Шпаргалка по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:30, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Туризму"

Содержание

1.Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары
2.Спорттық туризмнің түрлері
3.Белсенді саяхаттардың түрлері
4.Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
5.Кіру және шығу туризмі
6.Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті
7.Туризмде қауіпсіздік түсінігі
8.Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадырлар түсінігі.
9. әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
10.Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі
11.Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
12.Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары
13.Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
14.Халақаралық және ішкі туризм
15.Қазақстан республикасында жоғары оқұ орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқұ бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
16.Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм
17.Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
18.Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
20.Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы
21.Қоғамдық туристік үйымдар
22.Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары
23.Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру
24.Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
25.Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
26.Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
27.Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
28.Белсенді туризм түсінігі.
29.Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
30.Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
31.Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
32.«Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері.
33.Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері
34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы
35.Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру.
36.Туризмде интернеттің ролі
37.Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО).
38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.
39.Туристік маркетингтің ролі.
40.Туризмде маусымдық фактор

41.Туризмде тамақтану жүйесі
42.Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары
43.ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары.
44.Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
45.«Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы
46.Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
47.Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау
48.Туристік кәсіпорнының құрылымы
49.Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар
50.Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
51.Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. 52.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (ВЦСПС)
53.туристік жарнама
54.Туристік ағым және туризмдегі маусымдық
55.Шығыс Қазақстанның туристік қоры
56.Батыс Қазақстанның туристік қоры.
57.Солтүстік Қазақстанның туристік қоры
58.Орталық Қазақстанның туристік қоры
59.Оңтүстік Қазақстанның туристік қоры.
60..Туристік шаруашылық
61.Туризм түрлерінің сипаттамасы
62.«Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама
63.Экологиялық туризм.
64.Туризмде сақтандыру
65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mamandikka_kirispe.docx

— 161.02 Кб (Скачать документ)

Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың  экономикалық феномені болып танылды  және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы  әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы  салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып  табылады.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның  болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшінболашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.

Туризм дамуының әлемдік  үрдістері мен Қазақстандағы  оның жай-күйінің арасындағы алшақтық шынайы резервтер мен потенциалды  мүмкіндіктер болған жағдайда ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы проблемалар кешенін  шешуді талап етеді, ондай проблемалардың қатарына туризм инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымағандығы, көрсетілетін қызметтердің деңгейі төмен болуы, көрсетілетін қызметтер сапасының баға деңгейіне сай келмеуі, қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, т.б. жатады. Аталмыш проблемаларды шешу үшін туризм қызметтерінің қазіргі даму деңгейін талдап, тиісті ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Бұл осы курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін құрайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты – Сырттан келушiлер туризмi және iшкi туризм            көлемiн арттыру есебiнен мемлекет пен халық 
кiрiсiнiң тұрақты өсуiн, халықты жұмыспен 
қамтуды қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлеттi 
туристiк индустрия құру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

39. Туристік маркетингтің ролі-Тұңғыш рет маркетинг концепциясы ХХ жылдарының 50 жылдарында интеграцияланған, тұтынушыға бағытталған және бизнес философия табысы ретінде құрастырылды.

60 жылдардың соңында назар  өнімнен тұтынушыға аударылды.  Мақсаты - пайда. Құралдар: өнім, баға, тарату жүйесі, нарыққа өнімді  жылжыту.

80 жылдары. Стратегиялық  маркетинг. Назар өнім немесе  тұтынушыдан сыртқы ортаға аударылды.  Тұтынушы белгілі бір ортада  зерттеледі (нарық және маркетинг  өзгерістерін анықтайтын бәсеке, мемлекеттік ретету, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және  басқа да факторлар).

Маркетинг технологияларын  туризмде пайдаланудың алғашқы қадамдары 1971 жылы швейцар Х.Крппендорфпен  жасалынды, дегенмен, туристік іс-әрекет феномені туралы жазбалар бұдан да ерте кездесе бастады. Туристік маркетинг - туристік кәсіпкерліктер іс-әрекетін, сонымен қатар, туризм саласындағы  мемлекеттік саясатты да жүйелі түрде  өзгерту және бақылау.

Туристік маркетингті  коммерциялық мақсатта туристік қызметтерге  қоғамның қажеттілігін анықтау және пайдалану стратегиясы ретінде  түсінуге болады.

Бүгінгі таңда маркетинг - нарықта мекеменің іс-әрекет стратегиясы, тактикасының концепциясы. Маркетинг  мақсаты нарық қажеттіліктерін  және талаптарын уақытында анықтау  және қоғам мен қоршаған орта талаптарын есепке ала отырып нарықтағы өз іс-әрекет стратегиясын құрастыру болып табылады.

Туристік қызметтер маркетингін  табыс алу мақсаттағы клиенттердің арнайы қажеттіліктерін анықтау  мен қанағаттандыруға бағытталған  фирманың туристік қызметтерді құрастыру, жылжыту және сату бойынша іс-әрекетін ұйымдастыру жүйесі ретінде анықтауға  болады.

Маркетинг құралдарының түрлері  көп, олардың әрқайсысы бір-бірімен  тығыз байланысты.  Бұл құралдар бірге туристік мекме маркетинг  жүйесін құрайды, олардың әсерлілігіне фирма іс-әрекетінің сәттілігі тәуелді.

Қазіргі таңда маркетинг  және жарнама-ақпараттық мақсатта интернет мүмкіншіліктерін пайдалану перспективті болып табылады. Интернет сәтті маркетинг  құралдарының бірі болып табылады, оның дәстүрлі құралдардан ерекшеленетін  уникалды ерекшеліктері көп. Интернет қасиеттерінің бірі - ақпаратты қабылдау мен таратудың жоғары әсерлілігімен  гипермедиалық табиғаты, бұл маркетингтің туристік кәсіпкерліктер өзара байланысын нығайтудағы мүмкіншіліктерін жоғарылатады. Оның ішінде, электронды жарнама кең  таралға

 

 

 

 

 

40. Туризмде маусымдық фактор. Туристік ағындардың  ритмі бойынша туризм жылдық  және мезгілдік

болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз  жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа,

демалуға адамдардың барып тұруын айтады. 

Мезгілдері мен ырғағына  қарай  туризм  жыл бойындағы  (үнемі) және маусымдық  болып бөлінеді. Біріншісі  –  туристік аудандарға немесе елді мекендерге туристер жыл  бойы біркелкі түрде келсе болады, ал белгілі жыл мезгілінде келіп  тұрса маусымдық  туризм деп айта аламыз. Маусымдық туризмнің өзі  жазғы, қысқы және маусымаралық туризм болып бөлінеді.  Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді: а) балалар мен  жасөспірімдер туризмі;  ә) жастар туризмі;  б) ересектер 

туризмі.  Ересектер туризмін орта жастағылар мен  қарт адамдар туризміне  бөлуге болады. Әлеуметтік  құрылымы бойынша а) қала тұрғындарының туризмі;ә) ауыл тұрғындарының туризмі; б) отбасы туризмі болады.  Туристердің  сапар желісінде орналасуы бойынша  туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ үй типтес және ә) қонақ үй типті емес туризм. Туристік саяхат мақсатына қарай туризм келесідей: а) рекреациялық, ә) экскурсиялық және б) мамандандырылған немесе арнайы  туризм болып бөлінеді. Рекреациялық  туризмге емделу және сауықтыру мақсатындағы саяхат кіреді. Рекреациялық туризм климатпен  емдеу, бальнеологиялық және балшықпен  емдеуден тұратын курорттық емдеу  туризмі мен демалыс үйлері мен  пансионаттардағы және спорттық жорықтардағы сауықтыруды қамтитын сауықтыру-спорттық  туризміне бөлінеді. Экскурсиялық  туризм  –  табиғаты мен  әлеуметтік-экономикалық (антропогендік) тұрғыдан  қызықты орындармен танысу мақсатындағы саяхат, бұл басқа аудандарға немесе

елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм  –  арнайы бағдарлама және маршрут  бойынша өткізілетін саяхат. Әдетте оған мақсаттары немесе кәсіби мүдделері  ортақ болатын адамдар қатысады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

41.Туризмде тамақтану жүйесі- Тамақтану құралдары үш белгі бойынша классификацияланады: белгілі бір іс-әрекет түріне жатқызылуы, қатысу формасы, тағам өнімдерін шығарудағы маңызы. Қоғамдық тамақтану жүйесі туристік орталықтың немесе аймақтың туристердің және жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын әр түрлі класстағы бар, кафе, мейрамхана, асхана, жедел тамақтану және өз-өзіне қызмет көрсету орындарымен анықталады. Тамақтану түрлері: таңғы ас, жартылай пансион, толық пансион. Еуропалық стандарт бойынша таңғы ас қонақ үй номер құнына кіргізіледі.

Тамақтандырудың жабық түрі ұйымдастырылған демалыс мекемелері үшін қажет. Демалушылар тамақты  белгілі бір жерде нақты бір  уақытта алады. Тамақтанудың ашық түрі өз бетімен жүрген туристерге, жергілікті халыққа арналған, сондай-ақ ұйымдасқан демалушылар да ақшаға сатып алып тамақтана алады.Қоғамдық тамақтанудың аралас түрінде ұйымдасқан түрдегі  демалушыларға арнайы орындарда  белгілі бір уақыттарда тамақтану  көрсетіледі, ал басқа уақыттарда келушілердің барлығы ас мәзірі бойынша өздеріне тапсырыс береді. Тамақтанудың аралас түрі деп ұйымдасқан демалушылардың талон арқылы қоғамдық тамақтану  мекемелерінде тамақтануын айтады.

 

 

42. Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары.

Қазіріг  туризм  класификациясы  туристік  шаруашылықты,туристік  қозғалысты,жалпы  туризмнің  ауиақтық  ұйымдыстырылуы  мен  дамуын  жоспарлау  үшін  қажет.Бұл  классификацияның  мәні  туризмнің  жеке түрлерін бөліп  көрсету.Қазіоіг  уақытқыы  дейін  туризмге  наөты  классификация  жасалынбаған,себебі  қазіргі  туризмнің  таза  бір түрін,формасын  бөліп  көрсету  мүмкін  емес.Бірақ,классификация  туризм  мен  оның  инфрақұрылымының  дамуын  зерттеу үшін,белгілі  бір  туристік  қызметтер  сұранысын  анықтау  үшін,сонымен  қатар  туризмнің  материалдық  техникалық  базасының   дамуын  жоспарлау  үшін,  қажет.Туризмді  әр  түрлі  белгілеріне  қарай:  мақсатына,саяхаттың  мерзімі мен  ұзақтығына,қозғалыс  түріне,орналласу  орнына,саяхатқа  қатысушылардың  құрамының  спасына  және  т.б  классификациялауға  болады.

Туризм формалары мен  кластарына  қарағанда оның  түрлері  әр алуаболып табылады. Олар бірқатар факторларға:

- бос уақыттың бар болуына  және ұзақтығына;

-  туристердің  жас  мөлшері мен жынысына, денсаулығы  мен рухани

дамуының  деңгейіне, адамның  жеке  талғамы мен материалды

айырмашылығына;

- табиғи жағдай мен  мезгілдің әртүрлілігіне;

- белгілі қозғалыс құралдарының бар болуына және т. б.  байланысты.

Сапардың  мақсаты, шарты, бағыты мен масштабы бойынша туризмді, кластарға және түрлерге бөлуге болады.Қоғамдық  функциясы мен  өндірістік технологиясы бойынша туризмнің негізгі формасы бар: емдік, спорттық-сауықтыру және танымдық формасы. Осылардың  барлығы адамның  физикалық  және рухани күштер калпына келтіру қажетін қамтамасыз етеді.Көптеген авторлар оның басты мәселесін бір

ауыздан мақұлдайды және саяхатты мақсаты  жағынан демалыс пен көңіл  көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалыс пен  көңіл көтеру мақсатымен  өткізілетін  саяхаттар (рекреациялық  туризм) туризм дамуының  негізгі бағыты болып  саналады .Туризмнің түрлері әралуан белгілері бойынша одан  әрі

классификацияланған.  Ұйымдастыру  сипаты бойынша туризм:

а) ұйымдастырылған (жоспарлы);  ә) әуесқой (өз жоспары бойынша);

б) ұйымдастырылмаған («жабайы»)  болып бөлінеді. Турист  өз қажеттіліктерін  өз еркімен  қанағаттандыра алады. Олар туристік фирма қызметін  пайдалануы немесе пайдаланбауы да мүмкін; толық  қызмет

көрсетілетін саяхат бағасын  алдын ала төлеуі мүмкін немесе демалыс  орнына келгеннен кейін  әрбір  қызмет  үшін бөлек төлесе де  өз еркі. Туристік фирмалар  ұсынатын сапарларды  ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі  ұйымдастырылған  туристер алдын ала белгіленген  мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады.Оның ұйымдастырылмаған  туризмінен айырмашылығы  –  әуесқой  және жабайы туристер  өздерінің  саяхатын  өзінше  ұйымдастырады.  Әуесқой туристердің   ұйымдастырылмаған  туристерден айырмашылықтары болады.Әуесқой  туристер туристік ұйымдармен байланыста жұмыс істейді: туристік

ұйымдар саяхат  өткізу жөнінде  кеңес беруі мүмкін, туристік  құрал-жабдықтарды жалға беруі, кейде  туристерді маршрут басталатын жеріне жеткізуі мүмкін және т.с.с. Сонымен  қатар,  әуесқой туристер туристік ұйымдарға маршруты, өткізу мерзімі  жөнінде мәлімет береді, сондықтан  бұл ұйымдар маршрут өткізілуін бақылай алады, ал қажет болса, көмек  көрсетуіде мүмкін.Жабайы туристер туристік фирмалармен, туристік ұйымдармен байланыс жасамай-ақ,  тек  қана  өздерінің  таңдауымен дербес түрде саяхат жасайды.

Ұйымдастырылмаған туризмнің  мысалы  –  автостоп  әдісімен саяхат жасау.Ұйымдастырылмаған туризм Батыс елдерінде кең  тараған  –  туристік сапарлардың үштен  екісі осындай түрде  өтеді. Тұрақтар мен түнеу

орындарының ұйымдастырылған  жүйесі болмаған жағдайда ұйымдастырылмаған  демалыс орындары пайда болады. Осындай  орындар саны жылдан жылға  өседі, нәтижесінде олар тез «тозады» да, нәтижесінде

демалыс пен туризм ресурстары азаяды. Осындай демалыс орындарының  көбеюі мен тозуы туристерді тартатын сүйікті аудандарымен бірге осындай  елдің бүкіл аумағында байқалады. Маршруттық  туризмді  жалпы туризммен  жұрт жиі теңестіреді.Қамтитын ауқымы бойынша жергілікті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

43. ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму Қазақстандағы туризмнiң тарихи алғышарттары бiздiң д.д. үшiншi мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жiбек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсiздiк алғанға  дейiн туризм басқа да экономика  салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелдi. Туристiк қызметтегi КСРО-ның негiзгi аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңiрi, Ресейдiң, Орта Азияның тарихи орталықтары  болды. Сонымен бiрге, Қазақстанның бiрқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткiштерi мен табиғи көрнектi жерлерiнiң  тарихи мәнiне іс жүзiнде жарнама  жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестiк кезеңде Қазақстандағы  туризм идеологиялық қызметтi атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесi элементтерiнiң  бiрi болып саналды және оның басым  рөлiне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша  қаржыландырылды және елеулi экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстан тәуелсіздiк алғаннан кейін туристiк қызметтi реттеу мен  халықтың тарихи және мәдени мұрасын  қайта өркендету үшiн негiз  қаланды.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан  облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристiк фирмалар желiсi неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристiк ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурсанттардың 88 пайызына дейiн қызмет көрсетедi

Республика бюджетiнен  түсетiн жалпы түсiмдердегi туристiк  қызметтен түскен салық пен алымдардың үлесi 1998 жылы 0,1%-ды құрады. 1999 жылы статистикалық  есеп беру үлгiсi бұл мәлiметтердi жинауды  көздейдi. 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда  елдегi ЖIӨ-нiң туризмдегi үлес салмағының өсу үрдiсi байқалады, ол 1,1%-ды құрады.

Туристiк ұйымдармен 1999 жылы барлығы 228,3 мың туристке қызмет көрсетiлдi, Қазақстанның туристiк фирмаларының қызметiн 55,9 мың шетелдiк азамат пайдаланды, бұл 1998 жылмен салыстырғанда 20,9 мыңға  немесе 60%-ға көп. 1999 жылы қызмет көрсетiлген туристердiң жалпы көлемiнен шетелге  туристердi жiберу 45%-ды құрады, iшкi туризм 30%, шетелдік туристердi қабылдау 24%, экскурсиялық қызмет көрсету 1% құрады.

Қазақстандық туристердің  неғұрлым көп баратын жерлерi: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАӘ. Бiздiң елiмiзге Ресейдiң, Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның, Түркияның азаматтары жиiрек келедi.

Информация о работе Шпаргалка по "Туризму"