Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................
4
І
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................

6
1.2
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............
19
1.3
Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................

29

ІІ
ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1
Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................

36
2.2
Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................
45
2.3
Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................

52

ІІІ
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1
Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................

61
3.2
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................

67


ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
75

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_2195.doc

— 809.50 Кб (Скачать документ)

    

Резиденттерден түскен табыс облыстар бойынша былай бөлінеді: Алматы қаласы – 60,7%, Астана – 20,2%, Қарағанды облысы – 6,9%, Маңғыстау облысы – 5,5%, Жамбыл облысы – 1,6%, Павлодар облысы – 2,0%, Ақтөбе облысы – 1,7%, Алматы облысы – 0,6% және т.б.

 

Кесте 8. Қ Р-да туристік қызметтен  түскен табысы 2009ж.

 

 

Туристік фирмалардың,

агенстволардың тапқан табысы

Ішкі және сыртқы сапардан түскен табыс мөлшері, %.

 

мың.теңге

мың.доллар

теңге

доллар

Барлығы:

1882684,7

623,4

   

Ішкі сапар туризмі

26959,1

290,0

14,3

46,5

ТМД

24556,2

30,2

   

Басқа елдер

237495,9

259,8

   

Сыртқы сапар туризмі

1401220,9

333,4

74,4

53,5

ТМД

-32952,7

     

Басқа елдер

1165649,4

333,4

   

Ішкі туризм

211872,7

 

11,3

-

Сілтеме – ҚР Статистикалық жинағы, Алматы. 2009.


 

Қазақстан Республикасы бойынша да көптеген турфирмалар жұмыс істейді. Турфирмалардың көпшілігі шетел фирмаларымен бірлесіп жұмыс атқарады. Олар шетелдік турфирмалардың филиалдары болып келеді. Сондықтан да төмендегі диаграммада көрсетілгендей кіру туризмінің дәрежесі өте төмен. Өйткені турфирмалардың көпшілігі тек туристтерді шетелдерге асырумен айналысады. Сол себепті де ішкі туризм де оң көрсеткіш беріп тұрған жоқ. Ең басым бөлігі шығу туризмі (сурет 4)

 

Сурет 4 – ҚР-ғы 2010 жылы турфирмалармен көрсетілген қызмет түрлері

 

2010 жылы туристік фирмалармен  қызмет көрсетілген келушілер  туризм типтері бойынша:

- Кіру туризмі  - 9%

- Ішкі туризм – 34%

- Шығу туризмі – 57%

Қазақстан Республикасының статистика Агенствосының мәліметтері бойынша 2009 жылы туристтерге көрсетілген қызмет  былай бөлінді – 45,9% - сыртқа сапар туризмі болса, 16,2% - ішкі туризм (кесте 9).

Кесте 9. ҚР туристтерге 2009 жылы қызмет көрсету

 

Туризм

түрлері

Қызмет көрсетілген туристтер саны, 2009ж.

адам саны

%

%

Барлығы:

146915

туризм түрлері

елдер бойынша

Ішкі сапар туризмі

23868

16,2

100

ТМД

3266

 

13,7

Басқа елдер

20602

 

86,3

Сыртқы сапар туризмі

67360

45,9

100

ТМД

8027

 

11,9

Басқа елдер

59333

 

88,1

Ішкі туризм

55687

37,9

 

Сілтеме – ҚР Статистикалық жинағы, Алматы. 2009.


 

Қазақстанның туризмінің барлық түрімен айналысуға мүмкіндігі бар: көңіл көтеру, сауықтыру, балалар, спорттық, аңшылық, жаяу жүру, атпен серуендеу.  Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде туристік нарық жай қадамдармен дами бастады. Туризмнің Қазақстан Республикасының экономикасында рөлі жылдан-жылға артуда. Тек соңғы 2010 жылдың өзінде турсапарлардың саны орташа алғанда 1817 мың. адамды құрады. Оны  төмендегі статистикалық көрсеткіштерден көруге болады (кесте 10)

Кесте 10. Сапар мақсаттары бойынша қызмет көрсетілген келушілер (адам)

Келушілердің мақсаты

Жылдар

 

2006

2007

2008

2009

2010

Барлығы

1 470 957

1 964 907

1 801 087

1 544 506

1 816 980

бос уақыт,

рекреация және демалыс

221 457

389 945

359 937

314 483

422 445

іскерлік және

кәсіби мақсаттар

1 165 996

1 484 954

1 379 895

1 160 957

1 309 125

Емделу

4 110

4 411

2 803

1 637

3 553

дін-қажылық

9 410

8 683

5 527

5 016

7 202

Коммерциялық (шоп-турлар)

13 942

15 423

15 197

29 139

14 724

өзге де мақсаттар

30 353

15 517

5 316

1 964

2 453

Резиденттер

Барлығы

1 140 140

1 416 594

1 258 065

1 061 175

1 248 540

бос уақыт,

рекреация және демалыс

211 189

377 816

340 359

300 185

400 373

таныстар мен

туысқандарға бару

23 285

42 712

29 454

26 076

38 694

іскерлік және

кәсіби мақсаттар

851 783

955 410

863 335

701 366

785 087

Емделу

4 028

4 333

2 666

1 556

3 547

дін-қажылық

9 373

8 638

5 483

4 995

7 182

Коммерциялық (шоп-турлар)

11 518

12 937

11 781

25 500

11 392

өзге де мақсаттар

28 964

14 748

4 987

1 497 

2 265

Резидент еместер Барлығы

330 817

548 313

543 022

483 331

568 440

бос уақыт,

рекреация және демалыс

10 268

12 129

19 578

14 298

22 072

таныстар мен

туысқандарға бару

2 404

3 262

2 958

5 234

18 784

іскерлік және

кәсіби мақсаттар

314 213

529 544

516 560

459 591

524 038

Емделу

82

78

137

81

6

дін-қажылық

37

45

44

21

20

коммерциялық

(шоп-турлар)

2 424

2 486

3 416

3 639

3 332

өзге де мақсаттар

1 389

769

329

467

188

Ескерту – статистикалық мәліметтер бойынша автормен құрылған


 

        2006- 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында 100-ден астам елдердің азаматтары болды. Нерезиденттердің көпшілігі Германиядан, екінші орында – Ресей, үшінші орында – АҚШ, Түркия және Жапония.

     Пайыздық мөлшерлеме бойынша (2010ж) Германия – 42,9%, Ресей – 32,6%, Түркия – 5,5%, АҚШ – 4,4%, Жапония – 4,1%, басқа елдер -  10,5%, 2009 ж - Германия – 39,8%, Ресей – 36,8%, Түркия – 5,7%, АҚШ – 5,4%, Жапония – 4,1%, басқа елдер -  7,7%.   

     Нерезиденттердің Қазақстан Республикасына сапар шегудің басты мақсаты – демалу және іскери сапар.

          Талдау бойынша келесі қорытындыларға келуге болады:

- Алматы қаласы туристтерге қызмет көрсету және сатылған путевкалар көлемі бойынша Қазақстан Республикасында алғашқы орында (47,9%);

- 2008 жылы түскен табыстың көп бөлігі нерезиденттерден түсті. Нерезиденттер Қазақстан Республикасындағы рекреациялық орындарда болды (Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары) және тез дамып келе жатқан өндірістік орындарда (Астана қаласы, Ақтөбе, Қарағанды облыстары.);

- Ішкі туризм көбінесе Алматы және Астана қалаларында шоғырланды, себебі бұл қалаларда халықтың көпшілігі шоғырланған.

        Нерезиденттерден  түскен табыс 2009 және 2010 жылдары – 709,1 мың.долларды құрады. Бұл барлық түскен табыстың - 51% құрады [42].

     Біз келген туристтерді 5 категорияға бөліп қарастырдық: 1) 10 мыңнан астам турист жіберген мемлекеттер; 2) 5 мыңнан 10 мыңға дейін турист жіберген мемлекеттер; 3) 1 мыңнан 5 мыңға дейін турист жіберген мемлекеттер; 4) 500-ден 1000-ға дейін турист жіберген мемлекеттер; 5) 100-ден 500-ге дейін турист жіберген мемлекеттер;

     2009 жылы осы категорияларға анализ жасасақ, бірінші категорияға тек Германияны кіргізуге болады – 14838 турист, екінші категорияда мемлекеттер жоқ, үшінші категорияда – алты мемлекет (АҚШ, Ресей, Түркия, Жапония, Ұлыбритания және Қытай), төртінші категорияға Франция, және Пакистан жатады, бесінші категорияға – 18 мемлекет, олар Корея Республикасы, Өзбекстан, Украина, Австрия, Италия, Иран, Қырғызстан және т.б [43].

     2010 жылы осы категорияларға анализ жасасақ, бірінші категорияда Германия – 18503 турист, екінші категорияда мемлекеттер жоқ, үшінші категорияда – 7 мемлекет (АҚШ, Ресей, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Қытай және Франция), төртінші категорияға – 6 мемлекет (Австрия, Корея Республикасы, Пакистан, Израиль, Үндістан және Нидерланды), бесінші категорияға – 25 мемлекет (Өзбекстан, Филиппины, Италия, Қырғызстан, Польша, Таджикистан, Швейцария, Греция және т.б.).

     Осы жүргізілген талдауға қарап, қорытынды жасайтын болсақ бір жылдың ішінде аса үлкен өзгерістер болмағанын айтуға болады.

     Сондықтан да, Қазақстан Республикасы өзінің рекреациялық және экономикалық жағдайын пайдаланып, басқа мемлекеттердің туристтерін тартуға күшін салуы қажет.

 

2.2  Фирманың туристік  қызметін зерттеу факторлары

 

Фирманың туристік қызметін түрленбелілігін төмендету үшін қызмет көрсету стандарттары әзірленеді – тапсырыскерге қызмет көрсетуде барлық жүргізілетін операциялардың орнықтырылған сапалық деңгейін кепілдейтін, орындалуы міндетті ережелер кешені.

Туристік қызметтің сипатты ерекшелігі, оның сақталуға қабілетсіздігі болып табылады. Көліктік жеткізілімдер, орналасу құралдарындағы түнемелер ары қарай сату үшін жиналына алмайды. Қызметтің сақталу қабілетсіздігі тұрақты сұраным жағдайында ерекше проблема туғызбайды. Дегенмен, соңғысы көптеген туристік қызметтерде ауытқиды және жыл мезгіліне, апта күндеріне тәуелді өзгереді. Егер сұраным ұсыныстан артып кетсе, онда жағдайды өзгерту мүмкін емес,  мысалы, дүкенде қоймадан тауарды алған кездегідей. Екінші жағынан, егер қызмет көрсету қуаты оларға деген сұранымнан асып кететін болса, онда пайда жоғалады. Қызметтің сақталынбауы сұраным мен ұсынысты теңестіру бойынша ерекше шаралар қолдану қажеттігін көрсетеді. Олардың қатарына жататындар:  сараланған бағаны орнықтыру; жеңілдіктер қолдану; алдын – ала тапсырыстар жүйесін енгізу; қызмет көрсету жылдамдығын арттыру; қызметкерлер қызметін кеңейту.

Туризмдегі қызметтің қарастырылған жалпы зерттеу сипаттамалары (сезімсіздік, өндіріс пен тұтынудың тығыз байланысы, сапаның түрленбелігі, сақталуға қабілетсіздігі) сатып алу тәуекелдігін жоғарылатады және оны бағалауды қиындатады. Қызмет көрсету аясындағы тәуекелділікті зерттеу келесі жағдайды көрсетті: тұтынушылар көрсетілетін қызметтер өз табиғатында барынша өзгермелі екендігін түсінеді, жәнеде, соған байланысты, оны алу, материалдық тауарды алуға қарағанда бірқатар тәуекелді. Туристік кәсіпорын бұл тәуекелдіктерге көңіл аударуы керек, оларды азайту шараларын әзірлеуі қажет, бұл тұрақты тапсырыскерлерді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар қосымша сатып алушылардыда тартады. 

Фирманың туристік өнімі қызметтердің жоғарыда көрсетілген жалпы өзіндік сипаттамаларымен қатар айрықша ерекшеліктерде тән.

- Біріншіден, әртүрлі компоненттер арасындағы өзара қатынастың күрделі жүйесімен сипатталатын, қызмет көрсету кешені.

- Екіншіден, туристік қызметке сұраныс табыс деңгейі мен бағаға ғана тәуелді емес, сонымен қатар саяси және әлеуметтік жағдайларғада тәуелді.

- Үшіншіден, қағида бойынша, тұтынушы өнімді оны қолданғанға дейін көре алмайды, олар көп жағдайда туристік қызмет өндірісі орынында тікелей жүзеге асырылады.

- Төртіншіден, тұтынушы өзін өнімді тұтыну орынынан алшақтататын ара қашықтықты жеңеді, ал керісінше емес.

- Бесіншіден, туристік өнім кеңістік пен уақыт сияқты ауыспалыларға тәуелді, оған сұранымның мерзімдік ауытқуы сипатты.

- Алтыншыдан, туристік қызметті ұсыну икемсіз өндіріспен ерекшеленеді. Олар тікелей  қызмет көрсету орынында қолданылады.

- Жетіншіден, туристік өнім, әрқайсысының өзіндік жұмыс әдісі, айрықшалықты қажетсінуі және әртүрлі коммерциялық мақсаты бар, көптеген кәсіпорындардың күш салуымен жасалады.

- Сегізіншіден, туристерге қызмет көрсету сондай ұсақ – түйектерден тұратын болғандықтан, мәнсіз кемшіліктер болған кездеде, туристік қызметтің жоғары сапасына қол жеткізу мүмкін емес.

- Тоғызыншыдан, туристік қызмет көрсетудің сапасын бағалау едәуір субъективтілікпен ерекшеленеді: тұтынушының бағасына, алынған қызмет пакетіне тікелей қатынасы жоқ тұлғалар үлкен ықпал етеді.

- Ақырында, оныншыдан, туристік қызмет сапасына, форс – мажор (төтенше уақиға) сипаттағы сыртқы факторлар әсер етеді (табиғат жағдайлары, ауа райы, туризм саласындағы саясат, халықаралық жағдайлар және т.б.) [44].

Фирманың туристік қызметінің деңгейі өткізілімнің өсуінің бәсеңдеуімен және оның  тұрақтануымен сипатталады. Бұл бірқатар факторлармен түсіндіріледі:

  • тапсырыскерлердің қажетсінуінің өзгеруімен ;
  • нарыққа жаңа барынша жетілдірілген өнімдердің шығуымен;
  • бәсекелестіктің күшеюімен;
  • капиталды барынша тиімді салудың жаңа мүмкіндіктерінің пайда болуымен байланысты өнімнің жеткіліксіз пайдалылығымен.

Бұл деңгейде тұтынушылар шеңбері, тәжірибе жүзінде, кеңеймейді. Бірақ, сол кезде ұсынылатын өнімді тағы да пайдалануға көп жағдайларда итермелейтін сенімділік феномені айқын көрінеді (мысалы, белгілі бір мемлекетке бару).

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын  мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. 

Құлдырау деңгейі туристік аумақта берілген өнім тым көп мөлшерде пайда болған кезде  болады. Өткізу мөлшерінің тұрақты азаюы, кейде нөлге дейін, алынатын пайданың азаю процесі жүреді. Осы деңгей ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін. Бәсекелестік  қысымның  төмендеуіне байланысты, туристтік кәсіпорында  маркетингке кететін шығын жұмсалуы азаяды. Құлдырау деңгейінде өнім өткізу көлемі әлдеқайда төмен болады. Сондықтан, өнімнің диверсификациясы мен жетілдірілуі және өткізілімнің дамуы бойынша дұрыс жүргізілген саясат жаңа қажетсінулерге үйренуге мүмкіндік береді.

Сонымен, туристік қызметтің тіршіліктік циклінің болуы фирма алдында үш ірі проблемелардың тұрғанын көрсетеді.

Информация о работе Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары