Шпаргалка по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:30, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Туризму"

Содержание

1.Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары
2.Спорттық туризмнің түрлері
3.Белсенді саяхаттардың түрлері
4.Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
5.Кіру және шығу туризмі
6.Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті
7.Туризмде қауіпсіздік түсінігі
8.Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадырлар түсінігі.
9. әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
10.Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі
11.Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
12.Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары
13.Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
14.Халақаралық және ішкі туризм
15.Қазақстан республикасында жоғары оқұ орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқұ бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
16.Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм
17.Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
18.Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
20.Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы
21.Қоғамдық туристік үйымдар
22.Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары
23.Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру
24.Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
25.Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
26.Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
27.Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
28.Белсенді туризм түсінігі.
29.Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
30.Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
31.Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
32.«Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері.
33.Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері
34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы
35.Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру.
36.Туризмде интернеттің ролі
37.Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО).
38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.
39.Туристік маркетингтің ролі.
40.Туризмде маусымдық фактор

41.Туризмде тамақтану жүйесі
42.Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары
43.ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары.
44.Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
45.«Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы
46.Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
47.Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау
48.Туристік кәсіпорнының құрылымы
49.Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар
50.Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
51.Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. 52.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (ВЦСПС)
53.туристік жарнама
54.Туристік ағым және туризмдегі маусымдық
55.Шығыс Қазақстанның туристік қоры
56.Батыс Қазақстанның туристік қоры.
57.Солтүстік Қазақстанның туристік қоры
58.Орталық Қазақстанның туристік қоры
59.Оңтүстік Қазақстанның туристік қоры.
60..Туристік шаруашылық
61.Туризм түрлерінің сипаттамасы
62.«Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама
63.Экологиялық туризм.
64.Туризмде сақтандыру
65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mamandikka_kirispe.docx

— 161.02 Кб (Скачать документ)

Халықаралық туристік алмасу ҚР-ың және оның халықаралық қатынастарының сыртқы экономикалық байланысының ажырамас бөлігі.

Қазақстанда және шетелде туризм дамуы, осы процесте түрлі ұйымдардың белсенді қатысуы, біздің республикада әр түрлі  ұлттық және аймақтық туризм ұйымдастыруының  формалары ғана емес, сонымен бірге  екі жақты өзара алмасуды нығайту, қатынас және жол жүруге көңіл  бөлу, екі жақты каналдар арқылы халықаралық денгейдегі қатынастарды және туристік бағдарламаларды іске асыру.

Қазір туризм индустриясы, өте мете халықаралық, толығымен қалыптасқан  жоқ, ал ол, оның дамуы жаңа приоритетті  жолдарды ашар еді. Көптеген Батыс мемлекеттерінде  туризм қарапайым азаматтарының  тұрмысына баяғыда енген. Шетелге  саяхат – дағдылы құбылыс. Оған мемлекеттің  әлеуметтік саясаты,  жұмыстан бос  уақыты, халықтың ауқаттылық денгейі, білімнің және мәдениеттің дамуы  және басқа да фактор себепші болды.

Қазақстан дүниежүзілік туристік картада  әлі де «ақ дақ». 1993 жылы Қазақстан  Дүниежүзілік туристік ұйымға (ВТО) мүше болып және Қазақстан территориясында «Ұлы Жібек жолын жанғырту және дамыту»  схемасы құрылсада, олар «туристік ағымға» эффект әкелген жоқ. Бұл факттер біздің елдің шетелде, өте мете жоғары индустриалды мемлекеттерде, ақпаратың аздығын білдіреді. Оларда Қазақстан әлі де көшпенді өмір сүрет деген пікірде.

Тәуелсездік алғанша, туризм, басқа  да салалар сияқты, орталықпен регламенттелген. Совет Одағының негізгі туристік аймақтары Кавказ, Крым, Балтық елдері, Ресейдің тарихи орталықтары, Орта Азия болған. Ал Қазақстанның бір қатар  әйгілі архитектуралық, археологиялық  ескерткіштері жарнамасыз, сұраныссыз қалған.

Туристік әрекет Совет одағы  кезінде мемлекеттің жәрдем ақшасына сүйенген. 1991 жылы ТМД-да туризмге деген  шығын халықтың барлық шығынының 3% құраған, бірақ ескертетіні, туризм және демалыс индустриясының қызметтері мен товарларының  біраз бөлігі ақысыз немесе жеңілдікпен көрсетілген. Қазіргі күні, Қазақстан нарық  қатынастарына көшкен кезде, туризм кәсіподақтың немесе өкіметтің көмегіне сүйене алмайды. Ол шаруашылық әрекетінің саласы ретінде өз бетінше  дамып, экономикалық жүйеге айналу керек.

Ұсыныс бар жерде, сұраныста  болады. Қызмет көлемінің жеткіліксіздігі  кез келген аймақта туристік индустрияны  құруды шектейді. Басқа жағдайда, бар  ұсыныс ол жаңадан пайда болып  немесе аз мөлшерде болсада, тез арада  жергілікті орынға туристік өзгешелік  береді.

Қазақстанда, тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген туристік фирмалар және агенттіктер пайда болды. Алғашында олардың ұсынысы шектелген, шамалы ғана болатын. Жылдан жылға, тәжірибе жинап және қаржы базасын нығайтқан кейбір турфирмалар түрлі қызметті ұсына бастады (мемлекет саны көбейді, виза, паспорт  алу формалары жеңілдетілді т.б.). Қазіргі күнде біз сұраныстың да, ұсыныстың да үнемі өсуін байқаймыз, бұл тенденция жақын арада сақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27) Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.

Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасында туризмнің рөлі біртіндеп арта түсуде және туристік қызметтер қалыптасу  үстінде.

Соған байланысты, елімізде бір қатар  қаулылар мен заң жобалары қабылданды. Оның ішіндегі ең маңыздысы болып, туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы.

Бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі  туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы  тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті  туристік кешен құру, саланы дамытудың  экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету  жөнінде мемлекеттік деңгейдегі шараларды іске асыру.

Бұл бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі Қазақстанның мәдени-тарихи және рекрияцылық аймақтарын дамыту және сақтау. Ол үшін мынандай шараларды  іске асыру қажеттілігі қарастырылған:

- мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық  ресурстарды сақтау және ұтымды  пайдалану;

- халық арасында туризмнің құндылықтарын  насихаттауды және қоршаған ортаға  ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;

- Ұлы Жібек жолы бойындағы  археологиялық, архитектуралық, құрылыстық  обьектілерді зерттеу және т.б.

Елімізде тарихи-мәдени туризм түрін  дамыту үлкен маңызы бар. Соған байланысты ел басы "Түркі тілдес мемлекеттер  басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік Туристік Ұйымның  Ұлы Жібек Жолы бойындағы туризм инфрақұрлымын дамыту жөніндегі  жобасын Қазақстан Республикасында  іске асыру туралы" Жарлығына, "Жібек  жолының тарихи орталықтарын қайта  өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрлымын жасау" мемлекеттік бағдарламасына қол  қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28) Белсенді туризм түсінігі.

Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және табиғатта көлікті қолданудан. Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау және демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді.

Жорыққа шығар алдында топ мүшелері көптеген жағдайларды білуі қажет. Осылардың ең қарапайымы: тауға шығу дегеніміз не?, жорыққа шыққанда қалай тамақтану керек?, кездейсоқ жағдайларда, алғашқы көмекті қалай көрсету керек? деген сұрақтарға жауап іздеуден басталады.

 

29) Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы  туризм дамуының факторы ретінде.

Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және табиғатта көлікті қолданудан. Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау және демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді.

Жорыққа шығар алдында топ мүшелері көптеген жағдайларды білуі қажет. Осылардың ең қарапайымы: тауға шығу дегеніміз не?, жорыққа шыққанда қалай тамақтану керек?, кездейсоқ жағдайларда, алғашқы көмекті қалай көрсету керек? деген сұрақтарға жауап іздеуден басталады.

30) Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары

Туризм индустриясы –  туристік-экскурсиялық реурстарды зерттеп, жүзеге асыратын, туризм базасының материалдық-техникалық тұрғыдан құрастырылуын, туристерге арналған тауарлар мен қызметтерді өндіру, сұрыптау, айырбас ж/е тұтынуды қамтамасыз ететін, өндірістің материалды ж/е материалды емес саласында жұмыс жасайтын мекемелер, кәсіпорындар ж/е ұйымдар жиынтығы.

. Туризм индустриясының  мекемелері мен кәсіпорындары  шартты түрде үш топқа бөлінеді:

1) демалыс орындары мен  маршруттардағы туристік-экскурсиялық  қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаторийлер, кемпингтер; саяхат және экскурсия бюролары; туристік-экскурсиялық тасымалдауға  арналған арнайы көлік; туристерді  сауықтыру, емдеу қызметтерімен,  сонымен қатар сувенирлермен  және басқа туристік тауарлармен  қамтамасыз ететін демалу орындары  мен туристік орталықтары;

2) демалыс орнында туристерге  және жергілікті халыққа тұрмыстық,  мәдени-танымдық, сауда қызметтерін  көрсететін мекемелер (жолаушылар  көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар,  дүкендер, кинотеатрлар, клубтар және  т. б.);

3) туризмнің материалдық-техникалық  базасын құру мен пайдалануды  қамтамасыз ететін өнеркәсіп  мекемелері және оларға еңбек  құралдарын, шикізат, жабдықтау жеткізетін  кәсіпорындар, сондай-ақ туризм сферасына  біліктілігі жоғары мамандарды  дайындайтын мекемелер.

