Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа
Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.
КІРІСПЕ
3
1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері
6
1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні
6
1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары
14
1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
22
2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру
28
2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы
28
2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау
53
2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру
58
3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
67
3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
67
3.2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
76
ҚОРЫТЫНДЫ
84
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Халықаралық қаржы орталықтарының ұлттық нарықтан айырмашылығы олардың алып ауқымында. Кейбір сараптамалар бойынша, әлемдік валюта және қаржы нарықтарындағы операциялар тауардың әлемдік саудасы бойынша ымыраласудан 50 есе артық [30]:
- географиялық шекараның болмауы;
- операцияларды тәулік бойына жүргізу.
Ол бүкіл әлем мамандарына арнайы ақпараттық агенттіктер мониторлары арқылы халықаралық операциялардың нарықтық бағасын, баға кесілуін, валюта курсын, пайыздық көрсеткішін және басқа да валюта-қаржы ахуалын бақылауға мүмкіндік береді. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Лондон билік құрушы қаржы орталығы болды. Бұл Ұлыбританияда капитализм дамуының жоғары деңгейіне, оның басқа елдермен кең сауда байланыстарының болуымен, фунт стерлингтің тұрақтылығымен, елдің дамыған несие жүйесінің болуымен байланысты еді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін елдердің тең дәрежеде дамымауы заңы күшінде алдыңғы қатарлы әлемдік қаржы орталығы АҚШ ауысты. Бұл орталық 20 ғасырдың 60 жылдарына дейін монополиялық орын алып отырды. Демек, Лондон халықаралық, валюта, несиелік және қаржы операцияларында маңызды рольге ие болды. 60 жылдардан бастап әлемдік қаржы орталығы ретіндегі АҚШ монополиялық жағдайы әлсіреді. Себебі, Батыс Еуропа мен Жапонияда жаңа орталықтар қалыптасты. Бәсекелестікке қабілеттілікті және халықаралық операцияларды жүзеге асырушы ұлттық банктер беделін арттыру мақсатында өндірістік дамыған елдер біртіндеп шектеулерді алып тастай отырып, олардың қызметін реттемеушілік жүргізді. ЕҚ елдері бұрыннан жеке қаржы нарығын қалыптастыруды көздеген. Демек, валюта, несие, қаржы нарығының интеграциясы өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, сыртқы сауда салаларындағы интеграциядан қалық болды. Бұл ЕҚ – ғы қайшылықтар септігінен, осы Қауымдастыққа мүше елдердің бюджеттік, несиелік, инвестициялық саясатта егемендігінен айырылмау ниетіне байланысты болды. 90 жылдары экономикалық және валюта одағын құру туралы «Делор жоспарына» сәйкес, ЕҚ елдері барлық валюталық шектеуді алып тастау жолы арқылы біріңғай қаржы кеңістігін қалыптастырды. Тағы бір әлемдік қаржы орталығы – Цюрих. Ол алтын бойынша операциялар жөнінен Лондонмен, сондай-ақ Люксембургпен бәсекелестікте. Соңғысының үлесінде барлық еуро валюталық несиелердің ¼ бөлігі.
Токио бәсекелестік күрес, шетелде мықты банк желісін қалыптастыру, халықаралық экономикалық айналымға иенаны енгізу, валюталық шектеуді алып тастау барысында Жапонияның халықаралық шаруашылықта орнын нығайту нәтижесінде әлемдік қаржы орталығына айналды. Багама аралдары, Сингапур, Сянган (Гонконг), панама, Бахрейн және т.б. сияқты қаржы нарықтарының әлемдік шаруашылық шалғайында пайда болуы төмен салық пен операциялық шығындар, мемлекеттің аз мөлшерде араласуы, либералды валюта заңының болуына негізделген. Сонымен қатар, со елдің резиденті болып табылмайтын шетелдік валюта арқылы операцияларды жүзеге асыратын несиелік мекемелері бар әлемдік қаржы орталықтары «оффшор» қаржы орталығы атауына ие болды. Өзінің халықаралық қаржы орталығын құру үшін Лондонға бірнеше жүзжылдық қажет болды. Нью-Йорк пен Токиоға бұл процеске жүз жыл қажет болды. Берлин ең маңызды еуропалық қаржы нарығы болды, бірақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол төмендеді. Халықаралық транзит орталықтары ретінде қызмет жасайтын көптеген оффшорлы банк орталықтары банк операцияларын еуро валютамен жүргізеді [31].
“Business Travel” (“Іскерлік туризм”) халықаралық өлшем бойынша да мүлдем жаңа түсінік.
Іскерлік туризмнің қатты дами бастаған шағы өткен ғасырдың 80-ші жылдарына жатады. Іскерлік қарым қатынастар санының жылдам өсуі арқасында іскерлік туризм жиырмасыншы ғасыр феномені деген атаққа ие болды. Іскерлік туризм даму себептері халықаралық бизнесстің дамуы, глоболизация, сонымен байланысты іскерлік, ғылыми және мәдени алмасулардың интенсификациясы, халықтың әлеуметтік құрамының өзгеруі, оның ішінде орта таптың өсуі болып табылады. Батыста іскерлік саяхаттардың ұйымдастырылу мәдениеті он жыл ішінде құрылды. Осы уақыт аралығында іскерлік туризм сферасында дүние жүзінде көптеген ассоцациялар, ғылыми және оқу мекемелері, баспа орындары, методикалық оқулықтар пайда болды. Айта кететін бір жәйт, батыста іскерлік туризмнің дамуына мемлекет тарапынан көмек көрсетілді.
Іскерлік туризм, кездесу индустриясы (Meeting Industry) тар түсінік. Негізінде бұл кейбір нақты сөздерден құралған, ол ағылшын аббревиатураны құрайды “MICE” бұл сөз іскерлік туризм индустриясында кең қолданылады (13 сурет).
Туризм саласының экономикалық үлесім
Сурет 13
13 суретте көрсетілген MICE аббревиатура ағылшын сөздерінің бірінші әріптерінен тұрады:
М - “meetings”- кездесулер;
I – “incentives”- инсентив шаралар;
C- “convention”- конференциялар;
E- “exibition”- көрмелер.
Өкінішке орай, негізгі ұйымдар іскерлік туризм нарығында сөз сөйлейтін кәсіби тұлғалар туралы түсініктер мен көріністер бізде әлі шатастыруда.
«Іскерлік туризм агенттіктері» түсінігі (ТМС). Іскерлік сапарларды ұйымдастырумен іскерлік туризмнің профессионалды агенттіктіктері (Travel Management Company, TMC). Іскерлік туризм агенттіктері (бизнес-агенттіктер) – корпоративтік клиенттермен іскерлік сапарлар мен корпоративтік іс шараларға тү рақты рейстерге авиабилеттерді жүзеге асыру, виза рәсімдеу, қонақ үйлерге бронь жасау, трансферлерді үйымдастырады. Мәні бойынша, бизнес-агенттік жеткізушілер мен корпоративтік клиенттер арасында қызметтердің провайдері(сервис-провайдер) болып табылады [32].
Бизнес-агенттіктердің функциялары. Толық циклді ТМС (бизнес-агенттіктер) келессі функцияларды атқарады:
Ірі ТМС мысалдары және қысқаша тарихы. Қазіргі таңда әлемдік іскерлік туризм индустриясында бизнестің жоғары концентрациясы мен жаһандануы байқалуда. 90% іскерлік туризмнің қызметін осы салады қызмет ететіндердің 10% қатысушысы ғана қамтамасыз етіп беріп отыр. Европаның әр ірі мемелекетінің өзінде ТМС саласында қызмет ететін жеткілікті көп компаниялар болғанымен, бұл саладағы Европадағы, Азиядағы және Америкадағы сөзсіз бес лидер компания бар. Оларға American Express, Carlson Wagonlit Travel, Kuoni Group, Hogg Robinson Group и BCD Holdings кіреді. Олар өз қызметтерінде миллиардтаған қаржы айналымыммен, әлемдік филиалдар жүйесімен, ондаған мемлекеттерді қамтитын қызмет географиясымен, бизнес философиясымен ерекшеленеді.
American Express. Өз тарихын 1850 жылдардан бастайды. 160 жылға жуық қызметінде American Express шағын турагенттіктен 130 елде қызмет ететін халықаралық холдингке айналды. Ол қазірде Солтүстік Америкада бірінші қатарда. American Express атымен қазіргі таңда әлемде 1700 кеңсе(ақша айырбастау пунктін қоса алғанда) қызмет етеді. Оларда 66 мыңға жуық адам қызмет етеді. American Express өз қызметін негізгі 4 бағыт бойынша жүргізеді: пластик карталар, жол чектері, қаржылық сервис, іскерлік және жеке туризм. Іскерлік туризм секторында компания іс-шараны ұйымдастыру үшін Business Travel Solutions (BTS) кешенді шешімін үсынады.Нгізгі бағыт іскерлік спарды ұйымдастыруда мекеменің бюджетін барынша оптимизациялаға бағытталады. Основные клиенты American Express-тің негізгі клиенттері —ірі корпорациялар болып табылады [33].
Carlson Wagonlit Travel. Carlson Wagonlit Travel жүз жылдан астам тарихы бар. 1872 жылы бельгиялық Джордж Нагельмакерс туристерге қызмет көрсететін жаңа Wagons-Lit компаниясының негізін қалады. 1950-1960 жылы Wagon-Lits Европада ірі туристік компанияға айналды. 1994 жылы Wagonlit Travel концерні мен ірі америкалық корпорация Carlson Companies (АҚШ-та 100-аса филиалы бар) бірікті.Жаңа біріккен компания Carlson Wagonlit Travel деп аталды. Қазірде CWT тең Accor Group (Novotel, Mercury, Ibis) қалықаралық қонақ үйлер жүйесінің үлесіне ие. CWT Европада және Латын Америкасында іскелік туризм секторында бірінші, ал Солтүстік Америка мен Азияда екнші орын алады. CWT 151 мемлекетте, оның ішінде, 40 мемлекетте үлестік компаниялары бар. CWT қызметкерлері 17 мың адамды құрайды. CWT Fortune журналының зерттеуі бойынша әлемнің ең жоғарғы рейтингті top-100 компанияның 60-ы олардың клиенттері болып табылатынын мақтан етеді. CWT әлемдік дәрежеде жетістікке жетуінің маңызды факторы ретінде дұрыс таңдалған бизнес-стратегияны атайды. Қазіргі кезде компания 3 жылдық стратегия негізінде дамуда.Ол негізгі 7 қағидаға негізделген. Оның ішінде: on-line броньдау және автоматизациялау саласында алдыңғы қатарларды иемдену, консалтингтік және аутсорсингтік қызметтерді дамыту, шағын және орта бизнес саласын да қамту да бар.
Kuoni Group. Kuoni Group компаниясы 1906 жылы құрылды. Цюрихе қаласында жас Альфредом Куони негізін қалаған. Басында компания қала ішінде және оның маңында экскурсиялар ұйымдастырумен айналысқан болатын. 1908 жылдары Kuoni Reisen Франциюяға және Италияға сапарлар ұйымдастыра бастады. Бір жылдан соң-Египетке де. Ең басынан Альфред Куони өз бизнесіне революциялық идеялар енгізе бастады. Ол әр клиентке деген персоналды қызмет көрсету, all inclusive тур түсінігін, агенттікте валюта айырбастау пунктін ашты, маршрут сипаттамасы бар каталогтар шығара бастады, поездарда билет сатты және саяхат кезіндегі оқыс жағдайладан сақтандыру полисін енгізді. 1950 жылдардағы жаппай туризм кезеңінде компанияның гүлденген дәуірі келді. Қазіргі кезде Kuoni Group әлемнің 26 мемлекетінде фирмалары бар. 6,5 мың қызметкері бар. Бизнесінің негізгі екі бағыты – leisure travel және destinations management, 83 және 17 % қаржы айналымын құрайды. destinations management бағыты жеке және топтық іскерлік туристер топтарына, конгресс, конференцияларда қызмет көрсетуді қамтиды. Kuoni Group-тың Европадағы клиенттеріне Manchester United, Chelsea, Liverpool атауға болады. Бизнес-туристерге қызмет көрсету DMC-офистер арқылы Destination Management Company) және АҚШ-тың дочерлық компаниялары (Allied TPro), Оңтүстік Африкада (Private Safaris Africa) и Үндістанда (SITA) жүзеге асырылады. Kuoni бірнеше мәрте әлемдегі алдыңғы қатарлы туроператор ретінде танылып, World’s Leading Tour Operator наградасына ие болды.
Hogg Robinson Group. Hogg Robinson өз тарихын 19 ғасырдың ортасынан Ұлыбританиядан бастайды. Басында компания сақтандыру мен саудамен анасып, кейіннен туристік қызметтерді де ұсынатын болған. HRG халықаралық BTI туристік компанясының иегері. HRG әлемнің 89 елінде өз өкілдіктерін иеленеді. HRG-дің негізгі қызмет бағыттары – Corporate Travel Management, Sports Travel Management, Events & Meetings Management, консалтинг және шығындарды басқару. HRG басшыларының пікірі бойынша компанияның негізгі бәсекелестік басымдылығы: клиентотерге нақты бағытталушылық (компанияның барлық бөлімдерінде тәуліктік қызмет көрсету жүйесі қызмет атқарады), бизнес-сапарлардағы шығындарды оптимизациялауға акцент қою, клиенттермен жұмыста жыңа технологияларды қолдану, көпжылдық жұмыс тәжірибесі. HRG позициясы әсіресе, Батыс Европа мемлекеттерінде басым [34].
BCD Holdings. Компания нарықта TQ3 Travel Solutions атымен 2001 жылы пайда болды. Оны Евопадағы алдыңғы қатарлы турконцерн TUI және америкалық корпорация Navigant Internation құрды. Өзінің қысқа тарихында тамаша серпіліс көрсетті. Қазірде компанияның жылдық қаржы айналымы 12 млрд. доллар құрайды. Қызмет географиясы 90 мемлекетті қамтиды, ал филиалдар саны 1200-ге жуық офистерді құрайды. Барлық бөлімшелеріндегі қызметкерлер 12,5 мың адамды құрайды. BCD Travel (TQ3 Travel Solutions) қызметінің жетістігінің негізінде 3 басты қағида бар: клиенттерге қызметте стратегиялық бағыттылық, инновацияларды жұмысқа ендіру, (мысалы, өздерінің іскерлік сапардағы клиенттердің шығындарын оңтайлау үшін OptiMiser аналитикалық бағдарламасын енгізу) және нәтижелерді бағалаудығы нақты бағыттылық.
2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты
турларды жоспарлау және ұйымдастыру
Алматы Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Оның нақты мысалын төмендегі статистика мәліметтері арқылы байқауымызға болады.2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте 882 кәсіпорын (оның ішінде 755 туристік фирма, 96 орналастыру обьекті және 31 жеке кәсіпкер) 446,4 мың келушіге қызмет көрсетті.Туризмнің барлық түрлері бойынша туристік индустрияның дамуында жалпы оң үрдіс байқалуда: ішкі туризм аясында қызмет көрсетілген келушілердің саны 190,1 мың адам немесе келушілердің жалпы санында 42,6% құрады, келу туризмі 123,7 мың адам немесе 27,7% құрады, ал сыртқа шыққан туристердің саны 132,5 мың адам немесе 29,7%-ды құрады.Туристік индустрияда көрсетілген қызметтердің көлемі 21529,4 млн. теңге, соның ішінде орналастыру обьектілері көрсеткен қызмет көлемі 12045,7 млн. теңге немесе 55,9%, туристік фирмалар көрсеткені - 9351,2 млн. теңге (43,4%) және жеке кәсіпкерлер көрсеткені - 132,5 млн. теңге (0,6 %).
Қызмет көрсетілген келушілердің басты мақсаты:
1) Іскерлік және кәсіби мақсаттар (61,0%).
2) Бос уақыт, рекреация және демалыс (34,5%).
3) Комерциялық мақсаттар (2,3%) болып табылады, мақсаттардың басқа санаттарның үлесі шамалы
Қазақстанның 882 тіркелген фирмаларының 525 туристік ұйымы Алматыда орналасқан. Онда 3000 мыңдай адам қызмет істейді.
Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер 2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, 2009 жылы туристер саны – 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер саны 2008 жылдан 2010 жылға дейін 3600-ден 20000-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіштер елімізге келушілер санының 4,5% өскенін көрсетеді.
Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай алады.
Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2010 жылы ішкі және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге дейін жетті.Туристік фирмалар мен орналастыру объектілерінің басым бөлігі Алмалы (35,6%-ы), Медеу (24,8%) және Бостандық (21,2%) аудандарында жұмыс істейді.2010 жылы Алматы қаласындағы туристік фирмалардың қызметтерін 27743 резидент болып табылматын туристер пайдаланған, бұл қызмет көрсетілген келушілердіің жалпы санында 16,5%-ын құрайды. Елге келу туризмі бойынша деректер 85,3%-ын (23656 адам) қиыр шет елдерден және 14,7%-ын (4087 адам) ТМД елдерінің туристері құрайды.Келушілердің басым бөлігін [35]:
Информация о работе Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары