Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықгы ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына және ел экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосады және ел имиджин әлемге танытуға мүмкімдіктер береді.
Президент Н.Назарбаевтың 2011 жылдағы жолдауында туризм тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақгау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын қүру Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы. Сонымен қатар ел Президентінің халыққа жолдауында және де ақпарат құралдары материалдарындарында соңғы кездері туризм мәселелерінде деген назар айрықша.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1
1 Іскерлік туризмнің ұйымдастыру және дамытудың теориялық негіздері

6

1.1 Қазіргі жіктелудегі іскерлік туризмнің орны,рөлі және мәні
6

1.2 Әлемдегі халықаралық іскерлік туризмнің дамуының негізгі бағыттары

14

1.3 Іскерлік туризмді ұйымдастырудағы шетелдік қоры
22
2
2 Іскерлік мақсатты турларды жоспарлау,ұйымдастыру және құрастыру

28

2.1 «KAZAKHSTAN Travel Group» ЖШС-тің жалпы сипаты және негізгі экономикалық көрсеткіштердің талдауы

28

2.2 Іскерлік туризм сегменттегі туристік фирмалардың қатысуының бағалау

53

2.3 Алматы қаласы бойынша шетел қонақтарға іскерлік мақсатты турларды жоспарлау және ұйымдастыру

58
3
3 Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары
67

3.1 Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
67

3.2 Қазақстандық инфрақұрылымның жақсарту шаралар
76

ҚОРЫТЫНДЫ
84

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

искерлик диплом руся.doc

— 3.16 Мб (Скачать документ)
  • Германия - 3736 адам (13,5%-ы);
  • АҚШ - 2162 (7,8%-ы);
  • Италия - 1781 (6,4%-ы);
  • Түркия - 1745 (6,3%-ы);
  • Қытай – 1694 адам (6,1%-ы);
  • Ұлыбритания - 1658 (6,0%-ы);
  • Польша - 1144 (4,1%-ы);
  • Үндістан азаматтары 1031 (3,7%)  құрады.

2010 жылы орналастыру объектілері қызмет көрсеткен келушілердің саны 336,8 мың адам құрады, қызмет көрсетілген келушілердің жалпы санында 59,0%-ын Қазақстан азаматтары (198,9 мың адам) және 41,0%-ын шетел азаматтары (137,9 мың адам)  құраған.

Талданып отырған кезең ішінде резидент болып табылмайтын туристтердің:

  1. 36,0%-ы 4-жұлдызды;
  2. 29,8%-ы – 5- жұлдызды;
  3. 22,7%-ы – 3-жұлдызды;
  4. 5,7%-ы – 2-жұлдызды;
  5. 5,8%- ы басқа санаты жоқ қонақ үйлерде орналасқан[36].

Орналастыру объектілері көрсеткен қызметтердің ең үлкен көлемі Бостандық (28,8%), Жетісу (23,9%) және Медеу аудандарында (22,9%)  көрсетілген.Орналастыру объектілерінің ең үлкен саны Медеу (59,6%-ы), Алмалы (16,9%-ы) және Бостандық (10,1%-ы) ауданында орналасқанТуристік фирмалар мен орналастыру объектілерінің басым бөлігі Алмалы (35,6%-ы), Медеу (24,8%) және Бостандық (21,2%) аудандарында жұмыс істейді.2010 жылы Алматы қаласындағы туристік фирмалардың қызметтерін 27743 резидент болып табылматын туристер пайдаланған

2010 жылы Алматы қаласындағы туристік фирмалардың қызметтерін 27743 резидент болып табылматын туристер пайдаланған, бұл қызмет көрсетілген келушілердіің жалпы санында 16,5%-ын құрайды. (14 сурет)

 

 

 

 

Орналастыру орындарындағы сапар мақсатына сай қызмет көрсетілгендер саны, мың адам

 

 

Сурет 14

 

14 суретте көрсетілген жоғарыда  көрсетілген статистика мәліметтеріне  қарасақ Алматы қаласына келуші  шетелдіктердің жартысынан астамы  яғни 61% іскерлік мақсатта саяхаттап түскен табыс мөлшері жөнінен басқа мақсаттағы саяхаттардан 8 есе пайда түсіреді. Сондықтан соңғы уақытта дәл осы мақсаттағы 2-3 күндік,қысқа мерзімді саяхаттар санын көбейтуге назар аударуымыз керек. Іскерлік турлар:

1) конференциялар;

2) конгресстер;

3) көрме  шаралары;

4) семинарлар менсимпозиумдар;

5) сән апталықтары;

6) фестивальдар (кинофестиваль, мақсатқа сай әр түрлі) болуы мүмкін.

Бірақ Алматы қаласында осы аталғандардың басым бөлігін конференциялар, конгресттер алады.

Іскерлік турлардың ұйымдастырылуында бірнеше базалық және қосымша қызметтер кешені жиынтығынан тұрады. Осы мақсаттарды орындау үшін 2020 жылға дейін 1100га территорияны,жалпы аумағы 6,5 млн.кв.м алып жатқан қоғамдық іскерлік құрылыс обьектілерін салу мақсатында инновациялық коммерциялық жоба жасалды [37].

«Халықаралық туризм орталығы» – Алматы қаласын халықаралық туристік орталыққа айналдыру, яғни: іскерлік мақсатта және т.б мақсатта келетін туристер санының өсуі есебінен кешенді турде туризм инфрақұрылымын,көрсеттілетін қызметтер санын жоғарылату болып табылады (ірі 5***** қонақ үй, шағын қонақ үйлері мен ақпараттықорталықтарымен офистары бар орталық, 4кинотеатр және 2 универсалды спорттық көрермендік кешен салу жоспарланып отыр.

Іскерлік турлардың ұйымдастырылуы мынадай кешенді қызметтердің бірігуінен тұрады: 1)негізгі және 2) қосыша.

Іскерлік мақсатта жасалатын  турлардағы негізгі қызметтер:

– қойылған талаптар мен бюджет талаптары бойынша бағдарламаны даярлау;

– қажетті транспорт құралымен қамтамасыз ету (экскурсиялық автобустар;

– персональды автомобильдер, жалға алынған көлік) авиа және темір жол билетін брондау, трансфер;

– виза және сақтандыру құжаттарын рәсімдеу;

– отельдерде,қонақ үйлерде не тамақтандыру орындарында орналастыру;

– көңіл көтеру мен экскурсия бағдарламасын ұйымдастыру;

– түрлі көрмелер мен конференция,симпозиум,семинарларға және бос уақытты өткізу орындарына билет брондау;

– маманданған аудармашы  гидтермен қамтамсыз ету;

– VIP программалар.

Қосымша қызметтерге: конференция не семинарлық, конгресстерде түрлі шаралардың концепциясын анықтау және ұйымдастыру орнын таңдау

фуршет не банкет ұйымдастыру өткізу орнын декорациялау және техникалық жабдықтармен (видео, дыбыс, проектор) қамтамсыз ету ресми шараны сергіту мақсатында көңіл көтеру бағдарламасын ұйымдастыру және прессаны қатыстыру және анимациялық бағдарламалар ұйымдастыру. Бұл қызметтердің барлығында мына сұрақтарға назар аудару керек:

– өтетін шараның тақырыбы мен өткізіліу уақыты;

– шараның өту пунктері;

– қатысушылар саны;

– қатысушылардың талап ететін отельдер деңгейі;

– арнайы марапаттау шаралары.

Іскерлік турлардың ерекшелігі олар өте қысқа мерзімді және құжаттамалры жөнінен де жедел түрде жасалатын визалар кең қолданылады. Төменде «LUXOR TOUR» ААҚ-ң іскерлік турларды ұйымдастыру бойынша қарапайым визадан өзге қысқа мерзімде жасалатын іскерлік визалар бағасы   ұсынылған

Алматы қаласында өтетін конгресс және семинар сияқты бизнес турларды ұйымдастыру бойынша келетін шетелдік туристердің басым бөлігі "Мариот", "Холидей Инн", "Риксос", "Қазақстан", "Жетісу", "Хаятт Ридженси Алматы", "Премьер Алатау" қонақ үйлерінде орналастырылады (9 кесте). 

 

 КЕСТЕ 9 - АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦ ЗАЛДАРЫ

 

Зал атауы

Аумағы м2

Адам және орын саны

Theatre 

Class 

Board 

Oshape 

Cocktail 

Ushape 

Block 

Block (2) 

Banquet 

"Хаятт Ридженси Алматы" қонақ  үйі

Ballroom

220

238

132

N/A

140

250

50

x

60

x

Ibrai+ Machambet

142

154

80

N/A

96

120

40

x

45

x

Abai + Machambet

142

154

80

N/A

96

120

40

x

45

x

Ibrai

76

84

34

30

50

60

20

x

x

x

Machambet

67

84

34

30

50

60

20

x

x

x

Abai

76

84

34

30

50

60

20

x

x

x

Kezdesu

61

49

24

28

30

40

27

24

x

x

Intymak

61

49

24

28

30

40

27

24

x

x

Almaty

68

57

18

20

36

50

26

24

30

x

Astana

68

57

18

20

36

50

26

24

30

x

Dzhambul Room

195

150

100

40

120

160

40

60

40

x

"Астана"қонақ  үйі

Келіссөздер  бөлмесі

-

-

-

-

10

-

-

-

-

-

Камин залы

-

20

12

-

16

-

12

-

-

-

Зал "Кенес"

-

45

25

-

20

-

20

-

-

-

Зал "Курултай"

-

100

60

35

-

100

45

-

-

-

Зал "Улутау"

-

120

70

40

40

120

40

-

-

60

Ресторан "Сулу-Улутау"

-

-

-

-

-

200

-

-

-

140

Бар "Жарык"

-

-

-

-

-

150

-

-

-

45

"Казахстан" қонақ  үйі

Конференц-зал

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

"Премьер Алатау" қонақ  үйі

Конференц-зал

-

-

-

50

-

-

-

-

-

-

Е с к е р т у – [35; 36; 37] әдебиеттер негізінде автор құрастырған


 

Іскерлік  виза  бағасы:

1 айға (бір реттік) - 7000 тенге;

2 айға (екі реттік) - 11000 тенге;

3 айға (бір реттік) - 12000 тенге;

3 айға (үш  реттік) - 14000 тенге;

6 айға (көп реттік) - 17000 тенге;

1 жылға (көп реттік) - 19000 тенге.

Алматы қаласында жыл сайын өтетін көрмелер орталығы «Атакент» болып табылады. Мұнда – іскерлік пен көңіл көтерудің жарасымды орталығы.«Атакент» Акционерлік қоғамының аумағында «Қарқара» сауда үйі (қажетті де арзан заттар сатып алуға қолайлы) мен «Евролюкс» (өз дизайныңыз бойынша жиһаз сатып алатын және тапсырыс беретін), «Интерьер-Маркет» (үй мен кеңселерге арналған құрылыс материалдары) орналасқан. Соңғы кезде түрлі көпшілік-бұқаралық көңіл көтеру, шоу-бағдарламалардың дамуына байланысты көңіл көтеру орталықтары, «Дельфин» спорттық-сауықтыру орталығы, мейрамхана, кафе мен барлар жүйесі дүниеге келді. «Пайн-Хилл» кешені жоғары тұста көркем иректелген сарқырамасы бар өзен жағасы мен төмен тұсында су бұрқақтары орналасқан әсем жерде орналасқан [38].

«Атакент» үшін ең бастысы – көрме бизнесі. «Итеса», «Атакент-Экспо» компаниялары халықаралық, ұлттық, арнайы көрмелердің, жәрмеңкелердің, бизнес байланыстар мен конференциялардың басты ұйымдастырушылары болып табылады.

Өткізілген конференция мен көрмелердің нәтижесінде сауда, экономикалық және саяси қатынастар жетіле түседі. Мәдени және жалпы адамзатқа қажетті байланыстар дамып, жетіле түседі.

Көрмелер өткізудің ең жағымды тұсы жаңа фирмалар, техника мен технологиялар, тауарлар әкелу. Көрмелерде неғұрлым көптеген тауарлар көрсетілген сайын және елге әкелген сайын, нарықтағы тауарлардың сапасы артып, шынайы бәсеке пайда болады.

«Атакент» көрмесіне қатысқан шетелдік компаниялар уақыт өткен сайын өз өкілдіктері мен филиалдарын еліміздің түрлі қалаларында ашады. Мұның өзі көрмелердің өзара тиімді тікелей байланыс орнатуда, маркетинг зерттеулерін өткізудегі пайдалы тұсын атап көрсетеді. Соңғы он шақты жыл аясында 500-дей халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу арқылы 1000-нан астам бірлескен компаниялардың құрылуына тиімді ықпал етті.

«Атакент-Экспо» халықаралық көрме кешені  Қазақстандағы ірі көрме компаниясы болып  табылады онда  жыл сайын  20 халықаралық көрмелерді ұйымдастырады.

1) Қазақстан Респулбликасының мекемелері  мен  ұйымдары сондай-ақ шетел мекемелері үшін халықаралық, ұлттық, тақырыптық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру.

2) Қазақстан және ТМД елдерінің шетелде және ТМД-да бөлімшелерін ұйымдастыру.

3) Ұлттық және халықаралық базалар негізінде конгресстер, симпозиумдар, семинарлар және конференциялар өткізу

4) Халықаралық және шетелдік көрме компанияларымен ұзақ мерзімді және  пайдалы  байланыс орнату және республикада  мамандар даярлау

5) Болашақтағы және ағымдағы көрме бизнесін барлық деңгейде (фирмалық, қалалық, республикалық, аймақтық, халықаралық) жоспарлау және болжамдау.

6) Көрме жәрмеңке әрекетінің саясатын, экономикасын қалыптастыру 2011 жылғы жоспар бойынша  мұнда 40 тақырыпқа арналған түрлі көрмелер болады. Соның ішінде туризм бойынша жыл сайын болып өтетін KITF көрмесіне сипаттама беруге болады.

Өзінің жұмыс істей бастаған уақытынан бері KITF көрмесінің экспоненттерінің саны 9 есе, жалпы ауданы – 27 есе: Анкара (қазіргі InterContinental) мейманханасының холлындағы 300 шаршы метрден бүгінгі заманның «Атакент» көрмелер орталығындағы 8 000 шаршы метрге дейін ұлғайды. Бұл орайда бір бөлек павильон тек ұлттық туристік ұйымдарға бөлінген, онда орталық орынды Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің стенді және аймақтық туризм басқармалары алып отыр.

Алдыңғы жылы KITF 2010 мерейтойлық көрмесіне әлемнің 36 елінен келген шамамен 500 компания қатысты. Шараға көптеген халықаралық компаниялар мен ұйымдардың тарапынан қызығушылық Қазақстанның шетелдердегі позитивті имиджінің нығайғанын және оның дүниежүзілік туристік индустрияға тартылғанын тағы бір растайды. Қазақстанның туристік индустриясының халықаралық деңгейдегі басты шарасына 16 елдің туристік ұйымдары өздерінің қатысатынын жоспарлап отыр. Мәселен, KITF 2010 жәрмеңкесіне Грекия, Грузия, Үндістан, Испания, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, БАӘ, Польша, Словакия, Тайланд, Түркия, Чехия Республикасы, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея өздерінің ұлттық стенділерімен қатысты.

KITF ұйымдастырушылары іс-шараның  әлемдік, және әлбетте, отандық туризм  индустриясының барлық беталыстары  мен бағыттарын көрсететініне  сенімді. Көрменің осынша ұшқыр  динамикасі елімізді тартымды  туристік бағыт ретінде ілгерілетудегі  Қазақстанның жетістіктерін неғұрлым көрнекі байқатады.

KITF көрмесін Қазақстанда өткізілетін  көрмелік жобалардың тізіміндегі  ең жарық “жұлдыз” деп атауға  болады. Шараны ұйымдастырушылар  мен қатысушылардың еңбегінің  арқасында, «Атакент» КІЫО павильондары  жәрмеңке жұмыс істейтін барлық күндерге экзотикалық турлар мен саяхаттар әлемінің есігін ашатын көркем әрі бірегей экспозициялардың орталықтарына айналады.

Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) атқарушы директоры Золтан Шомодь өзінің көрмеге қатысушыларға жолдауында төмендегіні атап өтті: «Туризм әлемдегі ең ірі әрі ең жылдам өсіп келе жатқан индустриялардың бірі және сервис секторындағы доминанта болып қала беруде. Соңғы жылдарда Қазақстан Еуразиядағы тартымды, доспейіл және динамикалы бағыт ретінде өзінің имиджін ілгерілетуде айтарлықтай прогресске қол жеткізді. KITF Қазақстанда халықаралық туризм және саяхаттар саласындағы ең ірі көрме болып табылады. KITF секілді халықаралық туристік жәрмеңкелер іскерлік қатынастар орнату және нығайту үшін маңызды құрал болып қала беруде Биылғы жылдың мысалы ретінде төмендегі 3 күндік іскерлік тур бағдарлмасын ұсынуға болады.

Информация о работе Қазақстандағы іскерлік туризмді дамыту мен арттыру жолдары