Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Экономика.docx

— 43.37 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

экология.docx

— 134.43 Кб (Скачать документ)

6 Өнеркәсіптік экология

 

6.1 «АрселорМиттал  Теміртау» АҚ-ындағы экологияны  бұзушы факторлар

 

 

Экология мағынасы қазіргі заман шартына байланысты күрт өзгерді. Ол өзіне ғалымдардың, саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және жалпы жұртшылық-тың назарын аударады. Қазіргі қалыптасқан әлемдік экологиялық жағдай барша жер шарының адамдарына дәлелденген қауіп пен қатер туғызып отыр. Қайта мәнделген экологиялық құндылықтар қоғамдық құндылықтар жүйесіндегі жиындыққа айналды. Өзіне табиғи ресурстарды қосатын - таза ауа, ластанбаған тіршілігі бар су орталықтарының алқабы, құнарлы жер, кең алқапты орманды өлкелер, шаруашылық өмірімен тығыз байланыстағы көп бейнелі жануарлар әлемі, экологиялық, биологиялық, эстетикалық және басқа да  экологиялық құндылықтар адам өміріне керекті қажеттіліктерді тудырады.

Көліктік экология қолданбалы сала ретінде мамандардың назарын аударған жоқ және ол әлі өзіндік бағытта бағытталған жоқ. Сонымен қатар көлік және оның инфрақұрылымы басты ауа ластандырушыларға, сулар мен құрлықтар және қайта қолдануға келмейтін табиғи байлықтарды, соның ішінде бірінші орында мұнайлардың қайта өңдеуге келетін өнімдері белгілі бір аудандарда экологиялық зерттеулерді анықтайды. Қазіргі уақытқа дейін жеке көлік түрлеріне арналған қоршаған ортаны қорғау сұрақтар жинағы жарияланған. Уақыт талаптары болып, кең көлемде экологизациялық теориялық өңдеулер мен барлық көлік кешеніндегі методологиялық табандылықтарды орындау болып табылады.

Көліктік жол кешені Қазақстан Республикасының экономикасындағы ең керекті құрама элементтердің бірі болып табылады. Алайда көліктердің іс - әрекеті қоршаған ортаға үлкен кері әсерін тигізеді. Көлік салымын оның ластану мақсатына сәйкес басқа да шаруашылықтармен салыстырғанда барлық экожүйе компоненттеріне байланысты: атмосфераға, суға, жер қыртысына, өсімдік және жануарлар әлеміне.[14]

Экология және қоршаған ортаны қорғау шаралары – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты приоритеттерінің бірі. Экология бойынша жобаларды енгізу мен жүзеге асыру «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының басты саясаттарына жатады.

Бұл бағытта жұмыс істеуді болат, көмір және руда департаменттарының қоршаған ортаны қорғау бөлімі атқарады. Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің өнеркәсіптік саладағы негізгі мақсаты – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетін факторлардың шамасын азайту және алдын алу шараларын орындау. Осы бөлім комбинат ішінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және антропогендік әсер етуден пайда болған өнеркәсіптік экологияны басқару туралы Заңын сақталуын қамтамасыз ету.  

Станцияға енгізу құрылғысы – таразы. Оның жұмыс істеу принципі электр көзімен байланысты болғанынан, экологияға тигізетін зияны қатты емес. Тек еңбек қорғау шараларын сақтау қажет.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының басты экологияны ластаушы факторлар: локомотивтер, болат шығарушы цехтардан шыққан химиялық қалдықтар, цехтардан шығатын түтіндер, цехтардан пайдаланылып шығатын сулар және т.б.[14] 

Көліктің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін ең алдымен тасымалдау процесінен көруге болады. Тасымал кезінде үлкен көлемде отын – энергетикалық ресурстар мен белгілі көлемде ластандыру заттары атмосфераға шығады. Жылжымалы құрамдарды техникалық қарау мен жөндеу процестері кезінде де энергетикалық шығындар мен үлкен көлемде су шығындарын қажет етеді де атмосфераға ластандыру заттарын лақтырады, су төкпелері мен қалдықтарды, оның ішінде уланғыш заттарды шығарады.

Жылжымалы құрам мен көліктің инфрақұрылым тармақтары өз әсерін үлкен территорияларға таратады, әртүрлі ауарайындағы аймақтарда орналасқан  көп түрлі жер бедерлері мен ландшафтыларынан өтіп, оларды өзгертеді. Осыған байланысты жануарлар мен өсімдіктер әлемінің экожүйесі әртүрлі өзгерістерге ұшырайды.

Қазақстан Республикасының жалпы көлік қолдануынан теміржол көлігінің үлесіне 75 % жүк айналымы мен 40 %  жолаушылар айналымы  келеді. Мұндай жұмыс көлемі көп мөлшерде табиғи ресурстарды қолданумен байланысты, соған байланысты биосфераға ластандырғыш заттары бөлінеді. Бірақта абсалюттік белгілерге байланысты теміржол көлігінен шығатын ластандырулар автомобиль көлігіне қарағанда біршама аз болып есептеледі. Теміржол көлігінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің масштабтарының төмендеуі келесі негізгі себептермен анықталады:

- көлік жұмысының төмен шығын үлесі арқылы;

- электрлік жетек күшін кең көлемде қолдану (бұл жағдайда жылжымалы құрамнан шығатын ластандыру заттары болмайды);

- автомобиль жолдарына қарағанда теміржолдар үшін жер аз мөлшерде шектеледі.[15]

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының «Прокат» станциясында 4 ТЭМ-2 тепловозы бар. Орташа есеппен бір локомотивтен шығатын қалдықтардың шамасын (6.1 кесте) көрсетеміз.

Локомотив деполарында локомотивтердің тежеу жүйесі үшін құрғақ құм тасылады. Құмды пайдаланудың техникалық барысы газ немесе мазутты кептіру пештерінде жүргізіледі. Осындай жұмыстар барысында қоршаған ортаға шаңды заттар тарайды. Қазіргі уақытта стансада шаңжұтқыш құрылғылармен вагон деполарының 1,8%-ы, локомотив деполарының 4,6%-ы ғана жабдықталған. Локомотив деполарында 30-180 мың м, ал жүк вагон деполарында 20-150 мың м ағымды сулармен қоршаған орта ластанады.

Магистралды тепловоздар жұмысы кезінде атмосфераға пайдаланылған газ (жалпы шығарылымның 97-98%-ы), сонымен қатар кратер газдары мен отынның булануы бөлінеді (тасталымның 2-3%-ы). Картер газдары оған цилиндрлерден түтін газдарының және майлаушы майлардың бумен араласының салдарынан туындайды.  Тепловоз дизельдерінің пайдаланылған газдары құрамы бойынша автомобиль дизельдерінің пайдаланылған газдарына ұқсас болады. Бірақ тепловоз дизельдері поезд жұмысы кезінде жүктеменің қалыпты тәртібіне ие болады, өйткені, жылдамдықты реттеу электртрансмиссия көмегімен іске асырылады, ал дизель айналу жиілігінің кіші ауытқуларымен жұмыс істейді. Осыған байланысты ластаушы заттардың бөлінуі айтарлықтай азаяды. Тепловоздың бір секциясы атмосфераға бір сағат жұмысы кезінде 28 кг көміртегі оксидін, 17,5 кг азот оксидін 2 кг дейін қаракүйе тастайды. [1]

Бұлтарысты тепловоздар жиі қозғалыстармен, жеделдету мен тежелулермен ауыспалы тәртіпте жұмыс істейді. Мұндай жағдайда пайдаланылған газдардың тасталымдары айтарлықтай ұлғаяды. Ластанудың аналогтық сипаттамасы құрылыс және басқа да жүктерді учаскелер мен құрылыс жұмыстары жүргізілетін нысандарға тасымалдауды қамтамасыз ететін тепловоздарда байқалады.[16]

 

Кесте 6.1

Зиянды заттардың меншікті мөлшері

 

 

Тепловоз

түрі

 

Зиянды заттардың атауы

 

Қозғалтқыштың жұмыс істеу тәртібі

Бос жүріс

25%

50%

75%

Максималды қуат

 

 

ТЭМ2

 

 

Көмірқышқыл оксиді

 

0,163

1,89

1,23

 

7,75

 

15,19

Азот оксиді

0,11

4,67

15,53

27,10

41,63

Күкірт оксиді

0,18

0,99

2,26

2,14

1,87

Сажа

0,003

0,09

0,28

0,33

0,38


 

Теміржол көлігінің өнеркәсіптік кәсіпорындары, локомотивтік, вагондық деполар, жылжымалы құрамдарды жөндеу зауыттары өндірісті иемденеді, және технологиялық үдірістерді барлық көлік түрлерінің техникалық қарау мен жылжымалы құрамдарды жөндеу сипаттамасын орындайды. Ластандыру заттарының компоненттері мен құрылымдары оларда негізі сәйкес келеді. Мысалға, теміржол көлігі өнеркәсіптерінде бояу жұмыстары кезінде 70 мың тонна әртүрлі бояулар түрі қолданылады, осыған байланысты атмосфераға бөлінетін ластандырғыш заттар 27 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар локомотивтік деполарда локомотивтің тежегіш жүйелеріне құрғақ құмды тиеу жұмыстары жүргізіледі. Құмды дайындаудың технологиялық процесі құмдарды кептіру пештерінде газ және мазутты жағу арқылы орындалады, құрғатылынған құмдарды пневмокөлікпен қоймаларға, складтарға және үйлестіріп беретін бункерлер орнына тиеу. Бұл процесс өзінің барлық өту сатысында қоршаған ортаға шаң түріндегі бөлшектерді шығарумен жүреді. Қазіргі уақытта стационарлы ластандыру көрсеткіштері шаң аулағыш құрылғыларымен тек 1,8 %  вагондық депо, 4,6  %  локомотивтік деполар, 7,8  %  котельныйлар жабдықталған. Локомотивтік деполардың лас суларды шығаруы жылына 20-400 мың метр кубты, жолаушылық вагондық депо 30-180 мың метр куб, жүктік вагондық депосы 20-150 мың метр кубты құрайды.

Теміржол көлігіндегі спецификалық болып шпалдарды майлау мен дайындау бойынша өнеркәсіптер, жуу – булау стансалары есептеледі.

Шпалдарды өңдеу процесі қоршаған ортаға нафталин, антрацена, аценафтен, бензол, толуол, ксилол, фенол, яғни қауіптіліктің екінші класына жататын заттардың бөлінуінен тұрады. Толығымен еліміздің барлық шпалдарды майлау зауыттары  ерекше улы ластандырғыш заттарды жыл сайын атмосфераға 10 тоннаға дейін шығарады.

Атмосферадан басқа шпалдарды майлау зауыттарында жер қыртысы мен су қоймаларының ластануы болады. Негізгі ластандырғыштарға құрамына фенол кіретін тас көмір майлары жатады, олардың жер қыртысына жиналуы тірі организмдер үшін өте қауіпті.[15]

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына тиесілі «Прокат» станциясында болаттан дайындап, дайын өнімнің түр-түрін шығарады. Осы өнімдер экспортқа немесе импортқа шығар алдында, қөаншама технологиялық өңдеулерден өтеді. Технологиялық өңдеулер химиялық элементтермен және әр түрлі құрамдағы қоспалармен жүргізіледі. Металлургиялық өндірісте экологияны ластаушы факторлар: қалдықтардың бірге жинауына байланысты топырақтың химмиялық заттармен улануы, өндірістік суларды дұрыс қайта өткізусіз табиғи су көздеріне төгу, ауаға көп мөлшерде улы заттардың бөлінуі және т.б. Метеллургиялық өнеркәсіптер экология зардап тигізу мөлшерін азайту үшін, техногендік қалдықтарды қайтадан өңдеу орталықьарын комбинатқа енгізу болып табылады. Бір тонна дайын өнім алу үшін, үш тонна көлемінде шикізат қолданлады. Өнеркәсіптік қолданудан өткен судың көп бөлігі дұрыс түрде тазалуадан өтпейді де, табиғи су көздеріне құйылады. Ауыр металлдар, химикаттар, қоспалар судың құрамына еніп, су пайдалануға жарамсыз болып есептеледі. Осындай қалдықтар суға лақтырыла берсе, су бетіндегі,жанындағы, астындағы тіршілік, биоресурстар құриды.[16]

Металлургиялық комбинаттың тағы бір ластаушы көзі – ауадағы ұсақ элементтер және түтіндер. Бүкіл әлемдегі ауадағы зиянды заттардың 25%-ы өнеркәсіптік екені белгілі. Осы өнеркәсіптік ластау ішіндегісінің 50%-ы металлургияға тиесілі. Дайын өнімді дайындау кезінде, ауаға бензопирен, фторидтар, марганец қосылысы, ванадия, хром көп мөлшерде лақтырылады.[14]

Дірілдің негізгі көздері рельсті көліктер (трамвай, метрополитен, темір жол), әр түрлі технологиялық қондырғылар (компрессорлар, қозғалтқыштар), көріктік-жаныштау жабдықтары, құрылыс техникасы (балғалар, пневмодірілдеткіш техника), жылу және су құбырлары жүйелері, насос бекеттері және т.б. Діріл әсерінің ерекшелігі – бұл механикалық серпінді тербелістер қайраңдар арқылы жайылып, әр түрлі құрылыстардың іргетастарына әсер етеді. Осы арқылы құрылымдық шу түрінде дыбыстық тербеліс тудырады. Дірілдер пайдалы және зиянды болып бөлінеді.

Зиянды дірілдер қоршаған ортаның шу мен ластануын тудырып қана қоймайды, сонымен қатар, әр түрлі инженерлік құрылыстардың қирауына әкелетін әр түрлі жағдайларды туғызып, белгілі бір қауіп-қатер туғызады. Пайдалы дірілдер технологиялық процесстер қатарында қолданылады (бетонды дірілмен нығыздау, дірілді вакуумды қондырғылар және т.б.), бірақ бұл жағдайда да сәйкес сақтану шараларын пайдалану қажет.

Әр түрлі механизмдердің жұмысы кезінде төмен жиіліктердің пайда болуының негізгі себептерінің бірі – айналу білігіне қатысты массалардың ортасының жылжуы салдарынан туындайтын айналма бөлшектердің дисбалансы. Айналу кезінде дисбаланстың пайда болуы төмендегі себептерге байланысты болуы мүмкін:

- машиналардың біліктерінің қисаюы салдарынан айналма массалардың симмертиялы емес орналасуы, симметриялы емес бекітпе бөлшектердің болуы және .т.б.;

- конструкция материалында бақалшақтардың, шлакты қосылыстың және басқа да біртекті емес заттардың болуы салдарынан материал тығыздығының біртекті еместігі;

- механизмдерді пайдалану мен жинау кезінде пайда болатын люфттердің, саңылаулардың және басқа да ақаулардың болуы және т.б.

Дірілдің көзі болып қондырғылардың, механизмдердің, конструкциялардың, бөлшектердің әр түрдегі резонансты дірілдері және т.б. болып табылады. Дірілдер үнемі инфрадыбысты тербеліспен қатар жүреді. Бір жағынан алып қарағанда, инфрадыбысты тербелістер ұдайы серпінді денелер мен бедерлердің дірілін туғызады.[15]

 

 

6.2 «АрселорМиттал  Теміртау» АҚ-ының экологияны  қорғау шаралары

 

 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ында масштабты экологиялық бағдарлама атқарылып жатыр. Бағдарламаның қорытындысы – Қарағанды  облысында экологиялық жағдайдың жақсаруы. Осы бағдарламаны ойластырған халықаралық компания «Инвайрон». Жұмысты басқарумен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы корпоративті офисі айналысады.

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу