Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Экономика.docx

— 43.37 Кб (Скачать документ)
4 Экономикалық тиімділіктің есебі

 

 

Темір жол көлігі материалды өндіріс және айналу саласында маңызды қызметтерді орындайды. Темір жол көлігінің негізгі өнімі уақытында, тұтынушылырға тікелей сапалы жеткізу немесе оларды көлік өнеркәсіпті аудандарда, теміржол торабында, кірме жолдарында көліктің басқа түрлеріне табыстау оның дискреттік немесе үздіксіз сипатына байланыссыз. Экономикалық ғылымдар өнеркәсіп теміжол көлігін қоғамдық өндірістік қатынастары жағынан, көлікте экономикалық заңдардың білінуін қарау, оларды пайдалануын, көліктің өндірістегі өнеркәсіп көлігінің торапты темір жолдарымен және көліктің басқа түрлерімен байланысын және қатынасын, жоспарлау әдістерін, қаржыландыруын, шаруашылық есептің және материалдық ынталандыруды, тариф саясаты және баға құрылымын ұйымдастыруды, өндірістік – шаруашылық және қаржылық қызметін талдау әдістерін және т.б. зерттеледі.
Өнеркәсіптік көлік экономикасы, ғылым ретінде техникалық ғылымдарымен байланысты және олардың барлық жетістіктерін есепке алуға тиісті. Экономика ғылым техникалық ілгерлеудің бағыттарын, жаңа техниканың ең ықтимал тиімді қолдану салаларын анықтайды, оның параметрлерін негіздейді, ең жаңа техниканы, оның тиімділігін бағалайды. Жаңа техника оның экономикалық тиімділігін негіздегеннен кейін ғана қолдануға енгізіледі. Сондықтан, бағыттарды экономикалық бағалау және өнеркәсіп темір жол көлігіндегі ғылыми – техникалық ілгерлеудің үрдістері, жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері технологияға және еңбектің озық әдістері оның маңызды орны болып табылады.
Теміржол көлігінің экономикасы көлікті тұрақты бір-бірімен байланысқан өнеркәсіптік күштерден тұратын өнеркәсіптік-экономикалық қатынастар объектісі ретінде сараптайды. Өнеркәсіптік-экономикалық қатынастар теміржол көлігінде негізгі-тасымалдаушы және қосымша-көмектесуші салалардың үрдісінде көрсетіледі. Бұл қатынастар туады: біріншіден, жер шаруашылығымен және өнеркәсіптік салалармен көліктің арасында; екіншіден, жолаушыларды тасымалдау кезінде халықпен көліктің арасында; үшіншіден, бір-бірімен байланысқан және бәсеклескен көліктер арасында;  төртіншіден, теміржол көлігі еңбектік коллективімен бсқа көлік коллективі арасында. Экономикалық ғылым өнеркәсіптік теміржол көлігін қоғамдық өндiрiстiк қатынастар түрінде де зерттейді. Бұл ғылым экономикалық заңдардың қолдануын және экономикалық заңның теміржол көлiгiне әсерлерін қарастырады; көліктің өндірістегі ролін қарастырады; өнеркәсіптік көліктің магистральдық теміржол көлігімен, басқа да көлік түрімен және әр түрлі кәсіпкерліктермен байланысы мен қатынасын зерттейді; осы ғылым жоспарлаудың әдістерін, қаржыландыруды, шаруашылық есептемені жүргізуді, материалдық ынталандыруды, тарифтік саясатты және бағаның пайда болуын қарастырады; өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметке анализді жүргізу әдістерін зерттейді.

Өнеркәсіптік көліктің экономикасы ғылым ретінде техникалық ғылымдармен байланысты болып, олардың барлық жетістіктерін ескере отыруы тиіс. Экономика ғылыми-техникалық дамудың бағытын, жаңа техниканың тиімді пайдалануын сферасын анықтайды. Жаңа техниканың техникалық параметрлерін дәлелдеуін, оның тиімділігін, сапасын тғы да осы экономика зерттеумен айналысады. Жаңа техниканың өндіріске енгізілуі оның сол өндіріске экономикалық тиімділік әкелетіні дәлелденгенде ғана енгізіледі. Осыған орай, алынған жаңа бағытты экономикалық бағалау және  өнеркәсіптік теміржол көлігінде қабылданған тенденцияның ғылыми-техникалық дамуын жоспарлау, жаңа техниканың мен технологияның экономикалық тиімділігін анықтау әдісі және басқалардың бәрі өнекәсіптік теміржол экономикасының маңызды қағидалары болып саналады.

 

 

4.1 Капиталдық  салым және оның құрылымы

 

 

Капиталдық салым негізгі фондтардың жұмысын атқару үшін кеткен ақшалық формадағы материалдық, техникалық және еңбектік ресурстардың шығындарынан тұрады. Негізгі фондтардың жұмысын атқару үшін жұмсалатын жалпы шығынның суммасының шамамен 4/5-ін капиталдық салым алады. ол керекті жұмыс істеу темпін сақтауд  және халық шаруашылығының жеке саласын сатылы дамытуда аса үлкен роль ойнайды. 

Капиталдық салым ішіне кіретін шығындар: құрылыс жұмыстарының шығындары, жылжымалы құрамға жұмсалатын шығындар, тиеп-түсіру құрылғыларына жұмсалатын шығындар, құрылғыны сатып алу және орнату жұмыстарының шығындары, керекті жарақтар және инвентарьға жұмсалатын шығындар. Осымен қоса, капиталдық шығындарға құрылыс кезінде жұмсалатын шығындар (жобалық-іздеу жұмыстарының шығындары, салынып жатқан жұмыскерлерін қамтамасыздандыруға жұмсалған шығындар және т.б. ) жатады. Бірақ бұл құрылыс-жөндеу жұмыстарының шығындарына кіргізілмейді.

Жоспарлау кезінде капиталдық салымдар өндірістік және өндірістік емес сфераларға, халық шаруашылығының салаларына, жаңа кәсіпкерліктердің құрылысына және жұмыс атқарып жатқан кәсіпкерліктің реконструкциясына бағытталады. Осыған орай, капиталдық салымды салалық, технологиялық, территориялық, түрлендіргіш құрылымдарына бөлу қажеттігі туады. Капиталдық салымның құрылымы әр мақсаттарға жетуге арналған капиталдық салымның жеке бөлігімен сипатталады.

Капиталдық салымды жоспарлау кезінде аса маңызды орынды салымның технологиялық құрылымын анықтау алады. Бұл құрылымның ішіне құрылыстық-монтаждық жұмысқа кететін шығын, құрылғыларды, инвентарьды және жабдықтарды сатып алуға кететін шығын жатады. Құрылыстық-монтаждық жұмысқа кететін шығындар: құрылстық жұмыстар шығыны, технологиялық, энергетикалық, көліктік және басқа да монтаждық жұмыстар шығыны, әр түрлі кызметті қамтамасыздандыру үшін кеткен шығындар және т.б. капмталдық саылмды құрылғыға, жылжымалы құрамға, тиеп-түсіру механизмдеріне және т.б. активті фондтарға бөлуі осы құрылғылардың өндіріс орынын дайын болып шығуы мен жеткізуіне дейін құрылыстық-монтаждық жүргізіп қоюға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік кәсіпкерлікке үлкен көлемді реконструкция бойынша шараларды жүргізу үшін және жұмыс істеп жатқан өнеркәсіптік кәсіпкерлікті кеңейту шараларын жүргізу үшін орталықтандырылған капиталдық салым бөлінеді.

 

 

4.2 Пайдалану шығындары 

 

 

Пайдалану шығындары – бұл өндірістегі тасымалдаудағы тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруға жұмсалатын кезекті шығындар. Оларға аударылған сомасы бар еңбек ақы мен әлеуметтік сақтандыру, материалдық құндар, жанармай, электр энергия, амортизациялық жарна және т.б. шығындар жатады.
Пайдалану шығындары негізгі және жалпы шаруашылық болып екіге бөлінеді. Негізгі шығындар өнімді өндірумен тікелей байланысты. Олар өнеркәсіптік өнімге қаржы түрінде енеді. Мысалы, жылжымалы құрамды қозғалысқа ендіру үшін кететін жанармайға және электр энергиясының шығындары негізгі шығындарға жатса, ал жалпы шаруашылық шығындарға, қызметтік бөлмелерді және қоймаларды жарықтандыруға және жылумен қамтамасыздандыруға кеткен шығындар жатады. Жалпы шаруашылық шығындарысыз өндірістің жұмыс істеуі мүмкін емес, оның ролі өнеркәсіптік үрдісті қамтамасыздандыру және басқару болып табылады. Олар қауіпсіздік техникасын сақтау шараларын және еңбекті қорғау шараларын жүргізу үшін, кадрларды дайындауына, материалдық құндылықтарды сақтауына, административтік-басқару қызметкерлерінің жалақысына жұмсалады. Бұл шығындарға командировкаға төленетін ақы, конторлық шығындар, пошталы-телефондық қызметтің төлемақысы кіреді.

Экономикалық тиімділік деп техникалық, пайдалану және экономикалық шығындардың эффектісінің, керекті эффекті алу үшін кеткен шығынға қатынасын атаймыз. Тиімділіктің екі түрі бар: техникалық-пайдалану және жалпылай экономикалық (абсолютті және салыстырмалы).  

Техникалық-экономикалық тиiмдiлiк техникалық немесе экономикалық эффекттiң қатынасымен бейнеленедi. Экономикалық және техникалық әсерлер техникалық көрсеткіштердің жақсару түрінде немесе еңбектік пен құндық шығындардың сапалы көрсеткіштері түрінде көрсетіледі. Осымен қоса, эффектердің қатынасы ретінде бейнеленеді. Бұл техникалық немесе пайдалану көрсеткіштерін жақсарту арқылы (қосымша экономикалық шығындар әкелуі мүмкін), қосымша пайдалы әсердің көзін туғызды. Мысалы, локомотивтің қуат шығынын қосымша арттыру арқылы, локомотивтің өнімділігін арттыру эффектісін туғызамыз, вагонның жүккөтерімділігін қосымша арттыру арқылы, вагонның өнімділіігн арттыру эффектісін туғызамыз. 
Экономикалық тиімділік рентабельділік шамасымен, тиімділік коэффицентімен, фондтық қайтарым шамасы және тағы да басқа көрсткіштермен сипатталады. Ол жалпы түрде шыққан эффектің (кіріс, экономия) шығынға қатынасымен теңгеде анықталады.
Жоспарлық шешімнің экономикалық тиімділігінің негізі мен есебі жоспардың барлық кезеңдерінде жүргізіледі. Жоспарланған шаралардың тиімділігін есептеудің барлық жағдайларында әрқайсысы ауыр еңбекті жоюды, оның санитарлы-тазалық шарттарын жақсартуды және қауіпсіздікті, қоршаған ортаның қалпын сақталуын қадағалауды есте тұтқан жөн. Сонымен жоспарлаудағы шешімнің экономикалық тиімділігінің белгісі ұлттық пайдада байқалатын еңбек өнімділігін жоғарылату болып табылады.

Өндіріс кезінде негізгі жарақтар физикалық және моральдық тозуға ұшырайды. Физикалық тозу – бұл құралдың өндірістік үрдісте қолдануының әсерінен туатын және ауа райы жағдайының әсерінен туатын тозуды айтамыз. Өндiрiстiк процесте олар жұмыс iстей отыра, өзінің техникалық-өндiрiстiк қасиетін бiртiндеп жоғалтып ескiредi. Моральдық тозу негізгі фондтың техникалық ескіруі. Олардың біраз бөлігі оның физикалық жағдайына қарамастан ескіреді. Бұның себебі, құралдыңфактылық жұмыс істеу қызметі уақытында, заманауи жетілдірілген жүйелердің пайда болуынан басталады. Осыған орай, моральдық тозу техникалық жетілудің экономикалық көрсеткіші болып саналады.

Физикалық және моральдық тозудың әсерінен негізгі фондтар өзнің құндылығын жоғалтады. Негізгі фондтардың тұтынуына шамасына байланысты, амортизациялық төлемдердiң түрiндегi (iстелiнген жұмыстар) дайын өнiмнiң құнына тасымалданады. Осыған сәйкес, амортизация негізгі фондтың құны ескірудің шамасына байланысты еңбектің өніміне тасымалданатын экономикалық үрдісті айтады. Бұл үрдістің мақсаты: қаражаттық ресурстарды жинақтау және келесі ретте еңбектің құралдарын тғы жұмысқа қосу.

Амортизация нормасы – негзігі фонд құнынан пайыздық көрсеткіште белгіленген жыл сайын берілетін мөлшер.   

Амортизациялық бөліп шығарулар кәсіпкерліктің ұстап қалатын ақшасының құрамалы бөлігі болып саналады және ол дайын өнімнің өзіндік бағасына енеді. Ғылыми-техникалық жоғары темпі дамуы жағдайына байланысты, амортизация нормалары еңбек құралдарының физикалық және моральдық тозуының нақты шамасын бейнелеуі керек. Норманың шамасын аса қатты өсірсе, өнімнің өзіндік бағасын арттыруға мәжбүрлейді, ал норманы төмендетсе, техникалық дамуды да баяулатады. Сондықтан, амортизация нормаларын анықтау кезінде негізгі фондтардың жұмыс істеу мерзімін нақты анықтау маңызды роль ойнайды. Жұмыс істеу мерзімі техникалық құралдардың зауытта дұрыс жасалуынана, төзімділігіне, пайдалану қарқындылығына, тасымалдау үрдісті ұйымдастыруының технологиясына, жөндеудің сапасына, пайдаланушылық қызмет көрсетуіне және ғылыми-техникалық дамудың темпіне тікелей тәуекелді.   

Әр түрдегі негізгі фондтың оңтайлы жұмыс істеу мерзімі техникалық-экономикалық есептемелермен бекітіледі. Осының негізінде, жыл сайынғы қайтадан жандандыруға арналған бөліп шығарулар мен барлық жөндеу түріне жұмсалатын шығындар және негізгі фондты қамтамасыздандыруға жұмсалатын шығындардың арасындағы экстремалды қажеттілік жатыр. Егер жыл сайынғы қайтадан жандандыруға, жылдық жөндеу шығындардың, обьектті қамтамасызландыруға жұмсалатын амортизациялық бөліп шығарудың шамасы минимальды болса, жұмыс мерзімінің оңтайлы болып саналады.

 

 

4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

 

 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ына тиесілі «Прокат» станциясы жүктік станция болып есептеледі. Жүктік операцияларды орындаудың жұмысын тездету және оңтайландыру үшін, осы станция өлшеуіш-бақылау құрылғысын енгіземіз.
Өлшеуіш-бақылау құрылғысы бұл – технологиялық үрдістердің температурасын, қысымын, шығынын, массасын және т.б. көрсеткіштерін өлшеу арқылы берілген құрылғының жағдайы туралы мәліметті алып отыру құрылғысы. Оның ең көп тараған түрі –таразы. Таразы – дененің массасын анықтауға арналған құрал, дененің масса осы дененің ауырлық күшіне тең деп есептелінеді. Салмақ өлшегіш немесе таразы – өте көне құралдардың бірі.
Теміржол көлігінде жүктік станцияларда жүктің салмағын анықтайтын арнайы вагондық таразылар бар. «Прокат» станциясына енгізілетін таразы – ВД-30-2-8 рельстік типті тензорезисторлық таразысы. Ол соңғы он жылдың еңбектің арқасында, жаңа технологияларды қолдану арқылы Свердловсктік теміржол Басқарылымымен шығарылған. Оның статикалық және қозғалыстық режимде өлшеуді жүргізе алады. Оның оське байланысты, тележкаға байланысты, вагонға байланысты бірнеше модификциялары бар. Біз қолданысқа енгізгелі жатқан модификациясы – ВД-30-2-8(вагондық өлшеу). Осы таразыны «Прокат» станциясының «Доменная» станциясы бағытынан келетін  807 жолға орналастырамыз. Басты барлық жүктер «Входная» станциясына кетеді. Сондықтан таразыда «Прокат» станциясының «Входная» кететін жолының кіру және шығу бағдаршамының бүйіріне орналастырамыз.
Қаржылық салымды келесідей формуламен анықтайды:

 

                                   К = Кт+ Ктш+ Ко.қ.+ Кбш, тенге                                   (4.1)

 

мұндағы, Кт – ВД-30-2-8 типті статикада және қозғалыста өлшейтін таразысының 1 данасының құны – 11200000 тенге;

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу