Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2014 в 21:54, дипломная работа

Краткое описание

Копровая. Барлық станцияның жұмысының жоспарын компанияға тиесілі Теміржол көлігінің Басқармасы жоспарлайды. Осы 8 станцияның арасындағы қозғалысты және тасымалдауды үзіліссіз қамтамасыз ететін көлік түрі – теміржол көлігі. Бұл станцияларда басқа да көліктер қызмет атқарады, бірақ қолданыс көлеміне байланысты теміржол көлігімен салыстыруға келерлік емес. «Углерудная» станциясында конвейер көлігі, «Коксохим» станциясында бункерлер, осымен барлық автомобиль көлігінің қызметіне жүгінеді.

Содержание

Кіріспе
6
1 «АрселорМиттал» компаниясы туралы жалпы мәліметтер
8
1.1 «АрселорМиттал» компаниясы әлемдік тұрғыда және Қазақстан Республикасында

8
1.2 «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамы
9
1.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының көліктік басқармасы
15
1.4 Прокат станциясының жалпы сипаттамасы
18
1.5 Пойыздарды қабылдап-жөнелту және тиеп-түсіру жұмыстары
23
2 «Прокат» станциясы жұмысының анализі
27
2.1 ЛПЦ-1 және ЛПЦ-2 өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

27
2.2 ЛПЦ-2 және ЦГЦА өндірістік цехтарына қызмет көрсетуде орындалатын айлалық жұмыстардың анализі

31
2.3 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы жұмысының басты көрсеткіштері
36
2.4 «Прокат» станциясы жұмысының басты көрсеткіштер
39
3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

43
3.1 Өлшеуіш-бақылау құрылғысы
43
3.2 Таразыны таңдау
44
3.3 ВД-30-8 рельстік типті таразысының сипаттамасы
49
3.4 ВД-30 типті таразысының артықшылықтары
53
3.5 Технологиялық есептер
57
3.6 Таразыны енгізуден кейінгі «Прокат» станциясының жұмысы
63
4 Экономикалық тиімділіктің есебі
67
4.1 Капиталдық салым және оның құрылымы
68
4.2 Пайдалану шығындары
69
4.3 Өлшеуіш-бақылау құрылғыны енгізу арқылы «АМТ» АҚ-ының ТКБ-ындағы Прокат станциясының жұмыс тиімділігін жоғарылату

71
5 Еңбекті қорғау
77
5.1 «Прокат» станциясының жұмыс істеу шартының анализі
77
5.2 «Прокат» станциясында еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
79
5.3 ДЭЕМ қолдану үшін бөлмеге арналған міндеттемелер
82
5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы
84
6 Өнеркәсіптік экология
86
6.1 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ындағы экологияны бұзушы факторлар

86
6.2 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының экологияны қорғау шаралары
90
Қорытынды
95
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 12 файлов

литературы.docx

— 16.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

введение продолжение.docx

— 17.61 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава продолжение.docx

— 34.69 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

1 глава рисунок.docx

— 863.84 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Экономика.docx

— 43.37 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

охрана труда.docx

— 33.67 Кб (Скачать документ)

- кәсіпорын әрекетімен  байланысты кәсіптік қаупсіздік  және денсаулық сұрақтары бойынша  барлық мүдделі талаптарды ашық  ақпараттандыра отырып, үкімет органдарымен, жұртшылықпен және қоғамдық ұйымдармен корпоративтік сұхбаттасуды орнатуға талпынады;

- жарақаттану мен кәсіптік  сырқаттардың алдын алудың тиімді  жүйесін құрайды және олардың  қайталануы болмас үшін барлық  жағдайларды тергеп тексереді;

- жарамдылығы мен нәтижелігін  тексеру үшін кәсіптік қауіпсіздік  және денсаулық саласындағы саясаттың  сәйкестігіне мезгілдік талдау  жүргізеді.[17]

 

 

5.3 ДЭЕМ қолдану  үшін бөлмеге арналған міндеттемелер

 

 

БДТ, ПЭВМ, ДК және ЭЖ жұмыс орындары зиянды өндіріс факторларының ошақтары ауа алмасу жақсы ұйымдастырылған электронды-есептегіш орталық залдарында және бөлмелерде оналастыру міндетті болып табылады.

БДТ, ПЭВМ, ДК және ЭЖ жұмыс орындарында мидың жоғары қарқындылықта жұмыс істеуін немесе жоғарғы назар аударылуының шоғырлануын қажет ететін шығармашылық жұмыстарды орындау барысында аралықтарды бөлуде биіктігі 1,5-2,0 м қалқаларын қолдану ұсынылады.

Дисктар, дискеттар, қосалқы блоктар, құралдар комплексін сақтауға арналған шкафтарды, сейфтерді, сөрелерді арнайы қоймалық бөлмелерде орналастыру қолданылады.

Үстелдің жұмыс орындауға арналған биіктігі 68-80 см арасында реттелуі керек, ал мұндай жағдайлар орындалмаған кезде кемінде 72,5 см кем болмауы міндетті.

Жұмыс үстелі аяққа арналған биіктігі – 60 см-ден, ені – 50 см-ден, тереңдігі – 45 см-ден және аяқтың созылған деңгейіне 65 см-ден кем емес кеңістікпен қамтамасыз етілуі қажет.

Жұмыс орыны аяққа арналған демеуішпен қамтылу қажет және оның өлшемдері келесідей болу керек: ені – 30 см-ден, тереңдігі – 40 см-ден кем емес, биіктігі 15 см шегінде және демеушінің жоғарғы тірегі еңісінің бұрышы 20 градуска дейін реттелу керек. Демеуіштің беті иректелген және алдыңғы жағынан 1 см биіктікте қалқанша болу қажет.

Пернетақтаны арнайы, үстелдің үстіңгі тақтайынан бөлек жұмыс бетінің биіктігімен реттелетін немесе үстелдің үстіңгі шеттерінен 10-30 см аралықта қолданушыға бағытталған күйінде орналастыру керек. Пернетақта БДТ мониторынан 30 см-ден кем емес қашықтықта орналасу керек.

Жұмыс орындарын ұйымдастыру барысында БДТ, ДЭЕМ және ЭЖ құрамына кіретін технологиялық жабдықтарды қарастырылу қажет:

- БДТ немесе ДЭЕМ қолданылатын  негізгі технологиялық үрдісті  орындау барысында қауіпсіз еңбек  жағдайы;

- ақпаратты еңгізу-шығару  құрылғының орналасуы, экранның  тиімді көрінуін қамтамасыз ететілуі.

БДТ, ДЭЕМ және ДК қолданумен жұмыс орындау кезінде еңбек және демалыс тәртіптері еңбек әрекетінің санаты мен түріне байланысты ұйымдастырылуы қажет.[18]

Еңбек әрекетінің түрлері әрбіреу 3 топқа бөлінетін шиеленістігі мен ауырлығына орай 3 санатқа жіктелінеді:

- А тобы – алдын-ала  сұрату бойынша БДТ немесе  ДЭЕМ экранынан ақпаратты үйлестіру  жұмысы;

- Б тобы – ақпарат  түрлеріне байланысты жұмыс;

- В тобы – ЭЕМ диалог  ретіндегі шығармашылық жұмыс.

Жұмыс ауысымы кезінде БДТ немесе ДЭЕМ-мен орныдалатын әртүрлі еңбек әрекетінің түрлеріне жататын негізгі жұмыстарға жұмыс күнінде немесе жұмыс ауысымында кемінде 50% уақыт алатын жұмыстарды жатқызу керек.

Түскі үзіліс ұзақтығы әрекеттегі еңбек заңнамалары мен мекеменің, ұйымның немесе өнеркәсіптің ішкі тәртіп ережелеріне байланысты анықталады.

БДТ, ДЭЕМ, ДК және ЭЖ–мен жұмыс кезінде 8-сағаттық жұмыс ауысымына арналған регламенттік үзілістерді белгілеу:

- 1 санатты жұмыс үшін  – ұзақтылығы 15 минуттан тұратын  жұмыс ауысымының басталғанынан 2 сағаттан кейін және түскі  үзілістен 2 сағаттан кейін;

- 2 санатты жұмыс үшін  – ұзақтылығы 15 минуттан тұратын  жұмыс ауысымы басталғаннан 2 сағаттан  кейін және түскі үзілістен 1,5-2 сағат аралықтарынан кейін немесе  әрбір 1 сағаттан кейін ұзақтылығы 10 минуттан тұратын;

- 3 санатты жұмыс үшін  – әрбір ұзақтылығы 20 минуттан  тұратын жұмыс ауысымы басталғаннан 1,5-2 сағаттан кейін және түскі  үзілістен кейін 1,5-2 сағат аралығында  немесе әрбір 1 сағаттан кейін 15 минуттан  тұратын.

12 сағаттық жұмыс ауысымы  кезінде регламенттелген үзілістер  жұмыс ауысымының алғашқы 8 сағатында  аналогті үзілістер 2 сағаттық жұмыстан  кейін, қалған 4сағатында жұмыс түрі  мен санатына байланыссыз әрбір 1 сағаттан кейін ұзақтылығы 15 минуттан  тұратын болу керек.

Станция бөлімшелерінің бөлмесінде жұмыс істейтін адамдарға ауаның маңыздылығы өте жоғары. Бөлменің ішінде вентиляция болу керек. Вентиляцияның екі түрі бар: табиғи және техникалық.

Табиғи вентиляцияның тиімділігн есептеу жүргізсек. Мемлелекеттік талаптар бойынша бір жұмыскер үшін жұмыс орнының көлемі 40 болуы тиіс. Осындай жағдай болмаған жағдайда, осы бөлме ішінде вентиляция көмегімен тұрақты ауа айналымының шамасы бір жұмыскер басын L=30 /cағ тең болуы тиіс. Осыған орай, станциядағы айлалық диспетчер бөлмесінің ішінде болатын жұмыскерлер санын анықтап, керекті ауа айналымын анықтаймыз:                                                                                                                              

                                                                                           (6.1)

 

                                                

 

5.4 Өрт қауіпсіздігіның талабы

 

 

Өрт – басқарылмайтын жану үрдісі. Өртті тудырмау үшін және өртпен күрес жүргізу өрт қауіпсіздігі қызметі құрылған. Өрт қауіпсіздігі қызметі жұмыс істеу сферасына байланысты жабдықталған. Теміржол көлігі саласында да өзінің өрт қауіпсіздігі қызметі өрттің алдын алу шараларын дайындап, өртпен күрес жүргізу жұмысын атқарады. Теміржол көліктеріндегі өрттің бастапқы себебі болып ашық вагон; локомотивтердің,жылыту құралдары, өндірістік қондырғылар, тежеуіш колодкалар, металл бөлшектерінің соққысынан пайда болатын электр ұшқындары, статистік және атмосфералық тоқ, тоқтың қысқа мерзімдік жарқылдауы  кезіндегі тоқ өткізші сымдардың қызуынан;өрт қауіпсіздігі ережесі мен нормасын сақтамау; эксплуатациялау ережесін бұзу; жылыту құралдары мен жарықтың істен шығуы; заттар мен материалдардың өртке қауіпті жағдайларын білмеу салдарынан пайда болады.

«Прокат» станциясында өрт қаупі туған жағдайда, зауыт басқарылымына хабарласады. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-нда өрт қауіпсіздігін қадағалайтын және басқаратын цех – «Өрт қауіпсіздігі күзеті». «Өрт қауіпсіздігі күзеті» цехі өртпен күрес жүргізу үшін қолданатын арнайы өрт сөндіруші құрылғылармен жабдықталған локомотивтері, басқа да өрт сөндіру құрылғылары бар. Осы цех өртпен күрес жүргізу ісін ғана атқармай, өрттің алдын алу шараларымен алгоритмімен және өрт сөндіру құралдарымен айта кетсек, станциялық өрт сөндіру техникасы және автоматтандырылған өрт сөндіруші жүйесімен цехтарды жабдықтайды. Өрт пайда болғанда, станция жұмыскерлері өрт сөндіру шараларының алгоритміне сай өртті сөндіру әрекеттерін атқару керек.[19] 

Барлық категориялы өндірісітік және қойма орындарында  ашық отты пайдалануға немесе темекі тартуға болмайды. Тез жанғыш сұйықтықтар мен отын өндіріс орындарында бір күннен артық сақталмауы тиіс. Бұл сұйықтықтыр темір ыдыста және  арнайы бұрандасы бар қорапта немесе шкафта болуы тиіс.

Өндірісте жаққан отттының қалдығы мен күлдің үстінен су құйып арнайы орынға апарып төгу қажет.

Жергілікті орындарды, қосымша есікті, өртке қарсы құралдарға және инвентарьға барар жолды  бөгеуге, су алатын жолдарды жабуға, бөгеуге тиым салынады.

Қауіпті жүкке арнайы секциясы мен от өткізбейтін қабырғасы бар жүк қою қоймасы беріледі.

Бром, күкүрт және азот қышқылы сияқты улы және зиянды заттар арнайы қауіпті жүкке арналған жабық қоймада сақталады. Күкүрт пен азот қышқылының ағаш, қиындылар, сұлы, шөп сияқты т.б. тез жаңғыш заттарға тимеуін қадағалау қажет.

Автокөліктер, жүк тиеуші машиналар, автокрандар, матовоздар, тракторлар және басқа да механизімдерге материал қоймалары мен базаның арнайы өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз етілген орындарында жанар май құюға рұқсат етіледі.

Барлық өндірістік кәсіпорындар, қоймалар және қойма мекемелері қауіпсіздік нормаларға сай өртке қарсы құрал- жабдықтар және инвентарьмен қамтамасыз етілген.

Ең қауіпті жүкке тасымалдау кезінде немесе сақтау мерзімінде жарылыс,өрт, ауру қауіпін, улану немесе күю себебін туғызатын, сонымен қатар басқа да жүкті, құрылғыларды бұзушы жүктер жатады.

Тасымалдаушы жүктің құжаттарын реттеу барысында тез жаңғыш жүк немесе тез жанушы жүктің қатарына жатпайтын жүкті, бірақбұзылу қауіпінен сақтау жағдайында тез жанғыш материалмен қапталған болса, жүкті жіберуші міндетті түрде құжатқа тез жаңғыш зат екендігін көрсететін штемпель қоюы тиіс.

Сауыттағы тез жаңғыш сұйықтықтарды тасымалдау барысында сауытты мұқият тексеру қажет, сауыттың бүтін екендігін, құю және төгу құралдарының істен шықпағандығына көз жеткізу қажет, бұранданың, клаппанның жақсы жабылатындығын, сонымен қатар қосымша клапанның бар екендігіне көз жеткізу қажет. Құятын және құйып алатын тез жаңғыш заттарды тасымалдау үшін аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат етіледі.

Адам тасымалдаушы тұрмыстық вагондарда керосин, бензин т.б тез жаңғыз заттар мен сұйықтықтарды тасымалдауға тиым салынады; шам қолдануға, есікті ашып қойып от жағуға, отын қолдануға, және жүріп келе жатқан поездан сумен сөндірілмеген күл мен қалдық төгуге тиым салынады.

Ұйымдар мен мекемелердегі өрт қауіпсізідігінің сақталуы мен өртке қарсы уақытылы іс- шаралардың өтуіне атаулы ұйымның немесе мекеменің басшысы жауапты.

Өрт қауіпсіздігіне жауапты жұмысшылар:

- өрт қауіпсіздігі ережесімен  таныспаған қызмет етушіні  жұмысқа  жібермеуді қадағалауға;

- жұмысшылар мен цех, қойма  т.б орын қызметкерлеріне өрт  қауіпсіздігі ережесін түсіру  және өрт болған жағдайдағы  жүргізілетініс- әрекет реін түсіндіруі  тиіс;

- от жағу орындарының, вентиляцияның, электротехникалық  қондырғылардың істен шықпауын  қадағалау және істен шыққан  жағдайда істен шығу себебін  анықтаужәне оны ретке келтіру.

- бір ауысымдағы жұмыс  соңында мекеме мен жұмыс орындарын  жинау жұмыстарын жүргізу,және  жұмыс соңында жарықты сөндіру. Өздерінің бұзған өрт қауіпсіздігі  ережесі жайында және өрт сөндіруші  құралдың істен шығуы жайлы  бұл жұмысшылар тез арада сол  объект басшысына және өрт сөндіруші күзет орнына хабарлауы тиіс, ал өрт пайда болған жағдайда өрт сөндірушілер келгенге дейін оның сөнуін басшылық етуі қажет.[17]

 

 

 


экология.docx

— 134.43 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

заключение.docx

— 14.34 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Өлшеуіш бақылау құрылғыларын енгізу