Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава.docx

— 280.46 Кб (Скачать документ)

Басты энергетик бөлімінің құрамына кіреді: ТЭЦ-ПВС, ТЭЦ-2, Оттегі цехі, Газдық цех, Сумен қамтамасыз ету цехі(ЦВС), Гидротехникалық құрылыстар және гидротраспорттар цехі(ГТСиГ), Тазалаушы құрылыстар цехі(ЦОС), Металлургиялық цехтардағы энергиялық құрылғыларға жөндеу жүргізу цехі(ЭиРЦ), Электрлік жөндеу цехі(ЭРЦ), Технологиялық диспетчерліктің цехі(ЦТД), Вентиляция цехі,Орталық зауыттық электрлі-техникалық лабортория(ЦЗ ЭТЛ), Орталық жылытехникалық лабортория(ЦТТЛ).[1]

ТЭЦ-ПВС-тың басты міндеті зауыт ішіндегі цехтарды жылумен, электр энергиясымен, химиялық тазалаудан өткен сумен қамтамасыз ету. Осыған қоса, бұл цех Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз етіп отыр.

Прокаттық өндіріс Прокат станциясындағы цехтарда шығарылады. Жалпы металлургиялық зауыттың соңғы дайын өнімі – жазық прокат. Қазіргі күнде прокаттық өндірістің цехтарына кіретіндер:

- №1 темір парағын прокаттау цехы ыстықоралған прокаттың рулон түріндегі және парақ түріндегілерін шығарады. Олардың  қалыңдығы  2,0-12,0 мм, сонымен қатар электр дәнекерлеуші құбырларына штрипс  шығарады.т. Цехтың қуаттылығы жылына 4600 мың тонна.

- №2 парақтарды прокаттау цехі  (ЛПЦ №2) 0,5-2 мм қалыңдықтағы суықоралған прокатты, электрдәнекерлеуші құбырдың штрипсін және кровельді прокатты шығарады. Цехтың қуаты 1300 мың тонна. Цехтың құрамында мынадай агрегаттар бар: екі үзіліссіз-травильді агрегат, 1700 типті 5 клеттік (клетевой) стан, прокатты териялық өңдеу бөлімі, көлденең және тік кесу агрегаты.

- №3  парақтарды прокаттау цехі (қаңылтыр цехі), каңылтырдың кара және ақ түрін қалыңдығы 0,18-0,36 мм конверсалық ыдыс үшін өндіреді. Осыған қоса, кровельді прокатты өндіреді. Цехтың куаттылығы 750 мың тонна жылына. Цех 1982 жылы пайдалануға берілді. Цехтың агрегаттары бірнеше рет модернизациялаудан өткен.  

- Ыстық цинктеу және алюмицинктеу цехында (ЛПЦ-4) цинктелген және алюмицинктелген бетті прокат және бояудан өткен прокатты шығарады. Алюмицинктеу агрегатының жобалық қуаттылығыы 320 мың тонна жылына, жалпақ және профилделінген алюмицинктелген өнімнің сортаменті рулон күйінде, қалыңдығы 0,4-2 мм, ал ені 750-1450 мм. Цех 1998 жылдан бастап пайдалануға берілген. Цинктеу агрегатының жобалық қуаттылығы 300 мың тонна жылына, оның сортаменті: цинктелген өнім рулон күйінде және парақ күйінде, оның қалыңдығы 0,2-1,6 мм, ені 700-1450 мм. Бұл цехтың пайдалануға берілген уақыты 2002 жыл.      

- Полимерлі қабатпен шығаратын цехтың өндірістік қуаттылығы- 85 мың тонна жылына. Оның продукциялары: лакпен боялған және полимерленген метал, оның қалыңдығы 0,25-1,6 мм, ені 650-1370 мм. Пайдалануға 2006 жылы енгізілді.[1]

1.3 «АрселорМиттал  Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы

 

 

Көліктік басқармасы станса ішіндегі бүкіл көлік қозғалысын бақылап, қадағалап отырады. Зауыт ішінде көп қолданылатын көліктер автокөлік пен теміржол көлігі. Теміржол көлік басқаратын басқарма – Теміржол көлігі басқармасы (УЖДТ).

Көліктік қызметтер өзіне мынадай қызметтерді кіргізеді:

- көліктік логистиканың бөлімі, жүктік және коммерциялық жұмыстар;

- сыртқы тасымалды ұйымдастыру, жүктік және коммерциялық жұмыстар;

- автокөліктік цех;

- комбинаттың өндірістік циклын автомобильдік тасымалдау арқылы қамтамасыз ету, комбинат қызметкерлерін тасымалдау, айналымдағы жөндеу және автокөліктерге техникалық қызмет көрсету;

- теміржол көлігін басқару.[1]

Теміржол көлігін басқару (УЖДТ) мынадай цехтардан тұрады:

- жолды айналымдағы қамтамасыз ету және жөндеу цехі, теміржол линияларын құрылыстарды, жолдық және кар тазалағыш техникаларға  техникалық қызмет көрсету және жөндеумен айнлысады; 

- жылжымалы құрам цехі, локомотивтерге айналымдағы жөндеуді жүргізеді, локомотивтердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және вагондардың жөндеуін депода атқарады;

- пайдалану цехы, ішкі тасымалдармен қоса, технологиялық тасымалдарды атқарумен айналысады және цехтардың тиеп-түсіру ауласында тиеп-түсіру операцияларын орындайды.

Пайдалану цехі тасымалдау үрдісінде «ҚТЖ» ҰК» желісінен келетін вагондарды уақытылы жүк түсіру аумағына әкелу және түсіруді қамтамасыз ету үшін, уақытылы және толыққанды зауыт өнімін тиеу жоспарын орындау мақсатында, сондай-ақ теміржол тасымалдарының зауытішілік өндіріс цехтарының технологиялық үрдіс жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.[1]

Цехта 4 пайдалану ауданы бар:

  1. Шикізаттық аудан, Входная және Углерудная станциялары жатады;
  2. Доменді аудан, Коксохим және Доменная станциялары жатады;
  3. Болатерітуші аудан, Стальная, Копровая және Ремонтный станциялары жатады;
  4. Прокатты аудан, Прокат станциясы жатады.

Пайдалану цехі құрамына 8 станция кіреді. Әр станцияның өзіне тағайындалған жұмысы бар. Осы станциялар зауыт ішіндегі қозғалысты және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Станцияның тағайындалуына байланысты, станциялар өздерінің қызметтерін атқарады. Станцияның территориясындағы қозғалысты станция кезкшісі бақылап, басқарып отырды. Тиеу-түсіру жұмыстарын атқару үшін цехтарда тиеу және түсіру аймақтары қарастырылған.[1]

Кесте 1.1

Станциялардың тағайындалуы

 

Станциялардың атауы

Іс-әрекеті және станциямен қызмет көрсетілетін негізгі аймақтар

Входная

Пойыздарды қабылдап – жөнелту, жолдар мен зауыт станцияларына пойыздарды тарқату иен құрастыру. Қызмет көрсетеді: кенді жағу цехіне, гранустановканың төменгі жолына, УКС және кірпіш қоймаларына, жөндеу-құрылыс цехіне, ішкі шикізат қоймасына, углефабрикаға, ТЭЦ-2.

Углерудная

Пойыздарды қабылдап – жөнелту, бос вагондарды тиеу үшін зауыт станцияларына беру. Қызмет көрсетеді: көмір және кенге арналған вагонаударғыштарға.

Коксохим

Жүк тиеу және түсіру аудандарына вагондарды беру және алудың айлалық жұмыстары. Қызмет көрсетеді: кокстысұрыптау, химблок, аглофабриканың қабылдау бункерларына.

Прокат

Жүк тиеу және түсіру аудандарына вагондарды беру және алудың айлалық жұмыстары. Қызмет көрсетеді: ЛПЦ-1, ЛПЦ-2, ЛПЦ-3, ЦГЦА (1-ші желі), ЦГЦА (2-ші желі), ТЭЦ-1, құм қоймасына, құбыр цехіне.

Стальная

Мартендік, конвертерлік және тығыздау цехтарының технологиялық тасымалдауларымен айналысады. Қызмет көрсетеді: мартендік және конвертерлік цехтардың жоғарғы және төмеңгі желілеріне, тығыздау цехі.

Копровая

Мартендік және конвертерлік цехтарын қамтамасыз етудегі айла жұмыстары, оттытіректі цехін шикізатпен қамтамсыз ету, ТЖКБ-ның жөндеу базасына қызмет көрсету. Қызмет көрсетеді: қыздырып қию бөлімшесіне, копровое бөлімшесіне, шлакты аулаға және сусымалы материалдар үйіндісіне, ТЖКБ-ның депосына.

Доменная

Доменді цехқа технологиялық тасымалдаулармен қызмет көрсету. Қызмет көрсетеді: №№1,2,3 доменді пештеріне, құю машиналарына, мартендік және конвертерлік цехтардың миксерларына, суық шойын қоймасына.


Жалпы станциялардың арасындағы аралықтардың көібісінде автоматтандырылған блокировка орнатылған. 

 

Кесте 1.2

Пайдалану цехіне жататын станциялардың жолдары мен бұрмалы бағыттамалары

 

 

Входная

Угле-рудная

Коксо-хим

Прокат

Сталь-ная

Копро-вая

Домен-ная

Жолдар саны,

Барлығы

 

60

 

72

 

63

 

91

 

89

 

64

 

66

соның ішінде:

қабылдап-жөнелту жолдары

 

 

 

12

 

 

 

10

 

 

 

6

 

 

 

13

 

 

 

6

 

 

 

6

 

 

 

4

Бұрмалы бағыттамалар, барлығы

 

 

55

 

 

78

 

 

64

 

 

101

 

 

251

 

 

163

 

 

149

соның ішінде:

ЭО жабдық-талған

 

 

46

 

 

58

 

 

22

 

 

59

 

 

-

 

 

46

 

 

31


 

«ҚТЖ» ҰК» вагондарымен жүк тасымалдау, вагондардың түсу станцияларынан (Входная, Углерудная) тиеу фронттарына дейін, бос вагондарды зауыт өнімдерін тиеу үшін беру және жинақтау, тиелген және бос вагондары шығару және тапсыру. Осы жұмыстар Біртұтас технологиялық үрдіспен регламенттеледі.[1]

Түсіру жұмыстарынан кейін бос вагондардың бір бөлігі маршруттармен «ҚТЖ» ҰК» жолдарына беріледі, қалған бөлігі Входная станциясы жолдары арқылы зауыт өнімдерін тиеуге жөнелтіледі. Входная станциясына болатеріткіш өндірісіне арналған (метал қалдықтары, флюстар, ферроағылулар) жүктер түседі. «ҚТЖ» ҰК-на тиесілі вагондар Углерудная станциясы арқылы бос маршрутты, ал Входная станциясы арқылы тиелген және бос вагондардан құралған құрама пойыздармен беріледі. Зауыт құрамына кіретін вагондар Углерудная станциясы арқылы интервал (4 сағат көмір үшін, 4,5 сағат руда мен әктас үшін) бойынша беріледі, ал Входная станциясы арқылы станцияға келген пойыздар, бос платформадан басқалары, 1 сағат интервал бойынша 30 есепті вагондар келіп тұрады.

Жүктерді әкелу, тиеу және түсіруге беру, вагондарды жинақтау және беру жұмыстарын 1 айналым диспетчері мен пайдалану цехінің ауысым бастығы атқарады. Входная станциясы арқылы кіретін бос және тиелген вагондарға, осы станцияның тепловоздары қызмет көрсетеді және де осы локомотивтер зауыт станцияларынан вагондарды жинақтап, оларды Входная станциясына шығарады. Углерудная станциясына келген вагондарды түсіруге береді, түсіргеннен кейін жинақталады және бос вагондардан пойыз құрастырылып шығарылады. Осы оталарды Углерудная станциясына тиесілі локомотивтер атқарады.[1]

 

 

1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы

 

 

Прокат станциясы цехтарды теміржол тасымалымен қамтамасыз етеді: ЛПЦ-1, ЛПЦ-2, ЛПЦ-3, құбыр цехі, ТЭЦ-1, ХВО-2, құм қоймасы, ЦГЦА (1-ші және 2-ші желілер, бояу желісі). [2]

Өндіріс цехтарын теміржол тасымалдарымен қамтамсыз ету мақсатында, пойыздарды тарқату және құрастыру үшін станцияға 4 тепловоз бекітілген.

Прокат станциясын басқа станциялармен біріктіретін аралықтар:

а) тақ бағытта:

- Прокат-Стальная станциялары арасындағы аралық 807, 810, 814 жолдар, бірбағытты бір жолды аралық, маневрлік ретпен қозғалыс жүзеге асырылады;

- Прокат-Ремонтная станциялары арасындағы аралық, бір жолды екі жақты автоматтандырылған блокировка;

- Прокат-Доменная-суық шойын қоймасы аралығында бір жолды және маневрлік ретпен қозғалыс жүзеге асырылады.

б) жұп бағытта:

- Прокат-Входная станциялары арасындағы аралық, екі жолды екі бағытты автоматтандырылған блокировка.[2]

Прокат станциясының шекарасы:

а) тақ бағытта:

- Прокат-Стальная станциялары арасындағы 807 жолы бойынша №54 теміпжол өткелі; 810 жол бойынша №4 шектеу бағанасы («Стальная» ст.); 814 жол бойынша №88 шектеу бағанасы («Прокат» ст.);

- «Ремонтная» станция жағынан «Прокат» станциясының кіру бағдаршамы Н; «Доменная» станция жағынан «Прокат» станцияның кіру бағдаршамы Нч.

б) жұп бағытта:

- «Прокат» ст. – «Входная» ст.кіру бағадаршамдары ЧІ, ЧІІ.

- Прокат-Доменная-суық шойын қоймасы аралығында бір жолды және маневрлік ретпен қозғалыс жүзеге асырылады. Жартылай автоматтық блокировкамен жабдықталған.[2]

Разрядты пойыздарды станцияға қабылдау мен жөнелту және өткізу жолдары станцияда жоқ. Габаритсіз жүктер тиелген пойызды станциядан өткізу, қабылдау және жөнелті жолдары ретінде 4, 6 жолдар қолданылады. Қайта жөндуші пойыз тұратын жолдар мен қорғаушы тұйықтар станцияда жоқ. Станциялық жолдарда табандық салушы мен табандықты лақтырушылар жоқ. Станцияда вагонды төңкергіш те жоқ. Габариттік қақпада станцияның ішінде жоқ. Станциялық локомотивті экипировкалау, тежеуді тексеру тексеру құрылғылары, вагонға жөндеу жүргізу орындары және техникалық қызмет көрсету пунктрі де жоқ.

 

 


Экономика.docx

— 43.37 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу