Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Экономика.docx

— 43.37 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Скачать документ)

5 Еңбекті қорғау

 

 

ҚР Конституциясының 24 бабына сай әрбір азамат еңбек етуге, кез келген жұмыс және мамандықты таңдауға құқылы.

Әр бір жеке тұлға жұмыс жағдайының қауіпсіздігін және тазалығын талап етуге құқылы, жасалынған жұмысы үшін марапатталуға, сонымен қатар жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қорғауға алынуға құқылы.

Еңбекті қорғау – әлеуметтік–экономикалы заңдық, ұйымдық, техникалық жүйе, санеитарлы-гигиеналық іс- шараларды қауіпсіздік жағдайларын жасау,денсаулықты және тұлғаның жұмысқа қабілеттілігін жұмыс барысында сақтау мақсатында құрылған.

Тасымалдаушылар азаматтардың өмірі мен денсаулығының, көлік құралдарының, су көлігі мен әуе жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға міндетті.

Станциялар, порттар, жағажай, шағын станциялар, аэропорттардың, автокөліктік ұйым және теміржол бағыттары, сонымен қатар су жолдары аумағы, көлік қозғалыстары бағытталатын және тиеу - түсіру жұмыстары жоғары қауіптілік аумағына жатады.Жоғары қауіп төндіретін аумақта жұмыс жүргізу ҚР Үкіметімен орнатылады. Белгіленген көрсеткіштерді бұзу ҚР заңына сай қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

Қауіпті жүкті тасымалдау және күзету ҚР Үкіметімен бекітілген жүкті жеткізушілер және қабылдаушылармен жол бойында бақылауға алынады. 

Жарылғыш, тез жанғыш, радиоактивті, улы және басқа да қауіпті жүкті жөнелтуші және қабылдаушы оларды тасымалдаудың қауіпсіздігіне кепілдік беруге, керек жарақпен мобильдендіру бойынша бөлімшелер, жүк тасымалдау кезінде пайда болатын апаттық жағдайды ескертетін құралдармен қамтамасыздандыруға міндетті.[17]

 

 

5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі

 

 

Еңбекті қорғау – бұл еңбек қызметі кезіндегі жұмысшылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.  

Негізгі бағыты:

- кәсіпорындардағы еңбекті  қорғау жағдайына қоғамдық бақылауды  ұйымдастыру және жүзеге асыру, еңбекті қорғау шарттарын жақсарту  бағдарламасын жасақтауға қатысу; 

- өндірістік зақым алу  және кәсіби ауру себептерінің  анализі, оларды жоюға және  профилакти­касына  шаралар қабылдау; 

- бекітілген нормалар  мен мерзімдерге сәйкес жұмысшыларды  арнаулы киіммен, арнаулы аяқ  киіммен және басқа да жеке  қорғаныш құралдарымен қамтамасыз  етуге бақылау жүргізу;  

- еңбек мүгедектері мен  өндірісте қаза тапқан отбасылардың  мүдделерін қорғау, салалық тарифтік  келісім мен ұжымдық келісім- шарт бойынша заңмен бекітілген  мерзімдегі бір жолғы жәрдемақы  төлеуді, залалды өтеуді бақылау;

- еңбекті қорғау бойынша  іс- шараларды қаржыландыру мәселелері  бойынша ұжымдық келісім- шарттың  орындалу барысын бақылау;  

- еңбек қауіпсіздігі мен  оны қорғау нормаларын құрайтын  еңбек қауіпсіздігі және оны  қорғау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды  жасауға, нормативті- құқықтық актілерді  дайындауға қатысу; 

- Еңбек қауіпсіздігі мен  еңбекті  қорғау бойынша өтетін  Республикалық байқауларға  және  «Еңбекті қорғау бойынша үздік  қоғамдық инспектор» атағына  байқау өткізуге қатысу.[17]

«АрселорМиттал Теміптау» АҚ-ы – Қарағанды өнеркәсіптік ауданындағы және жалпылай Қазақстан Республикасы тұрғысында алғанда толық металлургиялық циклі бар ірі кәсіпорын. «АрселорМиттал Теміптау» АҚ-ының басқарушы органдары кәсіпорынның қоршаған ортаға, адамның денсаулығына, персоналдық қызметкерлердің қауіпсіздігіне әсер ететінін толығымен түсінген. Осыны ескере отырып, олар кәсіпорын жұмыскерлермен, қызметкерлермен, халықпен, пайдаланушылармен, жеткізушілермен ашық түрдегі диалогқа қатысуға тырысады. Ашық диалогтың мақсаты осы тұлғаларға өздерінің денсаулығын сақтау мәселесі туралы, еңбектің қауіпсіздігін сақтау туралы мәліметпен жабдықтау және қауіпсіздік сақтау шараларын жүргізу.[1]

«Прокат» станциясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы құрамына енетін сегіз станцияның бірі. Осы станциялардың еңбек ету шарты бойынша, «Прокат» станция еңбек ету жағдайы өте қиын. «Прокат» станциясының басты жұмысы – станция бойында орналасқан әр түрлі цехтарға қызмет көрсету. Еңбек ету кезінде теміржол көлігіндегі ережелермен қоса, зауыттар мен цехтар ішіне кіргенде жалпыцехтық ережені де міндетті сақтау керек.  

Теміржол көлігі жұмыс істеудің кезінде өте жоғары қауіпі бар өнеркәсіптік саланың бірі. Теміржол көлігінің жұмыскерлерінің жұмыс істеу орындары мен жұмыс істеу зоналары қозғалыстағы немесе қозғалысқа дайын жылжымалы құрамның дәл жанында орналасқан. Кейбір технологиялық үрдістерді орындау үшін жұмыскерлер қозғалыстағы немесе қозғалысқа дайын жылжымалы құрамға тиіп жұмыс атқару керек. Бұл жағдайдың қауіптілігі теміржол көлігінің күндіз де, түнгі уақытта да істеуі, жылдың әр уақытында жұмыстың тоқтамауы және ауа райының бүкіл жағдайында жұмыс атқаруы жоғарлатады.[18]

Теміржолдық жұмыскерлердің көп бөлігі станция жолдарында және станция арасындағы жолдарда жұмыс істейді. Жол бойында жұмыс істеу потенциалды қауіп көзі екі жақты бағытта жүріп жатқан қозғалыс, ұзынға созылған тоқтату жолдары, екі паралель жолдар арасындағы аралықтың аздығы, көру жағдайының қиын жағдайында ұзынға созылған жұмыс істеу фронты, түнгі уақыт кезінде ауланың төмен жарықтылығы және т.б.

Аса қауіпті көздің бірі – жылжымалы құрамы габаритімен шектелген аула бойында жұмыскерлердің жұмыс атқаруы. Осы жерде бұрмалы бағыттамалық посттың кезекшісі, пойыздың құрастырушысы, вагонды тексеруші, қозғалыс жылдамдығын реттеуші қауіпті жағдайда жұмыс істейді. Осы жұмыскерлер үрдістерді орындау барысында, бірнеше мәрте теміржол жолақтарын бірнеше өтуі керек. Осы алдындағы жағдайларды қысқы уақытта станция жұмыскерлерінің өз қызметтер мен міндеттерін атқару барысында екі еселік қырағылықпен атқарылуы тиіс.[19]

«Прокат» станциясындағы металлургиялық цехтардың ішіндегі қауіптілік көзі – ыстық металды прокаттап жатқан құрылғылар, әр түрлі крандар жүйесі, тиеп-түсіру үрдісімен айналысатын кіші көліктер және цех ішіне енген локомотив. Цехтың ішінде айлалық үрдісті атқару локомотив машинисті, локомотив машинистінің көмекші-құрастырушы цех ішінде қабылданған еңбекті қорғау ережелерін сақтау қажет. Цехқа кірер алдында локомотив машинисті 15 м бұрын локомотивті тоқтатып, машинист көмекші-құрастырушысы дәнекерленген табантіректерді алғаннан кейін, бір ұзын сигнал беруі керек. Тиеп-түсіру үрдісі біткен соң, локомотив көмекші-құрастырушысы жүктің дұрыс тиелгеніне, жүктің вагон габаритіне сыйып тұрғанына, қызметкерлер және қоршаған ортаға қауіпсіз екеніне көз жеткізіп, локомотивқа жақындауға сигнал береді. Цех ішінде жүру жылдамдығы 3 км/сағ-тан аспауы тиіс.

Қауіпті және зиянды өнеркәсіптік факторлардың болуы, еңбек қорғау шарттарын жақсарту шараларын ұйымдастыру керектігін туғызады. Адам организміне әсер ететін қауіпті және зиянды өнеркәсіптік факторлардың алдын алу шараларын, лаботараториялық зерттеумен бастап, заң немесе ережелер жүйесін шығарумен аяқталуы тиіс.

Еңбекті қорғау жүйесін жақсартудың стратегиялық бағыты – жаңа қауіпсіз технологияларды, және қауіпсіз техниканы құру, комплекстік тұрғыда станцияға автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу. Осындай еңбектердің арқасында жұмыс істеу кезіндегі жарақаттану немесе одан қиын жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі туады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Болат департаментінің басшылығы кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық саласындағы саясатын жүзеге асыру үшін өзіне жауапкершілік алады. Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесінің нәтижелігін үнемі арттыруға міндеттеме қабылдайды және кәсіпорын мен мердігер ұйымның әр жұмыскері еңбек қорғау мен өндірістік қауіпсіздік жағынан заң арқылы бекітілген талаптар мен нормаларды орындауға жеке жауапкершілігін сезінетіндігін куәландырады.[19]

 

 

5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары

 

 

Еңбек ету кезінде адамның денсаулығына және қызмет ету шамасына әсер ететін өнеркәсіптік ортаның бір бірімен байланысқан факторларын еңбек ету шарты деп атайды. Еңбек ету шартын зерттеу жүргізгенде қиын жағдай туғызатын фактолардың алдын алатын шараларды тауып, оның адам денсаулығына және жүйеге қауіп келтіру шамасын анықтайды. Зерттеуден алынған заңдылықтарды қорытындылап, жағдайдың алдын алу шараларын әр жұмыс орнына байланысты ойластыру қажет. Еңбек ету шартын зерттеу комплексті түрдегі анализ ретінде өткізіледі. Мысалы, өнеркәсіптік жарақаттануды зерттеудің барысында, жарақаттанулардың байланыстығы бар ма екенін анықтап, оның пайда болу себебін тауып, және осы апаттың мінездемесін беруі тиіс. Қазіргі уақытта зерттеуді жүргізу барысында математикалық әдістер мен заманауи есептегіш құрылғылар кеңінен қолданылады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына енетін Болат департаментінің басшылылығының кәсіптік қауіпсіздік дәне денсаулық саласындағы саясаттың негізін қалаушы қағидасы: кәсіпорынның өндірістік үрдістері мен қаржылық көрсеткіштерінен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдылығы және өндірістегі қауіпсіздік және денсаулық саласында үнемі жақсарту жолын ұстану.[18]

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына енетін Болат департаментінің станцияларында еңбек қорғау шарттарын және қырағылықты сақтамағандықтан апатты жағдайлар болған. 2000 жылы Қасымбанин Д. атты жол монтері «Прокат» ст. және «Ремонтная» ст. аралығында жүргізіліп жатқан капиталды жөндеу кезінде жарақат алады. Рельсті орнату кезінде темір металдың кішкентай бөлігі жол монтерінің көзіне түседі. 2010 жылы «Углерудная» станциясның жол монтері Сыздықов А. қозғалыстағы жылжымалы құрамның астына түсті. Жөндеуші вагонның үстінде отырған жол монтері қозғалыс бағытына қарай вагонның оң жағынан секіреді. Жерге түскенде монтердің оң аяғы құрамның доңғалағына түседі. Келеңсіз жағдайдың соңы аяқты кесумен аяқталды. Осындай апаттардың алдын алу үшін, шаралар жүргізуді сұрады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық саласындағы саясатының негізгі мақсаттарына жетуге бел байлап, соған ұмтылады:

- жұмыскерлер еңбегінің  салауатты және қауіпсіз шарттарын  құру, өз өндірістік әрекеті қатысушыларының  өмірі мен денсаулығын сақтау;

- өндірістік жарақаттану  және кәсіптік сырқаттар, апаттар, шағын жарақаттанулар, келеңсіз  оқиғалар және жағдайлар қатері  мен қауіпті өндірістік факторлардың  себептерін минимумға жеткізу;

- кәсіпорын қызметкері  құрамын және мердігер ұйымдардың  жұмыскерлер құрамын өз қауіпсіздігіне  және айналасындағы жұмыскерлердің  қауіпсіздігіне жауапты қарауға  уақытылы, үнемі оқыту және тәрбиелеу;

- еңбек операцияларын  орындау кезінде кәсіпорын қызметкерлері  құрамының және мердігер ұйымдардың  жұмыскерлер құрамының психологиясын  қауіпсіз әрекет жасауға өзгерту;

- кәсіптік қауіпсіздік  және денсаулық саласында тәуекелді  бағалауды жүйелі түрде өткізіп  тұру және бақытсыз жағдайлардың, шағын жарақаттанулардың, келеңсіз  оқиғалар және жағдайлар қатерінің, қауіпті жағдайлардың, денсаулық  пен мүлікке зиян тигізудің  алдын алу үшін дер кезіндешаралар  қолдану;

- кәсіптік қауіпсіздік  және денсаулық саласында әрекеттегі  заңнамаға, корпоративтік талаптарға  және басқа да кәсіпорында  таралатын нормативтік-техникалық  талаптарға сәйкес болу.      

Осы мақсаттарға жету үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы:

- кәсіптік қауіпсіздік  және денсаулық жүйесін өз  әрекетінің саласында бәсекелестік  артықшылықтың маңызды құрамдарының  бір ретінде қарастыра отырып, ОНSAS 18001 стандартының талаптарына  сәйкес қолдайды және үздіксіз  жетілдіреді;

- кәсіптік қауіпсіздік  және денсаулық саласында, өндірістік  қауіпсіздік саласындаҚазақстанн  Республикасы заңнамасының барлық  талаптарын, корпоративтік талаптарды  сондай-ақ кәсіпорында қолданатын  басқа да талаптарды ұсынады  және одан да жоғары талаптарға  жауап береді;

- өндірісте жұмыскерлердің  қауіпсіз тәртібінің тұрақты  мотивациялық механизмін қалыптастырады, адамдардың өндірісте келеңсіз  жағдайларды болжау және  олардың  алдын алу дағдыларын дамытады;

- қауіпті және зиянды  әсерледің барлық түрлеренің  алдын алып, оларды қысқартады, өндірістік  жарақаттану және кәсіптік сырқаттар, апаттар, келеңсіз жағдайлар мен  қауіпті өндірістік факторлардың  себептерін минимумға жеткізу  арқылы жұмыскерлер еңбегінің  салауатты және қауіпсіз шарттарын  құрады, өз өндірістік әрекеті  қатысушылардың өмірі мен денсаулығын  сақтайды;

- өндірісте, өндірістік санитарияда  денсаулық және қауіпсіздік бойынша  стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар  және басқа да нормативтік  құжаттар талаптарын орындауға  кәсіпорынның барлық қызметкерлерін  және мердігер ұйымдардың жұмыскерлер  құрамын толықтай тартуды және  қатысуды қамтамасыздандырады;

- өз қызметкерлер құрамымен, мердігерлермен және басқа да  мүдделі тараптармен кері байланыс  жасайды;

- қауіпсіздік және денсаулық  тәуекелдерін, шағын жарақаттануды, қауіпті оқиғалар мен жағдайлар  қатерін бағалауды тұрақты негізде  өткізеді және бақытсыз жағдайлардың, денсаулық пен мүлікке тиетін  зиянның алдын алу шараларын  қабылдайды;

- жаңа өндірістер жобаларын  жүзеге асыру және әрекеттегі  өндірісті қайта құру кезінде  кәсіпорын қызметкерлері құрамына  қауіпті және зиянды өндірістік  факторлардың әсерін азйту және  жою үшін, кәсіпорын қызметкерлері  құрамына олардың кері әсерін  барынша азайту мақсатында өндірістер  қаупі мен тәуекелдерін есепке  ала отырып, заманауи жоғары тиімді  жабдықтарды пайдаланады;

- еңбекті қорғау және  кәсіптік сырқаттар мен жарақаттанулар  жағынан көрсеткіштерді үздіксіз  жақсарту сұрақтарында кәсіпорынның  барлық қызметкерлер құрамының  әрекеттілік тиімділігін арттыру  мақсатында кәсіпорынның кәсіптік  денсаулық және қауіпсіздік менеджменті  жүйесінің ішкі аудитін жүзеге  асырады;

экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу