Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа
Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.
Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында
8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі
27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі
31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату
43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату
71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар
86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі
№ 23 тұйығын өңдеу барысында ЛПЦ-3 цехінің көлік жөніндегі жауапты адамы тепловозды немесе вагон құрамасын қарсы алып және өткізуі қажет. Тепловоз немесе құраманың цехтан шыққанынан кейін ЛПЦ-3 цехінің көлік жөніндегі жауапты адамы қақпаға жылжымалы құраманың соқтығысуын боддырмау мақсатында қақпадан 15 метр жерге қорғау табандықтарын қояды.
Құбыр цехінің 16 тұйығы арқылы «ҚТЖ» ҚК» тиесілі вагондарға және комбинатқа тиесілі арнайыландырылған платформаларына дайын өнімді (құбыр және штрипс) тиеу, сондай-ақ өндіріс қалдықтары – қиындылар жергілікті парктің вагондарына тиеу жүзеге асырылады. Қиындыларды тиеуге арналған вагон 16 жодың соңына қойылады. Жүк тиеу аумағы – 3 вагон бірлігіне тең.[3]
Құбыр цехінің 16 жолына немесе ЛПЦ-1 цехінің 5-ші агрегатына вагондарды 47а бағыттамасына дейін беру автотежегіші қосулы вагон алдымен жүзеге асырылады. Машинст көмекші-құрастырушысы бағыттамадан өтіп цех қақпасының ашық жағдайында бекітілгендігіне, габариттердің жағдайына, жолда кедергілердің жоқтығына, көпірлік крандардың және басқа да машиналардың жол үстінде және жанында жұмыстарын тоқтатқандығына, кіру бағдаршамының жасыл жарығы жанып тұрғандығына көз жеткізіп, цехтің көлік жөнідегі жауапты адамнан ауызша рұқсат алғаннан кейін құраманы цехқа кіруіне белгі береді және құраманы цех жолына орналастыру барысында құраманың алдыңғы жанынан серіктейді.
Құбыр цехінің ғимаратынан шығу барысында машинист көмекші-құрастырушы ғимараттың қақпасының алдында тұрып, құраманы өткізеді. Өткізу барысында құраманы тыңғылықты тексереді, вагондардың соқтығысуының жоқтығына, сым желілерінің тұықталуына және басқа да заттардың кедергі келтірмей тұрғадығына көз жеткізеді. Ғимараттан шыққаннан кейін машинист көмекші-құрастырушы құраманы тоқтатады, тежегіш ауласына немесе арнайыланған вагон шалғышына тұрады және әрі қарай қозғалуына белгі береді.
ЦГЦА цехында дайын өнімді (қораптағы және орамадағы мырышталған болат) тиеу, қиындыларды тиеу (2.2 сурет), валкаларды түсіру, күйдіргіш натриі бар цистерналарды ағызу жүзеге асырылады. Барлық вагондарды тиеу-түсіру жұмыстары 17 жол бойымен орындалады. Барлық жүк тиеу-түсіру аумағы – 16 вагон бірлігін құрайды, қалқалап тұратын кедергі бойынша 10 вагон бірлігіне тең келеді.[3]
Сурет 2.2 Металл илектерінің орамадағы және қораптағы түрлері
Сыпырындыларға, қиындыларға берілетін вагон мен цистерналар 17 жолдың соңына беріледі, дайын өнімді тиеуге арналған вагондар келу жағында тұрады.
ЦГЦА цехінің 17 жолы арқылы ЛПЦ-2 цехінің 17а және 17б тұйықтары өңделеді. 17а және 17б тұйықтарын өңдеу жұмыстары ЛПЦ-2 цехінің ауысым бастығының ұсынуымен ЦГЦА цехімен бірге атқарылады.
17 жолға вагондарды беру
автотежегіші қосулы күйінде
жүзеге асырылады. Цех ғимаратына
кірместен бұрын машинист
- құраманы өткелден 15 метр қашықтықта, қосарланған табандық алдында тоқтатуы қажет;
- ЦГЦА цехінің ауысым бастығымен ақылдасқаннан кейін, қақпаның ашықтығына, қосарланған табандықтың алынғандығына, автокөліктің немесе олардың тұрақтауының жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін, машинстке цех ғимаратына кіруіне рұқсат беретін белгі беруі қажет;
- құраманың цех бойынша қозғалысы кезінде, құраманы серіктеп, жолдың алдыңғы жанынан жүріп отыруы қажет.
ЦГЦА цехінің ғимаратынан шықпастан бұрын, машинист көмекші-құрастырушы құраманы тексеруден өткізіп, автотежегішті іске қосу қажет. Дұрыс тиелгендігіне және қозғалысқа кедергі келтіретін кедергілердің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін жүруге рұқсат ететін белгі береді. Ол құрама бір-біріне жалғанғандығына және қозғалысқа келгендігіне көз жеткізеді. Құраманы тоқтатады, тепловозға барып және цех ғимаратынан шығады.
Өндірістің 20 тұйығында қиындыларды тиеу, валкаларды тиеп-түсіру және басқа да жабдықтарды түсіру жүзеге асырылады. жүк тиеу-түсіру амағы – 1 вагон бірлігіне тең. Жолдағы вагон тиеліп және соған цех өкілімен тасымалдау құжаттары рәсімделгеннен кейін тез арада цехтан шығарылып, орнына басқасы қойылады.
ЦГЦА-2 цехінің 20 тұйығында «ҚТЖ» ҰК» тиесілі вагондарға дайын өнімді (орамадағы мырышталған болат) тиеу, жергілікті парк вагондарына қиындылар мен сыпырындыларды тиеу және УраЛ-М ұнтағы тиелген вагондарды түсіру жүзеге асырылады.
20 тұйықтың барлық жүк
тиеу-түсіру аумағы – 16 вагон
бірлігін құрайды, қалқалап тұратын
кедергі бойынша 9 вагон бірлігіне
тең келеді. Тиеу жұмыстарына 3 электрленген
көпірлік крандар
20 тұйыққа вагондарды
беру автотежегіші қосулы
20 тұйыққа вагондарды беру мен шығарудың реті:
- №20 тұйығын өңдеу барысында ЦГЦА-2 цехінің көлік жөніндегі жауапты адамы тепловозды немесе вагон құрамасын қарсы алуы және кіру қақпасының алдындағы қосарланған табандықты алып тастауы қажет. Тепловоз немесе құраманың цехтан шыққанынан кейін ЦГЦА-2 цехінің көлік жөніндегі жауапты адамы қақпаға жылжымалы құраманың соқтығысуын боддырмау мақсатында қақпадан 15 метр жерге қорғау табандықтарын қояды.
- №20 тұйыққа вагонды беру кезінде машинист көмекші-құрастырушы тежеу ауласында немесе алдыңғы вагонның арнайыландырылған шалғышта болуы қажет. Цех ғимаратына кірместен бұрын, машинист көмекші-құрастырушы келесі әректтерді орныдауға міндетті:
- құраманы өткелден 5 метр қашықтықта тоқтатуы қажет;
- ЦГЦА-2 цехінің ауысым бастығымен ақылдасқаннан кейін, қақпаның ашықтығына, қосарланған табандықтың алынғандығына, жолда адамдардың жоқтығына, жол үстінде және жанында көпірлік крандар жұмысын тоқтатқандығына ерекше назар аударып, кіру бағдаршамында рұқсат етуші жасыл жарықтын жанып тұрғандығына, кедергілердің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін, машинистке цех ғимаратына кіруіне рұқсат беретін белгі беруі қажет;
- құраманың цех бойынша қозғалысы кезінде, машинист көмекші-құрастырушы құраманы серіктеп, жолдың алдыңғы жанынан жүріп отыруы қажет. Тиеу-түсіру ауданына цехтің көлік бойынша жауапты қызметкерінің айтуы бойынша вагондарды орналастырады.
- жылжымалы құраманы қақпа жағынан бекітіп, бекітуді машинист көмекші-құрастырушы жүзеге асырады.
- ЦГЦА-2 цехінің ғимаратынан шықпастан бұрын, машинист көмекші-құрастырушы құраманы тексеруден өткізіп, автотежегішті іске қосу қажет. Дұрыс тиелгендігіне және қозғалысқа кедергі келтіретін кедергілердің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін жүруге рұқсат ететін белгі береді. Ол құрама бір-біріне жалғанғандығына және қозғалысқа келгендігіне көз жеткізеді. Құраманы тоқтатады, тепловозға барып және цех ғимаратынан шығады. Ғимараттан шыққаннан кейін машинист көмекші-құрастырушы құраманы тоқтатады, тежегіш ауласына немесе арнайыланған вагон шалғышына тұрады және әрі қарай қозғалуына белгі береді.
22 тұйықта дайын өнімдерді тиеу жүзеге асырылады: металл илектері, қиындылар, сыпырындылар. Тұйықтың сыйымдылығы – 3 вагон бірлігіне тең. Тиеп-түсіру жұмыстарына 1 электрлік көпірлік кран жұмылдырылған. Ғимараттың шығу қақпасы автоматтандырылған және шығу дабылын соғумен жабдықталған.[3]
Прокат станциясының 22 теміржол тұйығына вагондарды беру автотежегіші қосулы күйінде вагон алдымен жүзеге асырылады.
22 тұйыққа вагондарды беру мен шығарудың реті:
- 22 тұйыққа вагонды беру кезінде машинист көмекші-құрастырушы тежеу ауласында немесе алдыңғы вагонның арнайыландырылған шалғышында болуы қажет. Құраманы цех ғимараты қақпасынан 15 метр қашықтықта тоқтатуы қажет, қақпаның ашықтығына және ашық жағдайында бекітілгендігіне, қосарланған табандықтың алынғандығына, жолда адамдардың жоқтығына, жол үстінде және жанында көпірлік крандар жұмысын тоқтатқандығына ерекше назар аударып, кіру бағдаршамында рұқсат етуші жасыл жарықтын жанып тұрғандығына, кедергілердің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін және цехтің аусым бастығымен немесе көлік бойынша жауапты қызметкермен тұйық өңдеу ретін анықтап алып, сондай-ақ олардан ауызша рұқсат алғаннан кейін машинистке цех ғимаратына кіруіне рұқсат беретін белгі беруі қажет;
- құраманың цех бойынша қозғалысы кезінде, машинист көмекші-құрастырушы құраманы серіктеп, жолдың алдыңғы жанынан жүріп отыруы қажет. Тиеу-түсіру ауданына цехтің көлік бойынша жауапты қызметкерінің айтуы бойынша вагондарды орналастырады. Машинист көмекші-құрастырушы табандықтарды орналастырады және вагондарды бекітеді;
- цех ғимаратынан шықпастан бұрын, машинист көмекші-құрастырушы құраманы тексеруден өткізіп, автотежегішті іске қосу қажет. Дұрыс тиелгендігіне және доңғалақ жұптарының релісте дұрыс орналасқандығына, қозғалысқа кедергі келтіретін кедергілердің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін тежегіш табандықтарын жолдан алып, тепловоз машинистіне цехтан құраманың шығуына дайын екендігін баяндайды. Машинист Прокат станциясының айла диспетчерінен цех жолынан станция жолына шығуына рұқсат сұрайды. Маршруттың дайын екендігі туралы рұқсат алғаннан кейін, машинист көмекші-құрастырушы тепловоз машинистіне цехтан шығу туралы бұйрық береді. Цех ғимаратынан шығу барысында машинист көмекші-құрастырушы ғимараттың қақпасының алдында тұрып, құраманы өткізеді. Өткізу барысында құраманы тыңғылықты тексереді, вагондардың соқтығысуының жоқтығына, сым желілерінің тұйықталуына және басқа да заттардың кедергі келтірмей тұрғандығына көз жеткізеді. Ғимараттан шыққаннан кейін машинист көмекші-құрастырушы құраманы тоқтатады, тепловозға барады, әрі қарай станцияға тепловозбен кетеді. ТЭЦ-1 жолдарында көмірді түсіру, цистерналардан мазутты ағызып алу, коксты, көміртеккүкіртті тұзды, ХВО арналған соданы және тағы да басқа жүктерді түсіру, сондай-ақ темір қабыршықтарын тиеу жүзеге асырылады.
Кокстың бар болуы кезінде оны түсіру жұмыстары 41 жол бойынша орындалады. Бұл жағдайда көмірді түсіру 40 жолмен ған жүзеге асырылады.
Цистерналарды ағызу 36,37 жолдар бойынша атқарылады. Әрбір жол бойынша цистерналарды ағызу аумағы 6 цистернадан келеді. Ағызу букүші цехімен жүргізіледі.
ХВО-ға келген жүк 32 жолда түсіріледі. Жүк түсіру аумағы – 2 жабық вагонға тең.
Басқа да жүктер: ТЭЦ-1 аумағына келген минвата, минплита, құбырлар және тағылары , ТЭЦ-1 өкілімен келіскен орындарда түсіріледі. ТЭЦ-1-ге вагондарды беру вагондар немесе тепловоз алдында беру арқылы да жүзеге асырыла береді.[3]
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы әлемге танымал және бүкіл жер бетіндегі 5 континентке дайын өнімдерін тасымалдайды. Әлемдік сұраныс дайын өнімге өскен сайын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ыда сол ретпен өз өнімін көп көлемде шығарады. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының дайын өніміне сұранысы әлемдегі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының басты экономикалық және техникалық көрсеткіштері ретінде 2007 жылмен 2011 жыл арасындағы көрсеткіштері алынған. Басты экономикалық көрсеткіш ретінде жалпы «АрселорМитал Теміртау» АҚ-ының Болат департаментіне тиесілі металлургиялық комбинатының жүк тасымалының көлемі, келген жүктер және дайын өнімді тиеу көрсеткіштері, ішкі зауыттық тасымалдары алынған. Жүк тасымалының көлемі, келген жүктер және дайын өнімді тиеу көрсеткіштері және ішкі зауыттық тасымалдар тонна өлшеу бірлігімен есептелінген.[5]
Кесте 2.1
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының жалпы жүк айналымы
Көрсет- кіш Жылдар |
Жүктерді тиеу, т |
Келген жүктерді түсіру, т |
Ішкі зауыттық тасымал, т |
Жүк тасымалы көлемі, т |
2007 жыл |
4590621 |
20726146 |
18413425 |
43730192 |
2008 жыл |
3943525 |
18428559 |
15381170 |
37753254 |
2009 жыл |
3885962 |
18616363 |
15230889 |
37733214 |
2010 жыл |
3714834 |
16230616 |
15291302 |
35236752 |
2011 жыл |
3723565 |
16305486 |
15600468 |
35629519 |
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жүк тасымалының көлемі (Сурет 2.3) жалпы теміржол көлігімен тасымалданған, түсірілген, тиелген жүктердің көлемі және ішкі зауыттық тасымалдар көлемінің қосындысынан тұрады. Бір жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының жалпы жүк тасымалының «Прокат» станциясына тиесілі шамасы пайыздық түрде орта есеппен 10,32 %-ын құрайды.[5]
Сурет 2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жылдар бойынша жүк тасымалының көлемі
Диаграммадағы ақпараттарға қарасақ жалпы түсіру 2008-2010 жылдар (Сурет 2.4) аралығында болған дағдарыстың себебінен келген жүктер көлемі ажептәуір төмендеген. 2011 жылдың әлемдегі дағдарыс бәсеңдегеннен соң, комбинатқа түсірілетін жүктің көлемі де арта түсті. Келген жүктердің түсіруі 2007 жылы – 20726146 тоннаға, 2008 жылы – 18428559 тоннаға, 2009 жылы – 18616363 тоннаға, 2010 жылы – 16230616 тоннаға, 2011 жылы – 16305486 тоннаға тең. 2007 жылмен 2008 жылдағы келген жүктер түсіру көлемін салыстырсақ, түсірудің шамасы 2008 жылы 12%-ға төмендеген. 2011 жылы әлемдегі дағдарыс бәсеңдегеннен соң, компанияның халықарлық нарыққа тағы да жолы ашылды. Бір жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының жалпы жүк түсіруінің «Прокат» станциясына тиесілі шамасы пайыздық түрде орта есеппен 4 %-ын құрайды.[5]