Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................
4
І
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................

6
1.2
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............
19
1.3
Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................

29

ІІ
ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1
Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................

36
2.2
Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................
45
2.3
Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................

52

ІІІ
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1
Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................

61
3.2
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................

67


ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
75

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_2195.doc

— 809.50 Кб (Скачать документ)

             Контрагенттер – туристік қызметтерді  орындаушылар, (қонақ үйлер, мейрамханалар, тасымалдаушылар, экскурсиялық бюро және т.б) олар қызметті, турөнімдерді тұтынушыларға көрсетеді, қызмет өндірісінде де белсенді түрде қатысады және осы негізде өндірістік кәсіпкерлерге жатқызылуы мүмкін.

             Туристік ұйымдар ұйымдастырушылық дайындықты, қызметті сату мен орындауды қоса атқара алады. Бұл жағдайда фирма бір мезгілде кәсіперлік қызметтің бірнеше түрін атқара алады.

        Кеңес берушілік  туристік қызмет қызмет туризм  саласында кеңінен қолданылады. Туристік қызметтің сапасы неғұрлым жоғары және қызмет көрсетушілердің құрамы күрделірек болса, соғұрлым туристік қызметтің жүзеге асырылуы мен құрылу процесіне маман кеңесшілердің саны көбірек болады. Осылай клубты демалыс келесідей қатысушыларды қолданады: промоутерлерді (жоба жасаушылар), сату бойынша мамандар, курорттарды басқарушылар, клубты демалыс орнын айырбастау бойынша мамандар және т.б.

Туристік фирма қызметіндегі идея бұл – экономикалық белсенділіктің кәсіпкермен шығарылған жаңа формасы, онда белгілі бір қызметтерде кәсіпкердің осы қызметтерді өндіру мүмкіндігімен және инновациядан қосымша табысты алуға деген нарықтың нақты қажеттіліктерімен немесе потенциалды қажеттіліктері қоса атқарылады [7].

              Кәсіпкердің қызметі идеялардың  банкісін құруды болжамдайды, олар  қызмет өндірісінің немесе делдалдықтың қосымша немесе негізгі профилін құрай алар еді. Идеялардың жинақталуы ағымды сондай-ақ перспективті сипатта бола алады. Әрбір идея бойынша кәсіпкер шешім қабылдайды, яғни оның практика жүзінде жүзеге асырылуына ат салысуы керек немесе керек еместігін шешеді. Әрбір кәсіпкермен шешім қабылдау прцесі қолда бар альтернативтердің бір нұсқасының таңдалуын қамтамасыз ететін, жеке индивидуалды технологиясы бойынша жүргізіледі, бірақ жалпы этаптары мен олардың орындалуының жалғасымдылығы келесідей:

- Идеялардың алғашқы экспертті  бағалануының кәсіпкердің өзімен  жасалуы практикалық іске асырылудың  нақтылығы.

- Практикалық позиция тұрғысынан  идеялардың бағалануы үшін нарықтағы  жағдайлары туралы ақпараттардың  жиналуы.

- Туристік нарықта өндірістік болжамдалатын қызметтерге сұраныс және ұсыныс объектілерін анықтау мақсатымен туристік қызмет есептерді жүргізу; ұқсас қызметтердің жүзеге асырылуының мүмкін бағалары; өндіріс шығындары; қызмет өндірісінің тиімділігі және табыстың көлемі т.с.с.

Екінші эксперттік бағалау қызығушылық танытқан мамандармен жүзеге асырылады және идеяларды кәсіпкердің мүмкіндіктерімен орнату мақсатын иеленеді. Кәсіпкермен осы идеяны ұстана отырып, жұмысты жалғастыру шешімін қабылдау немесе оны қабылдамай басқа бір туристік қызмет идеяны ойластыруға көшу [8].

Қабылданған идеяның жүзеге асырылуы бірнеше этаптан тұрады:

- Бизнес-жоспар, оның мәні, жобаның  жүзеге асырылуының нақты есептерімен  тиянақты түрде баяндалуында  болады. Бизнес жоспарда сондай-ақ  кәсіпкердің ұйымдастырушылық формасы мен идеяның бастапқыда жүзеге асырылуы үшін қажетті қаржылық қаражаттардың қалыптасуының қайнар көзі көрсетіледі;

- Қағазға алынатын қаржы қаражаттары  мен серіктестердің тартылуы;

Егер фирма жаңадан құрылған болса, жеке фирманың мемлекеттік тіркелуі. Бұл үшін келесідей құжаттар қажет:

- құрылтайшылардың құрамын анықтау  және құрылтай құжаттар өңдеу;

- құрылтайшылар фирманың қызметі  мен құрылуы туралы келісім  шарт жасау;

- директор мен басқа да басшылардың  тағайындалуы туралы фирма құрылтайшылардың №1 хаттамасының толтырылуы және фирма қаулысының бекітілуі [9];

- банкте уақытша шот есептің  ашылкы;

- фирманың орналасу жері бойынша  бөліміндегі тіркеу поштасында  фирманың тіркелуі және фирманың  мемлекеттік реестерге қосылуы;

- фирманың адамдарымен өздерінің салымдарын банкке салу және онда тұрақты есеп шотының ашылуы;

- кәсіпорынның салық инспекциясы  бар аудандарда тіркелуі;

- дөңгелек мөр мен бұрыштық  штамптың әзірленуіне рұқсат  алу;

- Фирманың тауардың өндірісіне  ұйымдастырушылық техникалық дайындығы;

Туристiк фирма қызметі - жеке және заңды тұлғалардың туристiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметi;

1) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс  үйлерi, пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;

2) туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк  қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы  көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристiк өнiмдi өткiзу жөнiндегi туристiк  ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) бағытталған шаралар кешенi;

3) тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде  белгiлі бiр маршрут бойынша  жасалатын саяхатты қамтитын  туристік қызмет көрсетулер кешені;

туристiк ұйымдар - қызметiнiң негiзгi түрi туристiк қызмет болып табылатын заңды тұлғалар;

Туристiк фирма қызметін көрсету - өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттерiн қанағаттандыру үшiн берiлетiн қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулерi);

Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады [10].

1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi

1. Туристiк қызмет субъектiлерiне:

1) туристiк операторлар (туроператорлар);

2) туристiк агенттер (турагенттер);

3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм  нұсқаушылары, экскурсоводтар;

4) туристер және олардың бiрлестiктерi;

5) экскурсанттар;

6) туристiк қызмет саласындағы  өзге де бiрлестiктер;

7) туристiк қызмет саласындағы  қоғамдық қатынастарды реттейтiн  мемлекеттiк органдар жатады [11].

2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи  объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер.

Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:

1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет  көрсету;

2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;

3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет  көрсету;

4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;

5) көлiк қызметiн көрсету;

6) ойын-сауық;

7) өзге де туристiк қызмет  көрсетулер [12].

Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртiбi, оларды қалпына келтiру жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.

Туризмнiң ұйымдық нысандары мен түрлерi

1. Халықаралық және iшкi туризм туризмнiң  ұйымдық нысандары болып танылады.

2. Халықаралық туризм:

1) келу туризмiн - Қазақстан Республикасының  аумағында тұрақты тұрмайтын  адамдардың Қазақстан Республикасы  шегiндегi саяхатын;

2) шығу туризмiн - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.

3. Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының  азаматтары мен оның аумағында  тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан  Республикасының шегiндегi саяхаты.

4. Туризмнiң түрлерi - әлеуметтiк, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни және басқа туризм.

Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты

1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмiн ұйымдастырумен байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету экспорты болып табылады.

2. Басқа елге шығуға байланысты  туристiк қызмет көрсету туристiк  қызмет көрсету импорты болып  табылады [13].

Қазақстан Республикасында туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

1) туристiк қызметке жәрдемдесу  және оның дамуы үшiн қолайлы  жағдайлар жасау;

2) туристiк қызметтiң басым бағыттарын  айқындау және қолдау;

3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi қалыптастыру;

4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристiк ұйымдарының және  олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн, құқықтарын қорғауды қамтамасыз  ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен мүлкiн қорғау.

Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары, басым бағыттары және тәсiлдерi

1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк  реттеудiң негiзгi мақсаттары:

1) азаматтардың тyристiк қызмет  саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру  құқықтарын қамтамасыз ету;

2) қоршаған ортаны қорғау;

3) туристерге тәрбие, бiлiм беруге  және оларды сауықтыруға бағытталған  қызмет үшiн жағдайлар жасау;

4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың  қажеттерiн қамтамасыз ететiн  туристiк индустрияны дамыту;

5) туристік индустрияны дамыту  есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;

6) халықаралық туристiк байланыстарды  дамыту болып табылады.

2. Туристiк қызметтi мемлекеттiк  реттеудiң басым бағыттары:

1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;

2) туристiк ресурстарды пайдаланған  кезде Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк мүдделерiн ескеру, табиғи  және тарихи-мәдени мұраларын  қорғау;

3) балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгiзу;

4) туристiк индустрияны инвестициялау  үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

5) Қазақстан Республикасының аумағында  келу туризмiмен және iшкi туризммен айналысатын туристiк ұйымдарды қолдау және дамыту;

6) iшкi және халықаралық туризм  қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн  туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн  құру болып табылады.

3. Туристiк қызметтi мемлекеттiк  реттеу:

1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөнiндегi саясатты айқындау;

2) туристiк қызмет саласындағы  қатынастарды жетiлдiруге бағытталған  нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;

3) Қазақстан Республикасының лицензиялау  туралы заңнамасына сәйкес туристiк қызметтi лицензиялау, туристік қызмет саласындағы стандарттау;

4) бюджеттiк заңдарға сәйкес  туризмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын  әзiрлеуге және iске асыруға бюджет  қаржыларын бөлу;

5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз  етуге жәрдемдесу;

6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;

7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк  рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға  жәрдемдесу;

8) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру

1. Халықаралық шарттарда, уақытша  болатын елдiң (жердiң) заңдарында  көзделген реттерде, туроператор  немесе турагент, турист өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс еткен жағдайда шетелге шығу көзделетiн туристiк жолдаманы сатады.

2. Сақтандыру шартында туристке  медициналық көмек көрсету ақысы  және сақтандыру жағдайы тiкелей  уақытша болатын елде (жерде) туындаған кезде олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиiс.

3. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының аумағына  келетiн туристерге өмiрi мен денсаулығын  сақтандыру туралы куәлiгi болуы  жөнiнде талап белгiлеуге құқылы.

4. Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.

Туристiк қызмет көрсету шарты:

1. Туристiк қызмет көрсету шарт  негiзiнде жүзеге асырылады. Туристiк  қызмет көрсету шарты жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуға тиiс.

2. Шарттың елеулi талаптарына мыналар  жатады:

1) туристiк қызметтi жүзеге асыруға  берiлетiн лицензия туралы деректердi қоса алғанда туроператор немесе турагент туралы ақпарат, оның атауы, тұрған жерi және банктегi деректемелерi;

2) туристiк өнiмдi өткiзу үшiн қажеттi көлемде турист туралы мәлiметтер;

3) барлық болатын пункттердi көрсете  отырып, болатын елдегi (жердегi) саяхаттың бағдарламасы мен маршруты туралы, туристердiң қауiпсiздiгi жағдайлары туралы ақпаратты қоса алғанда, туристiк өнiмнiң тұтынушылық қасиеттерi туралы дұрыс ақпарат;

4) саяхаттың басталу және аяқталу  күнi мен уақыты;

Информация о работе Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары