Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері

6

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні
6

1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

14

1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
22
2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

28

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

28

2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

53

2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру

58
3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
67

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
67

3.2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
76

ҚОРЫТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

искерлик диплом руся.doc

— 3.16 Мб (Скачать документ)

Турдың бағдарламасы: Виза, Қонақ үйде орын резервтеу, Жүргізушімен транспорт, Мәдени экскурсиялар, Трансфер, Барлық жергілікті ұялы  телефонмен байланыс.

Күндізгі график.

Бірінші күн:

9:00-18:00 – Алматыдағы потенциалды  серіктестермен кездесу.

18:00-19:00 – Отелдегі демалыс.

19:00-22:00 – Серіктестермен кешкі  ас клиент таңдауы бойынша  мейрамхана.

Екінші күн:

8:00-17:00 - Алматыдағы потенциалды  серіктестермен  кездесу.

17:00-19:00 – Отельдегі демалыс.

19:00-20:00 – Кештің мәдени бөлігі-қаланың  «Көк-Төбедеден» панорамасын серіктестермен  тамашалау.

20:00-22:00 – Серіктестермен қалауы  бойынша таңадалған мейрамханада  кешкі ас.

Үшінші күн:

8:00-13:00 – Алматыдағы потенциалды  серіктестермен кездесу.

13:00-14:00 – Отельдегі демалыс.

14:00-19:00 – Вертолетпен Түрген  шатқалы(қону) және Іле Алатауы  Ұлттық саябағының үстінен тамашалау, Медвежий және Қайрақтас сарқырамаларында  ону.

19:00-20:00 – Кештің мәдени бөлігі-қаланың  «Көк-Төбедеден» панорамасын серіктестермен тамашалау.

20:00-22:00 – Серіктестермен қалауы  бойынша таңадалған мейрамханада  кешке.

Төртінші күн:

9:00-12:00 – таудағы демалыс «Медеуге»  саяхат.

12:00-13:30 – Отельдегі демалыс  аэропортқа шығуға дайындық.

13:30-14:00 – Аэропортқа  шығу.

15:30 – Елге қайту.

Сонымен қатар, іскерлік турларды ұйымдастыру өте күрделі жұмыс. Онда қатысушы клиенттердің жастық, ұлттық, мәдени, менталитеттік ерекшеліктерімен бюджеттік талаптарына сай қызмет көрсетуді талап етеді.

Іскерлік турлардың ұйымдастырылуында бірнеше базалық және қосымша қызметтер кешені жиынтығынан тұрады. Осы мақсаттарды орындау үшін 2020 жылға дейін 1100 га территорияны, жалпы аумағы 6,5 млн.кв.м алып жатқан қоғамдық іскерлік құрылыс обьектілерін салу мақсатында инновациялық коммерциялық жоба жасалды.

«Халықаралық туризм орталығы» – Алматы қаласын халықаралық туристік орталыққа айналдыру, яғни: іскерлік мақсатта және т.б мақсатта келетін туристер санының өсуі есебінен кешенді турде туризм инфрақұрылымын,көрсеттілетін қызметтер санын жоғарылату болып табылады (ірі 5***** қонақ үй, шағын қонақ үйлері мен ақпараттықорталықтарымен офистары бар орталық, 4кинотеатр және 2 универсалды спорттық көрермендік кешен салу жоспарланып отыр.

Іскерлік турлардың ұйымдастырылуы мынадай кешенді қызметтердің бірігуінен тұрады: 1)негізгі және 2) қосыша (қосымша Б).

Іскерлік мақсатта жасалатын  турлардағы негізгі қызметтер:

– қойылған талаптар мен бюджет талаптары бойынша бағдарламаны даярлау;

– қажетті транспорт құралымен қамтамасыз ету (экскурсиялық автобустар;

– персональды автомобильдер, жалға алынған көлік) авиа және темір жол билетін брондау, трансфер;

– виза және сақтандыру құжаттарын рәсімдеу;

– отельдерде,қонақ үйлерде не тамақтандыру орындарында орналастыру;

– көңіл көтеру мен экскурсия бағдарламасын ұйымдастыру;

– түрлі көрмелер мен конференция,симпозиум,семинарларға және бос уақытты өткізу орындарына билет брондау;

– маманданған аудармашы  гидтермен қамтамсыз ету;

– VIP программалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары


 

 

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар

 

Алматы қаласының іскерлік туризмінің потенциалы мен  дамуының алғышарттары. Қазақстан Респуликасында үлкен қала агломирациялары онша көп емес. Туризмнің басқа түрлерінің орталықтары көп болғанымен іскерлік туризмнің спецификасына байланысты керекті инфраструкрураның болуы тиіс. Біздің мемлекетте ірі іскерлік орталықтары санаулы десек те болады. Олардың қатарына Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларын айтсақ болады. Біз аймақтардан Алматы қаласының, Астананың және Ақтөбе облыстарының іскерлік туризм жағдайларын қарастырамыз.

Алматы қаласы ірі қаржы орталығы, ең ірі агломерациясы, және мемлекеттегі қонақ үйлердің 80% і осы қалада орналасқан. Осы себептен де іскерлік туризм дамуына үлкен мүмкіншіліктері көп десек [35].

Болашақта алматы қаласы орта Азиядағы ірі қаржы орталықтарына айналу мүмкіндігі жоғары. Осындай үлкен экономикалық потенциал шетелдік компаниялар мен инвесторларды тартуда. Және сонымен қатар Алматы қаласының географиялық орналасуы мен рекреациялық ресурстары туризм дамуына өте қолайлы. Медеу, Шымбұлақ, Шарын, әсем тау бөктерлері, осының барлығы туристерді тартуда. Сонымен қатар Алматыда ірі көрме оралықтары да бар, жыл сайын қалада 50 шақты көрме өткізіледі

ІІІ Қазақстан инвестициялық саммиті өз жұмысын қорытындысында Алматы жағдайына көңіл бөлінген. Кезекті дөңгелек үстелде Алматыны аймақтық қаржы орталығы ретінде дамытудың перспективалары жөніндегі мәселелер талқыланды. Аймақтық қаржы орталығының басты мақсаты – орташа компанияларға қаражат тарту болып табылады. Ол үшін алдымен алғашқы қадамдар жасалуы тиіс. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, орталық болуы үшін алдымен офистер қажет. Бірақ олар бір жерде шоғырланбайды. Нақты территория белгіленбейді. Офистер әр жерден ұсынылуы мүмкін, яғни қай жерде отырып жұмыс істесеңіз, сол жер қаржы орталығы болып есептелетін болады. Ал біз лицензиялар алу мерзімін тездетіп, еш кедергісіз қол жеткізуге ықпал жасаймыз. Кейбір компаниялар үшін олар өз филиалдарын, мысалы, Лондонда құруға ұмтылмас үшін белгілі деңгейде салықтық жеңілдіктер болады. Біз әр түрлі қаржы құралдарын құруға (фьючерстер, аукциондар, т.б.) сенім артамыз. Біз неге алтынға, астыққа фьючерспен сауда жасай алмаймыз? Оның үстіне алтын саудасында өзіндік құн салығы алынып тасталады деген сыбыс бар. Бұл батыс инвесторлары үшін де тиімді болар еді. Шығыстықтар үшін де. Қазірдің өзінде Ресейдегі бірнеше ірі компаниялар мен Бостон компаниялары қатысуға ниет білдіріпті. Қысқасын айтқанда, Алматы аймақтық қаржы орталығы жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін де таптырмайтын қаржы рыногы болып табылады. Алдымен бұл орталық ішкі қор рыногын дамыту үшін қажет. Қазақстан экономикалық рыногының аумағы тар екендігі белгілі. Сондықтан терең, өтімділігі кең рынок құру үшін, ол аймақтық рыноктармен интеграцияда болуы керек. Тағы бір тәуекелділікті қажет ететін мәселе егер Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторларды кенеттен Таиландтан немесе Гонконгтан қор рыноктардан шақыру келіп, олардың активтерімен бірге қотарыла солай қарай көшуі мүмкін болған жағдайда, Қазақстан өз рыногын мұндай дағдарыстан қалай қорғайды Инвесторлар көп болған жағдайда, құнды қағаздар да, құралдар да рынокта көп болады. Сонда ғана тұрақтылық болады. Сондықтан да аймақтық қаржы орталы ашылуы тиіс. Онда Ресей, Қытай компаниялары болады. Рынокта қатысушылар неғұрлым көп болса, ақша да солғұрлым мол болады, ондай жерде саудагерлер де аз кездеседі [36].

Қазақстанның жоғалтып алған секторы – туризм. Экономиканың осы саласын дамыта алмай жатқанымыз аян. Туризм кластерін құрамыз дегенімізбен, әлі күнге дейін нақты мардымды ештеңе жоқ. Жібек жолы бағдарламасы, экотуризм, мәдени-танымдық және іскерлік туризм түрлерін дамыту ойда бар. Нақты жасалып жатқан іс жоқтың қасы. Авиа компания тасымал саласына жатады, ал адамдар оны туризмге апарып, қосып қояды. Келетін туристер болса, тасуға дайын екендігін білдірген ол, өткен жылы компанияның 1,2 млн шет елден жолаушы тасымалдағанын, оның 1 пайызы ғана туристер болғанын айтты. Бұл тым аз. Және аталған компания республика ішінде 27 пунктке рейс жасайды екен. Олардың арасында да жергілікті туристік орындарға бара жатқан жолаушылар жоқ. Студенттер, туыстарына бара жатқан жолаушылар ғана.

Алматы қаласының іскерлік туризмінің проблемалары мен оларды шешу жолдары.

Біздің елдегі туристік компаниялардың көпшілігі шығу туризмімен жұмыс. Әрине, бұл туризм түрі қысқа мерзімде көп табыс әкеледі, ал жалпы алғанда бұл мемлекет үшін тиімсіз. Өйткені мемлекет ақшасы басқа мемлекетке кетуде деген сөз. Басқа елге барған турист, сол елдегі қызметтерді пайдаланады және оған ақша төлейді. Ал кіру туризмімен аз ғана мекеме айналысады. Және айналысқанның өзінде жергілікті әкімшіліктердің түсінбеушіліктерімен кезігуде. Бұл осы саланың дамуына кері әсер етуші.

Осы кіру туризмінің дамытушы локомативі ретінде іскерлік туризмнен бастауға болады. Конференцияларға, форумдарға келген адамдар біздің елдің көрікті, қызықты жерлерімен танысады, қалаларымыздың көркемдігін көріп, келесі бір кезде өз жанұясымен, достарымен қыдырып келуі мүмкін, және басқа да адамдарға осы ел жайлы хабар таратады. Бұл дегеніміз үлкен жарнама.

Сонымен қатар статистикалық мәліметтерге сүиенсек, осы іскер турист елде мың долларға дейін тастап кетеді екен.

Әлемде іскерлік туризм жыл сайын қарқын алып келе жатыр. Мысалы: АҚШ-та 5%, еуропа елдерінде 5-6 %-ке, Ресейде 10% ке өсуде. Ал Қазақстанда іскерлік туризм даму жөнінен соңғы орында Оның алдында экологиялық және мәдени танымдық туризм тұр.

Алматыда іскерлік туризмді дамыту үшін үлкен конгресс орталық салу қажет. Ол әр түрлі халықаралық іскерлік іс шаралар өткізілуі тиіс. Сол конгресс орталықта конференциялар, семинарлар, форумдар және тағы басқа шаралар өткізіледі. Мысалы: Лондонда 5 конгресс хол бар, оңт. Африкада 15 жыл бұрын бірде бір болмаған ал қазір олардың саны үшеуге жетті [37].

Қазір Алматыда іскер туристерді бес жұлдызды қонақ үйлерде күтуде. Олар Анкара мен Хаят. Бірақ бұл қонақ үйлердің залдары аса көп қонақтарды қабылдай алмайды. Ол залдардың сыйымдылығы бес жүздік қана. Шындығында орта азия елдерінде қазіргі таңда бір де бір конгресс хол жоқ. Егер Алматы бірінші болып осы орталықты салатын болса, бұдан іскерлік туризм жағдайы әлде қайда ілгері басатын еді. Және әр түрлі халық аралық шараларды Алматыға тартуға мүмкіндік туады. Бұл үшін үкімет белгілеген Алматы қаласының туризм кластерінің дамыту туралы қаулысында көрсетілгендей конгресс орталық үшін жер берілуі тиіс. Ал қала әкімшілігі жер жоқ деуде.

Дегенмен, қазіргі таңда Қазақстанда туризм дамуында біраз жетістіктер бар. Кіру визаларын алу оңайлатылды, уақытша алу үшін үлкен кезекте тұрудың қажеті жоқ. Шекара бекеттерінде кірушілерді тіркеу пунктері ашылды.

Бірақ әлі де туризм кластерін құру мен дамытуда біраз қиыншылықтар мен кедергілер бар. Солардың бірі ірі халықаралық әуе транспорт рейстерін Алматыдан Астанаға ауыстыру. Бұл дегеніміз Алматыдағы туризм дамуына кері әсер тигізеді. Көптеген шетелдік туристер Алматыға жету үшін Амстердамда, Франкфуртта, Стамбулда ұша ауыстыруға тиіс. Нәтижесінде Алматы көптеген пайдадан айырылады. Туристік салада жұмыс істейтін отыз екі мекемедегі көптеген жұмыс орны жоғалады. Қазақстанмен бәсекелес Қырғыстан бұл жағдайды өз мақсаттарына пайдаланып, Қазақстанды әлемдік туристік нарықтан біржолата айыруға тырысады. Жүздеген алматылақтар үшін демалу немесе іскерлік мақсатпен басқа елге бару үшін әуе билетінің 30/40 %-ке дейін қымбаттайды. Төрт адамнан тұратын жанұялар үшін бұл өте ауыр тиеді. Нәтижесінде Қазақстанның солтүстік аймақтарында тұратын халық ресей әуе қатынасын, оңтүстік аймақтағылар Бішкек пен Ташкент әуе қатынасына ауысып кетуі мүмкін. Біздің қолымызда тұрған қаржы көршілес мемлекеттер экономикасына кетуі мүмкін. Ал үлкен әуе тасымалдаушы компаниялар болса, алматыға ұшудың пайдасыздығына байланысты Қазақстанға сапарларын біржолата үзуі мүмкін. Ал бүкіл әлемдік әуе байланынан үзіліп қалудың қауіпі, одан келетін саяси, экономикалық кері әсерлері айдан анық. Бұл мәселені үкімет дәрежесінде қайта, және бұл мәселе жөнінде альтернативті шешімдер қабылдау қажет. Астанаға қосымша рейстер ашу сияқты.

Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығын құру жобасы.

Қазақстандық банк жүйесі отандық және шетелдің сарапшылардың қорытындысы бойынша жүргізілген реформалар арқасында көршілес жатқан бұрынғы кеңес мемлекеттеріне қарағанда жақсы және озық. Дәл осы артықшылық осы сектордың мықты бәсекелестікке қабілеттілігі туралы айтуы мүмкіндік береді. Ол 2003 жылы Алматыда қаржы орталығын құру бойынша жұмыстың басталуына себепкер болды. Бұл мақсатта республика үкіметі жоғарыда аталған жобаның ТЭН әзірлеу үшін «Маркетингтік талдау зерттеулерінің орталығы» АҚ стратегиялық әріптесті ретінде Boston Consulting Group (BCG) компаниясын таңдады. BCG қызметін республика үкіметі 1 млн. долларға бағалады [35].

ТЭН әзірлігі бірнеше саты бойынша жүзеге асырылды. Бірінші кезеңде әзірлеушілер осындай орталық құру бойынша ең жақсы әлемдік тәжірибені анықтап, Қазақстанның ағымдағы қаржы жүйесінің ахуалын бағалады. Екінші кезеңде Алматыда аймақтық қаржы орталығын дамытудың екі моделі әзірленді.

Жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде келешек эмитенттер ретінде зерттеу қорытындысы бойынша BCG мамандары анықтады, Ресей мен Украина қатысушылары қарастырылады. Жоба авторлары кейінгі сатыда Қытай, Әзірбайжан мен Өзбекстан инвесторлары мен эмитенттері қосылатынына үміттеніп отыр.

Жоба өзектілігі.

Алматыда аймақтық қаржы орталығын құры бүгінгі таңда өзекті болып табылады.

Бұл мәселеге өткен жылдың қараша айында өткен қаржышылар конгресі арналған болатын. Онда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны тез арада аймақтық қаржы орталығына айналдыруды қолдап отыр.

Негізінен, оның мәлімдеуінше, Алматы өкіметі және республиканың қаржы секторы мемлекеттің бұрынға астанасында аймақтық қаржы орталығын жылдамдатып құруда іс-шаралар қабылдауды керек. «Біздің стратегиялық мақсат – елдің қаржы секторының жиналған қорын барынша пайдалана отырып қаржы нарығында көшбасшы болу»,- деп санайды ел басы.

Құрылатын қаржы орталығының негізгі ерекшеліктері.

Алматы аймақтық қаржы орталығын ерекше құқықтық тәртіптегі арнайы аумақ ретінде құру жоспарланып отыр. Бұл жаңа құрылым формасы: республика заңы мұндай құқықтық институтты білген емес. Қазіргі орталықтардан ерекшелігі ААҚО нақты белгіленген аумағы жоқ. ААҚО келешек мүшесіне Алматы аумағында офисінің болуы міндетті түрде. Ал жеңілдіктер мен артықшылықтар беру ААҚО қатысушысы ретінде тіркеу принципі бойынша және қаржы орталығының арнайы сауда алаңында құнды қағазбен келісім жасау ретінде жүзеге асырылады.

Орталықтың жемісті дамуы үшін оның қатысушыларына салық жеңілдіктері мен экономикалық ынталандырмалар ұсынылу керек. Осыған орай, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі ААҚО қатысушыларын біріккен кіріс салығынан босату ұсынылды [36].

Негізінен, инвесторлар тарту үшін Қазақстан резиденті болса да , болмаса да бірлескен кіріс салығынан, пайдасын құн артуынан, қаржы құралдарынан түскен сый ақылар мен үлес-пайдалардан босату көзделіп отыр. Эмитенттер үшін тартымды жағдай жасау мақсатында экономикалық ынталандыру ретінде мыналар ұсынылады: эмиссия көлеміне байланысты аудитке кететін шығынның бір бөлігін қайтару, ААҚО бірінші жыл жұмыс жасау кезінде нольдік деңгейге дейін листингкке жеңілдіктер беру, қаржы орталығында тіркелу салымынан босату.

Қаржы орталығының бәсекелестік қабілеттілігін арттыру үшін үкімет Қазақстанда бұрын болмаған төтенше іс-шараларға барды.

ААҚО қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан аумағына келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Алматы қаласының халықаралық әуежайына келген заматта кіру визасын алатын болады. ААҚО қатысушылар ағылшын тілінде іс жүргізу мен келісім шартқа отыру мүмкіндігін алады. Атқарушы органның нормативтік шешімдері да ағылшын тіліне аударылады.

Информация о работе Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары