Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................
4
І
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1
Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................

6
1.2
Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............
19
1.3
Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................

29

ІІ
ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1
Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................

36
2.2
Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................
45
2.3
Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................

52

ІІІ
ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1
Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................

61
3.2
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................

67


ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................
75

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

dip_2195.doc

— 809.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

   

беті

 

КІРІСПЕ ........................................................................................

4

І

ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

 

1.1

Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары.......................................................................................

 

6

1.2

Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторлары.............

19

1.3

Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштері................................................................................

 

29

     

ІІ

ҚР-дағы ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ

 

2.1

Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденциялары....................................................................

 

36

2.2

Фирманың туристік қызметін зерттеу факторлары..................

45

2.3

Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында)...............................

 

52

     

ІІІ

ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

3.1

Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдары......................

 

61

3.2

Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары......................................................................................

 

67

     
 

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................

75

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

77-78

     

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстандағы туризм – экономикалық әлеуетті арттырып, бюджеттің бүйірін шығаратын табыс көзі болатын жағдайға жетелейтін жолға түсуде. Осы саланың нақты механизмдерін дамытуға жұмсалған қаражат күні ертең өзінің өрісті өсімін көрсетіп, ел қазынасына қарқынды құйылары анық. Туристік фирма қызметін тиімді ұйымдастыру және оның даму факторларын жетілдіру мәселелерін шешу өзекті мәселе болып тұр.

Жетілдіру деңгейіндегі алынатын өнімнің көлемі қажетті мөлшерде жоғары болса да, біршама азая бастайды. Сондықтан туристтік кәсіпорын  мұны жеңуде максималды түрде мүдделі. Фирманың басты күші өзінің нарықтық үлесін ұстап қалуға, өнімді жетілдіру арқылы оның тұтынушылығын арттыруға, маркетингтік комплексті түрлендіруге және т.б. бағытталады. Егер бұл жағдайлар іске асырылмаса, өнім өзінің нарығындағы орнын жоғалтып, құлдырау деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан туристік фирма қызметінің даму факторларын талдау барысында зерттеу жүргізіп, жетік меңгеріп, жетілдіру мәселелерін ұсыну қазіргі кезде басты мақсат етіп қойылған.

Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

  • Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдарын ашықтау;
  • Туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторларын айқындау;
  • Туристік фирма қызметінің негізгі статистикалық көрсеткіштерін келтіру;
  • Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму тенденцияларын талдау;
  • Фирманың туристік қызметін зерттеу факторларын келтіру;
  • Туристік фирма қызметінің нарықтағы орнын талдау (ҒаламНұр туристік фирмасы мысалында);
  • Туристік фирма қызметінің менеджменттік және маркетингілік стратегиясын жетілдіру жолдарын өңдеу;
  • Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттарын ұсыну.

Сондықтан, жұмыстың бірінші тарауы туристік фирма қызметінің теориялық маңызын ашықтауға арналған.

Жұмыстың екінші тарауында  Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметін ұйымдастыру факторларына талдау жүргізілген және осы саладағы түйінді мәселелер белгілі турфирма мысалында келтіріліп, зерттелген. 

Үшінші тарауында, Қазақстан Республикасында туристік фирма қызметінің даму факторларын жетілдіру мәселелері өңделген және турфирма қызметін дамытатын іс-шаралар ұсынысы жобаланған.

Қорытындыда, Қазақстан Республикасындағы туристік фирма қызметінің даму факторларын жетілдіру мәселелері тақырыбына диплом жұмысын жазу барысында нақты түйіндемелерге тұжырым жасалынды.

Зерттеу тақырыбы болып туристік фирма қызметінің даму факторларын зерттеу болып табылды.

Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы «ҒаламНұр» туристік фирмасы таңдалды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз тармақтардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 78 бет, оның ішінде 14 кесте, 8 сурет қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТУРИСТІК ФИРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ

 

1.1 Туристік фирма қызметінің теориялық мәні мен негізгі ұғымдары

 

Туристік фирма қызметі – бұл субъектілердің ақшалай қаражаттарымен, мүліктерді қоғамға пайда тигізумен жеке бастың пайдасының сай келу негізінде коммерциялық және басқа бір табыс табу мақсатында наваторлық қолданумен байланысты инициативті қызмет.

       Туристік қызмет субъектілері өз атынан және өзінің жекеменшігінің жауапекершілігіне әрекет ететін бөлек жеке тұлғалар; сондай-ақ заңды тұлғалар жауапкершілігінде іс-әрекет ететін бірлескен серіктестер бола алады.

        Туристік қызметтің  екі (моделі) үлгісі белгілі: классикалық  туристік қызмет және инновациялық  туристік қызмет [1].

        Классикалық  туристік қызмет – қызмет номеклатурасын жаңарту және ұйым қызметінің рентабельдігін жоғарлату үшін шаруашылықтың дәстүрлі тәсілдерін қолдану барысындағы ресурстардың максимальді қайтарылуына бағытталған дәстүрлі, консервативті туристік қызмет.

        Инновациялық  туристік қызмет ең алдымен туристік қызмет қызметтегі новаторлықпен байланысты. Туристік қызметтің рөлі бұрынырақта белгілі болмаған (жаңашылдықты құру) экономикалық дәстүрлі факторларын қолдану жолымен жаңашылдықты құруға алып бару. Мұндай новаторлық қызмет жөн-жобасы бойынша дәстүрлі туристік қызметке көбірек байқалатын нәтиже әкеледі, бірақ кәсіпкерге ерекше талаптар қояды [2].

        Туристік фирма қызметімен айналысатын кәсіпкердің бойында болуы қажет қасиеттер:

- Заңды әрекет шеңберінде іскерлік  қызметтің кез-келген сұрақ бойынша шешім қабылдауда тәуелсіз және дербес болу;

- Өз қызметінің нәтижесінде  экономикалық және басқа бір  қызығушылықты білдіру, максимальді  мүмкін болатын табысты алуды  көздеу;

- Тәуелділікке бойсұну және  өз мойнына жауапкершілікті алу. Тәуелділік астарында шығынға апарар қолайсыз жағдайлардың жоспарын жүзеге асыру барысында мүмкіндіктің туындауын түсінеді. Тәуекелдік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық және нарықтық болып бөлінеді. Тәуекелдіктің төмендеу әдісі мен тәуекелділік оқиғаның туындауынан шығынның азаюы мыналар болып табылады: сақтандыру, нарықтық дамуына болжам жасау. Серіктестер арасында тәуекелдіктің бөлінуі, күтпеген және басқа да шығындарды жабуға қаражаттың сақталуы.

- Жұмысқа деген әрқашан да  инновациялық тәсілдемені иелену (қызмет өндірісіндегі қолда бар факторларды қолданудағы новаторлық қызметті тұтынатын жаңа тұтынушыларын тарту мен іздеуде, өндіріс факторларында, қызметтің дәстүрлі емес ұйымдастырылған түрі және сатып алудың жаңа нарықтарына). Жаңашыл үрдісті енгізу мен іздеудегі кәсіпкер үшін жетекші күш жоғары табысты күту болып табылады.

Қазіргі кездегі жағдайларда табысты істің жетік ұйымдастырылуы үшін туристік қызметпен айналысатын кәсіпкердің бойында жақсы кәсіби дайындық, экономика облысындағы қажетті білім, саясат, психология, заң, өнім және қызмет өндірісін ұйымдастыра алу қасиеттері болу керек, сондай-ақ ғалымдармен, маркетинг бойынша мамандармен, капитал иелерімен бірлесіп жұмыс жасай алуы қажет [3].

Туристік фирма қызметінде келесідей сатыларды бөліп шығарады:

- Туристік қызметпен айналысатын  кәсіпкердің мүмкіншіліктері мен  нарықтық қажеттіктері қоса атқарыла  алатын туристік қызмет идеялардың  таңдалуы мен жинақталуы.

- Қызмет және маркетинг өндірісінің  жоспары мен жұмыс жасауды  жоспарлау, сондай-ақ қаржылық және ұйымдастыру жоспарларын жоспарлау.

- Ресурстардағы және тауарды  жеткізушілердегі қажеттіліктің  анықталуы.

- Жобаның жүзеге асырылуы, қызмет  өндірісінің техникалық, қаржылық, ұйымдастырушылық дайындығы және  жоспарланған қызметтің жүзеге  асырылуы.

Фирманы басқару – бұл жұмыстың түзетілуі және талдануы, бақылау, жаңа идеяларды іздеу. Кәсіпкердің табысқа жетуі өзі функциялайтын жағдайлардан тәуелді болады. Олардың кейбіреулері мыналар:

           - Туристік  қызметтік орта – бұл туристік  қызметтің нәтижелеріне әсер ететін және туристік қызмет жүзеге асырылатын қоғамдық жағдай. Жағдайдың келесідей топтары бар:

          Туристік фирмадағы экономикалық жағдай бұл – туристік тауарлардың шын мәнісіндегі ұсынысы және оларға деген төлемақыға қабілетті сұраныс, тауарларды шын мәнісіндегі және потенциалды сатып алушылардың кірістері, туристік қызмет үшін қағазға алынатын қаржылардың қол жетімділігі мен мөлшерінің бар болуы, альтернативті қызметтердің және оларға деген бағаның қойылуы, туристік нарықтың инфрақұрылымының дамығандығы, бәсекелестік шарты.

          Туристік фирмадағы әлеуметтік жағдайлар бұл - туристік қызметті  және оларға деген даму жолдары туралы қоғамның көрінісі, туристік қызмет деген мемлекеттің қарым-қатынасы, ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптардың білім деңгейі.

           Туристік фирмадағы құқықтық жағдайлар бұл – туристік қызметтің дамуы үшін көбірек қолайлы жағдайларды құратын және туристік қызмет қызметті реттейтін заңдар мен заң алдындағы актілер. Заңдардың ең маңыздысы туристік қызмет қызметтің құқықтық кепілдемесі туралы заңдар болып табылады.  Оған қоса жекеменшікке деген құқықпен және келісім шарттағы міндеттемелерді орындауды айтуға болады.

           Ф.Котлер  бойынша туристік қызмет қызметтің  мемлекеттік реттелу қажеттілігі, келесідей себептерден туындайды:

          - Фирмаларды  бір-бірінен қорғау қажеттілігі, өйткені бәсекелестік кәсіпкерлердің  мүдделеріне тиген кезде олар  оны бейтараптауға тырысады.

          -  Тұтынушының  таза емес іскер практикадан  қорғау қажеттілігі [4].

          Қазақстанда кәсіпкерік үшін заңдар жүйесі енді ғана жиналуда, әлемнің жетекші елдері өз кезектерінде көптеген ондаған жылдарға құрылған осы сала үшін заңдарды иеленеді.

         «Туристік  қызметпен айналысатын кәсіпкер»  және «Менеджер» сөздері синонимдер болып табылмайды. Менеджер бұл – қандай да бір рационалды тәсілдерді басқаратын кәсіби маман. Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкер өз қызметінде, сонымен қатар басқару саласында ереже ретінде жеке жаңашылдықты енгізуді қолданады [5].      

        Туристік қызметтің бәсекеге үнемі қабілетті болу үшін келесідей түрлерін бөліп шығарады:

- Өндіруші – қызметтің және  басқа өнімнің ортаға шығуы;

- Коммерциялық - өндірушіден тұтынушыға  жасалған өнімнің қозғалысы бойынша  қызметтің ерекше түрі;

- Қаржылық – қызмет және өнімнің қайта өңделуі мақсатында қаржылық қаражаттарды пайдалану мен құру бойынша қызметтің ерекше түрі.

- Кеңес беру – қаржыны, маркетингті  басқару. Өндірушілердің мүмкіншіліктерін  бағалау, жалпы басқару бойынша  көмек пен кеңес берумен байланысты қызмет.

          Қызметтің  алғашқы үш түрін қайта өндірудің  сатысымен байланысты айырады  және негізгі түрлерге жатқызады, өйткені қызметтің нәтижелері  соңғы немесе өндіргіш тұтынуға  дайын, қызмет немесе тауарлардың  өндірісі болып табылады.

          Қызметтің соңғы түрін (төртінші) туристік қызмет қызметің қөмекші түрлеріне жатқызады, өйткені бұл қызметің нәтижелері тәсілдер, әдістер, технологиялар мен жобалар болып табылады. Олардың қолданылуы қызмет сапасын жоғарлатады, бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады немесе оларға деген өндірілуі мен жүзеге асырылуының шығысын төмендетеді.

           Туристік қызметтің ерекшеліктерімен байланысты туристік ұйымның туристік қызмет қызметтері тек қана шартты түрде ғана белгілі бір түрге ғана жатқызылуы мүмкін [6].

            Осылайша, туроператорлардың қызметі  көп жағдайларда турөнімнің және  оның бөлшектік өндірісімен тұтұнушыға  көтерілуінің ұйымдастырушылық  дайындығын құрайды. Сондықтанда  туроператорлардың қызметін шартты  түрде өндірістік туристік қызметке  жатқызуға болды.

             Турагенттер делдалдардың қызметін  – турларды сатушылардың функциясын  атқарады. Одан басқа, олар жеке  қызмет және т.б. Бұл аралас  қызмет түрі.

Информация о работе Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағыттары