Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері

6

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні
6

1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

14

1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
22
2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

28

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

28

2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

53

2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру

58
3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
67

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
67

3.2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
76

ҚОРЫТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

искерлик диплом руся.doc

— 3.16 Мб (Скачать документ)

Сонымен қатар қосымша қызмет түрлері де көрсетіледі:

  1. қарсы алу – шығарып салу;
  2. басқа қаладан келушілерді орналастыру;
  3. әуе жайда VIP қызметтерді ұйымдастыру;
  4. іскерлік кездесулерді ұйымдастыру;
  5. дөңгелек стөл кездесулерді өткізу үшін қосымша залдар алу;
  6. жарнамалық компаниялар жүргізуді ұйымдастыруға көмек;
  7. комфортты демалыс.

Міне осындай қызметтер түрлері іскерлік туризмде көрсетілуі тиіс тізімі. Қызметтер түрі тағы да көбеюі мүмкін, ол туристердің өз қалауларына байланысты болуы мүмкін.

Осы қызметтерді ұсыну туристік мекемелердің құзырында болуы тиіс, осындай қызметтерді комплексті түрде көрсете отырып, және осы қызметтердің әр түрлілігін ұлғайтып, сапасын көтере отырып іскерлік туризмді дамытуға болады десек те болады.

 

1.2Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

 

Жылына 10 миллионнан аса адам іскерлік мақсатта саяхат жасайды.Бұл саяхаттардың географиялық таралуы әртүрлі.. Мұндай саяхаттардың көп бөлігі Еуропа аймағына жасалады.Негізінен бұлар бизнесмендердің іссапары немесе арнайы бір конференция мен симпозиумдарға қатысу мақсатында жасалады [10].

Іскерлік туризм – бұл табысты бизнестің бірден-бір шарты.

21 ғасырда іскерлік туризм түрі дамыған туризм түрі болады деп күтілуде.Шет ел эксперттерінің болжаы бойынша, 2020 жылы іссапарлар көлемі 3 есе көбейеді. Жылына 564 млн.-нан 1,6 млрд.-қа дейін.. Ал түсетін табыс 5 есе – 400 млрд. доллардан 2,0 трлн. Долларға дейін. Америкалық «Іскерлік туризмнің дөңгелек үстелі»ұйымының пайымдауы бойынша айналымдағы ақша қаражатының жоғарылауы 100 000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қарапайым туристтің шығынына қарағанда іскерлік мақсатпен саяхаттаушы адам 3 есе көп қаражат жұмсайды екен. Іссапарлардың мотивациясы ретінде кез-келген оқиға, мәселе түрткі болуы мүмкін. Мысалға, ұлтаралық конфликтті алсақ, жағдай қаншалықты қиын болса, оның шешімін табу үшін саяси келіссөздер мен консультациялар жүргізіледі.

Міне осындай қызметтер түрлері іскерлік туризмде көрсетілуі тиіс тізімі. Қызметтер түрі тағы да көбеюі мүмкін, ол туристердің өз қалауларына байланысты болуы мүмкін.

Әр жыл сайын аймақтар мен елдер арасындағы мәдени,ғылыми,саяси қатынастар интенсивті болып келе жатыр. Іскерлік туризм мұнда маңызды рөл атқарады. Ұлттық экономиканың дамуы мен интеграциясын іскерлік туризмнің дамуынсыз елестету мүмкін емес (3 сурет).

 

Іскерлік туризмге әсер етуші факторлар

 

 

Сурет 3

 3 суретте көрсетілген, іскерлік мақсаттағы әртүрлі бағыттағы сапарлар іскерлік туризм деген атаумен белгілі. Іскерлік туризм ел экономикасында беделді рөл ойнайды. Көптеген әдебиеттерде «іскерлік туризм» орнына «бизнес-туризм» немесе осы туризм түрінің нақты мағынасын ашатын «MICE» термині қолданады. MICE - Meetings/ Incentives/ Conferences/ Exibitions – Іскелік кездесулер/инсентив-туризм/Конференциялар/Көрмелер.

Іскерлік туризм бағыттары өте көп. 73%-н корпоративтік турлар (сorporate travel) – жеке іссапарлар немесе топпен өндіріс орындарына бару. Мұндай турларға Инсентив- турларды да кіргіземіз (incentive – стимул) – бұл, компанияның өз қызметкерлерінің мотивация мен жақсы жұмыс істеуі үшін жасалатын турлар [11].

Конференция, семинарлар мен симпозиумдарға қатысу іскерлік туризм нарығының 16%-ын қамтиды. Қазіргі кезде көбінесе форумдар мен конференциялардың негізгі мақсаты саяси, мәдени бағытта дамыған (4 сурет).

 

Іскерлік туризмді дамыту факторлар

Сурет 4

 

4 суретте көрсетілген, іскерлік  туризмді дамыту факторлар көрсетілген.

Іскерлік туризмнің қалған 11% көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу және олардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты болады. Мамандырылған туристік көрмелер мен биржалар ерекше назар аударады. Туристік өнімдерді ілгері жылжыту үшін олар 40 жыл бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын Еуропаның өзінде 200-ден артық халықаралық туристік көрмелер мен биржалар ұйымдастырылады:

1) Берлинде өтетін халықаралық  туристік биржа (Іnternatіonal Tourіsmus Borse, ІTB). Биржа жұмысының тақырыбы  əртүрлі, мысалы, Еуропадағы экотуризмге  арналған немесе Африкадағы туристік  қозғалыстың дамуының болашағы  туралы жəне т.б.;

2) жыл сайын ақпан айында Мадридте  өтетін халықаралық туристік  көрме-биржа (FІTUR). FІTUR – бұл Испандық  жəне Латынамерикандық туристік  өнімдерді көру көрмесі; бұл "Еуропа  мен Америка арасындағы көпір";

3) Лондон қаласында өтетін Дүниежүзілік  туристік көрме (World Travel Market, WTM).

Әр жыл сайын аймақтар мен елдер арасындағы мәдени,ғылыми,саяси қатынастар интенсивті болып келе жатыр. Іскерлік туризм мұнда маңызды рөл атқарады. Ұлттық экономиканың дамуы мен интеграциясын іскерлік туризмнің дамуынсыз елестету мүмкін емес [9].

Іскерлік туризмнің дамуы туристік индустрияның, телекоммуникацияның дамуына жол ашады. Мысалы, белгілі бір конференция, форум өткізу үшін бизнес-отельдер, бизнес-орталықтар, конференц-залдар мен қосымша көңіл көтеру орындарының саны артады. Жоғары люкс деңгейдегі тамақтандыру орындарының ашылуына да алып келеді.

Бұл саяхаттардың географиялық таралуы әртүрлі. Мұндай саяхаттардың көп бөлігі Еуропа аймағына жасалады. Негізінен бұлар бизнесмендердің іссапары немесе арнайы бір конференция мен симпозиумдарға қатысу мақсатында жасалады.

Еуропаның бизнес саяхаттар жөнінде алдыда болғанымен, кейінгі уақытта өзінің лидерлік позициясынан айырылып бара жатыр деуге де болады. Бұл адамдардың басқа континенттерге іскерлік мақсатта баруының артуына байланысты болып отыр. Мұндай тенденция 90-жылдары басталған және қазірге кезде дейін жалғасуда. Әлемдік дағдарыс кезінде іскерлік саяхаттардың саны күрт төмендедеі. Себебі компаниялар өз әріптестерінің басқа елдерге саяхатына қаражатын үнемдеді. Ал Америкада бұл жағдайға басқа жолмен қарап, шешімін өз қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылатын мерекелер мен демалысқа бөлінген қаражатын үнемдеу арқылы тапты.

Еуропаның іскерлік мақсатында сапар шегетін туристердің «жеткізуші» елдері болып Германия, Франция және Ұлыбритания табыладыАл қабылдаушы елдер қатарына Италия, Испания, Швейцария, Бельгия мен Швеция табылады.Бизнес пен туризмді зеррттейтін көптеген беделді ұйымдардың айтуы бойынша жақын арада Орталық және Шығыс Еуропа аймағы іскерлік туризммен адамдарды тартуы әбден мүмкін [12].

Іскерлік туризмнің қарқынды дамуы Солтүстік және Оңтүстік Америкада байқалады. Іскерлік турлардың көбісі АҚШ, Мексика мен Канадаға бағытталуы ғажап емес, себебі бұл елдер экономикасы тұрғысынан, іскерлік орталықтардың дамуы жағынанда жоғары елдер. Бұл елдерде бизнес-сапарлардың артуы өткен ғасырдың 90-жылдары байқалған.

Латын Америкасында да іскерлік туризм қарқынды дамып келе жатыр.Латын Америкасы елдеріне туристер тауар, сауда бизнесі мақсатында келеді. Сауда-саттық бойынша келіссөздермен Перу мен аралдағы мемлекеттерден басқа Латын америкасы елдерінің барлық елдеріне іссапарлар көп жасалынады.

Ал Оңтүстік Шығыс Азияда іссапар мақсатымен Тайвань, Сингапур, Гонконг елдеріне келеді. Олардың дені Америка мен Еуроапа елдерінен саяхаттап келеді [13].

Африка мен Таяу Шығыста іскерлік туризм бірқалыпты дамымауда. Оның көтерілуімен төмендеуі аймақтағы саяси жағдайларға байланысты болып отыр. Африкада іскерлік туризм Конго Республикасында, Зимбабве, Эфиопия, Египет, Марокко жəне Оңтүстік Африка Республикасында жоғарғы қарқында дамыған. Африкаға келген іскер адамдар тек іссапар мақсатымен ғана емес сонымен қатар, жергілікті елдің дәстүрімен танысу, экзотикалық тағам түрлері мен африкалықтардың биін көру үшін де келеді.Таяу Шығыста іскерлік туристердің негізгі ағымы мұнай өндіретін елдерге (Сауд Аравиясы, Израиль, Иордания) бағытталған.

Саяхаттың сан алуан түрлерінің арасынан белгілі бір топтарды бөліп алу қажеттігі туған жағдайда, туризмнің нақты бір түрін - тур, баға құру, саяхатты ұйымдастырушы қызметінің сипаты, қабылдаушы аймақтың өзіндік ерекшелігі, маркетинг және басқа да туристік бизнесті басқару бойынша қызметтің кілтті ұстанымын ұсынатын параметрлері бойынша қызметтер жинағы анықтайды. Халықаралық туризмді таптарға жіктеудің ең көп тараған белгілері: ұсыныс типі, сапарды ұйымдастыру әдісі, саяхат мақсаты, қозғалыс әдісі болып табылады [14].

Ұсыныс типі бойынша жіктеу.Топтық (Group) және жеке шетел туризмі (FIT). Туристік бизнесте кәсіпқойлар бір бірін ыммен түсінетін ұғымдар бар. Кең көлемде пайдаланылатын ұғымдар “ FIT ” және “ Group ” болып табылады. FIT қысқарған сөзі Foreign Independent Traveler, саяхат кестесі мен графигін өз бетіше таңдайтын тәуелсіз шетел саяхатшысы деген мағына береді. Жеке турист турагенттік қызметін қолдана алады және мысалы интернет арқылы өз саяхатын өз бетінше ұйымдастыра алады.

Қонақ үйлер, мейрамханалар, көліктік және басқа да кәсіпорындар (жеткізушілер) бөлек тарифтер бойынша топтық туристтер мен жеке туристтерге өздерінің қызметтерін ұсынады. Жеке – саяхаттар топтық саяхаттарға қарағанда қымбатырақ келеді (бір туристті есепке алғанда).

Комплекстік қызмет көрсету (Package tour) топтық туристік қызметтерді ұсынудағы негізгі типі болып саналады. Турист тур құнына қосылған қызметтер жинағынан тұратын турпакет сатып алады. Турпакет құны турпакетке енетін бөлек қызметтер құнына қарағанда төмен болып келеді. Топтық турпакет топтық ваучер тарапынан рәсімделіп, орнына туристтер тобы әуе тасымалы, трансфер, қонақ үйге орналастыру, мейрамханада немесе тамақтану комбинаттарында тамақтандыру, экскурсиялық қызмет көрсету және т.б. енгізілген комплекстік қызмет көрсетулерге ие болады. Турпакет құрамына барлық маршруттар бойынша жастар және оқушылар, сондай-ақ үшінші жастағы туристтер арасында ерекше әйгілі гид-аударушы, тілмаш қызметі кіруі мүмкін. Кәсіпқой гид-аударушылар экскурсиялар жүргізіп, туристтер жүріп өтетін жол бойынша ақпараттар таратып, сондай-ақ топтық қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге көмектесіп, саяхат кезінде туристтер не көрсе, соған қатысты мәлімет беріп, топтың барлық мүшелеріне көңіл бөліп қамқорлық танытады.

Барлығы енгізілген (All-inclusive) бір бағаға қонақ үй-мейрамханалық қызметтің барлық жиынтығы қосылған, кейбір қымбат отельдер тарапынан ұсынылатын, орналастыру қызметтерінің ерекше түрі болып саналады. Ең үлкен көңілді ұйымдасқан қызмет көрсету мен бағаның жоғарылатылған деңгейін ұйғаратын, ерекше маңызды тұлғалар (VIP) үшін комплексті туристік қызметтерді көрсету талап етіледі. Мысалы: бұл ыңғайлылығы жоғары ерекше кеңседе әуежайлық, шекаралық және кедендік формалдылықтардан өту, лимузинмен трансферлік жеткізу, қонақ үйде салтанатты түрде қарсы алу, кездесулер және рәсімдерді ұйымдастыру болуы мүмкін.

Клубтық демалыс (Club holidays) клуб мүшелері үшін ойын сауық және белсенді демалыс өткізу үшін жасақталған, өздерінің кең аумағы мен құралдары бар, бөлек құрылымдық ұйымдар тарапынан ұсынылады.

Сапарды ұйымдастыру әдісі бойынша жіктеу. Ұйымдастырылған туризм – бұл туристік фирма ұйымдастырған жеке немесе топтық туристтердің саяхаты. Ұйымдасқан туристтер туроператордан немесе агенттен сан алуан қызметтер жиынтығынан тұратын түрпакетті сатып алу жолымен турға құқылы болады. Туризмнің ұйымдастыру әдісі бойынша түріне қарама қайшы, ұйымдастырылмаған немесе жеке туризмді жатқызуға болады. Жеке саяхат турагенттікке жолығуынсыз, тікелей жеткізушілерден қызметтерді сатыпалу жолымен, өз бетінше ұйымдастырылатын туризм деп атап жүр. Дегенмен, өзбетінше ұйымдастырылатын туризмі, турирсттердің клубтық инструктор көмегімен немесеөз бетінше ұйымдастырылатын белсенді қозғалыс тәсілдерін (жаяу, велосипедпен) қолданылатын саяхаттарына қатысты айтылатын ререң ұғым [15].

Саяхат мақсаты бойынша жіктеу.

UNWTO – негізгі мақсатқа байланысты  саяхаттарды келесідей бөлімшелерге  бөлуді ұсынып отыр:

  • рекреация;
  • әлеуметтік мақсаттар;
  • іскерлік кәсіптік мақсаттар;
  • таныстары мен туыстарын зиярат ету;
  • діни (қажылыққа бару);
  • басқа да мақсаттар.

Мақсаттарға байланысты туризм түрлерін қысқаша қарастырайық.

Рекреация мақсатындағы туризм. Халықаралық туризмнің кішігірім сараланымы рекреациялық мақсаттағы сапарлар болып табылады; олар халықаралық туризмнің дүниежүзілік көленінің 60%-ын құрайды.

Рекреациялық туризм – бұл негізгі мақсаты емделу, демалу және басқа да шипалы мақсаттардағы туризм түрі болып саналады. Ол бос уақытты толтыру үшін ойын сауық және спортпен шұғылданудың сан алуан түрлерін ұсынады, сондай-ақ оған кейбір негіздермен экскурсиялық, мамандандырылған, оқу-білім алу, спорттық, шытырман оқиғалы, экзотикалық, экологиялық туризм түрлері кіріктіріледі.

Экскурсиялық туризм танымдық туризмнің ең көп тараған түрлерінің бірі болып табылады. Ол ұлттық құндылықтармен (тарихи ескерткіштер, архитектуралар, қол өнер ескерткіштері және т.б.) таныстыру мақсатында жүргізіледі.

Экскурсиялық маршруттар экскурсияларды бірнеше қалада жүргізуге, ең көрікті ескерткіштермен танысу мүмкіндігін береді. Мысалы: Германия бойынша классикалық тур атағын алған: Кельн – Бони – Дюссельдорф – Франкфурт-на-Майне – Нюрнберг – Мюньхен; Италия бойынша турлар: Рим – Венеция – Флоренция атауға болады.

Информация о работе Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары