Шпаргалка по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:30, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Туризму"

Содержание

1.Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары
2.Спорттық туризмнің түрлері
3.Белсенді саяхаттардың түрлері
4.Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
5.Кіру және шығу туризмі
6.Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті
7.Туризмде қауіпсіздік түсінігі
8.Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадырлар түсінігі.
9. әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
10.Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі
11.Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
12.Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары
13.Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
14.Халақаралық және ішкі туризм
15.Қазақстан республикасында жоғары оқұ орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқұ бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
16.Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм
17.Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
18.Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
20.Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы
21.Қоғамдық туристік үйымдар
22.Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары
23.Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру
24.Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
25.Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
26.Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
27.Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
28.Белсенді туризм түсінігі.
29.Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
30.Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
31.Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
32.«Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері.
33.Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері
34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы
35.Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру.
36.Туризмде интернеттің ролі
37.Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО).
38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.
39.Туристік маркетингтің ролі.
40.Туризмде маусымдық фактор

41.Туризмде тамақтану жүйесі
42.Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары
43.ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары.
44.Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
45.«Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы
46.Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
47.Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау
48.Туристік кәсіпорнының құрылымы
49.Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар
50.Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
51.Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. 52.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (ВЦСПС)
53.туристік жарнама
54.Туристік ағым және туризмдегі маусымдық
55.Шығыс Қазақстанның туристік қоры
56.Батыс Қазақстанның туристік қоры.
57.Солтүстік Қазақстанның туристік қоры
58.Орталық Қазақстанның туристік қоры
59.Оңтүстік Қазақстанның туристік қоры.
60..Туристік шаруашылық
61.Туризм түрлерінің сипаттамасы
62.«Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама
63.Экологиялық туризм.
64.Туризмде сақтандыру
65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mamandikka_kirispe.docx

— 161.02 Кб (Скачать документ)

       Кейбір  орталарда қала сыртына туристік  саяхат пен экскурсия жүргізетін  бөлімшелер пайда болды. 1920 жылы  мақсаты пролетарлық туризм мен  экскурсияны кең насихаттаушы  біріккен дәрістік-экскурсиялық  бюро құрылды. Жұмысшылар мен  борыштыларға туристік қызметтерді  кәсіподақ ұйымдастырды.

      Тұрғындардың  туризм мен экскурсияға қызығушылығының  артуына байланысты қоғамдық  кадрларды даярлау сұрағы туындады; құрылған экскурсиялық бекеттер  топ экскурсоводтары мен туризм  ұйымдастырушыларын дайындай бастады.

     Кеңес туризміндегі  алғашқы кәсіби кадрларға мұғалімдер  мен комсомол белсенділері жатады. Комсомол комитеттері жанында  туризм бюролары құрыла бастады.

      Осымен  қатар элиталық демалыс пен  сауықтыру үшін база және де  шығу туризмі нарығы  құрылды.  Әл-ауқатты тұрғындар үшін танымдық  бағытта саяхаттар мен экскурсия және де Қырым мен Кавказда демалыс ұсынушы коммерциялық ұйымдар құрыла бастады.

       1925-1928 жылдары  поезд бен теплоходта жолдама  бойынша алыс саяхаттар ұйымдастыратын  «Кеңес туристі» мемлекеттік  акционерлік қоғамы жұмыс істеді.

       Бұл кезең мынадай тенденциялармен  сипатталады:

  • туристік бағыттағы кіші және орта коммерциялық мекемелерді құру;
  • туристік қызмет нарығын құру және олардың сұранысын элиталандыру;
  • туристік инфрақұрылымды құрастыру: мейрамханалар, қонақ үйлер, транспорттық жүйелер;
  • екі элемент: әл-ауқаттылар үщін элиталық туризм және интеллигенция үшін экскурсиялық туризм байқалатын туристік нарықты құрастыру;
  • туристік фирма, бюро, компания, клуб, қоғамның пайда болуы.

       Ұйымдық-орталықтанған кезең (1930-1970жж).

       1927 жылы  Мәскеуде Ресейлік туристер қоғамы (РТҚ) өз жұмысын қайта бастады,  бірақ конференциядан кейін ол  Пролетерлық туризм мен экскурсия  қоғамы (ПТЭҚ) деген атқа өзгертілді. Қоғамның өзінің нақты ұйымдастырылған  құрылымы болды: әр мекемеде  құрылған филиалдар, қоғам құрамына  кірген бөлімшелер.

       Туристік-экскурсиялық  жұмыс кезінде олар еңбекшілер  тілектеріне бағытталды. Шаңғы және  жаяу туризм, өзіндік туризм ерекше  сұранысқа ие болды.

        ПТЭҚ  елдегі туристік-экскурсиялық жұмыстардың  90% іске асырды. Қоғам қызметі  тек қана ересектер туризмін қамтыған жоқ. 1929 жылы қоғам жанында балалар туристік-экскурсиялық бекеттері құрылды.

        Туризмнің  даму кезеңі, яғни 1936-1970 жылдар басқаруға  жаңа ұйымдастыру формаларының  енуімен сипатталады. 1936 жылы ПТЭҚ  өз ісін тоқтатты, ал барлық  мүлік туризм мен экскурсия  саласындағы қызметтермен айналысатын  Туристік-экскурсиялық басқармаға (ТЭБ) өтті.

        ТЭБ  басқаруында барлық материалды-техникалық  база мен халықты туристік-экскурсиялық  өызметпен қамтамасыз ету болды.

        1937-1940 жылдары туризм құрылымына кешенді  қайта құру жасалынды, оның  негізінде капитал салуды, кадрларды,  рекреациялық қызмет географиясын  мемлекеттік-партиялық қатаң жоспарлау. 1940 жылы ерекше сіңірген еңбегі  үшін туристік атақ енгізілді.  Құрметті туристер «КСРО туристі»  белгісімен марапатталды.

        Туристік  шаруашылықтың жандануы соғыстан  кейінгі алғашқы жылдары-ақ басталды. Соғыс кезінде әскери ұйымдар  орналасқан Сочи, Грузия, Оралда  базаларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1946 жылы Калинин облысында және  Эстонияда, 1947 жылы Краснодар өңірінде, 1948 жылы Бақшасарай, Ленинград облысында  жаңа базалар ашыла бастады.

        Жастар  халықаралық туризмін дамыту  мақсатында 1958 жылдың маусымында  «Спутник» халықаралық жастар  бюросы құрылды. Бюро КСРО жастар  тобын басқа елдермен тәжірибе  алмасу жұмытарымен айналысты

        1960 жылдардың  басында туристік іс-әрекет белсендіріле  бастады. Сондықтан туризм бойынша  кеңестер құрылды.

        Соғыстан  кейін қалпына келтіруден басқа  Ұйымдастыру-орталықтандыру кезеңі  мынадай да ерекшеліктерімен  сипатталады: 

  • рекреациялық туризм үшін материалдық базаны құру (демалыс үйлері, санаторийлер, пионер лагерлері)
  • шығу туризмін шектеу

      Әкімшілік-нормативтік кезең (1970-1990жж)

      Бұл кезеңдегі  туризмнің дамуы орындалуы міндетті  жоспарларға сәйкес іске асты. Олар ұзақ мерзімдерге арналды,  туризмнің жоғарғы органдарымен  бекітілді. Туристік индустрия  мен қызмет көрсетуді дамытудағы  жоспардың нормативтік көрсеткіштері  қатаң бақылауға жатты. 

      Туризм  жастарға деген тәрбие құралы  ретінде қарастырылды. Осылайша, 1970 жылдары жалпыодақтық жастар  мен оқушылар экспедициялары  мен саяхаттары іске асырылды. Бұл шаралардың негізгі мақсаты  патриоттыққа тәрбиелеу, экскурсия-өлкетану  жұмыстарына үйрету, спорттық жаттығу  болып табылды.

       Осы  уақыттан бастап демалыстың жаңа  формалары енгізіле бастады. Кейбір  турбазалар балалар мен ата-аналарын  бірге қабылдай бастады. Туристік  шаруашылықта туристік қызметтер  ассортименті артты.

       Туризм  және экскурсия орталық кеңесі (1969 жылдан бастап осылай атала  бастады) Туристік-экскурсия жұмысшыларының  біліктілігін арттыру орталық  курсын және туристік және  экскурсиялық қызмет бойынша әдістемелік әдебиеттер шығаратын «Турист» жарнама-ақпараттық бюросын ашты. Негізгі бағдар сол кездегі жұмыс істеп тұрған қонақ үйлер мен кемпинг, базаларға аударылды.

      Туристік-экскурсиялық  іс-әрекет қызмет көрсету саласының  үлкен бөліміне айналды. Маршруттар  дамыды, транспорт саяхаттары ұйымдастырылды: теплоход, темір жол, әуе саяхаты.

      Болашақтағы  құрылыс жоспарларында негізгі  назар үлкен туристік кешендерге  бағытталды. Олар: құрамында қонақ  үй, турбаза, кемпинг, қоғамдық  тамақтандыру орны, дүкендері бар  туристік кешендер.

      1980-1992 жылдар  аралығында емдік-сауықтыру мекемелерінің  иатериалдық-техникалық базалары  өсті, ірі қалаларда қонақ үй  кешендері пайда болды (Мәскеуде  «Измайлово» және «Салют», Кисловодскте  «Велинград» т.б.). Санаторий, демалыс  үйлері базасында рекреациялық  қызмет өте жақсы болды.

       Әкімшілік-нормативтік  кезеңнің негізгі ерекшелітері  мынадай:

  • қатаң норматив пен жоспарлау шартындағы туризмнің дамуы;
  • қызметтің жаңа түрлерінің дамуы (отбасылық демалыс, курстық емдеу)
  • ірі және комфортты қонақ үй кешендерінің салынуы
  • туризмді оқудың ғылыми негізінің қалануы

     Өтпелі кезең (1990ж)

     Туризм дамуының  бұл кезеңі әкімшілік бақылау  кезеңінен кәсіпкерлік және нарық,  туристік іс-әрекетке бағытталған  жаңа заңдарға негізделген экономикалық  тұрақтылыққа өтумен сипатталады.

     Өтпелі кезең  ерекшеліктері:

  • монополиялық  шаруашылықтан көпдаралыққа өту;
  • жаңа заңдар негізінде туристік нарықты құрастыру;
  • жаңа экономикалық және құқықтық қатынастар негізінде туристік ресурстарды пайдалану;
  • туризм материалдық базасының қажетсіздігі;
  • көптеген кіші және орта туристік мекемелердің пайда болуы;
  • шығу туризмінің дамуы, соның ішінде шопинг мақсатында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25) Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.

Маркетинг тұжырымдамасы  нарықтың толуына және клиент үшін бәсекелестікке байланысты нарық қатынастар кезеңінде пайда болған. Маркетинг  – ұйым мақсаттары мен ресурстарының  сыртқы ортаның мүмкіншіліктері  мен

қажеттіліктеріне шоғырлану  процесі. Маркетингтің стратегиялық тұжырымдамасы  дегеніміз көзқарасты тауардан немесе тұтынушыдан сыртқы ортаға аудару, яғни жетістікке жету үшін тұтынушыны белгілі бір ортада зерттеу, оған әсер ететін макроортаның факторларына (экономикалық, экологиялық, саяси, әлеуметтік және т. б.) талдау жасау.

Маркетинг технологиясын, қағидаларын, концепцияларын туризмде 1971 жалғашқы қолданған танымал швейцар зерттеушісі  Х. Криппендорф болды. Бұл ғалымның туристік маркетингке берген түсінігі мынадай: «Туристік маркетинг дегеніміз  туризм аясындағы жеке меншік және мемлекеттік саясат, туристік мекеме қызметінің жүйелі өзгерістері мен

координациясы. Бұндай өзгерістердің  мақсаты – табыс түсіру мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір топ  тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру». Сонымен, маркетинг – бұл кәсіпорынның нарықтағы әрекеттерінің

тұжырымдамасы, стратегиясы  және тактикасы. Маркетингтің мақсаты  – нарықтың қажеттіліктері мен талаптарын зерттеп, қоғамның және қоршаған ортаның  талаптарына сай нарықта өз әрекеттерінің  стратегиясын орнату. Туристік маркетингтің ерекшелігі туристік өнімнің, туристік қызметтердің өндірушілері мен тұтынушыларының  ерекшеліктерімен анықталады. Туристік өнім сапасын бағалау өте субъективті болады: бағалауға сыртқы факторлар немесе сатып алынған қызметтеріне қатынасы жоқ тұлғалар (мысалы, туристік топ мүшелері, басқа демалушылар, жергілікті тұрғындар, келген мемлекеттегі жағдай және т. б.) әсер етеді.

Маркетингтің сәтті болу алғышарты – шаруашылық ұйымын нарықтағы  жағдайға орай басқару, маркетинг-функцияларын іске асыру құрылымының бар болуы  және сату саясатына сәйкес әдістерді  қолдану.

Туристік маркетинг-бағдарламасында  келесі кезеңдер қарастырылады:

– бірінші кезең: нарыққа  талдау жасау жұмыстарының негізінде  туристік өнімнің өзіндік және бәсекелестік ұсыныстардың қысқа және ұзақ мерзімді аспектілері белгіленеді;

 – екінші кезең:  өзінің жеке жағдайына сәйкес  және туристік нарыққа шығу  мүмкіндігіне қарай кешенді сауда  саясатының мақсаты белгіленеді; 

– үшінші кезең: алға қойылған мақсатқа жету әрекеттері белгіленеді. Ол үшін:

а) ұсынылып отырған туристік өнімге бейнесі жасалынады, оның басқаларға қарағанда артықшылықтары дәлелденеді;

ә) нарықты сегменттерге бөлу жүргізіледі, яғни рекреациялық қажетін  өтей алатын тұтынушы топтары (балалы жанұялар, спорттық туризммен айналысатындар, белгілі бір аурулармен ауыратындар  және т. б.) жинақталады;

б) туристік ұсыныстар топтастырылады, яғни туристердің қажеттіліктерін  қанағаттандыратын туристік тауарлар мен қызметтер кешені ұсынылады;

в) туристік өнімді таратудың  оңтайлы түрлері таңдалады, яғни туристерге тікелей сату немесе турагенттер  арқылы сату жолдарын іздестіреді;

– төртінші кезең: туристік өнімді өткізу құралдарын пайдалану  – өнімді безендіру, оған баға құрастыру, өнімді сату жолдарын іздестіру, жарнама  жасау, экскурсиялық қызмет көрсету  және т. б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

26) Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.

Халықаралық туристік алмасудың заңдылығын табу туризмді өз-ара байланысты және тарихи құрылған ұлттық және халақаралық  даму факторларының  үйлесу процессі ретінде қарастыру мүмкіндігін  растайды. Бұл екі жақты процесс  туристік байланыстардың мазмұнымен  және сипаты халақаралық қатынастардың  жүйесі ретінде объективті нәтижесі болып табылады. 

Ұлттық және халықаралық туризмнің  өз – ара байланыстылығы, олардың  экономикалық және әлеуметтік аспектілері  туризм жөнінде дүниежүзілік конференциясының құжатында (Манила, 1980) дәлелділігін алды. Бұл құжатта туризм дүниежүзілік дамуының маңызды көрсеткішіне айналуы  жайлы айтылған. Және туризм ролі ұлттық экономикалық әрекетте үнемі өсуде.

Қазақстан егемендік алғалы бері туризм дамуында жаңа мүмкіншіліктері пайда  болды. Қазіргі күні республика шетелдік туристерді тарту үшін біраз әрекеттерді  жасауда, бірақ жеткіліксіз жабдықталу, тозған материалды-техникалық база, төмен  сервиз және көрсетілетін туристік қызметтің  бағасы жоғары болуы   потенциалды  туристерді кері итереді. Туризм, өте  мете халықаралық, бюджетке валюта кірісін  көбейтеді, жұмыссыздықты азайтады, жұмыс орны нарығын кеңейтеді, халықтың табысын және өмір сүру денгейін жоғарлатады, сонымен бірге кез келген мемлекеттің  тұрақты дамуына себеп болады.

«Қазақстан 2030» стратегиясында бірінші  кезектегі міндетте туризм жайлы  және туризм инфрақұрылымы тез арада шешілуін негізгі сұрақ ретінде қойған. Президенттің халыққа жолдауында туризм дамуының нүктелерін тауып, дамыту деген. Мысалға, таушанғы курортарын салу көзделген. Сонымен байланысты туристік бизнесті жүргізудегі жаңа технологияларды білу, коммециялық туристік әрекеттің тәжірибесін, халықаралық туризм дамуының тенденцияларын еске ала тұрып қазақстандық туристік индустрияны жоғары рентабельді қылу.

Информация о работе Шпаргалка по "Туризму"