Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Экономика.docx

— 43.37 Кб (Скачать документ)
Ктш – таразыны Ресейден жеткізуге кеткен шығын, ол – 308100 тенге;
Ко.қ. – таразыны белгіленген орынға орнатуға және монтаждық жұмысқа кеткен шығын, ол – 350200 тенге;
Кбш – басқа да керекке жұмсалған шығын, ол – 101000 тенге.

 

К=11200000+308100+350200+101000 =11 959 300 тенге

 

Қолданылып жүрген жағдайдағы пайдалану шығындарына жататындар:
-еңбек ақыға кететін шығындар;
-вагонның тұрып қалуы бойынша шығындар;
-жанармайға кететін шығын;
-басқада шығындар;
«Прокат» станциясына ВД-30-2-8 типті таразысын енгізгеннен кейінгі жағдайдағы пайдалану шығындарына жататындар:
-еңбек ақыға кететін шығындар;
-вагонның тұрып қалуы бойынша шығындар;
-жанармайға кететін шығын;
-амортизациялық шығындар;
-басқада шығындар.
Пайдалану шығындарының (енгізгенге дейінгі) жалпы қорытындысы келесідей жағдайлар бойынша анықталады:

 

                       ЭШ1 = РЕ.А.1 + Р В.Т:Қ.1 + Р Ж.Ш.1 + РБ.Ш.1, теңге                 (4.2)

 

мұндағы, РЕ.А.1 – жұмыскерлердің жалақы қоры (қосымша еңбекақы төлемдері) жұмыскерлердің құрамы, еңбек өнімділігі және жұмыскердің орта айлық жалақысымен есептелетін еңбек жоспарына сәйкес анықталады.
Айлық тариф төлемдері айдың орташа жұмыс сағатымен есептеледі–173,1 сағ., сондай-ақ жұмысты асыра отырып жасағанда жалақыға 8 % орташа айлық есептен қосылады.
Жылдық еңбекақы қоры заң бойынша уақытқа төленетін, бірақ ол уақытта жұмыс істемеген: демалысқа төленетін, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерлі атқарған үшін. Денсаулығына байланысты жұмысты атқармаған кезде төлемдер әлеуметтік қордан төленеді және қорға қосымша еңбек ақы қосылмайды.
Сыйақы мөлшері орташа айлық еңбекақы негізінде немесе кесімді жалақы бойынша, 20 % - деп аламыз.
Мерекелік күндерде, түңгі уақытта, қызметкердің санатына, қатар қызмет атқарған үшін және үстеме уақыт жұмыс атқарған үшін қосымша төлемақылар төленеді. Тәуліктік жұмыста мерекелік күндерде жұмыс атқарғаны үшін орташа айлық еңбекақыға 3,2 % есебінде үстем ақы қосылады.
Түңгі уақытта жұмыс істегені үшін 35 % сағаттық көлемде жоспарланады, түңгі уақыт деп 22 сағаттан 6 сағатқа дейіңгі аралық деп есептеледі, яғни 8 сағат, осылардың негізінде тарифтік төлемақыға 11 % қосылады.

Станцияның штаттық кестесіне сәйкес және түңгі уақытқа 11 %, мерекелік күндерге 3,2 %, сыйақы мөлшерін 20 % деп алып 4.1 кестеге еңбекақы төлемдерінің есебін көрсетеміз.

Осы таразы құрылғысына қызмет ететін адамдардың жалақысын есептеу үшін мына формуланы қолданамыз:

 

РЕ.А.1=Nn*Еорт*12 теңге                                          (4.3)

 

мұндағы, Еорт - 1 жұмыскердің орташа айлығы;

Nn-жұмыскерлер саны;

12 – 1 жылдағы  айлар саны.

 

РЕ.А.А.1=15718+8645+2515+67014=105468 теңге

 

РЕ.А.1=10*67014*12=8367260 теңге

 

РЗ.Қ.1 – зейнетақы қоры жалақы қорының 10 % есебінде алынады:

 

РЗ.Қ.1=836726 теңге=РЗ.Қ.2

 

РВ.Т.Қ.1 – вагонның босқа тұруына салынатын айыппұл, келесідей формула бойынша анықталады:

 

                                                     РВ.Т.Қ.1=N*t*T                                          (4.4)

 

мұндағы , N – беріліс саны, жылына - 33102 вагон;
t – технологиялық керегендегі  түсіру уақыты (енгізгенге дейінгі), тәул. – 8,1  сағ.;
T – 1 сағ әмбебап вагонның  босқа тұру құны – 102 теңге.
Онда, 4.3 формуласы бойынша вагонның босқа тұру уақыты былай сипатталады:

 

РВ.Т.Қ.1=33102*8,1*102=27348872 теңге
Р Ж.Ш.1 - локомотивтердің қозғалысына кетеін жанармайдың шығыны. Жалпы «Прокат» станциясында жұмыс істеуге бекітілген локомотивтер саны – 4. Олардың барлығы ТЭМ2 локомотиві. Жанармай шығынын мына формуламен анықтаймыз:
 
                                     Р Ж.Ш.1 =СЖ * NЖ * MU *365                               (4.5)

 

мұндағы, СЖ – бір литр жанармайдың құны, (СЖ=86 теңге);
NЖ – жанармайдың 1 тәулікте кететін орташа шығыны, (NЖ =115 л);
MU – станциядағы локомотивтердің паркі, (MU =4)

 

Р Ж.Ш.1 =86*115*4*365=14439400 теңге

 

РБ.Ш.1 - басқа да шығындар, РБ.Ш.1=201950 теңге
Онда пайдалану шығындары, қолданылып жүрген жағдайда мынаны құрайды:

 

ЭШ1=8367260+27348872 +14439400+201950=50390222 теңге

 

Пайдалану шығындары ұсынылған жағдайда былай болады:

 

                  ЭШ2 = РЕ.А.2 + Р В.Т:Қ.2 + Р Ж.Ш.2 + РА.Ш.2 + РБ.Ш.2                (4.6)

 

мұндағы, РЕ.А.2 – жұмыскерлердің жалақы қоры (қосымша еңбекақы төлемдері) жұмыскерлердің құрамы, еңбек өнімділігі және жұмыскердің орта айлық жалақысымен есептелетін еңбек жоспарына сәйкес анықталады. Бірінші вариантпен салыстырғанда жалақы қоры өзгермейді.

 

РЕ.А.2=8367260 теңге

 

РВ.Т.Қ.2 – вагонның босқа тұруына салынатын айыппұл, келесідей формула бойынша анықталады:

 

                                                      РВ.Т.Қ.2=N*t*T                                         (4.7)

 

мұндағы , N – беріліс саны, жылына - 33102 вагон;
t – технологиялық керегендегі  түсіру уақыты (енгізгенге дейінгі), тәул. – 6,9 сағ.;
T – 1 сағ әмбебап вагонның  босқа тұру құны – 102 теңге.
Онда, 4.6 формуласы бойынша вагонның босқа тұру уақыты былай сипатталады:

 

РВ.Т.Қ.1=33102*6,9*102=23297187 теңге
Р Ж.Ш.2 - локомотивтердің қозғалысына кетеін жанармайдың шығыны. Жалпы «Прокат» станциясында жұмыс істеуге бекітілген локомотивтер саны – 4. Олардың барлығы ТЭМ2 локомотиві. Жанармай шығынын мына формуламен анықтаймыз:
 
                                     Р Ж.Ш.2 =СЖ * NЖ * MU *365                               (4.8)

 

мұндағы, СЖ – бір литр жанармайдың құны, (СЖ=86 теңге);
NЖ – жанармайдың 1 тәулікте кететін орташа шығыны, (NЖ =93 л);
MU – станциядағы локомотивтердің паркі, (MU =4)

 

Р Ж.Ш.2 =86*93*4*365=11677080 теңге

 

РБ.Ш.2 - басқа да шығындар, РБ.Ш.2=245090 теңге.
Амортизация қаржы салымының 2 % құрайды:

 

РА.Ш.2 = 35224267*10%=3522426 теңге

 

Онда ұсынылған жағдайдағы пайдалану шығындары былай болады:

 

ЭШ2 =8367260+23297187+11677080+245090+872387=44491744 теңге

 

Қолданылған жағдайдағы келтірілетін шығын мынаған тең, П1=Э1= =50390222 теңге.                                      
Ұсынылған жағдайдағы келтірілген шығындарды 4.8 формула бойынша анықтаймыз:

 

                                               П2 = Э2 + Ен * К, теңге                                   (4.9)

 

мұндағы, Ен – нормативтік коэффициент, Ен=0,12;
  Э2 – ұсынылған жағдайдағы келтірілген шығындар;
  К – қаржы шығыны.
Мына формулаға қоя отырып (4.8) табамыз:

 

П2 =44491744+0,12*11959300=45926860 теңге

 

Экономикалық әсерді 4.9 формула бойынша анықталады:

 

                                      ΔЭ  = П1 – П2, теңге                                              (4.10)

 

Мына формулаға қоя отырып 4.9 табамыз:

 

ΔЭ =50390222– 45926860 =4463362 теңге

 

Қаржы салымының өзін-өзі ақтау жылын 4.10 формуламен анықтаймыз:

 

                                                                                         (4.11)

 

Қаржы салымының өзін-өзі ақтау жылын  4.10 формулаға мәндерді қойып анықтаймыз:

 

Т=11959300/(50390222-44491744)=11959300/5868478=2,0 жыл

 

Өзін өзі ақтаудың ағын құралын енгізуден кейінгі мөлшерлі уақыты 2,0 жылды құрайды. Бұдан мынандай қорытынды шығарамыз:

 

2,0 жыл ≤5 жыл

 

Осыған байланысты, «Прокат» станциясына ВД-30-2-8 рельстік типті таразы құралын енгізуді тиімділігі дәлелденді. Техникалық-экономикалық көрсеткіштері 4.1. кестесінде келтірілген.

 

Кесте 4.1
Техникалық-экономикалық көрсеткіштер есептемесі

 

Көрсеткіштер

Өлшем

 бірліктері

Көрсеткіштер

I вариант

II вариант

Капиталдық салым,

оның ішіне:

теңге

-

11959300

-ВД-30-2-8 таразысы

теңге

-

11200000

-жеткізу шығыны

теңге

-

308100

-монтаж бен орнату

теңге

-

350200

-басқа шығындар

теңге

-

101000

Пайдалану шығындары,

оның ішінде :

теңге

50390222

44491744

-еңбек ақыға кететін шығындар

-зейнетақы қоры (еңбекақы ішінде)

теңге

теңге

8367260

836126

8367260

836726

-вагонның тұрып қалуы

теңге

27348872

23297187

-жанармай

теңге

14439400

11677080

-басқа да шығындар

теңге

201950

245090

-амортизация

теңге

-

872387

Келтірілген шығындар

теңге

50390222

45926860

Өзін-өзі ақтау мерзімі

жыл

-

2,0


 

 

 

 

 

 


охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу