Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава.docx

— 280.46 Кб (Скачать документ)

1 «АрселорМиттал»  компаниясы туралы жалпы мәліметтер

 

1.1 «АрселорМиттал»  компаниясы әлемдік тұрғыда және  Қазақстан Республикасында

 

 

«ArcelorMittal» (Сурет 1.1) – дүние жүзі бойынша ең үлкен металлургиялық компаниялардың бірі. 2008 жылдың аяғында болаттық нарықтың 10%-ын өндірген. Люксембург каласында тіркелген. Бас штаб-пәтері де Люксембург қаласында орналасқан.[1]

 

 

Сурет 1.1 ArcelorMittal компаниясының белгісі

 

2006 жылы «Arcelor» люксембургтік компаниясы және «Mittal Steel» үнділік компаниясының бірігуімен пайда болған. Mittal Steel компаниясы 2006 жылға дейін дүние жүзіндегі ең үлкен компания. Ол Роттердам қаласында тіркелген. Оның штаб-пәтері Лондон қаласында. Ол үнді бизнесмені Лакшми Митталдың иелігінде болған.

Екі компания біріккеннен соң, «АрселорМиттал» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы мен бас басқарушы болып Лакшми Миттал тағайындалған. 2009 жылдың қыркүйек айындағы көрсеткіштер бойынша, акциялардың 40,83%-ы Лакшми Митталдың иелігіне кіреді.

Қосылудың арқасында компанияның қуаты 120 млн тонна болды. Алдағы жылдарда компанияның басты мақсаты келесі 5 жыл ішінде компанияның өндіріс қуатын 150 млн тоннаға жеткізу болды. Бірақ әлемдік дағдарыстың салдарынан, болжамдалынған 2011-2012-ден басталатын жобаны, 2014 жылға қалдыруға мәжбүр болды.[1]

Ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық технологияларды енгізуде компания әлемдегі бастапқы орындардың бірін алады. Компанияның өзіне тиесілі шикізаттық базасы бар, осыған қоса шикізат пен дайын өнімді нарыққа шығарудың жүйесі толықтай құрылған. «АрселорМиттал» компаниясында шығарылатын өнімнің жеке тіркелген «Invar» атты сауда белгі бар. Инвар (латын тілінен - өзгермейтін) – 36 % никельден және 64% темірден тұратын қоспа. Бұл материал прибор жасау өндірісінде пайдаланылады, айта кетсек, геодезияда қолданылатын өлшегіш құралдарын, ұзындық эталондарын және сағаттың кейбір механиздерін жасау үшін қолданылады.

Компанияның құрамына темір кенін өндіру бойынша, көмірді өндіру бойынша бірнеше кәсіпкерліктер мен металлургиялық комбинаттар кіреді. Айта кетсек компанияның кәсіркерліктері мен комбинаттары Индонезияда, Тринидад және Табагода, Мексикада, Канадада, Германияда, Ирландияда, Ресейде, Украинада, Қазақстанда және т.б. елдерде бар.[1]

«Арселор Миттал» компаниясы Қазақстан Республикасында тау-кен және металлургия секторында үлкен орын алды. Кәсіпкерлік Қазақстанда үлкен тау-кен және металлургиялық комплекс болып есептеледі. Комплекс құрамына көмір өндіру орындары, темір рудасын өндіру орындары және энергетикалық база енеді. Қазақстан Республикасы (Сурет 1.2) территориясында компанияға Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат, 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында орналасқан 4 темір рудасын өндіру орны тиесілі.

 

 

Сурет 1.2 Қазақстан Республикасындағы АрселорМиттал компаниясының өндіріс орындары

 

Қазақстаннан компанияның шығаратын өнімдеріне мыналар жатады: жалпақ және сұрыпты прокаттар, осының ішіне прокаттар полимерлі, цинк және алюминий жамылғысымен, агломерат, теміррудалық және көмірлік концентрат, кокс, шойын, болат, штрипс, лонжерондық жолақтар, электрлі-дәнекерлеуші құбырлар және т.б. домендік және коксохимдік өндірісте шығарылатын материалдар.

«АрселорМиттал» компаниясының Қазақстан Республикасындағы ресми кәсіпкерлігі «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы.[1]

 

 

1.2 «АрселорМиттал  Теміртау» Акционерлік қоғамы

 

 

1942 жылы Ұлы Отан Соғысы  кезінде бірінші Қазақстандағы  металлургиялық зауыт құрылысы  жайлы үкімет құжатына қол  қойылды. Стратегиялық маңызды тапсырма  қысқа мерзімде орындалды, 1944 жылы  Қарағанды маңындағы Самарқанд  поселкесінде қысқа мерзімде  салынған зауыт бірінші мартендік балқыма берді. Кейіннен өндірісті кеңейту комбинат құрылысы жөнінде шешім қабылданды. Теміртау қаласы комбинатқа өзінің пайда болуына міндетті, 1945 жылы 1 қазан айында Самарқанд посолкесі металлургтер қаласы Теміртау болып жаңа статус пен жаңа атқа ие болды, ол қазақ тіліне аударғанда «Теміртау»деген мағына берді.

1957 жылғы желтоқсанда  бірінші домен пешінің салтанатты  ашылуы өтті. Бір жылдан кейін  құрылысты барлық кеңестік комсомольді  басымдар жариялады, және жас  Теміртауға  Кеңес Одағының барлық  түпкірінен өз еркімен келген  жұмыскерлер жиналды. Олардың еңбектегі  ерлігінің арқасында шексіз жазықта  Қазақстанның тұңғыш қара металлургиясы  салынды.[1]

1960 жылы 3 шілдеде бірінші  қазақстандық шойын берілді. Бұл  күн металлургиялық комбинатының  туған күні  болып саналады.

Келешекте өнеркәсіп нысанына және өндіріс күші қатарынан кезеңмен енгізілді. 

1960 ж. – бірінші кокс  берілді;

1962 ж. – бірінші ретті  коксхимиялық өндіріс құрылысы  аяқталды;

1963 ж. – бірінші агломерат  алынды;

1964 ж. – №1 және №2 ауыр  жүкті мартенді пештерді кешендік  пайдалану жайлы актіге қол  қойылды. Бірінші балқыма шығарылымы  жүргізілді;

1966 ж. – «1150» слябингті (қысқыш цех) пайдалануға енгізді;

1968 г. – «1700» ыстық прокаттау  (ЛПЦ-1) пайдалануға енгізілді;

1970 ж. – СССР бірінші 250-тонналық  конвертор пайдалану туралы актіге  қол қойылады;

1973 ж. – суық прокаттау  цехы  (ЛПЦ-2) пайдалануға енгізді;

1983 г. – бірінші кезекте  калайы цехы (ЛПЦ-3) пайдалануға енгізді.[1]

LNM группасы Қазақстандағы  ірі металлургиялық кәсіпорын  автивтеріне ие болғанда, металлургиялық  комбинатың жаңа тарихын 1995 жылы  қарашаның басынан бастамасын  алды. Сол уақытта комбинат тоқтау  шегінде болған. Өндірістік күштер  тозған, шикізат және материалдарды  алуға аиналмалы қордың болмауы, ТМД елдерінінен мекемелеріне  дәстүрлі жеткізілімдер бұзылды, жұмыскерлерге айлық төлемақы  төленбеді, нарық айналымы жоғалды. Комбинаттың жаңа меншікті иесі  кәсіпорын жұмысын техникалық  модерназацияға көп көңіл бөлумен, нарықта компанияның орнын нығайтуға, қоршаған орта қорғанысы, қызметкерлерді  коорпаративті-қоғамдық жауапкершілікке  үйрету арқылы тұрақтандырды  және жаңартты.

1995 ж. – комбинат активі LNM группасына өтті, комбинат активтері  кейіннен «АрселорМиттал» коорпарациясына  өсті;

1996 ж. – құрамында 8 шахта  және көмекші шағын кәсіпорны  бар көмір департаменті құрылды. Коксты көмірдің қоры 1.5 млрд. тоннадан  асты;

1996 ж. – ТЭЦ-2  комбинат  құрылымына кірді;

1998 ж. – жолақтардың ыстық  цинктау және алюминдеу цехы  пайданысқа енгізілді;

1998 ж. – ЛПЦ-2 травильді  цехі модернизациядан өткізілді;

1999 ж. – теміррудалы ТОО  «Оркен» кәсіпорынынының базасы пайда болды. Лисакоикийдегі тау кен байыту комбинатын (ГОК) иемденеді;

2001 ж. – өндіріске құбырлар енгізілді;

2001 ж. – «Кентобе» кен  орынын иемденді;

2002 ж. –ЦГЦА құрамында толассыз екі сызықты ыстық цинктау пайдалануға енгізілді;

2003 ж. – «Атасур» таулы-өндіріс кешенінің активтерін иемденді;

2004 ж. –теміррудалы казба мекені Атансорды  иемденді;

2005 ж. – бірінші толаусыз құймалар алынды, МНЛЗ бірінші және екінші жолақтар шығарылды;

2005 ж. – полимерлі жабындарды  жабу цехы іске қосылды;

2006 ж. – Ақтау қаласындағы  құбырларды спираль-тігісті пісіретін зауыт пайдалануға енгізілді;

2006 ж. – №7 кокстың батериялық  қайта құрудан кейін іске қосу  жасалынды;

2008 ж. – бірінші реттегі сұрыпты прокаттау өндірісі іске қосылды;

2010 ж. – Қазақстанның Магнитик  50-жылдығына орай ҚР Президенті Н.А.Назарбаев қатысумен шойынның мереитойлық шығарылымы өткізілді.

«АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы тау-кен-метталлургия секторында ірі кәсіпорын болып табылады және де шоғырланған тау-кен-металлургиялық кешені өзінің көмірімен, темір кенімен және энергетикалық базасымен танылады.[1]

2010 жылы АҚ “АрселорМиттал Темиртау” 3,3 миллион тонна сұйық болатты және 2,9 миллион тонна прокатты өндірді.

Қазіргі уақытта алдағы 2015 жылы болаттың өндірісін 6 миллионға жеткізу үшін цехтардың ішін және агрегаттарды модернезациялауды жүргізіп жатыр. Осы жоба бойынша көмір мен руданың өндіріс арттыру, көмір байыту мен аглошаруашылық комплексін модернизациялау, №2 домндік пешінің қайтадан жөндеу, домендеі өндірісті модернизациялау, жаңа МНЛЗ құрылысын бастау, сорттық прокатты шығару үшін сорттты прокаттау станнын құрылысын жүргізу оперциялары кіреді.

АҚ “АрселорМиттал Темиртау” «АрселорМиттал» корпорациясы құрамына енеді. Бұл корпорация болатты шығару бойынша әлемдік лидер болып есептеледі.[1]

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрамына кіреді:

- теміркеніштік департаменті;

- көмір департаменті;

- болат департаменті.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрамындағы теміркеніштік департа-менті «Оркен» ЖШС-гімен басқарылады. «Оркен» ЖШС-і өзінің жұмысын 1999 жылы Лисаковский тау-кен байыту комплексін (1.3 сурет) сатып алудан бастады. Соңғы 6 жыл ішінде тғы да 3 теміркеніштік орындар сатып алынды. Олар:

- «Кенөбе кеніші» (Қарағанды облысы);

- «Атасуруда» тау-кен қайта өңдеу комплексі (Қарағанды облысы);

- «Атансор» теміркеніштік орны (Акмола облысы)

«Оркен» ЖШС-гінің басты міндеті болып Лисаковский, Кентөбе, Атасу, Атансор кен орындарынан темір кенін өндіріп, өңдеп, оны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының металлургиялық комбинатына жеткізу табылады.[1]

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрамындағы көмір департаментіне мыналар кіреді:

- «Абайская» шахтасы;

- «Саранская» шахтасы;

- «Казахстанская» шахтасы;

- «Шахтинская» шахтасы;

- «Тентекская» шахтасы;

- Костенко атындағы шахта;

- Ленин атындағы шахта;

- Кузембаев атындағы шахта;

- «Восточная» тау-кен байыту фабрикасы;

- Қарағанды облысының территориясында (Қарағанды қ., Сарань қ., Абай қ., Шахтинск қ.,) орналасқан 10 көмекші кәсіпкерліктер.

Қарағанды облысының территориясында орналасқан 10 көмекші кәспкерліктерді айта кетсек, олар: «Горные машины» зауыты, Тау-кен көлігіндегі құрылғылрды жөндеу зауыты (РГТО зауыты), Стандартық емес құрылғылар және кіші механизмдердің зауыты (НОММ зауыты), «Углесервис» арнайыландырылған шахталық жөндеу және дұрыстау кәсіпкерлігі, «Спецшахтомонтаждегазация» басқармасы, Технолгиялық көлік басқармасы, Шахтақұрылыстық және жөндеу жұмыстарының басқармасы, «Энергоуголь» өндірістік басқармасы, Қарағанды көмірлік энергиялық зауыты, «Шахтоосушение» құрылыстық-жөндеу басқармасы, Қарағанды тиеу-көлік басқармасы.[1] 

Көмірлік департаменттің басты өндірістік қызметі – көмірді өндіру және өңдеу. Жалпы көмір орындарының қоры 1,5 млрд тонна.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрамындағы болат департаменті Теміртау қаласында орналасқан. Болат департаментіне Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат кіреді. Теміртау қаласындағы Металлургиялық комбинат Орталық Азиядағы ең үлкен металлургиялық комплекстердің бірі болып есептеледі.

Осы өндірістік гигант саманқандтық су қоймасының жанында орналасқан. Комбинаттың жалпы ауданы 5000 га.[1]

Қазіргі кезде АҚ “АрселорМиттал Темиртау” металлургиялық комбинаты (Сурет 1.3) құрамында:

- Коксохимдік өндіріс;

- Аглодомендік өндіріс;

- Болат балқыту өндірісі;

- Көліктік басқарма;

- Бірыңғай жөндеу-монтаждық басқарылымы;

- Басты энергетик бөлімі;

- Прокаттық өндіріс.

 

 

Сурет 1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның металлургиялық комбинаты

 

Коксохимдік өндірістің шикізаты ретінде Қарағанды көмір бассейнінің коксталған көмірі қолданылады. Коксохимдік өндіріс құрамына кіреді:

- №1 Көмір байыту фабрикасы, 5,75 млн тонна концентрат жылына;

- №2 Көмір байыту фабрикасы, 7,5 млн тонна концентрат жылына;

- Көмірді дайындаушы цех, қоймаларының сыйымдылығы 190 мың т.;

- Екі химиялық тазалау цехі.[1] 

Аглодомендік өндіріс құрамына кіреді:

- Ұсақтау-сұрыптау фабрикасы, оның қуаты 1,8 млн тонна жылына;

- Орташаландыру қоймасы, сыйымдылығы 200 мың т.;

- Рудалық шикізаттың ашық қоймалары, сыйыдылығы 170мың т.;

- Домендік шикізат қоймасы, сыйымдылығы 65 мың т.;

- Агломерация үшін шикізатты шихтодайындау цехі. 

Негізгі рудалық материалдарды «Оркен» ЖШС-інен және концентратты «Лисаковский» тау-кен байыту комплексінен алады.

Болат балқыту өндірісіне кіреді:

- Миксерлік бөлімше;

- Болатты балқыту аймағы;

- Металды өңдеу аймағы;

- Екі үзіліссіз құю машинасы;

- Ковш тәріздес екі пеш;

- Екі әктасты күйдіру цехі;

- Шайырмагнезитті цех;

- Копрлық цех.

Бірыңғай жөндеу-монтаждық басқарылымы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның құрылымдық бөлімімен өзін-өзі басқарады. Бірыңғай жөндеу-монтаждық басқарылымының басты мақсаты: қаржылық және материалдық шығынның аз мөлшерін және дйын өнімнің сапасын жақсарту қамтамасыз ете отырып, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның механикалық құрылғыларын дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Бірыңғай жөндеу-монтаждық басқарылымында агрегаттар мен құрылғыларға ағымдағы және капитальды жөндеу жоспарланады.

Экономика.docx

— 43.37 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу