Шпаргалка по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:30, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Туризму"

Содержание

1.Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары
2.Спорттық туризмнің түрлері
3.Белсенді саяхаттардың түрлері
4.Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
5.Кіру және шығу туризмі
6.Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті
7.Туризмде қауіпсіздік түсінігі
8.Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадырлар түсінігі.
9. әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
10.Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі
11.Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
12.Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары
13.Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
14.Халақаралық және ішкі туризм
15.Қазақстан республикасында жоғары оқұ орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқұ бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
16.Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм
17.Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
18.Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
20.Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы
21.Қоғамдық туристік үйымдар
22.Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары
23.Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру
24.Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
25.Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
26.Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
27.Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
28.Белсенді туризм түсінігі.
29.Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
30.Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
31.Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
32.«Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері.
33.Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері
34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы
35.Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру.
36.Туризмде интернеттің ролі
37.Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО).
38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.
39.Туристік маркетингтің ролі.
40.Туризмде маусымдық фактор

41.Туризмде тамақтану жүйесі
42.Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары
43.ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары.
44.Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
45.«Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы
46.Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
47.Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау
48.Туристік кәсіпорнының құрылымы
49.Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар
50.Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
51.Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. 52.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (ВЦСПС)
53.туристік жарнама
54.Туристік ағым және туризмдегі маусымдық
55.Шығыс Қазақстанның туристік қоры
56.Батыс Қазақстанның туристік қоры.
57.Солтүстік Қазақстанның туристік қоры
58.Орталық Қазақстанның туристік қоры
59.Оңтүстік Қазақстанның туристік қоры.
60..Туристік шаруашылық
61.Туризм түрлерінің сипаттамасы
62.«Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама
63.Экологиялық туризм.
64.Туризмде сақтандыру
65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mamandikka_kirispe.docx

— 161.02 Кб (Скачать документ)

Сақтандыруға келесі өзіндік  белгілері тән:

-   материалдық зақым  әкелетін қауіпті жағдайдың болуы;

-   болған зақымның  өтелуі арқылы жеке және заңды  тұлғалардың объективті қажеттіліктерін  қанағаттандыру;

-   сақтандыру төлемінің  сақтандыру өтеуі ретінде қайтарылуы.

Сақтандырудың мәні жағымсыз жағдайлардың әсерінен болған зақымдар шығынын төлетіп алуда.

Сақтандыру міндетті және ерікті түрде жүргізіледі.

Міндетті сақтандыру бойынша  сақтандырушы мен сақтанушы арасында алдын ала келісім талап етілмейді. Бірақ әрбір қатысушыға міндеттілік  принципі жүктеледі, яғни сақтанушы  сақтандыру жарнасын төлеуге, ал сақтандырушы қарастырылған жағдайлар болған кезде сақтандыру шығынын төлеуге  міндетті.

Ерікті түрде сақтандыру әркімнің жеке еріктілігімен жүзеге асады, яғни сақтандырушы мен сақтанушы  арасындағы келісім-шарт негізінде  жүргізіледі. Жалпы шарттары мен  оны жүргізу тәртібін анықтайтын ерікті сақтандыру Ережелерін сақтандыру заңдылықтарына сәйкес сақтандырушы өзі  бекітеді. Осы орайда, сақтандырудың  жалпы шарттары заңмен анықталса, ал оны жүргізудің нақты шарттары келісім-шартта келісіледі.

Сақтандыру келісім-шарты  дегеніміз – бұл төтенше жағдайлар  болған кездерде өзара құқықтары  мен міндеттерін орындау шарттары көрсетілген сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы екіжақты келісім.

Сақтандыру келісім-шарты  бойынша бір жақ (сақтандырушы) келісім-шартта көрсетілген жағдайлар туған  кезде екінші жаққа (сақтанушыға) сақтандыру шығынын төлеп беруге міндетті.

Сақтандыру келісім-шарты  сақтанушының арызы негізінде жазбаша  түрде жасалады. Келісім-шарт жасалған соң сақтанушыға сақтандыру полисі беріледі.

Сақтандыру (куәлігі) полисі сақтандыру келісім-шартының жасалғанын растайтын құжат болып табылады.

Сақтандыру полисі орыс және баратын елдің мемлекеттік тілінде  әзірленуі керек. Егер тур бірнеше  мемлекеттерде болатын болып  сақтандыру полисі тек орыс және ағылшын  тілдерінде ғана жасалған жағдайда туындайтын мәселелерді де нақты шешіп алу  керек. Егер жағдай туристік фирмамен жасалған келісім-шартта көрсетілмесе, бұндай жағдайда барған мемлекеттің  тіліне аударылмаған сақтандыру полисінің  заңды күші болмай, туристің ауырған  немесе қауіпті жағдайға тап болған кезінде ешқандай қорғаныссыз қалады.

Сақтандыру келісім-шарты  келесі жағдайларда ісін тоқтатады:

-   келісім-шарт мерзімінің  бітуі;

-   сақтандырушының  сақтанушы алдында міндеттерін  толығымен орындап аяқтауы;

-   сақтанушының сақтандыру  жарнасын төлемеуі;

-   сақтанушының жойылуы  немесе сақтандырушының қаза  болуы;

-   бекітілген заңдылықтар  тәртібінде сақтандырушының жойылуы;

-   сот шешімінің  келісім-шартты жарамсыз деп табуы.

Сақтандыру келісім-шарты  сақтандырушы мен сақтанушының талаптары  бойынша мерзімінен ерте тоқтатылуы және екі жақтың келісімі бойынша  да тоқтатылуы мүмкін. Туризмдегі сақтандырудың мақсаты туристік қызметтер кезіндегі қауіпті жағдайлардан болған зақымдардың шығынын өтеп беру болып табылады.

Сақтандыру туристік базалардағы, кемпингтердегі, саяхаттардағы және сонымен бірге, шетелге сапарға  баратын азаматтарды да қорғауда қамтамасыз етеді. Сақтандыру туристердің  мүліктерінің, ақшаларының зақымдалуы немесе жоғалуы, олардың өмірі мен  денсаулықтары үшін жауапкершілікті  алады. Туристік құжаттамаларды ресімдеуде қауіптерден сақтандыру маңызды  болып отыр.

Туризмдегі сақтандыру туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде  туристке дәрігерлік көмек қажет  болғанда, зат-мүлкіне зақым келгенде немесе өміріне қауіп төнгенде келген шығындарды қайтарып беруге кепілдік береді.

Туристерді сақтандыру –  бұл туристік саяхаттар кезінде  азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғайтын  сақтандырудың ерекше бір түрі. Ол сақтандырудың қауіп-қатерлі түріне жатады. Оған тән сипаттарына қысқа  мерзімділік, жағдайдың болуы мерзімі  және болатын зақым мөлшерінің белгісіздігі жатады.

 

 

 

 

65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

 

Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа ұйымдастырушылық – құқықтық формаларға тез бейімделетін және қысқа уақыт мерзімінде ұлттық экономиканың катализаторы бола алатын жаңа салаларды дамыту қажеттілігі  туындады. Осындай салалардың бірі – туризм саласы болып табылады.

Туризм ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Әлемдік  туристік ұйымның мәліметтері бойынша  туризм жиынтық ұлттық өнімнің оннан  бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 % қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда республикамызда  туризмнің әр түрімен айналысатын 600 астам туристік фирмалар қызмет етеді. Туризм алғашында жоғары табысты  экономика саласы ретінде қарастырылмай, туристік қызметтің тек әлеуметтік аспектілері ғана ескеріліп келген болатын. Нарық экономикасымен байланысты жаңа механизм тұсында туризмнің  экономикалық және мәдени, саяси негізі жаңа мәнге ие бола бастады.

Туризм индустриясы мемлекетке экономикалық және әлеуметтік пайда  әкелетін сала, қаржы салудың берік  сферасы ретінде көпшілікке мәлім. Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, бұл  саланың дамуы елдің валюталық  жағдайын, халықты жұмыспен қамтуын  жоғарлатуға өз әсерін тигізіп, әлеуметтік – мәдени жағдайдың жақсаруына және халықтың денсаулығының жақсаруына әсер ететіндігін көрсетті.

Туризмнің тиімді дамуы маркетинг  жүйесін ендіру арқылы ғана мүмкін. Соңғы жылдары Қазақстанда туристік қызметте маркетинг элементтерін қолдану кең өріс алуда. Алайда, туристік маркетингті ендіру жүйелілік және мақсаттылық сипатқа ие болмай, туристік фирма басшысының эпизодты инициативасы ғана болып табылады.

Сондықтан туристік қызметтің  экономикалық тиімділігі мен бәсекеқабілеттілігін жоғарлату үшін, туризмде маркетингтің бүтіндей концепциясын қолдану қажеттілігі  туындап тұр. Туристік фирмалар бәсекелестік артықшылықтарға ғана жету мақсатын көздеп қоймай, сонымен қатар қызметінің әрбір кезеңінде маркетингтік орта өзгерістеріне бейімделуге және нарықта жетістіктерге жетуге мүмкіндік  беретін тұрақты бәсекелестік артықшылықтарды  қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді. Туризмде бәсекелестік артықшылыққа жету оңай емес, бірақ бірнеше артықшылықтарды  иемденіп, белгілі бір уақыт мерзімінде нарықтың үлесін алу мүмкіндігі бар. Бәсекеқабілеттігін жоғарлату Қазақстанның туристік фирмаларының даму стратегиясына  айналуы керек, сонда ғана туристік фирмалар нарықта қызмет етіп қана қоймай, өз қызметтерін кеңейтуге, нарықтағы  үлесін арттыруға мүмкіндік алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шпаргалка по "Туризму"