Ресей халықаралық туризм академиясы шығарған «Менеджмент туризма» оқу құралындағы туризм индустриясының анықтамасы мынадай: «Туризм индустриясы  – бұл функциялары бос уақыттағы  демалыс пен көңіл көтеру түрлеріне  деген әралуан және .немі өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру болып  табылатын салалар мен кәсіпорындар топтарынан тұратын ірі дербес шаруашылық кешені». Туризм индустриясына туризмсіз  болмайтын тауарлар мен қызметтерді  өндіретін кәсіпорындар кіреді:

- қонақ үй кәсіпорындары;

- тамақтандыру кәсіпорындары;

- көлік кәсіпорындары;

- экскурсиялық, туристік  бюролар мен агенттіктер;

- сувенирлерді шығаратын  кәсіпорындар;

- туристік оқу орындары;

- ақпараттық және жарнамалық  қызмет;

- туристік ғылыми-зерттеу  және жобалау ұйымдары;

- туристік тауарларды  өндіретін кәсіпорындар

Туризм индустриясы үш айрықша  қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуы ресурстарға  бағытталады; екіншіден, туристік қызмет көрсетудің маусымдық қасиеті; үшіншіден  инфрақұрылымының даму деңгейіне қойылатын  жоғарғы дәрежедегі талаптар.

 

 

 

 

31) Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.

Туризм инфрақұрылымы  ретінде құрылыс кешендерін, инженер  және коммункиация жүйелері, оның ішінде телекоммуникация байланысы, жолдар кешендерін қабылдайды.

Халықаралық келесімдер, келу мемлекеттің (аймақ) заңнамасына сәйкес  туроператор немесе турагент туристік шетелге шығу жолдаманы тек қана өмір және денсаулықты сақтандыру туралы күәлікті рәсімдеген кезде туристерге ұсына алады. Туризмдегі сақтандыру туристер медициналық көмегін және олардың белгілі бір мемлекетте (орталықта) келу кезінде қауіп жағдайы  туындаған кезде шығындарды өтейтін  сақтандыру полисін рәсімдеуді көздейді.  Аурулар, төтенше жағдайы болған кездегі сақтандырудан басқа  туристер талаптары бойынша туристік агент сапар кезінде туындайтын басқа да қауіп түрлерінен  сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді.      

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң  деректерi бойынша 2005 жылы Қазақстан  Республикасының аумағында 515 туристiк  объект болды, оның iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий  орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс  аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк  база, 35 сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы  базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк  кәсiпорын және басқалары (клубтар, қолөнершiлер қалашықтары) - 5.     

2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ  үй мен басқа да орналастыру  орнының 340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа мемлекеттердiң меншiгiнде  болды.      

 Елде үш, төрт және бес  жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға  жатады.

Туристiк қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның  арғы жағынан келген туристер сапары iскерлiк мақсатта болатынын (iскерлiк  туризм) және олар сапалы әрi қызмет көрсетулердiң  толық жиынтығын ұсынатын қонақ  үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсеттi. Елдiң iскерлiк орталықтары - iрi қалалардағы халықаралық деңгейдегi қонақ үйлер желiсiнiң одан әрi дамуы дәл осы iскерлiк туризмге байланысты болады.  
      Алайда, қонақ үйлердi, пансионаттарды, демалыс үйлерi мен базаларын қоса алғанда, орналастыру объектiлерiнiң материалдық базасы, сондай-ақ санаторийлiк-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегiне жетуiмен сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 32) «Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы»  түсініктері

Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық ж/е мәдени-көңіл көтеруге арналған қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.

Рекреациялық мүмкіндік (потенциал) дегеніміз - белгілі бір  территорияда рекреациялық шаруашылықты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға  болатын табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және т.б. алғы-шарттардың жиынтығы. Территорияның  рекреациялық мүмкіншілік түсінігін "рекреациялық шаруашылықты жүзеге асыруға болатын қолайлы жағдайлар  мен факторлар жиыны" деп қарастыруға  болады.

Рекреациялық мүмкіндік  негізін құраушы бөлік "туристік-рекреациялық ресурс" болып табылады, оның ішіне  демалыс пен туризмді дамыту мен  ұйымдастыруға негіз болып табылатын, өзіндік тартымдылығымен, тарихи және көркемдік құндылығымен ерекшеленетін, қоршаған орта компонентері мен антропагендік  шаруашылық обьектілерін жатқызуға  болады. Туристік-рекреациялық ресурс, территорияның туристер тарапынан  қызығушылығына (аттрактивтілік) боялаған  жағдайда ғана "туристік құндылыққа" ие болады. Туристік территорияның  құндылығы (дамыту мүмкіндігінің алғы-шарты) - туристер тарапынан қызығушылық  танытатын, жеке немесе қосалқы түрде  ұйымдасқан, қоршаған орта мен адам қолымен жасалынған элеменнтердің бар болуы. Бірақ, табиғи және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, демалыс пен туризмге жарамды территориялардың бар болуы, әр уақытта туристік-рекреациялық ресурс ретінде қарастырыла берілмейді. Аталған элементтердің негізгі туристік ресурсқа бағытталуының көрінісі, технологиялық жағынан жетілген, қоғамдық еңбек бөлінісі тарапынан зерттеуге кеткен шығын мөлшерін, туристік қызмет көрсетуге лайық болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 

Информация о работе Шпаргалка по "Туризму"