Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері

6

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні
6

1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

14

1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
22
2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

28

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

28

2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

53

2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру

58
3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
67

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
67

3.2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
76

ҚОРЫТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

искерлик диплом руся.doc

— 3.16 Мб (Скачать документ)

Бұл бөлімнің  зерттеулері нақты сатып алушыларды табуға, клиенттердің барлық сұраныстарын ескере отырып турларды дайындауға, негізгі бағдарламалардан тұтынушылардан дайындауға, негізгі бағдарламалардан тұтынушылар арасында көп сұранысқа ие турларды бөліп, жолдамалардың бағасын көтермей, сапасын жоғарлатуды көздейді.

- Әлемдегі тіл дамыту орталықтарымен  ұзақ уақыт қарым-қатынасының  арқасыннда «KAZAKHSTAN Travel Group» компаниясы  өзін сенімді серіктес ретінде  көрсете білді.

- Мекемеде жарнамаға үлкен көңіл  бөлінеді: жарнамалық каталогтар, тарифтік буклеттер жасалады, көпшілік газеттерге, интернетке жарнама беріледі.

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорынның тауарлық саясаты:

Туристік өнім – бұл туристік экскурсиялық кәсіпорындардың туристерге ұсынатын кешенді қызметі.

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорынның негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

  • орналастыру;
  • тамақтандыру;
  • транспорттық қызметтер, көлікпен бірге (туристерді әуежайдан  қонақ үйге жеткізу және қонақ үйден  әуежайға жеткізу жатады);
  • экскурсиялық қызметтер, оған аудармашы – гидтің қызметі кіреді.

«KAZAKHSTAN Travel Group» компаниясы туризмнің көптеген түрлерімен айналысады, олар: емдік, рекреациялық, танымдық, іскери, сауд-саттық, діни, демалып көңіл көтеретін және т.б көптеген туризмнің түрлері.

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік мекемесінің шетелдік ұйымдардан, агентстволардан, тіл дамыту мектептерінен, тіл акамедияларынан көптеген сертификаттары, алғыс хаттары бар.

Компанияда авиабилеттерге телефон арқылы және электронды түрде тапсырыс беруді қамтамыз етеді, сапардың ең тиімді маршрутын ұсынады, баға, бос орын, ұшу кестесі, маусымдық шегерім туралы тегін ақпарат береді. Сонымен қатар компания өзіннің клиенттерін танымал маршрутармен және курорттармен  таныстырады. Әр клиенттерге жеке, кәсіби ұқыпты қарайды.

 «KAZAKHSTAN Travel Group» туристік фирмасының қызмет көрсетудің негізгі артықшылықтары:

  • сапарды кешенді ұйымдастыру;
  • клиенттің бюджетін есепке ала отырып, сапардың тиімді маршрутын таңдау;
  • тапсырысты қабылдау және аз уақытта айқындау;
  • қызметті әр түрде төлеу мүмкіндігі бар;
  • Алматыда және Қазақстанда орналастыруға арнайы тарифтер.

Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға болады, компанияда көрсетілетін қызметтін кең ассортименті бар, ол сұраныстың өзгеруі, тұтынушылардың таңдауы өзгеру жағдайында алдағы уақытта өзгерте алады.

Ұйымның бәсекелік потенциалын (бар бәсеке қабілеттілігін болашақта сақтау мүмкіндігі) әртүрлі бағалауға болады. Бәсекелік потенциалды көтеретін факторлар ретінде келесілерді көрсетуге болады:

  • жоғары нарықтық үлес ;
  • нарықтық үлестің жағымды динамикасы;
  • ұқыпты жасалған және іске асырылған стратегиялар;
  • оның өнімнің тұтынушылар арасындағы фирманың жоғары рейтингі;
  • престиждің жағымды динамикасы;
  • компанияның тиімді позициаланған стратегиялық топқа жатуы;
  • қажетті қаржылық ресурстардың болуы;
  • таурдың кең номенклатурасы;
  • бағалық артықшылықтар;
  • рентабильдік, технологиялық деңгей инновациялық потенциал, қызметтердің жоғарғы кәсіби деңгейі.

Бәсекелік бәсекені төмендететін факторларға мыналарды  жатқызуға болады:

  • төмен нарықтық үлес;
  • нарықтық үлестің кері динамикасы;
  • жалғасатын стратегияның жоқ болуы;
  • жоғарғы емес имидж;
  • компанияның тиімді емес позизиялық стратегиялық топқа жату;
  • кері жоғарғы шығындар;
  • қызметтердің сапасының төмендігі.

Бәсеке қабілеттілігі және бәсекелік потенциалды бағалау процедураларсы  соңғы ақпараттың құрамына және таңдалған есептесудің әдісіне тәуелді.

Потенциалды талдау ұжымның қызметінің барлық саласын қамтиды:

  • менеджмент;
  • маркетинг;
  • өндіріс технологиясын;
  • персонал;
  • қаржылар;
  • ұжымдық мәдениет.

Талдаудың мақсаты ұжымның қызметіне әсер ететін және оның жағдайын анықтайтын факторларды зерттеуден тұрады.

Кәсіпорынның бәсекелестігі артықшылықтарын анықтай отырып, оның мықты және осал жақтарын табуға болады.

Ұйымның бәсекелік артықшылықтрын қамтамасыз ететін факторлардың екі тобын бөлуге болады – бұл ресурстардағы артықшылық (жоғары сапа, төмен бағалар және тағы басқалар) және білімділік, шеберлік (ұйымның барлық тиімді орындалған қызмет түрлерімен, оның барлық қызметтерінің жұмысымен байланысты).   

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорынның ресурстарда және жақсы шеберлігінің артықшылықтары тұтынушыларға тауарлармен қызметтердің бәсекелестерге қарағанда кең ассортиментің, жоғары сапаны, ұсыну арқылы артықшылықтарға қол жеткізеді. Қол жеткен артықшылықтар нарыққа мықты орын алу мүмкіндігін береді, ал өз кезeгінде ұйымның мықты жақтарын дамытып және осал жақтарын жоюға әсер етед [29].

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорынның қызметтерді жетілдіру саясаты:

Компанияның қызметтерді жетілдіруі – бұл мекеменің қызметтері немесе фирма туралы ақпараттар, еске салулар үшін пайдалынатын әр түрлі тәсілдер.

Компания жетілдірудің жарнама, өткізуді ынталандыру және жеке сатулар сияқты түрлерін пайданылады.

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорын жарнаманы газеттер арқылы; күнтізбелер, брошюралар, визиткалар сияқты жарнамалық өнім арқылы, сонымен қатар компанияның қызметкерлері болып табылатын адамдар арқылы немесе оның тұтынушылары арқылы іске асырады.

Интернетте пайданылатын жарнама қазіргі таңда өте актуалды, сондықтан компания оған үлкен көңіл бөледі, сайттағы ақпаратты үнемі жаңартып және толықтырып отырады.

Сайтта көптеген туристік мекемелер жайлы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі елдер, қалалар, курорттар туралы олардың тарихы, мәдениеті, ауа райы туралы, әр елдерде виза алу үшін қажетті құжаттар туралы, әр елдің кедендік ережелері жайлы қызықты және пайдалы ақпараттарды табуға болады.

Ал елдерге келетін болсақ, бұл жерде елдің тарихы, орналасқан жері, ауа райы жайы, қонақ үйлер, қонақ үйлердегі қызмет көрсету туралы, транспорт жайлы, ірі туристік қалалары жайлы, визаның жасалуы, кедендік ережелер жайлы жазылады.

 Бұл жерде мына елдер жайлы  ақпараттарды табуға болады:

  • Франция, Швейцария, Италия, Англия, Испания, Греция, Австралия, Чехия, Хорватия, Германия;
  • Қытай: Пекин; БАЭ, Туркия, Египет, Малазия, Индонезия, Үндістан, Тайланд;
  • Аралдар: Сайпан, Хайнань, Мальта, Кипр, Мальдивы, Ямайка, Таити, Лангкави, Бали;
  • Теңіздегі круиздар және т.б.

Бұл туристік фирма сонымен қатар туристік қоғамдық өмірге үлкен қызығушылық білдіреді, барлық маңызды туристік іс-шараларға қатысады, тек қана Қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік көрмелерге қатысып оған қаржы бөліп отырады.

Жыл сайын «KAZAKHSTAN Travel Group» туристік фирмасы «Туризм және саяхат» атты көрмеге қатысады, себебі:

  • көрмедегі бір күндік жұмыс, кеңседегі бір жылдық жұмысқа тең;
  • көрме - экономиканың айнасы;
  • көрме - бұл іскерлік белсенділіктің орталығы;
  • көрме - бұл жарнаманың тиімді түрі;
  • көрме - бұл ең тиімді маркетингтік құрал.

Осы бизнестің көптеген ұсас түрлері болғанымен маманданған көрмелер бұрынғыша өнімнің ең әсерлі жарнамасы болуда және өндірушуден нарыққа ең қысқа жолы болып табылады.

Әлемдік статистикаға жүгінсек мекемелердің  көбінесе сатудың 40% көрменің арқасында іске асады.

Компаниялардың көзқарасы бойынша газеттердегі жарнама немесе арнайы каталогтарды, проспектерді және коммерциялық ұсыныстарды жіберу өткізу нарығын қамту жұмысында көрмелік байланыстарға қарағанда ең тиімді емес.

Туристік көрмелерде қатысу екі мақсатты болады:

1) Іскерлік серіктестік байланысты кеңейту

2) Өзінің  өніміне соңғы тұтынушыларды тарту.

Бұл байланыста екі стратегиялық жол құрылады – біреуі басқа мекемелерді қызметтес болуға шақыру, екіншісі – тұтынушыларға бағытталған.

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорыны пайдалынатын жарнама оның қызметін өткізудің тұтынушыға қызметті жақындатудың негізгі тәсілі болып табылады.

Компанияның өткізуді ынталандырудың негізгі мақсаты тұтынушыны қызметті сатып алуға итермелеу, қызметті көп мөлшерде сатып алуға қызықтыру, сонымен қатар сатып алушыны ұзақ мерзімді негізінде жұмыс істеуге тарту болып табылады.

«KAZAKHSTAN Travel Group» өзінің жұмысында үнемі көптеген оның қызметтерін сатуды ынталандыратын шегерімдерді пайданылады.    

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорының кадрлық саясаты:

Ұйымның негізгі құрамы оның қызметкерлері болып табылады. Ұйымға өз қызметкерлерін тиімді пайдаланбайтын ұйымдарға қарағанда ұйымдағы еңбектің өнімділігін ондаған есе жоғарлатуы мүмкін.

«Нәтижелік» және «тиімділік» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсету қажет:

  • нәтежелік қойылған мақсаттарға жете алуды немесе алмауды анықтаумен байланысты;
  • тиімділік осы қойылған мақсаттарға жету үшін қолда бар ресурстарды пайдаланумен байланысты.

«KAZAKHSTAN Travel Group» компаниясында төменднгідей қызметкерлер жұмыс істейді:

  • бас директор;
  • орындаушы директор;
  • кассир;
  • бухгалтер
  • офис менеджер
  • менеджерлер.

Жақсы кадрлық саясат деп – ұйымның персоналға қатынасындағы және жоспарлары мен жұмыс күшін пайдаланудағы саясаттың әртүрі аспектілерін біріктіретін жалпы кадрлық стратегия. Төмендегі суретте туристік фирманың ұйымдық құрамы берілген (сурет 6).

 

«KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-ң  ұйымдық құрамы

Сурет 6

 

6 суретте «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-ң  ұйымдық құрамы сызбалы болатыны  көрсетілген.

Кадрлық саясат – бұл кәсіпорынның ағымдағы кадрлық саясаттың барлық аспектілерін сипаттайтын, барлық жоғары басшылар қол қойған жазбаша құжат. Бірақ кадрлық саясат сол ұйымның өмір сүруінің мағынасы болып табылады. Жақсы кадрлық саясат ұйымның негізгі коммерциялық немесе функционалдық мақсаттарынан шығады және оларды көрсетеді.

Кадрлық саясаттың аспектілерінің бірі қауіпсіздік техникасы және персоналдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Кадрлық саясаттың басқа аспектілері қызметкерлерді ұйымның жұмысына тарту бойынша арнайы іс-шаралар: ұйымның алдағы жоспарларын жасауға қатысулары және оларды басшылардың  қабылданған шешімдері туралы қажетті ақпаратты беру болып табылады.

Егер кәсіпорынның кадрлық саясаты құжаты жоқ болса да, бұл басшылықтың коллектив деңгейінде оларды тиімді басқара алмайды дегенді білдірмейді.Әкімшілік осыған бағытталу керек. Ұжымды тиімді басқара отырып, кәсіпорын басшысы бүкіл қызметтің өнімділігіне әсер ете алады. Бұл оқытуды қамтуды, жақсы жұмысты мақтау, проблемаларды қауіпті болмай тұрып шешуді білдіреді. Сонымен қатар ұйымда бақылау және басқару, құқығы бар ұйым мөлшері қол астындығыларды жақсы басқаруларын қадағалау керек.

«KAZAKHSTAN Travel Group»  туристік кәсіпорын өз жұмысында жоғарыда айтылғандарды қадағалауға тырысады. Ол өздерінің қызметкерлері үшін әрдайым тренингтар өткізеді, еңбек ақыларын дер кезінде төлейді, әлеуметтік пакетпен күнделікті түскі аспен қамтамасыз етеді, әрдайым инфротурларға жібереді және сыйақылармен марапаттайды.

Персоналды басқарудың міндеттерімен мақсаттарын іске асыру кадрлық саясат орындалады. Кадрлық саясат – кадрлармен жұмыста негізгі бағыт, кәсіпорындағы кадрлық қызметті таратудың негізгі құрамы. Бұл жерде кадрлық саясат өзінен персоналмен жұмыс істеудегі стратегиялық жол екенін көрсетеді.

Қазіргі кезде кадрлық саясат – бұл еңбек ұйымын құрудағы кәсіпорынмен оның қызметкерлерінің мақсаттарымегн таңдауларын ең жақсы тәсілмен сәйкестендірілген ойланған, бағытталған қызмет болып табылады.

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорын табысының негізгі факторлары ретінде келесілерді көрсетуге болады:

  1. Фирма қызметкерінің туризм аясындағы жұмысқа күрделі өндірістік процеске ретінде қарауы. Фирманың әр нақты қызметкерлерінің өз жұмыстарына персоналды жауапкершілікті болуы.
  2. Қызметкерлердің бәсекелестік күресті жүргізе алуы.  

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорынның ұжымдық және маркетинг құрылымы:

1) «KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорын құрылған кезден бастап алдағы өзіннің нақты бағдарламасын  дайындайды. Өзіннің әр қадамын мұқият бағалай отырып, ол табыстарға қол жеткізді.

2) Туристік нарықта болған уақыт аралығында «KAZAKHSTAN Travel Group» туристік кәсіпорны басқа фирмалар арасында өзінің қызметкерлерінің нақты жоспарланған жұмысы, әсіресе маркетинг бөлімінің алдағы қатарларға шықты.

Информация о работе Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары