Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

2 глава.docx

— 443.70 Кб (Скачать документ)

2 «Прокат» станциясы  жұмысының анализі

 

2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

 

 

№1 темірді табақтап жаю цехі (ЛПЦ-1) дайын өнімді (орамада және қорапта ыстықайдалған табақтар) тиеуді, өндіріс қалдықтарын (темір қабыршақтарын, сыпырынды, толық айдалмаған), габаритті және габаритсіз қиындыларды тиеу, жаңа валкаларды түсіру және өңделген валкаларды тиеу және тағы да  басқа жүктерді тиеумен айналысады.[3]

13 жолда дайын өнімдер  мен қиындыларды тиеу жүзеге  асырылады. Жүк тиеу аумағы 17 вагон  бірлігіне тең келеді. 13 жолда  тиелетін жүк корапта және  орама түрінде келеді, сондай-ақ  қораптағы темір табақтары жолдың  соңғы жағында тиеледі. Сондықтан  берілген жүк вагондары тиелетін  жүк негізіне байланысты құрастырылу  тиіс. Жергілікті парктер вагондарына  қиындыларды тиеу жүзеге асырылады. Қиындыларға арналған вагондар  тұйықта әркез болуы қажет  және құраманың басы мен соғында. Оларды алмастыру вагон толық  орналасуын ұсынғаннан кейін  және цех өкілімен бірге рәсімделген  құжаттар бойынша жүзеге асырылады.[3]

14 жолда дайын өнімдер  мен қиындыларды тиеу жүзеге  асырылады. Жүк тиеу аумағы – 10 вагон бірлігіне тең. 14 жолда  тиелетін жүк қорап түрінде  келеді. Жергілікті парктің қиындыларды  тиеуге берілетін жартылай вагондары 14 жолға ауысым бастығы немесе  ЛПЦ-1 адьюстаж бригадирінің мәлімдемесінен  кейін беріледі. Сондай-ақ, 13 және 14 жолдарға ЛПЦ-1 адьюстаждың ауысым  бастығының мәлімдемесі бойынша  беріледі:

- «Қазақстан Темір Жолы» АҚ» паркінің жартылай вагондарын сұрыпталмаған темір қалдықтарын түсіру үшін;

- Бекіту бұйымдарын, қалдықтарды, сыпырындыларды шығаруға арналған думпкарлар.

№7 және 9 тұйықтарда қиындыларды тиеу жүзеге асырылады. Жүк тиеу аумағы – әрқайсысы 2 вагон бірлігіне тең. №7 тұйықта адьюстаж ауысым бастығының мәлімдемесі бойынша ЛПЦ-2 цехінің 15 жолында тиелген сұрыпталған металдарды түсіру және дайын өнімді (орамадағ темір табақтары) тиеу жүзеге асырылады.[3]

№ 11 тұйықта габаритті қиындылар мен толықайдалмаған темір табақтарын тиеу жүзеге асырылады. Жүк тиеу аумағы – 5 вагон бірлігіне тең. № 11 тұйыққа берілген вагондар келесі негізде құрастырылуы қажет: Станция жағынан жергілікті вагондары қиындыларды және толықайдалмаған жүктер үшін және «ҚТЖ» ҰК» тиесілі 2 жартылай вагонды жолға арналған толықайдалмаған жүктерді түсіру үшін. Цехтің сұранымы бойынша жергілікті парк және «ҚТЖ» ҰК тиесілі жартылай вагондар саны өзгеруі мүмкін, бір-ақ ол тұйықтың сыйымдылығынан асып кетпеуі қажет.

№ 49 тұйықта хопперларға темір қабыршақтарын тиеу жүзеге асырылады. Жүк тиеу аумағы – 2 вагон бірлігіне тең.[3]

№ 50 жолда сыпырындыларды тиеу, ұрылған шамон думкарға тиеу және пештерді жөндеуге арналған кірпіштерді түсіру жүзеге асырылады. Вагондар пештерді жөндеу бойынша шебердің айтуы бойынша қойылады.

№ 46 жолда ЛПЦ-1-ге арналған валкаларды түсіру және жолға негізделген өңделген валкаларды тиеу, думпкарға сыпырындыларды тиеу жүзеге асырылады. Жүк тиеу аумағы – 2 вагон бірлігіне тең.

№ 46а тұйығы жұмыс істемейді.

№№ 7, 9, 11, 49 тұйықтарында жергілікті парк вагондарын қиындыларды тиеуге және тазалауға беру, байланыс керегені негізінде жүзеге асырылады.

ЛПЦ-1 цехінің тұйықтарындағы тиелген вагондарды алу, толық вагон топтарына құжат рәсімделгеннен кейін жүзеге асырылады. 13, 14 вагоннан құралған вагондарды алу құжаттары бар кезінде рұқсат етіледі. Құжаттар рәсімделмей цех тұйықтарынан станция жолдарына металмен тиелген вагондарды шығару рұқсат етілмейді.

№ 14 және 16 тұйықтарға вагондарды беру кезінде тежегіштер қосулы болуы керек, ал жүкті станцияға шығара кезед автотежегішті қосу міндетті емес. ЛПЦ-1-нің басқа тұйықтарына автотежегішіт қосу қажет емес. ЛПЦ-1 цехінің 49 тұйығына арналған хоппер құрамы 810 жол арқылы алдында тепловозымен станциядан жөнелтіледі және №114 бағыттамада бағытын өзгертеді.

ЛПЦ-1 цехінің №13 және 14 жолдарына дайын өнімді тиеуге берілетін вагондарды цех өкілінің сұраныс кітабына жазған сұрауы бойынша береді. Сұранымды адьюстаж ауысымының бастығы береді.

ЛПЦ-1 цехінің №7 ,9, 11, 13, жолдарына вагондарды беру кезінде машинист көмекшісі-құрастырушы тежегіш алаңында немесе бірінші вагон алдындағы арнайы шалушы жанында болуы қажет және құраманы цех қақпасынан 10-15 метр жетпей тоқтату қажет. Құрамды тоқтатқаннан кейін машинист көмекшісі-құрастырушы өткелге шығу керек.

ЛПЦ-1 цехінің теміржол көлігі бойынша жауапты адаммен жұмыс жоспары келісіліп, қосарланған табандықтардың алынғандығына, кіру бағдаршамында жасыл жарықтың жанып тұрғандығына көз жеткізіп, автокөліктің қозғалысын тоқтатып, содан кейін барып машинист көмекші-құрастырушысы тепловоз машинистіна құраманы қозғалысқы келтіріп, өткелден өтуіне рұқсат етді. Өзі құраманың алдыңғы жанынан жүріп отыруы қажет.

Май қоймасының55, 56 жолдарында майы бар цистерналарды ағызу жүзеге асырылады. Жүк түсіру аумағы – әрбір қоймаға 1 цистернадан.

56 тұйыққа вагондарды  беру вагон алдындағы автотежегіштерді  қосу арқылы жүзеге асырылады. 55 жолға вагондарды беру тепловоз  алдымен №814 жол арқылы автотежегіштердің  қосылу күйінде беру жүзеге  асырылады.

№55, 56 жолдарын өңдеу кезінде Прокат станциясының айла диспетчері ДНЦ-1 қатысуымен селекторлық байланыс орнатып, Стальная станциясының кезекшісін №814 жолға Стальная станциясы жағынан вагондарды ығыстыруды айла аяқталғанға дейін жүзеге асырмауды және бұрмалы бағыттаманы 814 жол бойынша қалыпты жағдайға қойылуын ескертеді. Стальная станциясы жағынан №814 жолға вагондарды ығыстыруды жүзеге асырмау керек.[3]

ЛПЦ-2 цехі орамадағы суықайдалған темір табағының (Сурет 2.1) және қораптағы ыстықайдалған темір табағының дайын өнімін тиеуді, қиындыларды, темір тотықтарын өңделген валкаларды, үгінділерді артуды жүзеге асырады. Әр түрлі май түрлерін және тұз қызқылын түсіруді жүзеге асырады.

 

 

Сурет 2.1 Орама темір табағының платформада орналасқан жағдайы

 

№ 21 тұйықта дайын өнімді (орамадағы және қораптағы суықайдалған темір табағы), қиындыларды тиеу және металдық тараларды түсіруді жүзеге асырады. Жүк тиеу-түсіру ауданы – 19 вагон бірлігін құрайды. Қиындыларды тиеуге және металдық тараларды түсіруге вагондарды № 21 тұйықтың соңына береді. Орама және қорап түріндегі темір табақтары дайын өнімдер арнайы орындарда қоймаланады. Сондықтан, дайын өнімді тиеуге берілетін вагон топтарын ЛПЦ-2 адьюстаж ауысым бастығының сұранымы бойынша құрастырылады.

№ 21 тұйыққа вагондарды беру кезінде алдында вагондармен автотежегіш қосулы жағдайда болады. № 15 және 52 тұйықтарға вагондар станция жағынан алдында тепловозымен 814 жол бойынша автотежегіші қосулы күйінде беріледі.[3]

№21 тұйықтан вагон топтарын шығарар алдында машинист көмекшісі-құрастырушы жылжымалы құрамды тексеріп, тиеудің габариттеріне және вагонның доңғалақ жұптарының реліс үстінде орналасқан жағдайларына ерекше байқампаздықпен қарау керек, содан кейін ешқандай кедергілердің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін қозғалысқа рұқсат береді. Ол құрама бір-біріне жалғанғандығына және қозғалысқа келгендігіне көз жеткізеді. Құраманы тоқтатады, тепловозға барып және цех ғимаратынан шығады.

№ 52 тұйығында қиындыларды тиеу жүзеге асырылады. Жүк тиеу-түсіру ауданы – 2 вагон бірлігіне тең. № 52 тұйықта тиеу жұмыстары транспортермен үзіліссіз жұмыс істегеннен кейін ДСЦ-нің құзырында тиелген вагондарды ауыстыру үшін 2 қосымша жартылай вагон әрқашан болу керек.

№ 15 жолда дайын өнімді тиеу (орамадағы ыстықайдалған темір табағы) және габаритсіз қиындыларды тиеу жүзеге асырылады. Жүк тиеу ауданы – 1 вагон бірлігіне тең. Қиындыларды тиеуге берілтін вагондар жүк тиеу ауданына бірінші беріледі.

Дайын өнімге құжаттардың рәсімделуі ұзақ жүруіне байланысты № 15 жолдан вагон топтарын алуды құжатсыз рұқсат етеді. Келесі вагон топтарын алдыңғы вагон тобына құжаттарын бергеннен кейін ғана тұйықтан шығаруға рұқсат етеді. Цехтағы тұрған вагондарды алу барлық вагон топтарына құжаттарды рәсімдеп, бергеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

№ 15 тұйық 2 тепловозбен қызмет көрсетіледі:

-№ 15 тұйыққа 814 жол арқылы вагондарды беру кезінде 2 айла тепловозы қолданылады: біреуі құраманың басында, ал екіншісі соңында, автотежегіштері қосулы емес болады.

-Айла құрамы № 49а бағытаманың шекті бағанасына жеткеннен кейін екінші тепловоз машинисті өзінің тепловозын ағытып алып қалады және № 15 тұйықтан бірінші тепловоз әкеліп беретін тиелген вагон топтарын күтіп тұрады. Екінші тепловоз машинисті тепловозды бірінші тепловоз алып келген тиелген вагон тобына жалғаған кейін, автотежегішті қосып Прокат станциясының айла диспетчерінен құраманы станция жолымен жүргізуге дайын екендігін баяндайды. Бірінші тепловоз машинисті өзінің көмекшісімен технологияға сәйкес цехқа қызмет көрсетуін жалғастыра береді.

№ 15 тұйығына бір тепловозбен қызмет көрсету:

- Прокат станциясы жағынан 814 жол арқылы № 15 тұйыққа вагонды беру бір тепловозбен іске асыру барысында вагон тиелген немесе бос жағдайында да автотежегіші қосулы күйінде жүзеге асырылады.

- Айла құрамы № 49а бағытаманың шекті бағанасына жеткеннен кейін машинист көмекші-құрастырушысы цех өкілімен жұмыс жағдайын талқылайды. Рұқсат алғаннан кейін локомотив бригадасы бос вагондарды тиелген вагондармен біріктіріп, автотежегішті қосады, 814 жолдың шекті бағанынан өткізіп тиелген вагондарды қояды, тежегіш табандықтарымен бекітеді да, бос вагондарды цехтің тиеу орнына қояды.[3]

- № 15 тұйықты өңдегенен кейін тепловозды тиелген вагондармен біріктіріп, атотежегішті қосады және Прокат станциясының айла диспетчеріне құраманы станция жолына қарай жүруіне дайын екенін баяндайды. Прокат станциясының айла диспетчерінің рұқсатынсыз 814 жолдың № 49а шекті бағанынан қозғалуына шектеу қояды.

№52, 15 жолдарын өңдеу кезінде Прокат станциясының айла диспетчері ДНЦ-1 қатысуымен селекторлық байланыс орнатып, Стальная станциясының кезекшісін №814 жолға Стальная станциясы жағынан вагондарды ығыстыруды айла аяқталғанға дейін жүзеге асырмауды және бұрмалы бағыттаманың 814 жол бойынша қалыпты жағдайға қойылуын ескертеді. Стальная станциясы жағынан №814 жолға вагондарды ығыстыруды жүзеге асырмау міндет.

№15, 21 тұйықтарын өңдеу барысында ЛПЦ-2 цехінің көлік жөніндегі жауапты адамы тепловозды немесе вагон құрамасын қарсы алу қажет. Тепловоз немесе құраманың цехтан шыққанынан кейін ЛПЦ-2 цехінің көлік жөніндегі жауапты адамы қақпаға жылжымалы құраманың соқтығысуын боддырмау мақсатында қақпадан 15 метр жерге қорғау табандықтарын қояды.

№ 17а және № 17б тұйықтарында габаритті қиындыларды тиеу жүзеге асырылады. Жүк тиеу ауданы – 2 вагон бірлігіне сәйкес келеді. Өңдеу жұмыстары ЛПЦ-2 цехінің ауысым бастығының ұсынуымен ЦГЦА цехімен бірге атқарылады.

 

 

2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

 

 

ЛПЦ-3 цехінің 23 жолында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» тиесілі жартылай вагондарға, жабық вагондарға және платформаға дайын өнімді (2.2 сурет) тиеу, жергілікті вагондарға қиындыларды сыпырындыларды думпкарға тиеу жүзеге асырылады. Жүк тиеу аумағы – 20 вагон бірлігіне тең.

№ 23 жолдың соңында комбинаттың жергілікті паркінің вагондарына қиындыларды тиеу жүзеге асырылады. Тиеу аумағы – 2 вагон бірлігіне тең.

№ 3 май қоймасының 58 жолында цистернадан майды құйып алу жүзеге асрылды. Май ағызу аумағы – 1 цистернаға тең.

ЛПЦ-3 цехінің 53 жолында қиындыларды тиеу және даналық жүктерді, каустикалық соданы, щелочтарды, жабдықтарды және басқа да жүктерді түсіру жүзеге асырылады. Жүк тиеу-түсіру аумағы – 3 вагон бірлігіне тең.

№ 57 тұйықта цистерналардан тұз қышқылын және күйдіргіш натрийді ағызу, жабық вагонға темір тотығын тиеу жүзеге асырылады. Жүк тиеу-ағызу аумағы – 5 вагон бірлігіне (4 цистерна ағызу үшін, 1 вагон темір тотығын тиеу үшін) тең. № 57 тұйықтың соғына темір тотығын тиеу үшін берілетін жабық вагон беріледі. Ағызуға келген цистерна ағызуға арналған магистраль үстіне орналастырылады. Цистерналарды орналастыру кезінде машинист көмекші-құрастырушы локомотивте болады. Қышқылмен немесе щелочпен тиелген цистернада жүруге болмайды.[3]

ЛПЦ-3 цехінің аммиак суы қоймасының 14 жолында аммиак суымен тиелген цистернаны ағызу жүзеге асырылады. Жүк түсіру аумағы – 4 вагон бірлігіне тең.

Пальма майын сақтау қоймасы ЦПП ОТС аумағында орналасқан. Цистернадан палма майын ағызу 16 жолда орындалады. Жүк түсіру аумағы – 4 вагон бірлігіне тең келеді,

Вагондардан ағаштарды түсіру ЛТК ЦПП-нің 60 жолында орындалады. 60 жолға вагондарды беру тәуліктің кез-келген уақытында жүзеге асырыла береді. Жүк түсіру аумағы – 10 вагон бірлігіне сәйкес келеді.

23, 60, 59, 53 жолдарға вагондарды  беру автотежегіші қосылу күйінде  алдында вагондарымен беріледі. 59 және 58 тұйықтарда айланы аяқтап  біткеннен кейін № 83 және № 89 бағыттамалар 24 жолға қарай қойылады. Аталған тұықтарды өңдеуді аяқтағанға  дейін және 814 жолдағы бұрмалы  бағыттама қалыпты жағдайға тұруы  қажет. Стальная станциясы жағынан №814 жолға вагондарды ығыстыруды жүзеге асырмау міндет.

ЛПЦ-3 цехінің№ 23 тұйықтан вагон топтарын шығарар алдында машинист көмекшісі-құрастырушы жылжымалы құрамды тексеріп, тиеудің габариттеріне және вагонның доңғалақ жұптарының реліс үстінде орналасқан жағдайларына ерекше байқампаздықпен қарау керек, содан кейін ешқандай кедергілердің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін қозғалысқа рұқсат береді. Ол құрама бір-біріне жалғанғандығына және қозғалысқа келгендігіне көз жеткізеді. Құраманы тоқтатады, тепловозға барып және цех ғимаратынан шығады.

Экономика.docx

— 43.37 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу