Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері

6

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні
6

1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

14

1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
22
2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

28

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

28

2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

53

2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру

58
3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
67

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
67

3.2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
76

ҚОРЫТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

искерлик диплом руся.doc

— 3.16 Мб (Скачать документ)

Қазақстан үкіметі өз тарапынан бюджет тапшылығына қарамастан мемлекеттік облигацияларды әрдайым шығару міндеттемесін алды, мемлекеттік облигациялар бойынша түскен пайда көрсеткішін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ААҚО жекешелендірілген мемлекеттік компаниялар акциясын салу еркін саудада акция көлемін арттырады.

Алматыны негізгі халықаралық қаржы орталықтарына айналдыру үшін бірнеше шарт орындалуға тиіс:

– Экономикалық еркіндік: қаржы орталығы іс-әрекет, тұтыну, жинақтау және инвестициялар еркіндігінсіз тіршілік ете алмайды.

– Ішкі экономиканы ұстап тұратын, шетел инвесторларының сенімділігін қамтамасыз ете алатын тұрақты валюта.

– Жинақты өнімді капитал салымына қаржы жинағын тасымалдай алатын тиімді қаржы институты мен құралы.

– Белсенді, барлығын қамтитын және мобилді нарық – ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді нарық сияқты кешенді нарық, мерзімдік келісім бойынша нарық және фьючерстік нарық, инвесторлар мен қарыз алушыларға үлкен мүмкіндіктер тудыратын тауар нарығы.

– Аударым арқылы және қолма-қол төлемдерді тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін технология мен байланыс құралдары.

– Арнаулы қаржылық білім және адамдық капитал, оқыту мен білім нәтижесі.

– Тиісті құқықтық және әлеуметтік климатты ұстау, капиталдың халықаралық ағымы үшін тартымды жағдай жасау.

Сонымен қатар, BCG сарапшыларының пікірінше, Алматыда құрылып жатқан аймақтық қаржы орталығы жұмысының үшінші жылында бір жылда шығарылатын облигация көлемі 5 млрд. долларды құрайтын болады, ал бесінші жылда жылына – 8 млрд. долларды құрайтын болады. Олардың пайымдауынша, эмиссия көлемі қазақстандық компаниялар, сондай-ақ, Ресей мен Украина эмитенттері арқасында болады. Сонымен қатар, қаржы орталығының бес жыл қызметінен кейін Орталық Азияның басқа елдерінің эмитенттері нарыққа шыға алатын болады.

Астана қаласында іскерлік туризмді дамыту.

Астана еліміздің астанасы, әкімшілік орталық болып есептеледі. Астанаға көптеген елден саяси мақсатпен келетін қонақтар көп, тек қана басқа елден емес Республиканың басқа да облстарынан бизнесмендер, кәсіпкерлер, әкімдер келеді. Осы себептен де астананың ең алдымен іскерлік туризм потенциалы жоғары болып саналады.

 Өзге елдермен туризм төңірегіндегі іскерлік байланысты берік орнықтыру тұрғысында соңғы уақытта мемлекет тарапынан бірқатар маңызды істерге баса назар аударылуда. Әсіресе, елорданың еліміздің басты туризм орталығы ретіндегі бет-бейнесін қалыптастыруда түрлі іскерлік қарым-қатынастың әр тарапта жандана бастауы, көп нәрсені аңғартатындай. Мемлекеттің негізгі табыс көзі саналатын туризм ісінің жедел түрде дами түскені соншалық, оның қажетті тетіктерін жүйелі түрде іске қосу мәселесі бүгінде мамандардың алдында өткір қойылып отыр. Алдыңғы жылдармен салыстыра қарайтын болсақ, бұл саладан құйылатын қаржы көлемі жыл санап арта түскендіктен, жаңа орталықтардың ашылуы уақыт талабына сай келуде. Егер, өткен 2010 жылы елордада бірде-бір жаңа туристік фирма ашылмай келсе, осы жылы ол олқылық жойылып, бірден 16 туристік орталық іске қосылып үлгерді. Яғни, бұл Астанадағы туристік фирмалар санының 31 пайызға өскендігін көрсетеді.

Еліміздің әлемдік кеңістіктегі белсенді саяси рөлінің артуы Астананы, ондағы туризм саласын дамытуға жаңа серпін бере бастағандай. Демек, қазіргі уақытта өзге елдердің елордаға Еуразия кеңістігіндегі қанатын кеңге жая бастаған рухани, мәдени, іскерлік орталық ретінде көз қадауы – ондағы түрлі саланың, әсіресе, туризмнің өрісін кеңейте түсуге ықпал етуде. Егер, іскерлік туризм елорданың өзге мемлекеттер арасындағы саяси беделін қалыптастыруға барынша қозғау салса, ондағы экотуризмді дамыту да өз кезегінде шетелден туристердің бізге көптеп ағылуына жол ашуда. Сондықтан болар, экотуризмді ретті түрде бір жүйеге келтіру үшін бірінші кезекте Бурабай, Зеренді, Қорғалжын секілді ерекше әсем табиғаты бар, сырттан келген туристер үшін қолайлы демалыс орны саналатын осындай жерлерге арналып, кейінгі кезде сан түрлі бағыттағы жобалар жасалына бастады. Мәселен, осы жылдың мамыр айынан бастап, дүниежүзілік Еуразия қорының басшылық етуімен экотуризмді дамыту бағдарламасы іске асырылған болатын. Бұл бағдарлама мамандардың пікірінше, туризмнің әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, туристік фирмалардың қызметін жаңа заманға сай толықтай жандандыруға мүмкіндік бермек.

Күн санап көркейіп, жаңа кейіпке еніп келе жатқан елорданың туристік кластерін дамыту бағытында жыл сайын тәжірибелі шетелдік мамандармен бірлескен жобалар жиі қолдау таба бастады. Бұл бағдарламалардың барлығының көздеген бір ғана мақсаты – ол туристік сектордың бәсекеге қабілеттілігін барынша дамыту және елорда экономикасында туризмнің үлес-салмағын арттыру болып отыр. Ол үшін мемлекет тарапынан қаржы жағынан қамтамасыз ету басты назарда тұр. Мәселен, елордадағы туризм саласын дамыту бағытында 2009-2011 жылдар аралығын қамтитын бағдарламаны жүзеге асыруда осы мәселе назардан тыс қалмаған көрінеді. Егер, осы жылы жергілікті бюджеттен 46370 мың теңге бөлінсе, 2012 жылы 46215,6 мың теңге қарастырылатын болады. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 50515 мыңға көтерілмекші. Бұл дегеніңіз, осы тектес бағдарламалардың болашақта да қаржы жағынан қолдау табатындығын айғақтай түседі.

Егер, аталмыш бағдарламада көзделген мақсаттарға қол жеткізілетін болса, Астананы туристік имиджі берік орныққан орталық ретінде дүниежүзіне танытуда біршама мүмкіндіктерге қол жеткізілер еді: яғни, экономиканың туристік секторын бәсекелестік деңгейге жеткізу, туристік кластердің негізін қалыптастыру, туризмнің ЖІӨ-дегі үлесін арттыру, тәжірибелі сала мамандарын көптеп даярлап шығару, т.б. [37].

Бұған қоса, туристік имиджді көтеруде Астананың түрлі халықаралық көрмелерге қатысуы да өз кезегінде отандық мамандардың тәжірибесін жетілдіре түсіп, өзге әріптестермен бәсекелестікте жұмыс істеуге жол ашатын болады. Отандық мамандар осы орайда Астананы ТМД елдеріндегі туристік саласы түрлі тарапта және түрлі бағытта дамып келе жатқан ең жас қала ретінде Мадрид (FІTUR), Берлин (ІTB), Мәскеу (MІTT), Лондон (WІM), Алматы (KІTF) сияқты қалаларда өткен халықаралық көрмелерде жан-жақты таныстырылды. Биылғы жылы тіркелген 16 жаңа туристік фирмалардың көбі осындай іс-жобалардың қолға алынуы негізінде өздерінің қызметін қазіргі заманға сай атқаруда. Келешекте де мамандар осы бағыттағы бірқатар жобаларды көптеп жүзеге асыра бермек ниетте

 Әрине, әлдебір көңіл аңсарын аулаған тұста көкейге әу бастан қонымды ұялаған сөз төркіні өзіндік мән-мазмұнымен ойды билеп ала жөнелмейтін бе еді. Соның кебі келді. Ынтызарлық оянды, сана сарапшылдық міндетіне кірісті. “Әлемдік бизнестің, іскерлік туризмнің, халықаралық маңызы бар ғылыми және мәдени шаралар өткізудің тартымды орнына айналдыру үшін қаланың беделдік бейнесін көтере беруге баса көңіл бөлу керек”. қазірдің өзінде елорда төрткүл дүниенің назарын аударуымен де ерекшеленген. Жоғарыдағы талаптың біразы мақсатты түрде жүзеге асып жатқандай. Таратып көрсек, әлемдік бизнес мұнда асырып айтқандық емес, ағылып жатыр. Мысал десеңіз: жаңа қала аймағындағы бірнеше әлемдік үлгідегі нысандар ше? Басқасын жіктеп жатпаса да болады. Ал халықаралық шаралардың ұйымдастырылып, өтуінен де кенде емеспіз. Соңғы төбелі де мәртебелі жиын әлемдік дін жетекшілерінің сындарлы басқосуы еді ғой. Осындай ілгерілеу үрдісі Елбасы талап етіп отырған – шаһардың беделдік бейнесін көтеруге жәрдемдесері сөзсіз еді. Осы беделдік бейнеге қызмет ететін тағы бір тұжырым іскерлік туризмді жақсы жолға қоюмен тікелей сабақтасып жатады.

Ақтөбе облысындағы іскерлік туризмнің дамуы.

Қарыжы қызықтыратын Ақтөбе аймағы қазіргі уаққытта, көптеген іскер адамдарға белгілі Менделеев таблициясының барлығын жер қойнауынан табуға болады. Қазақстанның ірі өндіріс және ауыл-шаруашылық аймағы, оның экспорт өнімдері жақын және алыс шетелдерге белгілі, облыстың пайдалы географиялық жағыдайы көлік коммуникциясының желісінің дамуын айқындайды, жер шарының қандай нүктесінен операторлық хабарды жеткізетін телекоммуникациялық мүмкіндіктері зор. Облыс орталығы Ақтөбе қаласы 1869 жылы құрылды, демалыс орындары мен инфрақұрлымы туризм үшін барлық қажетті жағыдайлар бар қазіргі іскер қала. Көнеден бастап келе жатқан орналасқан Ақтөбе.

Іс–сапарлар мен келген облыс орталығының қонақтары қаланың мейрамхана кешендерінің толық жағыдайына таң қалады. Барлық жағыдайларын жасау үшін конференс залдар, сауна мен бассейіндер, бильярд залдары, бизинис орталықтары, денешынықтыру залдары бар. Ақтөбенің туристік ұйымдары сұраныс бойынша экскурсиялар ұйымдастырады. Қала қонақтары серуендеуге Ақтөбедегі «менің қалам» – ма барады. Ақтөбе қаласы мен тұрғындары мен жақын танысуға мүмкіндік бар. Аймақтану мұражайлары. Егер қонақ қалада көп уақыт болса, мұражайға барған соң аймақ туралы ақпарат ала алады. Мұражай 1926 жылы құралған, онда ғылми зерттеу, мәдени ағартушылық орталық болып табылады. Геологиялық көрме. Бұнда Батыс Қазақстанның жерінің 40 мың нұсқаулары зерттеледі және сақталады. Ғылми көрмеде 2,5 мың табиғи миниралдар мен аймақтық ерекше тас мүсіндері қойылған. Көрме залы мен галлерея «Соло» сіздерді қолданбалы өнердің шеберлері мен суреттшілерінің шығармашылығы мен таныстырады. Сіз Қазақстанға және Ақтөбе жеріне келгеніңізде әр түрлі естелік бұйымдар көре аласыз. Облыстың филормония, драма театры, «Алақай» куыршақ театры, сатиралық театр немесе қазіргі «Локомотев» кино театры, студенттер сарайындағы концерттік бағдарламалар, мерекелік шаралар және спорт ойындары тек қана жақсы уақыт өткізу үшін ғана емес, сонымен бірге сіздің есіңізде жарқын елес болып қалады.

Облыстың туристік нарығы. Үш жыл ішінде облыс экономикасында оң өзгерістер болып, туризм саласын дамыту үшін алғышарттар жасалды.

Туризм өмірге қажетті алғашқы тауар болып табылмайды. Ол нақты тұтынушы, сол сияқты тұтастай қоғам кірісінің белгілі бір деңгейінде толыққанды қажеттілік қызметі болып қалыптасады.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындарында туризм мен демалыс қызметтеріне тұрақты сұраныс пайда болды. Тұрғындар, әсіресе, жастар салауатты бос уақыт пен өмір салтын ұйымдастыруға мүдделі. Облыс орталығында туризмнің базалық инфрақұрылымы бар. Туризм индустриясын құруға қатысуға тілек білдірген кәсіпкерлер саны өсіп келеді. Облыстың инвестициялық-тартымды имиджі, бірегей туризм объектілерінің болуы, тиімді географиялық жағдайы, көлік коммуникацияларымен қамтамасыз етілуі және т.с.с. туристік рыноктың құрамдас әлеуеті болып табылады.

Сонымен бірге, облыста туризмді дамытуға кедергі келтіретін бірқатар факторлар да бар:

- облыстың туристік нарығының  маркетингтік зерттеу деңгейінің нашарлығы;

- дамымаған туризм инфрақұрылымы;

- туризмді дамытуға мүдделілік  білдірген облыс ұйымдары мен  ведомстволарының өзара әрекеттестігінің  жеткіліксіз деңгейі;

- туризм саласындағы инвестициялық  жобаларды жеткіліксіз қаржыландыру;

- туризмді ұйымдастырудағы әлсіз менеджмент, қызмет көрсетудің барлық тармағында кәсіптік кадрлардың болмауы.

Келу туризмі Ақтөбе облысы – Батыс Қазақстанның ірі өнеркәсіп және іскерлік орталығы. Облысқа шетелдіктердің едәуір бөлігі әртүрлі мақсаттармен келеді. Ірі халықаралық іскерлік оқиғалық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Туристік фирмалардың есеп беру статистикасын талдау келуші туризм ауқымының кеңдігін, ТМД елдері туристерінің үлесінің көбейгенін көрсетеді. 2005 жылы Ақтөбе облысында әлемнің 40-тан астам елінен туристер болды. Сапар мақсаттары бойынша таныстары мен туысқандарының шақыруы бойынша қонақ болу туризмі және іскерлік және кәсіптік мақсаттармен келген іскерлік туризмі басым.

Ұйымдастырылмаған туристерге, негізінен, оларды қонақ үйлерге орналастыру қызметтері көрсетіледі. 2005 жылы тек туристік визалармен облысқа 2000-нан астам адам кірді. Мұндай туристерге ақпараттық қамсыздандыру және облыс қонақжайлылығымен таныстыру стихиялы сипатта болады.

Іс жүзінде кез-келген турфирма туристердің кіруін ұйымдастыра алады, дегенмен, толық кешенді туристік қызметтер мен қызмет көрсетулер әзірше мүмкін болмай тұр. Туристік қызметтер рыногына қатысушылар арасында өзара байланыстың толық болмауы ұйымдасқан кіру туризмін дамытуды тежеп отыр.

Ақтөбе облысы арқылы Қазақстанға келетін туристердің транзиттік сипатын ескерсек, қызмет көрсетудің барлық желісі бойынша қатысушылардың тез өзара әрекетін қамтамасыз етіп, келу және қызмет көрсетудің қысқа мерзіміне арналған турөнімдерді әзірлеу қажет.

Ішкі туризм 2010 жылы ішкі туризм туристерінің саны 2009 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді. «Демалыс-жаз 2010: туризм, саяхат, спорт» туристік жәрмеңкесіне келушілерге сауалнама жүргізу тұрғындардың Қазақстанда демалғысы және емделгісі, белсенді демалысты облыста өткізгісі келетінін көрсетті. Барлық турфирмалар оқушылар мен студенттер, жеке туристердің ұйымдастырылған топтарын Алматыға, Астанаға, Түркістанға, Бурабай демалыс аймағына және т.с.с. жібереді. Дегенмен, облыстың 686,9 мың адамдық тұрғындары үшін облыста туризмнің инфрақұрылымы қажет. Ол үшін айтарлықтай әлеует: қарағай орманы, таза су, емдік балшықтар, туризмнің танымдық және белсенді түрлерінің объектілері бар. Облыстың кейбір аудандарында демалыс және туризм үшін жыл бойына әлеует бар.

Ішкі туризмнің турөнімдерінің басты міндеті – сұраныс пен ұсыныстың нарықтық санаттарына, туризм рынок талабына сай болу.

Шығу туризм. Шығу туризмі де облыс үшін маңызды. Тек оны қайта мамандандыру үшін жағдайлар жасау, тұрғындар көзқарасын кеңейтуге және мәдени деңгейін арттыруға ықпал ететін танымдық, сауықтыру туризміне және мәдени алмасуларға байланысты баруды дамыту қажет.

Облыстың көптеген турфирмаларының шетелдік туроператорлармен тікелей келіссөздері бар, бұл бару туризмі жолдамаларын ақтөбеліктердің қалың тобына қол жететін етеді. Туристік жолдамалармен шетелдерге шыққан ақтөбеліктер саны 2002 жылдан 2005 жыл аралығында 2 еседен астам өсті, тек 2005 жыл ішінде өсім 145% құрады. Ақтөбеден БАӘ, Түркияға чартерлік рейстер осы елдерге баратын туристер санын 2005 жыл ішінде 2 есе көбейді. Туристер Жерорта теңізі, Европа, Азия елдеріне демалысқа, іскерлік сапарға, емделуге, шоп-турға, танымдық мақсаттармен барады. Шетелдерде болу күні орташа алғанда 3-4 күнді құрайды [35].

 

  3.2  Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар

 

Қазіргі заманғы туризм индустриясына инфрақұрылымның дамуына көлік кәсіпорындарын, қонақ үйлер, тамақтану кәсіпорындарын, демалыс және көңіл көтеру объектілерін, құралдар, сувенирлер жасайтын, туристер үшін ақпараттық, жарнамалық және басқа материалдар шығаратын кәсіпорындарды, жол, байланыс және басқа қызметтерді қосады.

Облыстық санақ басқармасының деректері бойынша облыс аумағында 15, оның ішінде 4-жұлдызды – «Альбион» және «Дан+», 3-жұлдызды – «Ақтөбе», «Амстердам» қонақ үйлері орналасқан. 4 балаларды сауықтыру объектісі, жылдың басқа уақытында олар туристер мен демалушылар үшін пайдаланылады; 215 орындық 4 профилакторий – «Юкон», «Шипагер», «Қарғалы», «Нұр-М» жұмыс істейді. Аталған объектілер жеке меншікте. Облыста шағын ведомстволық орналастыру объектілері бар.

Информация о работе Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары