Шпаргалка по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:30, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Туризму"

Содержание

1.Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары
2.Спорттық туризмнің түрлері
3.Белсенді саяхаттардың түрлері
4.Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
5.Кіру және шығу туризмі
6.Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті
7.Туризмде қауіпсіздік түсінігі
8.Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадырлар түсінігі.
9. әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
10.Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі
11.Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
12.Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары
13.Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
14.Халақаралық және ішкі туризм
15.Қазақстан республикасында жоғары оқұ орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқұ бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
16.Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм
17.Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
18.Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
20.Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы
21.Қоғамдық туристік үйымдар
22.Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары
23.Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру
24.Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
25.Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
26.Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
27.Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
28.Белсенді туризм түсінігі.
29.Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
30.Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
31.Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
32.«Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері.
33.Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері
34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы
35.Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру.
36.Туризмде интернеттің ролі
37.Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО).
38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.
39.Туристік маркетингтің ролі.
40.Туризмде маусымдық фактор

41.Туризмде тамақтану жүйесі
42.Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары
43.ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары.
44.Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
45.«Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы
46.Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
47.Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау
48.Туристік кәсіпорнының құрылымы
49.Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар
50.Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
51.Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. 52.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (ВЦСПС)
53.туристік жарнама
54.Туристік ағым және туризмдегі маусымдық
55.Шығыс Қазақстанның туристік қоры
56.Батыс Қазақстанның туристік қоры.
57.Солтүстік Қазақстанның туристік қоры
58.Орталық Қазақстанның туристік қоры
59.Оңтүстік Қазақстанның туристік қоры.
60..Туристік шаруашылық
61.Туризм түрлерінің сипаттамасы
62.«Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама
63.Экологиялық туризм.
64.Туризмде сақтандыру
65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mamandikka_kirispe.docx

— 161.02 Кб (Скачать документ)

туристiк кадрларды арнайы даярлауды  және туристерге қызмет көрсету жөнiндегi туроператорлар мен турагенттердiң  қызметiнде қауiпсiздiк техникасы  жөнiндегi нормалардың, ережелердiң  сақталуын бақылауды жүзеге асыру  мәселесiн пысықтау;

туристiк ортаны қорғау және күзету;

қорғану және қауiпсiздiк мәселелерi бойынша халықты және туристердi ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестiкке  және адам саудасына, әйелдер мен  балаларды жұмыспен және жыныстық қатынаспен қанауға қарсы күрес жүргiзу;

Қазақстанға туристiк және өзге де көшi-қон ағындарының кiрiп кету, оның iшiнде туристiң атын жамылған экстремистердiң "ыстық нүктелерге" өтiп кету мүмкiндiгiнiң алдын-алу  үшiн бақылауды күшейту; 
облыстар мен Астана және Алматы қалаларында туристерге көмек ретiнде "hot line" режимiндегi телефондық ақпараттық қызмет құру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8) Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадрлар түсінігі.

Демалыс күнгі жорықтар мен көпкүнді саяхаттардың өткізілуін бақылауды  денешынықтыру ұжымдарының кеңесі, спорттық клубтары, туристік клубтары мен секциялары, туризм бойынша жергілікті кеңестері іске асырады.

Туристік топ күрделі жорыққа  шығар алдында маршрутқа шығарға  екі апта қалған кезде кешіктірмей  туризм эәне экскурсия бойынша облыстық кеңестің ұйымына хабарлайды, бақылау-іздестіру  қызмет бөліміне топтың қайту уақытын  және жеке бөліктерді жүріп өтуге  кететін уақытын көрсетілген  нақты маршрутты айтып кетеді.

Топтың күрделі маршрутты жүріп  өтуін тікелей бақылауды смаяхатқа  рұқсат берген ұйым іске асырады.

Барлық дәрежедегі күрделілікті саяхаттарды  өткізу кезінде топ жергілікті билік  орындарында маршрутты жүріпөту туралы белгілер жасауға міндетті. Күрделі саяхаттарда топ өзінің ұйымына маршруттың бақылау пунктерін  өтуі туралы хабарлауы тиіс.

Клубтардың  мақсаты мен міндеттері:шығармашылық бос уақытты ұйымдастыру, салауатты  өмір үлгісін насихаттау, спорттың әртүрлі түрлерін көпшілікке тарату, жастарды алдын ала әскерге дайындау, халықтық-қолданбалы кәсіпшілікке оқыту, халықтық шағармашылыққа қатыстыру. Біздер үйірмелердің және секциялардың зор  таңдауын ұсындық: дойбы, шахматтар, стол үсті теннисі, бокс, күрес, гимнастика, домбырада ойнауды үйрету, пантомималар, би, футбол, және тағы да көп басқалар. Клубтар жалпы білімдік мектептермен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Аула клубтарының сындарлы жұмысы жастардың  салауатты үлгідегі өмірдің және жасөспірімдер ортасында нашақорлық және қылмыстықтың профилактика кепілі болады, бұл мемлекет билігі жергілікті органдарының мүддесі саласында болмауы мүмкін емес.

Туристiк кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшiн мыналарды  орындау қажет:     

 Халықаралық тәжiрибеге сәйкес  Дүниежүзiлiк туристiк ұйым ұсынған  туризм бойынша мамандықтарды  "Қазақстан Республикасының бакалавриат  және магистратура мамандықтарының  жiктегiшi" ҚРМЖ08-2004 Мемлекеттiк жiктегiшке  енгiзу;     

 туристiк сала үшiн кадрлар  дайындайтын жоғары оқу орындарына  туристiк бiлiм беру сапасының  "WTO - Теd Qual" сертификатын енгiзу;      

 республикада ғылыми-практикалық  конференциялар өткiзудi және  кадр дайындау мен туристiк  индустрияны дамытудың негiзгi мәселелерi  жөнiндегi халықаралық туристiк iс-шараларға  Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру; 
      туристiк кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және орта оқу орындары үшiн оқу бағдарламаларын, оқу-әдiстемелiк құралдарды, оқулықтар мен көрнекi материалдарды әзiрлеуге қатысу;     

 гидтар, экскурсияшылар, туризм  нұсқаушыларын қоса алғанда, туристiк  индустрия мамандарын, оның iшiнде  айрықша қорғалатын аумақтар  мен мемлекеттiк ұлттық парктер  үшiн, оқытып-үйрету семинарлары  мен бiлiктiлiгiн арттыру курстарын  тұрақты негiзде жүргiзу;     

 Еуропа бiлiм беру қорымен  халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде  дайындалған "Туризм саласындағы  ұлттық бiлiктiлiк құрылымы" (ҰБҚ)  пилоттық жобасын iске асыруды  және Алматы қаласында ҰБҚ  әзiрлеу жөнiндегi Үйлестiру орталығын және орталықазиялық өңiр елдерi үшiн басқа да бiрлескен халықаралық жобалар құруды жүзеге асыру. 
      Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша туристiк саланы дамыту жөнiндегi маңызды шаралардың бiрi оның ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуi болып табылады. Республикада саланың ғылыми-әдiстемелiк базасы жоқтың қасы, ал осы уақытта Германия, Ұлыбритания секiлдi әлемнiң дамыған елдерiнде мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұлттық туризмнiң даму болашағын зерттеу және болжамдау жөнiндегi орталықтар бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9) Туристік әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекiтiлген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру кезеңiнде халықаралық туристiк байланыстар бiршама кеңейдi, туристiк саланың заңнамалық және нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiлдi. Бұл ретте туристiк саланы дамыту жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының негiзгi өлшемдерiн есепке ала отырып iске асыруға басты назар аударылды.     

 Жетi  кластерлiк бастаманың iшiнде туристiк  индустрияның экономиканың басым  секторларының бiрi ретiнде танылуы  оны дамытуға жаңа серпiн бердi.      

 Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң туризм  саласындағы белгiлеген барынша  маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды  орталық азиялық өңiрдегi туризм  орталығына айналдыру

 

 

 

 

 

 

10) Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі.

Ресей империясындағы туризмнің ұзақ тарихы бар. Егер «ел  туризмі» деген үғымның қазіргі  түсінігін басшылыққа алатын болсак, орыс дворяндарының шет елге шығуы XVIII ғасырдың басынан басталады. Олардың  сапарларын «туристік» деп атауға әбден  болады, себебі дворян шет елге барғанда ақша табу үшін емес, білім және әсер алу үшін жолға шықты.

Ресей ішінде немесе шет елге арнайы ұйымдастырылған  ұжымдық сапарлардың алғашқысы  деп зерттеушілер 1777 ж Москвада В. Генш ұйымдастырған «Жат елдерге  мүмкін болар саяхаттардың жоспарын»  санайды. Бұдан ерте мұндай саяхат болды  деген құжат табылған емес. Сондықтан  да В.Генштің «Жоспарын» Ресей туризмінің тарихының басталуы, кездейсоқ жеке адамдардың уақыт өткізуі емес, алғашқы ұйымдасқан кимыл-қозғалыстың бастамасы болып есептеледі.

1777 ж  желтоқсанда «Московские ведомостидің»  оқырмандары түрлі хабарлардың  қатарында газет беттерінен «Жат  елдерге мүмкін болар саяхаттарды  ерекше адамдардың талап етуі  бойынша В. Генш мазмұнды да  игілікті істі бастап отыр»  деген айдармен мақала шықты.  ұйымдастыру ісінің барлығьш  өз мойнына алған «Жоспар» авторының ресейліктерді Батыс Европа елдеріне топ құрып сапар шегуге алғашқы шақыруы осылай деп аталды.

В. Генштің  Москвада пансионы болды, 20 жылдан астам  уақыт бойы жасөспірім ұлдардың тәрбиесімен шұғылданды. өте білімдар адам болған, шет елдің бірнеше академиясында жұмыс істеп, саяхаттың жастар тәрбиесіндегі маңызын саналы түрде біліп, Европаны бірнеше мәрте аралаған.

Саяхаттарға ерекше маңыз беру оның «Жоспарынан» бастау алады, онда «Сәби санасын  тек қана ғылыммен толтыруға риза емеспін, олардың жүрегін мейірбанды іске дағдыландырып, оған әлемге пайдалы  саяхатгар жасау арқылы жетуге болады. Олар жат жерлерден көрген есте қаларлық керекті білімдерді өз Отанында пайдаға асыруы керек» деді. Генш «Жоспарында» немістің не итальянның немесе француздың бір-бір университетіне қысқа оқу курсымен шегуді жобалады. Университеттерді көріп болғаннан соң Швейцария, Италия және Франция елдерін аралап, ол елдердің көркемөнерімен танысып, фабрика ісін жолға қоюды мақсат етіп еді. В. Генштің «Жоспары» XVIII ғасырдың соңғы ширеі шет елге туристік саяхат ұйымдастырудың алғашқы ұсынысы болумен қатар онда топ-топ адамдар тәжірибелі жеті бастауымен Батыс Европа елдеріне ұжымдық сапар керек болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11) Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.

Туризм  саласындағы жарнама іс-әрекеті  макро- және микро деңгейлерде жүзеге асырылады. Макродеңгейдегі жарнама  мемлекет жарнамасын туристік дестинация ретінде де, мемлекеттің бөлек  аймақтардың жарнамасы ретінде  де анықталады. Бұл жарнама мемлекеттік  әкімшілік органдарымен - министрлікпен, басқарма, комиттеттермен іске асырылады.  Микродеңгейдегі жарнама туристік фирмалармен, қонақ үйлермен және басқа  да туристік мекемелермен жүргізіледі. Бұл жарнаманың басты мақсаты - нарыққа  белгілі бір туристік қызметтер  және өнімдерді жылжыту, туристік индустрияның бөлек мекемелердің бедел жарнамасы.

Жарнама мақсаттары мақсатты аудиторияға және басқа да маркетингтік коммуникацияларға байланысты әр түрлі  болу мүмкін.

Жарнаманың фирма және оның қызметтері туралы танымалдықты тудыру мақсаты  мақсатты аудитория  фирма және оның қызметі туралы білмеген жағдайда ғана бола алады. Әдеттегідей  бұл мақсат жаңадан құрылған фирма, жаңа нарыққа шығу кезінде немесе жаңа өнім мен қызметті жылжыту үшін тән.

Жарнама кең географиялық нарықты қамтиды. Public Relations жүйеге қарағанда жарнамалық өнім жарнама иеленушімен толығымен  бақыланады және өнім, қызмет пен фирманының өзін әсерлі таныстыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жарнама, мүмкін тұтынушымен сұхбатты (диалог) жүзеге асырады.

Кең мағынада жарнама мағынасында  өнім мен қызметтер туралы кез  келген ақпарат жатады. Кез келген жарнама-ақпараттық материалында тұтынушылардың белгілі бір фирма, қызмет пен  өнімге назарын аударту. Жарнама, әдеттегідей, ақылы ақпарат ақпарат болып табылады, яғни, газет, теледидарда пайда болу үшін жарнама беруші төлейді.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   12) Туризмнің пайда болуы мен дамуының        тарихи алғышарттары.

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде  ежелгі замандарға терең кең тамыр  жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында  көптеп айтылады, әсіресе В.

Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде. Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:

1. XVІІІ ғ соңына дейінгі  туризм:

а) ежелгі туризм;

б) орта ғ. мен қайта өрлеу  дәуірі кезіндегі туризм;

в) XVІІ және XVІІІ ғ туризм.

2. ХІХ және ХX ғ.ғ  – ІІ Дүниежүзілік соғысқа дейінгі

туризм.

3. Қазіргі заманғы туризм.

Туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда  басталды деп санайды. Біздің заманға  дейінгі ІV мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы  көшіп-қонушылыққа жататыны – діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға  дейінгі VІ ғасырда египет фараоны  Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған. Ертеректе  туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе  жиілеп салына бастаған пирамидалар  саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы

дамыған жол торлары мен  сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде  пайда болуы бұл саяхаттарды  белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін  әкелмеді. Жол тораптарының маңызын  тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып, өз мемлекеттерінің территориясында  қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды (ұзындығы 3 мың км). Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткей аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден

кейін парсы жолдары бойында  саяхатшыларға демалыс жағдайларын  қамтамасыз ететін тұрақтар (керуен-сарайлар) орналас-тырылды. Алайда, антикалық  туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде  туризмнің экономикалық жағына көп  көңіл бөлінді. Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастайды. Римдіктер өздерін сауықтыру  үшін жылы су көздеріне және курорттарға  барып тұруды жақсы көрді. Емдеу  құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды. Швейцариядағы курорт Сент Моритц әйгілі ерекшелігімен пайдаланылды. Біздің заманға дейінгі VІІІ ғ  ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиадаларға көрушілер  немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Ортағасырларда туристік қозғалыс бәсеңдей түсті. Біздің заманның тек ІІІ және ІV ғ қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің  жақсы дамыған түріне айналды. ІV ғ қасиетті жерге қажылық бұқаралық  сипатқа ие болғаны соншалықты, табынушылар  арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде қабылдана бастайды. XVІ  ғ соңынан Англияда "гранд-тур" әйгілі бола бастады – бұл ауқатты  адамдардың континентке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің  шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс  сияқты туризмнің дүниеге қайта  келуі XVІІ ғасырдың соңы мен XVІІІ ғ  басына жатады. XVІІ ғ Еуропада "таза туризм" формасы пайда болды. Бұл, К. Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында

Информация о работе Шпаргалка по "Туризму"