Шпаргалка по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:30, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Туризму"

Содержание

1.Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары
2.Спорттық туризмнің түрлері
3.Белсенді саяхаттардың түрлері
4.Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
5.Кіру және шығу туризмі
6.Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті
7.Туризмде қауіпсіздік түсінігі
8.Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадырлар түсінігі.
9. әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
10.Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі
11.Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
12.Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары
13.Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
14.Халақаралық және ішкі туризм
15.Қазақстан республикасында жоғары оқұ орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқұ бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
16.Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм
17.Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
18.Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
20.Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы
21.Қоғамдық туристік үйымдар
22.Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары
23.Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру
24.Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
25.Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
26.Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
27.Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
28.Белсенді туризм түсінігі.
29.Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
30.Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
31.Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
32.«Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері.
33.Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері
34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы
35.Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру.
36.Туризмде интернеттің ролі
37.Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО).
38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.
39.Туристік маркетингтің ролі.
40.Туризмде маусымдық фактор

41.Туризмде тамақтану жүйесі
42.Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары
43.ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары.
44.Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
45.«Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы
46.Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
47.Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау
48.Туристік кәсіпорнының құрылымы
49.Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар
50.Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
51.Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. 52.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (ВЦСПС)
53.туристік жарнама
54.Туристік ағым және туризмдегі маусымдық
55.Шығыс Қазақстанның туристік қоры
56.Батыс Қазақстанның туристік қоры.
57.Солтүстік Қазақстанның туристік қоры
58.Орталық Қазақстанның туристік қоры
59.Оңтүстік Қазақстанның туристік қоры.
60..Туристік шаруашылық
61.Туризм түрлерінің сипаттамасы
62.«Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама
63.Экологиялық туризм.
64.Туризмде сақтандыру
65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mamandikka_kirispe.docx

— 161.02 Кб (Скачать документ)

Сонымен бiр мезгiлде, шоп-туризм, ең алдымен, елiмiздiң бюджетiне керi әсер етедi. Туристiк бизнестiң секторларының бiрi ретiнде шоп-туризмнiң өсуi туристiк қызмет көрсетудiң деңгейiн көтеруге елеулi әсер ете қойған жоқ.

Бүкiл өркениеттi дүние  негiзгi туристер ағынын өздерiне тартуға ұмтылуда, себебi туризм мемлекет бюджетiнiң кірiс бөлiгiн толықтырудың маңызды көздерiнiң бiрi болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдiк туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристiк ұйымдардың қызметiн, мұның өзi бiрiншi кезекте, көлiк құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық қамтамасыз етудiң жай-күйiне байланысты, келушi туризмдi дамытуға қайта бағдарлау қажет.

Көлiк. Бүгiнгi таңда Қазақстанның халықаралық авиажелiлерінің Германияға, Үндiстанға, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Таиландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар. Iшкi және халықаралық рыноктарда жұмыс iстейтiн "Эйр Қазақстан" ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердiң көпшiлiгi сервис және қызмет көрсету сенiмдiлiгi жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда авиа рейстерiн жүргiзетін шетелдiк тасымалдаушылардың қызметiн пайдаланғанды жөн көредi, мұның өзi отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсiз. Оның үстiне, авиабилеттер құнының қымбаттығы Қазақстанның туристiк өнiмнiң құнын өсiредi және тиiсiнше оның халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабiлетiн төмендетедi.

Автомобиль көлiгi шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмдi ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшiн пайдаланылады. Алайда, оны дамыту, тұтасымен алғанда, жолдардың жай-күйiне және туристiк көлiк құралдарына тиiстi техникалық қызмет көрсетiлуiне де байланысты болады. Республиканың автобус паркi қараусыз қалған, сонымен бiрге қазiргi заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл туристерге қызмет көрсетудi жоғары деңгейде ұстауға мүмкiндiк бермейдi.

Негiзгi темiр жол тасымалдаушысы "Қазақстан темiржолы" республикалық  мемлекеттiк кәсiпорны 14 бағыт бойынша  жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темiр жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдiң, Тәжiкстанның және Түркiменстанның жолаушылар пайыздары өтедi.

Келешекте экологиялық жағынан  таза қоғамдық туристiк көлiктi дамытуға назар аудару қажет.

Сондай-ақ елдегi қонақ үйлердiң  саны 1997 жылмен салыстырғанда, 40%, ал бiр  жолғы керует-орынға сыйымдылық тиiсiнше 30%-ға төмендедi.

Соңғы бес жылда 605 қонақ  үй жабылды, 1999 жылы республикада 205 қонақ  үй жұмыс істедi, нөмiр қоры небәрi 15%-ға ғана толтырылды.

Облыс орталықтарында шетелдiк  келушілерге сапасыз туристiк  өнiм берудiң басты себебi тиiстi сыныптағы қонақ үйлердiң болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескiрген, қонақ үйлердiң  бiр бөлiгiнiң жай-күйі мүлде нашар  және банкроттық жағдайда тұр, себебi олар 60-шы жылдары салынған.

Талдау көрсеткенiндей, туристiк сыныптағы қонақ үйлердiң (2-3 жұлдызды немесе шағын және орташа мейманханалар) рентабельдiлiгi неғұрлым жоғары.

Кадрлармен қамтамасыз ету. Туризм дамуындағы түйiндi мәселенiң  бiрi туристiк кадрлар даярлау  болып табылады. Қазiргi уақытта, Қазақстандағы  мемлекеттiк, жеке және ресейлiк филиалдарды  қосқанда, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар. Қазақстанда мұндай кадрлар даярлаудың негізi 1992 жылы қаланғандығына қарамастан, туристiк саланы мамандармен қамтамасыз ету әлi күнге дейiн қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында мұның басты себебi Қазақстандағы туристiк әлеует туралы оқытушылар құрамының білiм және туристiк саладағы жұмыс тәжiрибесi, деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi болып отыр. Соның нәтижесiнде, мамандарды даярлау отандық туристiк-рекреациялық ресурстарды ұстау, туристердi қабылдау үшiн оларды пайдалану технологиялары мен ықтимал клиенттер арасында туристiк қызмет көрсетулердi атаулы жарнамалаудың әдiстемесi жеткiлiктi түрде ескерусiз жүргiзiлуде.

44. Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар

Үшінші мың жылдықтағы даму бағытын анықтайтын XIX ғасырдың соңында әлемдік туризм индустриясында өзгерістер басталды. Компьютерлік ақпараттық технологияның арқасында туристік нарық қызметтері субъектілерінің  арасындағы қатынастар мүлдем өзгерді.Туризм және интернет. Аз уақыттың ішінде-ақ электронды жүйелер дамудың ұзақ жолынан өтті: сонау шағын операцияларды автоматтандырудан бастап, соңғы кездерде халықаралық туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізіп отырған күрделі ақпаратты Интернет желілеріне дейін жетті. Интернет өзінің даму жолын 1960 жылдардың соңында құрылған АҚШ-тың қорғаныс кешені АРПАНЕТ деген байланыс жүйесінен бастайды. Уақыт өткен сайын Интернет желілері кеңейеді, оған үкімет департаменттері мен үкіметтен тыс ұйымдар да қосылады. Бірақ та көп жылдарға дейін пайдалану жүйелерінің күрделілігіне байланысты онымен негізінен ғалымдар мен мамандар ғана жұмыс істеді. Тек жақын арада ғана дүниежүзілік ақпарат торлардың енгізілуінің арқасында (World Wide Web, the Web, немесе WWW), Интернетке барлық пайдаланушылардың мүмкіндіктері туды.Интернет арқылы жиі қойылытын сұрақтардың бірі – туристік өнім.Дүниежүзілік ақпараттық торда туризм индустриясы толық көрсетілген. Ірі-ірі компаниялар Интернетті жақсы түсініп қабылдады және оның желілеріне үйренді. Олар өздерінің жеке сайттарын ашты (Web-сайты).2) Жыл сайын ақпан айында Мадридте өтетін халықаралық туристік көрме-биржа (FITUR). FITUR – бұл Испандық және Латынамерикандық туристік өнімдерді көру көрмесі; бұл «Еуропа мен Америка арасындағы көпір»;3) Лондон қаласында өтетін Дүниежүзілік туристік көрме (WORLD TRAVEL MARKET, WTM).Америкада іскерлік ағымдар АҚШ-қа ұмтылады; Оңтүстік-шығыс Азияда – Сингапурде, Жапонияға, Тайваньға, Гонконгке, Африка мен Таяу Шығыста іскерлік туризм бірқалыпты дамымауда. Оның көтерілуі мен төмендеуі аймақтағы саяси жағдайларға байланысты болып отыр. Африкада іскерлік туризм Конго Республикасында, Зимбабве, Эфиопия, Египет, Марокко және Оңтүстік Африка Республикасында жоғарғы қарқында дамыған. Таяу Шығыста іскерлік туристердің негізгі ағымы мұнай өніретін елдерге (Сауд Аравиясы, Израиль, Иордания) бағытталған. Туристік ағымдарға елеулі әсерін діни мотивациямен сапарға барушылар тигізеді. Діни туризмнің тарихының тамырлары бірнеше ғасырларға кетеді. Ежелгі римдіктер мен гректер храмдарға жиі барып тұрды. Орта ғасыр дәуірінде құдайға табыну жалпылама сипаттама алады. XIX ғасырда қасиетті жерлерге саяхат ұйымдасқан түрге көшеді.

 

 

 

45. «Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы.Адамның  бос уақытындағы  әрекеттерінің   барлығы да демалыс  деген  түсінікке  жатады.Ал  қалғандары  соған  кіреді.Демалысқа  адамның  үйде де, үйден  тыс  жерде  де   айналысатын  барлық  рекреациялық  іс  әрекеттері  кіреді.Томенгі  сатыға рекреация немесе  үйден тыс  жердегі  демалысты  қосуға  болажды.Оған  турищм  де  экскурсия  да кіреді.Рекреация  туризмнен кеңірек  түсінік, өйткені  оған  экскурсия,сая   бақтағы  деамлыс  және басқа да рекреация түрлері  енеді.Ал  туризм дегеніміз  демалыс  пен рекреацияға  қарағанда,тар  мағынадағы  өте  кыска түсінік. « Дем  алу-адамдардың  өздерінің  қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық –курорттық  ем  алу)  мен  бұған  көмектесетін  мекемелердің қызметінен (баспана  беру, тамақтану  мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы  түсінікке-рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты-еңбек ету процесінде жұмсалған күшті қалпына келтіру».[1,116]

 « Рекреация рухани  дүниені байытып,адамның көзқарасын  кеңейтеді.

Рекреация үшін 3 негізгі  жағдай қажет:1) «өркениетті» дем алыс қымбатқа түсетіндіктен,адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек;2)рекреациялық қор  және;3)рекреациялық шаруашылық болуы  шарт.Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді.Бұның өзі елімізде туризм дүрбелеңін тудырады».[2,121] 

Ал біздің елімізде рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс  үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

46. Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар

Туристік қор – туристердің рухани қажеттілігін қамтамасыз ететін, физикалық күшін қалпына келтіріп және дамытатын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, туристік көрсетуге арналған басқа да объектілер.

Әлеуметттік экономикалық  туристтік   қорларға  тарихи  мәдени  объектілер (  ескерткіштер,  атақты   жерлер,мұражайлар  және  т.б)  және  құбылыстар  ( этногафиялық,саяси,өндірістік  және  т.б  ) жатады.Бұл  ресурстар  бір  жағынан  материалдық  және  рухани  болып жіктелсе,екінші   жағынан    жылжымайтын  және қозғалатын  ресурстар  болып  топтастырылады.

Тарихи және  мәдени  ескерткіштер  негізгі белгілері  бойынша  бес  түрге  жіктеледі:тарихи,археологиялық,сәулет  өнері  және  қала  құрылыстық,өнер  ескерткіштеріне,дерекнама  ескерткіштерңгн  бөлінеді.Қозғалмайтын  қорларға  тарихи  ескерткіштер,сәулет  өнерінің  объектілері,археологиялық  және  монументтік  құрылыстар  құрайды.

Әлеуметттік экономикалық  туристтік   қорларға  тарихпен,мәдениетпен  және   қазіргі  адамдардың  іс  зрекетімен  байланысты  басқа  да  объектілерді жатқызуға  болады.Мысалы,тамаша  салынған спорт кещені,зайуанат  паркі,ботаникалық  бақтар,ғылыми  мекемелер,жоғарғы  оқу  орындары,өндірістік  мекемелер,театрлар,этнографиялық   және  фольклорлық  көз  тартарлық  көрнекті  оындар,халы   дәстүрлері.

Табиғи  туристік  қорлар  деп  адамның  ешқандай  қатыспай  қалыптасқан  қорларын  айтамыз.Оларға: флора  мен  фауна,жер  бедері,сулар,климат

47. Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау. Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет Туристiк қызмет көрсету - туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).

 Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және  туризм нұсқаушысының қызмет  көрсетуін) жүзеге асыру құқығы  үшін берілетін лицензия болып  табылады. Лицензияның күш Туристік  қызметтер бағасы 

 Бағалардың өзгеруі  туралы ақпараттарды жинау республика  астанасында, Алматы қаласында,  барлық облыс орталықтарында  және қалалар мен аудан орталықтарының іріктелген шеңберінде жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау сол орында жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету түрлерінің барлық объектілері іріктеледі, яғни ол зерттеуге ұсынылатын әртүрлі деңгейдегі сауда орындары мен көпшіліктің сұранысындағы тауарларды (қызметтерді) тұрақты өткізетін сауда кәсіпорындары үшін қажет.  Бағалар туралы ақпарат жинау тікелей тауарларды (қызметтерді) өткізу орындарында баға тіркеушілермен жүргізіледі. Зерттеу жүргізілген күні қолма-қол төленген бағалар, салықтарды қоса, бірақ оларды жеткізу үшін қосымша алымдарды қоспай тіркеледі. Республика бойынша орташа бағаның деңгейі жекелеген өңірлердегі баға деңгейінің орташа арифметикалық салмақтағы шамасымен анықталады. Лицензия заңды тұлғаларға облыстық атқарушы органдармен оның әділет органдарындағы тіркеу орндарына байланысты, ал жеке тұлғаларға – салық органдарына тіркелген орны бойынша беріледі. Лицензияны алғаннан кейін 7 ай ішінде ҚР Үкіметінің бекіткен туристік қызмет көрсетуге сәйкес сертификат алуы тиіс, оның көшірмесін лицензиарға береді.

Лицензиялауға жататын қызмет түрлері туроператорлық;

турагенттік;

туризм инструкторының қызметі 

Лицензия алуға қажетті  құжаттар 

Туроператорлық қызметке лицензия алу үшін:

бекітілген формасындағы өтініш;

лицензиялық жинақ төлемін  анықтайтын құжат;

заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігінің, жарғының және статистикалық  картаның нотариуспен бекітілген көшірмелері;

офиске қажетті жеке иелігіндегі  немесе жалға алынған кеңістікті анықтайтын құжат;

туристердің, туристік жабдық-тұрмандар  мен көлікті орналастыратын материалды-техникалық базасы бар жалға алынға материалды-техникалық база немесе өз иелігіндегі материалды-техникалық базасын анықтайтын құжат;

жұмысшылардың білімі туралы және еңбек өтілі туралы құжат  көшірмесінің қосымшасы бар жұмысшылар тізімі;

туристік қызмет келісім-шарты  бойынша азаматты-құқтық жауапкершілікті  сақтандыратын келісім-шарт көшірмесі;

тасымалдаушымен келісім-шарт көшірмесі;

туристік жолдама мен  туриске арналған жадуал көшірмелері;

психикалық денсаулық  жағдайы туралы меданықтамасы, жоғары оқу орнын бітіргені туралы құжаты бар экскурсоводтар мен гидтер тізімі бар туристік ұйымдармен келісім-шарт көшірмесі;

жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

туристік маршруттер реестрі;

туристерге қызмет көрсету  бағдарламасы;

«Қазақстан Республикасындағы  туристік қызмет туралы» Заңның 17 бабындағы  талаптарға сәйкес туристік қызмет көрсету келісім-шартының үлгісі;

туристреге елден шығу мен елге кіру туралы ақпарат беру.

Турагенттік қызметке лицензия алу үшін:

бекітілген үлгідегі өтініш;

лицензиялық жинақ төлемін  анықтайтын құжат;

жеке кәсіпкердік немесе патенттің жарғысының, мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің, жеке куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);

офиске қажетті жалға  алынған немесе өз иелігіндегі кеңістікты анықтайтын құжат;

өз иелігіндегі немесе жалға алынған материалды-техникалық базаны анықтайтын, немесе туристерді, көліктерді орналастыруға қажетті  материалдық-техникалық база қызметі бар ұйыммен жасалған келісім-шарт құжаты;

білімі туралы және еңбек өтілі туралы қосымшамен жазылған жұмысшылар тізімі;

туристік қызмет көрсету  келісім-шарты бойынша азаматтық-құқықтық жэауапкершілікты сақтандырудағы келісім-шарт көшірмесі;

тасымалдаушымен келісім-шарт;

туристік жолдама және туриске берілетін жадуал көшірмелері;

жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

Информация о работе Шпаргалка по "Туризму"