түсінікті емес, олар мұндай процестерді жұмыссыздық қаупінің күшеюімен байланыстырады.

8. Қауіпсіздік саласындағы шаралардың  тиімділігін арттыру. “public relations”, қызметкерлерді қажетті қауіпсіздік шараларына оқытуды жүзеге асыруда мүмкіндігі бар. Мұндай оқытулар үздіксіз жүргізіледі және жаңа қызметкерлергеде, жеткілікті тәжірибелі қызметкерлергеде есептелген.

9. Қызметкерлердің жетекшілердің  қызметі туралы ақпараттануын  қамтамасыздандыру. Компанияның жеке өндірістері елдің немесе дүниежүзінің  әртүрлі аудандарында орналасқан жағдайларда, орталық жетекшіліктің қызметі туралы ақпарат, кәсіпорынның қызметкерлерінің әрекеттері мен уәждемелерін үйлестіру үшін, ерекше мәнге ие болады.

10. Қызметкерлерге басқарудың құрылымы мен бернесін түсіндіру. Басқарудың негізгі деңгейлері, менеджерлерді алмастыру себептері мен сипаттары фирманың ішіндегі ақпаратқа әсер етеді. Ол компания қызметкерлеріне басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі менеджерлер қызметінің мәні мен ерекшеліктерін түсіндіру мақсатын көздейді.

11. Компания акционерлерін жүйелі  ақпараттандыру. Басшылықтың акционерлік  капиталды басқару саласындағы  жоспарлары туралы ақпарат, компания  акционерлерінен тұратын қызметкерлер  бөлігі үшін ерекше маңызды  болады.

12. Қызметкерлерді сыйақы жүйесі  туралы ақпараттандыру. Компанияда  жұмыс істейтін адамдар, қалай  және не үшін сыйақы төленетіні  туралы толық хабардар болулары  керек.

13. Бос орын, қызметтің бар екені  туралы ақпарат. Ол, өзінің жұмысшылары  мен қызметкерлеріне мамандығы бойынша елдің немесе дүниежүзінің басқа аудандарында өзінің бір филиаында немесе компанияның еншілес фирмаларының бірінде жұмыс ұсыну мүмкіндігі бар халықаралық және ірі ұлттық компаниялар қызметкерлері үшін ерекше маңызды.

14. Тиімді қайтымды байланысты қамтамасыздандыру. “public relations” мамандары төменгі сатыдағы менеджерлер мен «көк жағалылардың» компанияның жоғарғы басшыларымен, олардың шешім қабылдауда жауапкершіліктерін және қатыстылықтарын қалыптастыра отырып, жүйелі кездесулерін ұйымдастыруда ықпал көрсете алады.

15. Әрекеттегі құқықтық нормалар  мен ережелерді жариялау. Ішкіфирмалық  қызмет “public relations” компания  қызметкерлері арасында түсіндірме  жұмыстар жүргізеді. Компания қызметіне  қатысты болғандықтан, құқықтық  реттеу мен заңдар жүйесі туралы жарималар жасайды, сонымен қатар оның басшыларының жаңа өкімдері мен ережелерімен байланысты хабардар етеді [47].

Ішкіфирмалық қызмет “public relations” жоғарыда қарастырылған барлық қызметтері үшін бір жалпы принцип сипатты: барлық жұмыскерлер компания басшылары үшін олардың пікірлері өте маңызды екеніне сенімді болуы керек және олар пікірлерін ашық және еркін айта алады, ал басшылар барлық уақытта оны тыңдауға дайын болулары керек.

Информация о работе Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары