Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері

6

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні
6

1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

14

1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
22
2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

28

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

28

2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

53

2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру

58
3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
67

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
67

3.2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
76

ҚОРЫТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

искерлик диплом руся.doc

— 3.16 Мб (Скачать документ)

Іскерлік туризм тікелей экономикалық жағдаймен байланысты. Олардың дамуы тура пропорционал болып келеді. Қазақстанға жыл сайын 50 млрд. тан  астам шетелдік инвестиция құйылады. Республика аймағында жүздеген шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Жыл сайын көптеп кәсіорындар мен кәсіпкершіліктер бой көтеруде. Бұл дегеніміз осы мекемелердің мыңдаған қызметкерлері іскерлік сапар шегеді деген сөз. Осы сапарлар барысында қызметтерді тұтыну арқылы туризмге әсер етеді.

Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны, рөлі және мәні.

Іскерлік туризм – адамдардың іс-сапарлары, жиірек кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілердің ресми мақсатпен:келісімшартқа отыру, контракт, жиналыс өткізу, консультация, тәжірбие алмасуы және т.б.  Сонымен қатар, іскерлік туризмге съездерге қатысу, конгресс, конференция, көрмелер мен жәрмеңкелер жатады. Іскерлік туризммен көбінесе тұрмыс жағдайы жақсы қамсызданған, көлікке, қонақ үйге, сувенирлерге, экскурсияларңа қомақты қаржы жұмсайтын адамдар айналысады. Айтып кету керек, іскер туристер туризмнің жаңа бағыттарын ашып жатады. Туристік емес елдерде іскерлік мақсатта басқа елдерге бару 70-75% 6, ал туристік елде осындай мақсатпен сыртқа шығу 10-15% құрайды. Ал жалпы алғанда әлемде бұл турим түрі 20%-ті алады. Басым бағыттары Еуропа, Солтүстік Америка және Оңтүстік Шығыс Азияға бағытталады. 1991 жылы еуропа мемлекеттері 27,5 млн іскерлік туристерді қабылдады. Бұл 56% кәсіпкерлердің іссапары, 20% конгрестік турлар, 20% - жәрмекелер мен көрмелер, 4 %-ын т.б. Еуропа сонымен қатар шығу іскерлік туризімінен де алғашқы орында. Кіру және шығудан Еуропада Германия елі көш басында. Ал іскер адамдарды күтіп алудан Ұлыбртания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария Бельгия елдері алғашқы орында. Бірақ қазіргі уақытта кіру және шығу іскерлік туризімнің дамуы АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде байқалуда. 1992 жылы АҚШ-қа 3,1 млн іскер адамдарды қабылдады. Ал Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бойынша Сингапур (1,1 млн.) және Жапония (935 мың.) елдері ерекшеленіп отыр [3].

Конгрестер мен көрмелерге қоса іскерлік туризге инсентив турлар кіреді. «incentive» мағынасы ағылшыннан түрткі болатын дегенді білдіреді. Мұндай туризм түрі коммерциялық фирмалардың ең жоғары нәтиже көрсеткені және шығу семинарлар мен жиналыстар жүргізгені үшін қыметкерлерін мадақтап, сапарға жіберуі. Инсентив турды 2-ге бөліп қарастырады: жеке және шығу семинарлары, конференциялар, диллерлік мектептер (сурет 1).

 

Іскерлік туризмнің жіктелуі (автор)

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1

 

1 суретте көрсетілген, іскерлік  туризмнің жіктелуі авторлық  ой бойынша 

көрсетілген.

Ең алғашқы инсентив тур 1910 жылы АҚШ-тың National Cash Register Company of Danton компаниясымен жүргізілді. Компанияның агенттері мен диллерлері өте жақсы нәтижелә жұмыстары үшін Нью-Йоркке тегін сапармен марапатталды.ХХғ 60-жылдары азаматтық реативті ұшақтардың ұшуына байланысты мұндай турлар тұрақтана бастады.

Инсентив туризмнің бірнеше мақсаты бар:

  • Презентация және жаңа өнім мен қызметтердің алға жылжуын;
  • Өнімнің сапасын жоғарлату;
  • Диллерлік және агенттік жүйелерді құру;
  • Лояльді және бірге жұмыс атқаратын топ жасау;

Мақсат тәуелділігіне сәйкес 3 инсентив бағдарламадан тұрады:

1) марапаттау бағдарламасы.

2) мотивациялық бағдарлама.

3) топ құрастыру (team building).

Инсентив бағдарлама – эффектісі көп уақытқа созылатын клиенттер мен диллерлерді, қызметкерлерді марапаттайтын ең жақсы шешім.

Инсентив бағдарламаның ерекшелігі нақты тапсырыс берушінің жеке өзімен іске асырылады. Бұл турлар маршрутта ең жоғарғы класты орналастыру мен қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.іскерлік туризмде инсентивтің алатын үлесі 8 %, ал Испаня мен Францияға баратын марапатталған туристер 5-7% құрайды. Инсентив турлардан пайда айтарлықтай жоғары. Себебі мұндай турлар қарапайым турларға қарағанда әлдеқайда қымбат.мысалы, небәрі 20 туроператор мен 230 турагенттік айналысатын Швейцарияда инсентив туизмнің айналымы 460 млн. АҚШ долларын құрайды. Ал жалпы Еуропа бойынша инсентив туризм айналымы 4,5 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Жақсы жұмыс істегені үшін сапарға жіберу АҚШ-та ХХғ 60-жылдары басталды. Әлемнің әр аймағында туризмнің басқа түрлері сияқты инсентив туризм те етек алып, тарап кете қоймады. Тек 1970-80ж.ж. мадақталған туистер ағымы ескі континентке жылжуымен, Еуропаны жаулады, содан соң Аия едеріне бағыт алды. Дәл осы кезеңде Еуропа мен Азида 5* отельдер қарқынды жұмыс істей бастады [4].

Осыдан бері интенсив туризмнің географиясы өзгермеді.АҚШ баяғысынша мадақталған туристердің басты жеткізуші көзі болып тбылады. Еуропаға сапардың 60% үлесі инсентив сызығы бойынша турға кіреді. Мадақталған турладың ғалаулы бағыттары АҚШ-тан Мексика, Ұлыбритания, Азия және Тынық мұхит елдері. Инсентив туризм сапарларының 80% Еуропа, 10% АҚШ, 6% Оңтүстік Шығыс Азия, 4% басқа бағыттар құрайды. Еуропалық туристер көбінесе Франция, Испания, Швейцария, Австрия, Кипр, АҚШ, сонымен қатар Кариб теңізінің аралдарына барғанды қалайды. Осындай инсентив турлар Еуропада кең етек жаюда. Тәжірибе көрсеткендей, тұтынушы тауарына қарағанда инсентив турлар әлдеқайда қызықтырарлық.

Ұлыбританияда фирманың жалпы шығынының 2/5 бөлігі осындай турларға жұмсалады екен, ал Франция мен Германияда тең жартысы. Инсентив турдың бағасы адам басына шаққанда 500-ден 1500 АҚШ долларын құрайды, ал ұзақтығы 3-7 күн.

Еуропалық ассоциацияның мәліметі бойынша, мадақталғантуристерді жеткізуден баяғысынша АҚШ көш басында (60 %), Ұлыбритания (20%), Германия (11%). Соңғы жылдары инсентив туризммен Жапонияға келушілер саны да көбейді. Ал Қазақстанда мұндай турлар саусақпен санарлықтай. Инсентив топтың құрамы мынадай: басқарушы персонал (31%), сату бөлімінің менеджерлері (20%), тұтынушылар (20%), агенттер мен дистрибьютерлер (14%).

Инсентив турды құрастырғанда ең алдымен сапардың тартымдылығына, жас құрамына, денсаулығына, діни көзқарасына және жеке қызығушылығына басты назар аудару қажет. Инсентив туризмнің нарықта кең тарауына байланысты осындай турларды ұйымдастыратын фирмалар пайда болды.

АҚШ-та мұндай турфирмалар қатарына «Е.Ф. МакДоналд Трэвел Компани», «Мариц Трэвел Компани» және «Топ Вэлью Интерпрайзис»кіреді.

Инсентив турдың ең қарапайымы бұл – 4*немесе 5* отельде орналасу және экскурсиясы толы бағдарлама. Мұндай турларды көбінесе американдық туристер қалайды екен. Сонымен қатар инсентив турдың басқада түрлеі жетерлік. Олар көбінесе бір идеяға бағытталады. Олар гольфтен жарыс, үрленген шарда серуендеу, Альні шыңына шығу, ән, би кештері бар круиздер, гастрономиялы немесе тамақтану турлары [5].

Инсентив турдың өсуіне байланысты конгресті көрмелік кәсіпкерліктің, форумдардың кең тарауының түрткісі болды.

Солардың бірі Нью-Йоркте орналасқан Мадақталған туризмнің қоғамдық қызмет түрлерінің сферасы (SIТЕ). Ол 650 мүшеден тұрады. Қазіргі уақытта SITE-ң 18 комитеті жұмыс атқарады. Олар инсентив туризм университетін басқарады, аймақтық жиналыстар семинарлар, сауда көрмелерін жүргізеді.Эксперттердің болжауы бойынша инсентив турдың болшағы зор. ХХI ғ инсентив туризм әлемдік шаруашылық қызметкерлерін мадақтаудағы басты формасына айналмақ.

Инсентив турлардың ұйымдастырылуы маманданған ұйымдастырушылар мен аймаққа байланысты. Іскерлік орталықтар мен рекреациялық аймақтар инсентив сапарларды жүргізудің басты аудандары болып табылады.

Инсентив турдың геогрфиясы күннен- күнге кең етек жаюда. Осындай турларға байланысты арнайы «инсентив турларға арналған қонақ үйлер» торабы жұмыс істеуде.

Іскерлік саяхаттарда конгресті көрмелік туризм динамикалық сегментке айналып отыр. Конгресті көрмелік туризм қатарына конгрестер, көрмелер, конференциялар, ісшаралар кіреді. ДТҰ-ның статистикасы бойынша конгресті көрмелік туризм іскерлік сапарлардың 10-12% құрайды. Әлемде форумдар, конференциялар, симпозиумдар, жиналыстар, семинарлар, жәрмеңкелер мен көрмелерге деген қызығушылық артуда. Ғалымдар, кәсіпкерлер, дәрігерлер, өнер адамдары, туризм және басқа сала қызметкерлері (құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы т.б.) жаңа ақпарат алу, әріптестерімен көрісу, тәжірибелерімен алмасу, күнделікті тіршіліктен құтылу үшін осындай ісшараларға жанталаса қатысады.

Конгрестер мен көрмелердің бірге берілу себебі олардың мағыналарының бір-біріне өте жақындығында.

Әдетте конгересті көрмелік туризмі дамыған елдердің ғылыми- техникалық бағыттағы репутациясы көш алдында. Мұндай елдер ең алдымен мамандарды қызықтырады және де басқа келушілерді өздеріне тартады. Конгересті көрмелік туримнің қатысушыларды өзіне тартудың басты шарттары болып елдегі экономиканың дамуы, транспорттық инфроструктурасы, байланыс құралдары, қонақ үй қорының болуы. Көрмеге қатысу – шығыны көп ісшара. Себебі стендистердің іссапар бағасы, құралдарды жеткіу, стендтің алатын орнының құны осылардың бәрі ескеріледі. Конгресті туризм көрмелік туризмнің әртүрлілігін көрсетеді.

Іскерлік туризм жан жақты болып келеді. Жоғарыда айтылғандай, мамандар бизнес туризмі түсінігінің орнына ағылшын термині “MICE” көп қолданады. Бұл бизнес туризмінің құрылымы болып табылады (2 сурет) [6].

 

Іскерлік туризмнің үлесі

 

 

Сурет 2

 

2 суретте көрсетілген келесі  іскерлік туризмнің үлесі көрсетілген:

1) Бүгінгі таңда іскерлік туризм құрылымында көп кездесетін түрі жеке іскерлік саяхаттар болып табылады, оның үлесі – 70,8 %

2) Конференциялар мен семинарлар  - 12,6%.

3) Көрмелер – 10,9 %.

4) Конгрестік туризм – 3,3 %.

5) Инсентив туризм – 2 %.

Енді іскерлік туризм түрлеріне жеке тоқталып өтейік. Жеке іскерлік саяхаттар, қазіргі бизестердің ең көп жасайтын саяхаттарының бірі. Негізінен бұндай саяхаттардың мақсаты жаңа нарықты барлауға жаңа байланыстар құруға арналған болып келеді. Бұл Жағдайда бизнесмендер өз саяхаттарын алдын ала жоспарламайды.

Конференциялар мен семинарлар осы шараларды өткізу әдетте алдын ала жоспарланады. Бұндай шараларға компаниялардың бір адамы немесе топ, ғалым, жай ғана бақылауша жіберіледі.

Конгрестік туризм. Конгрестік қызмет көрсету туристік көрсетудің ішіндегі спецификалық түрдің бірі. Конгрестік туризм ең табысты түрі болып келеді. Осы туризм түрінің басқа саяхаттарға қарағанда айта кететін екі артықшылығы бар :

- конгрестік туризм маусымаралық  кезеңде немесе маусымсыздықта  да материалдық базаны қолдануға  мүмкіндік береді;

- конгреске қатысушылардың орнын  шараның басталуынан алдын ала бронь жасап қою керек, және орналасу жері ыңғайлы, конгресс өтетеін жерге жақын болуы керек, сонымен қатар көңіл көтеру, демалу, спортпен айналысуға мүмкіндігі бар жер болуы тиіс;

Осы туризм түрі бір мезгілде екі түрлі қажеттілікті қанағаттандырып отырады: ақпарат алу және демалу. Конгрестік туризмнен түсетін табыстың 30% ін экскурсиялық бағдарламалар мен банкеттер құрайды.

Инсентив туризм (ағылшын сөзі «incetntive» – стимул, марапаттау) пайда болуына онша көп болған жоқ. Қазіргі заманда көптеген компаниялар өз ұйымдарын мотивациялау мен біріктіру саясатын жүргізе бастады. Бұл біріккен саяхаттар, корпоративтік кеш, ұйымдық демалыс, табиғаттағы пикник ретінде жүзеге асады [7].

Компаниялар басшылары өз жұмысшыларына жақсы жұмыс істегені үшін алғысын білдірудің бір тәсілі ретінде де инсентив туризді қолдануға  болады.

Оқу семинарларды, треннингтер, персоналдың потенциалын дамытып қана қоймай, күш қуатын арттыруға да көмегін тигізеді. Кең ауқымды ұсыныстарды қолдана отырып турфирмалар мен кконсалтинг компаниялар әр ұйымға салалық, кадрлық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып жеке бағдарламалар құрастырады.

Осы туризм түрінің болашағы өте зор. Өйткені компаниялар саны жылдан жылға артуда. Ал егер бір ұйымға көрсетілген қызметтер ұнаса олар әрдайым клиент болуға даяр болады.

Халықаралық туристік бизнесте incentive destination деген ұғым қолданады. Ол қалалардың тізімі. Оны ірі компаниялар корпоративтік демалыстары үшін таңдайды. SITE халықаралық ассоцациясы осындай қалаларға есеп жүргізеді. Олар әр түрлі параметрлерге қарап демалыс орындарын бағалайды: жақсы көлік торабы, тұрақты саяси жағдай, халықаралық санитарлық нормаларға сәйкестігі, отельдердің дамыған жүйесі, рекреациялық орындардың көптігі [8].

Іскерлік туризмдегі қызмет, олардың түрлері. Әрине, туристік мақсаттағы келіп-кетудің жөні бір басқа екендігінде дау бар ма? Айдай әлемге атақ-даңқы жайыла бастаған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани тіршілігімен танысу сырт қонақтың көздегені болса, соның бәріне қолайлылық туғызу да оңай міндет емес. Бірақ жаман үйді қонағы билейдінің кебін келтірмес үшін басты қаланың намысын үлгілі қызмет ауанымен қорғап қалу қандай ғанибет десеңізші. Өкінішке қарай, турист күтудің дәл осы буынында кемшін тұстар көп.

Сондықтан мемлекетте туризм кластерін дамытқан кезде іскерлік туризммен айналысатын мекемелерге де көп көңіл бөлген жөн.

Мемлекет дамыған сайын сол мемлекетке келетін туристер саны да арта түседі. Және келетін туристер дамыған мемлекеттерден келуі көбірек болады. Ал сол дамыған мемлекетте қызмет көрсету саласы әлде қайда дамыған болып келеді. Сол себептен де туристері де таңдағыш келеді. Туристік мекемелер қызмет сапасына көңіл бөлулері тиіс.

Негізгі стандарт бойынша белгіленген қызмет түрлері бар.

Олар: стандарттық конференстік пакет:

  1. әуе қатынасы;
  2. транферлер;
  3. орналастыру;
  4. тамқтандыру;
  5. бағдарлама бойынша алып жүрулер;
  6. конференц залды арендаға алу;
  7. кофе брэйктер;
  8. конференц зал үшін жабдықтармен қамтамасыз ету;
  9. аудармашылар қызметі;
  10. кешкі іс шаралар;
  11. экскурсиялық бағдарламалар;
  12. сақтандыру;
  13. визалық қызметтер.

Информация о работе Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары