Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері

6

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні
6

1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

14

1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
22
2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

28

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

28

2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

53

2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру

58
3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
67

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
67

3.2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
76

ҚОРЫТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

искерлик диплом руся.doc

— 3.16 Мб (Скачать документ)

Кәсіпкерлікті экономикалық негізі экономикалы ресурстарды: адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік және материалдық ресурстар – жер, мұның табиғи байлығы мен капиталды тиімді пайдаланып, меншік иелері: жұмысшы – еңбек ақысын, капитал иелері – жер иелері - өнімін алуы тиіс.

Шағын бизнес біздің өміріміздің барлық салаларын қамтиды: өнеркәсіп және сауда, денсаулық сақтау және білім беру.

Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлік жетілдіру болып табылады.

Экономикасы нарықтық бағытта дамып келе жатқан Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Қазақстан Республикасының Конститутциясында былай деп жазылған «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторларды жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.

Әлемдік туризм индустриясындағы іскерлік саяхаттың үлесі 60 пайызды құрайды (Эдуард Эдоков). 2006 жылы ондағы айналымдағы қаржы 700 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл бүгін Алматыда өткен Қазақстандағы өткен жылғы туристік маусымның қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазір қалалық әкімшілік Алматыны іскерлік туризмнің орталығы етуге тырысуда. Өкінішке орай ол әзірге сөз жүзінде ғана солай. Алматы бұл күнде тек туристік компаниялардың саны бойынша ғана Қазақстандағы іскерлік туризмнің орталығы болып тұр. Қалаға, менің ойымша, 150 компания жеткілікті. Республикада қазіргі таңда іскерлік саяхаттың туризм индустриясындағы үлесі 82-84 пайызды құрайды, дейді Қазақстанның туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова. Ал "Альянс  маркетингтік тобының бас директоры Эдуард Эдоковтың айтуынша, іскерлік саяхаттан ел экономикасына түсетін табыс туризмнің өзге түрлеріне қарағанда 3 есе артық. Оған негізінен іскерлік мақсатта түрлі семинар, форум, конгресс пен конференцияға қатысатын адамдардың жол пұлы мен жатын орнының шығыны жіберушінің өз есебінен төленетіні түрткі болып отыр. Өйткені іскерлік саяхатпен келетін шетелдіктер еліне қайтар кезде қаржысын көбіне түрлі кәде сыйлық заттарға жұмсайды [23].

Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақта өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге кәсіпкерлікке арқа сүйеді. Себебі кәсіпкерлік халықтық әл-ауқатын арттыруымен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

Кәсіпкерліктің түрлі формаларын өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне олай бейімделеді. Соандай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізумен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табысына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, рокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зеттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсету мен қамтамасыз етіліп, белсенді ролб атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамына жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенімен, серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе шынара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің болу мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш маңызды фактор болып есептеледі.

Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:

1) Белгілі бір істің түрі . Кәсіпкерлік  дегеніміз – белгілі бір істі  істей білу, ол адамның еркін  өмір сүру түрі – белсенділігі  және іскерлігі. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Экономикалық белсенділік бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табу.

2) Сол іспен шұғылданатын нақтылы  қоғамдық тап.

Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар – біріккен серіктестіктер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, корпарациялар т.б. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері: дербестік, тәуелсіздік, экономикалық ынтымақ, тәуекелділік, жеке жауапкершілік және жаңашылдық [24].

Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез құлқы типтерімен байланысты адамдардың қандай типтері белсенді, іскер болар екен? Өздеріңіз ойлаңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, миланхолик пе? Сан есебінен алған да белсенділік өте азғантай энергетикалық шығыннан, шыдамай тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін. Мысалы: Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалисттік революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік (қайғы, қасірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік. Адамдардың белсенділігі әр-түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи т.б. болып бөлінеді.

«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонисттік қоғамда, ол адамды қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады. Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.

Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қолөнершілер. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

16 ғасырдың ортасынан бастап акционерлік қоғамдарқұрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост-Үнді сауда компаниясы. 17 ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.

Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Перт 1 патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.

Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын кәсіпкерлік – бұл кез келген реформалардың өміршеңдігін айқындайтын сферасы болып табылады. Салық салу, зейнетақы реформалары және шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы нормативтік актілердің шындығына келетін болсақ өмір тәжірибесінде шағын кәсіпкерлік субъектілері қатал деструкциялармен кездесіп отырғанын айта аламыз.

Кәсіпкерліктің түрлері:

1) Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің манадай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.

2) Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі

3) Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

4) Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық құқықтық; 2) ұжымдық экономикалық.

Қандай да бiр елдiн туризм секторын сыртқа танытуды бастамас бұрын зерттеулер жүргiзiледi. Зерттеу мәлiметтердi жинап кою ғана емес. Сонымен қатар, зерттеу процесiнiн әр бiр кезенiнде жинақталған мәлiметтердi ой сүзгiсiнен өткiзу, нақты ұсыныстар беру және шешiм қабылдаудан тұрады. Туризм танытуында жүргiзiлетiн зерттеулерде туристiк таныту шараларын бастамас бұрын сенiмдi, қажеттi, нақты мәлiметтердiң жинақталуы, шешiм қабылдануы, түсініктеме және ұсыныстардың берiлуi болып табылады. Туристiк танытудан алдын жүргiзiлетiн зерттеулер туристiк таныту процесiнiң жақсы өтyiн және нәтижелi болуын қамтамассыз етедi. Жалпы таныту зерттеулерi бөлек бөлек зерттеулердiң жиынтығынан тұрады. Олар төрт бөлiмге бөлiнедi [25].

1) Халықаралық туризмге байланысты зерттеулер:

  • халықаралық туризмдi дамытуға байланысты зерттеулер;
  • туристiк шығындар мен кipicтepiнe байланысты зерттеулер;
  • туристiк кешендерге байланысты зерттеулер;
  • туризм ұйымдарына байланысты зерттеулер;
  • шетелдердегi туристiк өнiмдердін дамытылуына байланысты зерттеулер.

2) Мемлекет тарапынан халықаралық туризмге жұмыстарына байланысты зерттеулер:

  • елге келген және елден кеткен туристерге байланысты зерттеулер;
  • елдегi туристiк кешендерге байланысты зерттеулер;
  • елдегi туристiк уйымдарға байланысты зерттеулер.

3) Туристiк енiмдерге байланысты зерттеулер:

  • елде өндiрiлетiн туристiк өнiмдермен оларды дамытуға байланысты зерттеулер;
  • елдегi өндiрiлетiн туристiк өнiмдермен бәсекелес елдердiн туристiк өнiмдерiнiң салыстыру жұмыстарына байланысты зерттеулер.

4) Туристiк танытудың қаржыландыруға байланысты зерттеулер.

Туризмдi танытудын қаржьшандыру көздерi, туризмдi танытудын қаржыландырудың шарттары, туризмдi танытудың потенциалды қаржыландыру көздерiне байланысты жүргiзiлетiн зерттеулер.

Туримзде таныту зерттеулерiнiң түрлерi. Туризмде таныту зерттеулерiнiң негiзгi мақсаты туристiк өнiмдер және туристiк тұтынушылардың қалаулары, қажеттiлiктерi арасында үйлесiмдiлiктi қамтамассыз ету және де әлеуметтiк - экономикалық пайда табу.

Туризмде танытудын бiр жағында туристік өнім, екiншi жағында туристiк тұтынушылардың қалаулары мен қажеттiлiктерi орын алса, бұл eкi жақтын арасында бәсекелестердiң, таныту құралдарының, байланыс әдiстерi мен құралдарының, туристiк ұйымдар және қаржыландырылу көздерiнiң зерттелуi орын алады.

Сан есебінен алған да белсенділік өте азғантай энергетикалық шығыннан, шыдамай тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін.

Туристiк таныту зерттеулерiнде туристiк өнiмдердi зерттеу, зерттеудiң негiзi, ал туристiк құралдардың, бәсекелестердiң, танытым құралдарының, туристiк ұйымдар және қаржыландырылу көздерiнiң зерттелуi аралық зерттеулер болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

 

 

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

 

Туристік фирма – ол заңды-құқықтық табысы бар, шетел және мемлекет азаматтарына туризм саласында төлеуақы,қызмет көрсететін мекеме (5 сурет) [26].

Туристік фирмалардың жалпы мақсаттары


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5

 

5 суретте туристік фирмалардың  жалпы мақсаттары көрсетілген.

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік фирмасы Қазақстандық туристік нарыққа  2004 жылы қосылды. Туристік мекеме өзіннің негізгі қызметінің сипаттамасы  және мазмұны бойынша туристік қызметті тұтынушылармен (туристер) орындайтындар (қонақ үй, көлік, тамақтандыру орындары) арасындағы делдал болып табылады.

Туристік мекеме кешенді турларды, жеке туристік қызметтерді құру және сатумен, жол жүру құжаттарын сатумен, туристерді сақтандырумен, жол көрсеткіштерімен ескерткіштері сатумен айналысады. Туристік мекемелерді құру және олардың қызметі әр елдің заңымен реттеліп отырады.

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік мекеме қызмет көрсету түрі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) болып табылады. Бұл мекеме 2004 жылы құрылып, Қазақстанның туристік нарығына енді.

 «KAZAKHSTAN Travel Group» туристік мекеменің  туристік қызмет көрсету үшін  мемлекеттік лицензиясы Қазақстандық  Туристік Ассоциациясының (КТА) мүшесі екендігі туралы 2004 жылы 24 қарашада берілген куәлігі, ЮСАИД-тың стратегиялық даму жоспарын орындағаны үшін сертификаты және көптеген тілдік орталықтардан алғыс хаттары мен сертифкаттары бар [27].

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік мекемесінің негізгі қызмет көрсету бағыттары:

- әлемнің әрбір елінде жеке  демалу;

- әр түрлі мақсаттағы саяхаттарды  ұйымдастыру;

- теңіздік круиздар;

- VIP – қызмет көрсетулер;

- іскерлік туризм: көрмелер, семинарлар, конференция;

- шетелдерде емделу;

- барлық бағыттардағы авиабилеттер;

- визалық қолдау;

- шетелдіктерді тіркеу.

«KAZAKHSTAN Travel Group» туристік мекеменің ұжымдық және маркетинг құрылымы:

- «KAZAKHSTAN Travel Group» туристік мекемесі  құрылған кезден бастап алдағы  өзінің нақты бағдарламасын  дайындайды. Өзінің әр қадамын мұқият бағалай отырып, ол табыстарға қол жеткізді [28].

- Туристік нарықта болған уақыт  аралығында «KAZAKHSTAN Travel Group» туристік  фирмасы басқа фирмалар арасында  өзінің қызметкерлерінің нақты  жоспарланған жұмысы, әсіресе маркетинг бөлімінің алдағы қатарларға шықты.

- Мекемеде мамандандырылған кадрлар  жұмыс істейді - әр қызметкердің  туризм саласында жоғары білімі  немесе турбизнесте тәжірибесі  бар.

-  Фирманың басшылығы маркетинг  бөлімінің жұмысына үлкен көңіл  бөледі.

Информация о работе Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары