Шпаргалка по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:30, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Туризму"

Содержание

1.Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары
2.Спорттық туризмнің түрлері
3.Белсенді саяхаттардың түрлері
4.Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
5.Кіру және шығу туризмі
6.Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті
7.Туризмде қауіпсіздік түсінігі
8.Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадырлар түсінігі.
9. әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
10.Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі
11.Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
12.Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары
13.Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
14.Халақаралық және ішкі туризм
15.Қазақстан республикасында жоғары оқұ орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқұ бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
16.Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм
17.Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
18.Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
20.Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы
21.Қоғамдық туристік үйымдар
22.Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары
23.Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру
24.Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
25.Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
26.Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
27.Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
28.Белсенді туризм түсінігі.
29.Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
30.Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
31.Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
32.«Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері.
33.Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері
34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы
35.Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру.
36.Туризмде интернеттің ролі
37.Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО).
38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.
39.Туристік маркетингтің ролі.
40.Туризмде маусымдық фактор

41.Туризмде тамақтану жүйесі
42.Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары
43.ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары.
44.Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
45.«Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы
46.Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
47.Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау
48.Туристік кәсіпорнының құрылымы
49.Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар
50.Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
51.Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. 52.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (ВЦСПС)
53.туристік жарнама
54.Туристік ағым және туризмдегі маусымдық
55.Шығыс Қазақстанның туристік қоры
56.Батыс Қазақстанның туристік қоры.
57.Солтүстік Қазақстанның туристік қоры
58.Орталық Қазақстанның туристік қоры
59.Оңтүстік Қазақстанның туристік қоры.
60..Туристік шаруашылық
61.Туризм түрлерінің сипаттамасы
62.«Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама
63.Экологиялық туризм.
64.Туризмде сақтандыру
65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mamandikka_kirispe.docx

— 161.02 Кб (Скачать документ)

саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. XVІІІ ғ Ресей курорттарының  дамуының бірінші кезеңі. Бұл процесті бастаушы Ұлы Петр І. Ол 1713 ж бүкіл  халықтың алдында минералды сулардың ізделуі керектігін жариялады. Бұл  мәселе бойынша 1719 ж 20 наурызда арнайы жарлық шығып (Дохтырлық ережелер жайындағы  жарлық), здравница мекемелерінің  заңдық негізіне айналды. Бұл дата Ресей  курорттарының тарихының бастауы  болып саналады. ХІХ ғ жартысына  дейін еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы  сынып өкілдері

болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді "аристократтық  туризм" деп де атады (tourіsme arіstocratіque). Тек ХІХ ғ 2-ші жартысында ғана, әсіресе  ХХ ғ 20-ж туристік қозғалыс өзгерістерге ұшырап, демократиялана бастайды. ХІХ  ғ және ХХ ғ бірінші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға  байланысты болады, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:

- көлік құралдарының дамуы;

- өнеркәсіптің дамуы және  оған байланысты халықтың тіршілік

деңгейінің жақсаруы;

- урбандалудың дамуы;

- бос уақыттың артуы;

- қоғамның мәдени деңгейінің  жоғарылауы;

- туризм жөніндегі мемлекеттік  саясат.

Ең бірінші темір жол  желісі – Манчестер-Ливерпуль 1825 ж  Англияда ашылды. Негізінен, ең маңызды  да бастапқы нүкте 1841 ж ағылшын мұғалімі Т. Куктың Мидленд округіндегі темір  жол компаниясын Лейстер-Лафборо  деген 18 км трассада мейрамдық поезды енгізуге үгіттеуінен басталады. Томас Кук алғашқы болып, 1872 ж қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды. Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы, бірінші менеджержәне туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады. Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық курорттардың дамуына байланысты, бұл елдер де, Англиямен қатар, Еуропада халықаралық туризм орталығына айналып отыр. ХХ ғ 1-ші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз шеңберіне басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі. Туристік сапар желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропағакеледі. ІІ Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің көлемін қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі туризмнің деңгейіне 40-шы жылдардың соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШ пен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына ресми түрде рұқсат етілді. Егер қазіргі жағдайындағы туризм ХІХ ғ соңында пайда болып құрылса, ол ХХ ғ 2-ші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, фтехнология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп ХХ ғ феномені атағына ие болды.

13) Туристік ақпараттың деректері, туризм      саласы бойынша әдебиеттер 

Қазақ энциклопедиясы,"5 том.

Ердавлетов  С.Р-  География  туризма.

Ердаулетов С.Р- История  туризма  2003

Алиева Ж.Н -Экологический  туризм2002

Александрова А.Ю -Международный  туризм 2001

Папирян Г.А -Экономика туризма 1998

Гуляев В.Г Организация  туристической деательности 1996

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14) Халақаралық және ішкі туризм

Туристік ағымның бағыты мен сипаты б/ша, сонымен қатар  құқықтық статусы б/ша туризм 2 үлкен  классқа бөлінеді: ішкі (ұлттық), халықаралық (шетелдік) туризм. ішкі туризм – бұл  азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхат. Ішкі туризм дегеніміз демалыс, спорттық, танымдық және басқа да мақсаттармен адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда туристер елдің шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды. Күнделікті ұлттық ақша айналым құралы, ал туристің ана тілі қатынас құралы болып қала береді. Осындай саяхаттарды ұйымдастыру онша қиынға түспейді, сондықтан олар туристік сапарлардың 80-90% құрады, ал ішкі туризмге жұмсалатын қаражат халықаралық туризмінен 5-10 есе артық

Халықаралық туризм – бұл  азаматтардың өз елінен тысқары жердегі  саяхаты, туристеррдің бір елден  екінші елге немесе бірнеше елдерге  жасайтын сапарлары. Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік

мемлекетке барады. Шет  еліне бару үшін туристік формалдылықтардан: шетелдік паспорт пен визаны жасату, кедендік рәсімдерден өту, валюталың  және медициналық бақылаудан өту  қажет. Бұл халықаралық туризмнің  ерекшелігі және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы болып саналады. Туристік формалдылықтарды жеңілдету (немесе қатал қылу) халықаралық  туризм дамуына тікелей әсер етеді. Шығу құжаттарын жасату рәсімінің ұзақ және қиын болуы, орындау мерзіміні. бұзылуы немесе заңсыз түрде бас  тарту, асып кеткен төлемақысы; валюта айырбасын қатал түрде шектеу сияқты шаралар туристік саяхаттардың дамуына зиян келтіреді. Кедендік декларациялары мен аса тиянақты қадағалау да туризм көлемін азайтады. Осыларға тіл тосқауылын да қосуға болады. Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі – елдің төлем балансына тигізетін әсері. Шетелдік туристер қабылдаушы елдің бюджетіне валюта түсіреді. Сондықтан шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп те атайды. Ал туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» немесе пассивті дейді. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Олар туризмнің екі бөлігі болып табылады. Ішкі туризм халықаралық туризм дамуының негізін құрайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып саналады. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік

қозғалысқа, халықаралық  туризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.

 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15)Қазақстан республикасында жоғары оқу орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқу бітірушілердің білім денгейіне  қойылатын талаптар.

Туристік қызметтерің  сапасын қамтамасыз ету мәселесі туризм индустриясының қызметкерлерінің білім сапасына тікелей байланысты. Қазақстанда туристік кадрларды  дайындау жүйесі орта буындағы мамандар, оларды профельді колледждер және лицейлер дайындайды, туризмнің менеджерлері мен және магистрлері қамтиды. Сонымен  бірге түрлі қоғамдық туристік кадрлар  туризм федерациясының қатысуымен дайындалады. Жұмыс істейтін мамандар әр 5жылда  білімін жетілдіру үшін курстық  дайындықтан өтуге тиісті. Оны  бақылау туризм саласындағы уәкілетті  органға ж/е оның бөлімшелеріне  жүктелген.

Жоғарғы туристік білім берудің  тиімділігін жоғарылату үшін кредит жүйесіне көшу ықтималын тигізді, еңбек  нарығының конъюнктурасы өзгеруіне  элективтық компоненттерді таңдау арқылы бейімдеді.

Сапалы туристік білім  алуды жоғарылату ж/е алған білімді  әлемнің туристік региондарында  іске асыру сұрақтарына Дүниежүзілік туристік ұйым үлкен көңіл бөледі.

Тедкуалдың сертификациялық  жүйесі Бүкіләлемдік туристік ұйыммен  ж/е Societe Generale de Surveillance – дүниелік аты  бар сертификациялық институтпен  бірге жасалған.

Бұл жүйенің мақсаты –  түрлі мекемелерде туризм саласындағы  оқу орындарында білім бағдарламаларының  сапасын ж/е тиімділігін жетілдіру.

Тедкуал сертификациялық  жүйесі білім сапасын қамтамасыз ететін, WTO білім кеңесіне жататын, білім  мекемелерінің эксперттерімен құрылған уникалды жүйе. Олардың әрекеттері арнайы Жоғарғы деңгейдегі туристік білім бағдарламаларына бағытталған.

Туризм кафедрасы мамырдың 3-7 аралығында Тедкуал сертификациясынан  өтеді. Сертификат 4 жылға беріледі. Оның нәтижесінде кафедра тедкуалдың жүйесімен ж/е құқықтарымен қолдануға  мүмкіндік алады. Осы бағдарламаларды  іске асырып жатқан оқу орындары келесі артықшылықтарға ие болады:

Халықаралық мойындалған  ерекше саналы білім алу

Мәртебелі білім беретін  институттарының ВТО білім кеңсесінің бір бөлігі болу

Сертификациялық уақыты өткенше  тедкуал эмблемасымен пайдалануды Оқу орындарының бітірушілерінің академиялық дәрежесіне кепілдік береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16) Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм.

1993 ж  ЮНВТО-ның Оттавада өткен конференциясында  туризмнің кейбір ұғымдары анықталды,  атап айтсақ жаңа ұғымдар: ұлттық  туризм және ел ішіндегі туризм  түсініктері қабылданды. Ұлттық  туризм ішкі және шығу туристік  ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі  туризм – ішкі және кіру  туристік ағымдарды қамтиды. Бұлар туристік  ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. туристің саяхат жасау мақсаты оның шыққан немесе баратын елін анықтайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса – мұндай туризмді шығу туризм дейді, ал баратын елінде кіру туризмі деп аталады.Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристік ағымдардан құралады.Бір елдің ішіндегі туризм ішкі және келетін туристік ағымдарды қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17) Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.

Спорттық  туризмге спорттық мақсаттары басым  болатын туристік шаралар жатады. Спорттық туризмнің спорт түрлерінің барлық белгілері: жарыстар, ережелер, спорттық дәрежелер және оларға қойылатын  талаптар бар. Спорттық шеберліктің  спорттық туризмге сай өз ерекшеліктері  тән. Спорттық туризм спортының мағынасы – классификацияланған әртүрлі  қиындық дәрежедегі маршруттар бойынша  жорықтарды орындау. Осындай жорықтардың  мақсаты – құрамына әртүрлі табиғи және жасанды кедергілері, түрлі  климат жағдайларында бейімделу  кіретін жорық маршрутынан өту  және спорттық шеберлікті жетілдіру.

Маршрутты әзірлеу

Маршрут күрделілігі біртіндеп  қиындау керек, мысалы, 1 дәрежелі жорықта  қатысқандар 2 дәрежеден өтуді көздеуі  мүмкін және т.с.с.

Белсенді туризмдегі классификацияланған  туристік саяхат - белгілі бір қиындық  категориясына сәйкес келетін бағыт. Туристік маршрут - белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі  бір уақытқа арналған алдын –ала жоспарланған жылжу трассасы.

Асулардан өту ерекшеліктері

1. Жолдың қиын бөліктерінің  сипаттамасы

2. Асулардан өтуге қажетті техникалық,тактикалық және демалуға қажетті орындарды айқындау.

3. Маршруттық сандық сипаттамалары.  Сақтандыру нүктелерінің саны.

4. Жорыққа қажетті арнайы  жабдықтары

Қиындық категорияларды анықтауда 3 классификациялық сипаттама:

1. Маршруттың техникалық  қиындығы.

2. Жорықтың ұзақтылығы ( уақытпен )

3. Ара – қашықтық (км)

-5-ші категория үшін ара- қашықтық 10-20 күн.

-4- ші категорияға 7-8 күн берілед

-3-ші категорияға 4-5 күн.

- 2-ші категорияға 2-3 күн.

- 1-ші категорияға 1 күн.

35

   Жорықтардың қиындық дәрежелеріне (категорияларына) қойылатын талаптар

 

Жорық күрделілігінің дәрежесі

I

II

III

IV

V

VI

Ұзақтығы (... күннен кем емес)

6

8

10

13

16

20

Жорық жолының арақашықтығы (... км-ден кем емес)

- жаяу

 

 

120

 

 

150

 

 

190

 

 

220

 

 

250

 

 

300

- шаңғы

130

160

200

220

300

300

- тау

100

120

140

150

160

160

- су (ескекті кемелер)

150

160

170

180

190

190

- велосипед

250

500

600

900

1000

1000

- мотоцикл

1000

1500

2000

2500

3000

3000

- автомобиль

1500

2000

2500

3000

3500

3500


Информация о работе Шпаргалка по "Туризму"