Тамақ әзірлеу технологиясын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 17:38, курсовая работа

Краткое описание

Бағдарлама тәжірибеден өтуге арналып жасалған. Сондықтан барлық сағат көлемін сақтауды міндеттейді. Педагогикалық міндеті белгіленген бағыттар бойьшша арнайы білім мен іскерлік дағдыларын калыптастыру, оқушылардың шығармашылык іскерліктерін жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды.
9-сыныпқа арналған бағдарлама бойынша оқу материалдары оқушыларда жалпы еңбек, техникалық және арнайы білім, біліктілік, дағдыларын қалыптастыру үшін қол құрал-жабдықтармен өңдеу тәсілдерін меңгеруден әртүрлі технологиялық машиналармен, аспаптармен жұмыс істеуді басқаруға біртіндеп көшу қарастырылған. Оқушылар мектеп шеберханасындағы технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйренеді, сонымен қатар олардың құрылымының жалпы принциптерімен, ережелерімен және басқару тәсілдерімен танысады.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Жалпы білім беру саласында технология пәнінің маңызы
4
1.2 Технология пәнінде еңбекке үйретудің негіздері
5
1.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімі бойынша оқу қызметін жоспарлау
9
2 ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Аспаздық туралы ұғым және оның адам өміріндегі маңызы
13
2.2 Тамақ өнімдерін өңдеу процестері мен тағам даярлаудың негізгі тәсілдері
19
2.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімін оқыту әдістері
30
2.4 Аспаздықта қолданылатын құрал-жабдықтар мен ыдыс-аяқтар
31
2.5 Сарамандық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техника ережелері мен оны сақтау талаптары
32
3 9 – СЫНЫПТАҒЫ «ТАМАҚТАНУ МӘДЕНИЕТІ. ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» БӨЛІМІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімінің тақырыптық жоспары




35
3.2 Теориялық мәліметтердің мазмұны
36
3.3 Сарамандық жұмыстардың мазмұны
37
3.4 «Өзбекше палау дайындау» тақырыбының сабақ жоспары
37
ҚОРЫТЫНДЫ
42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
43
ҚОСЫМША А Ет тағамдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Диана.doc

— 3.30 Мб (Скачать документ)

Санымыз көп болмағандықтан 2 топқа бөлінеміз. Топтың екеуі де палау пісіреді. Топ ішінде өзара әрекеттестік болу қажет біріміз ет тураса, екіншісі күрішті жуып дайындаса, үшіншісі басқа қажетті азық-түліктерді дайындаса, қалғандары жұмыс дәптеріне нұсқау картасын көшіреді. Осылай кезекпен ауысып жұмысымызды орындау қажет [22].

 

Өзбекше палау  дайындау технологиясы

Нұсқау картасы

Ыдыс-аяқ, құрал-жабдықтар: бөлу тақтайы, пышақ, күрішті сулап қоюға арналған тегеш, қазан, табақ.

Азық-түліктер: 500 г ет, 800 г күріш, 250 г май, 500 г сәбіз, 2-3 бас пияз, тұз, бұрыш.

 

1. Жұмыс орнын дайындау. Қажетті азық-түліктерді дайындайды. Тағаммен жұмыс істейтіндіктеп міндет түрде алжапқыш пен бастарына орамал киеді.

2. Етті алып, ірі текшелеп турау

3. Қазанға сұйық майды құйып  қыздырып, ыстық майда етті қуырып, оған сабақша етіп туралған пияз, сәбіз қосады, тұз, қалауынша бұрыш салып, араластыра отырып қуырады.

4. Су қосып, 35-40 мин әлсіз отқа қояды.

5. Тазартылған және жуылған күріш  салып, бетін тегістейді.

6. Су күріш бетін 1-1,5 см-ге  жауып тұратындай етіп қайнаған су құяды. Күріш бетіндегі су тегіс қайнау керек.

7. Күріш суды сіңірген соң, ақазан түбіне дейін 2-3 тесік жасап, қақпағын жауып, 40 мин өте әлсіз отта буландырады.

8. Дайын палауды жақсылап  араластырып жайпақ табаққа салып,  бетіне майда туралған көк сеуіп береді.

 

3) Тәжірибелік жұмыс  - 62 мин

Кіріспе нұсқау беру – 5 мин

Тағамды дайындаудың  ретін белгілеу,  өзбекше палау дайындау технологиясына тиісті операциялардың тәсілдерін жіктеп, түсіндіріп беру.

Ағымды нұсқау беру – 52 мин

 

Мұғалім мен оқушының тәжірибе кезіндегі қызметі

Мұғалім:

Оқушы:

1

2

3

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Технологиялық нұсқау карталарын талдау;
  2. Жұмысты жүйелі орындауды көрсету;
  3. Тағамның сапасына койылатын талаптар, қажетті аспаптар мен құралдар туралы айту;

  Жұмыс орнын ұйымдастыру және техника қауіпсіздігіне санитарлық-гигиеналық талаптар туралы айту.

 

Жұмыс орнын ұйымдастыру. Техника  қауіпсіздігімен танысу. Тағамға  қажетті азық-түліктерді дайындау.

 

 

 

2

Азық-түліктерді дұрыс іріктеп, өңдеуді  көрсетеді. Ол үшін қыздарды (санына байланысты) бірнеше топқа бөліп технологиялық үрдісін, яғни палау әзірлеуді бастайды.

Оқушылар жұмыстарына өзін-өзі  бақылауды жүргізеді. Олар үйде ойластырған  нұсқау карталарын пайдаланады.

3

Оқушылар қызметін бақылайды. Іс-әрекеттерін  үйлестіреді, сұрақтар қояды. Палау пісірудің сатысын көрсетеді. Етті қазанға дұрыс салуды, тұздауды үйретеді. Бақылау жүргізеді. Дайын өнімдерді анықтайды.

Білмеген немесе ұқпай қалған жерлерін мұғалімнен сұрау. Өзін-өзі бақылау  жұмысын жүргізу. Аяқтауға таяу болса, қайтадан тексеріп байқайды. Дайын өзбекше палау тағамын мұғалімге көрсету. Органолептикалық талдау жасау. Дастарханға ұсыну

4

Дайын тағамды анықтайды, бағалайды, дәмін татып ескертулерін айтады

Қателерін ескеру, бағалауға күнделіктерін  ұсыну.


 

Қорытынды нұсқау беру:   -  5 мин

3) Сабақ қорытындысын шығару.

4) Әрбір оқушы жұмысының бағалап, қорытындысын журналға қою.

 

Мұғалім: Ал енді орындалған жұмыстарының дәмін татып, бағалайық (егер дәмі палау дәміне сәкес, әрі қатесіз әзірленіп белсенді жұмыс атқарса, онда «5» қойылады, қойылады. Ал жұмысын толық орындамай қашқалақтап жүрген балаға «4» бағасы қойылады).

 

 

5)Жұмыс орнын жинақтау.

Мұғалім: Қазір, қыздар, жұмыс  орындарынды жинақтап, ыдыс-аяқтарыңды жуып, үстел бетін жинастырыңдар  да, артық тағам қалдықтарын шығарып кетіңдер.

6) Үй тапсырмасын беру.

Мұғалім: Үйге тапсырма. Бисквит және қайнатылған қамырларды дайындау технологиясы тақырыбын кітаптарынан оқып келіңдер. Келесі сабақта бисквит пирожныйлерін  әзірлейміз. Ол үшін әр топ бөлініп 6 жұмыртқа, ұн және қант әкелесіздер.

 

ІІІ.   Рефлексия ( тақырыпты  бекіту) – 3 мин

Мұғалім: Сонымен сабағымызды не өткенін қайталап шығайық. Бүгінгі сабақта біз өзбекше палау дайындау технологиясымен танысып, тағам дайындау бірізділігін үйрендік. Ендеше мына ребустерге қарап, палау дайындауда пайдаланылатын негізгі азықтарды ата.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мектептегі технология сабақтарында ұлттық тағамдар дайындауды меңгеру – оқу-тәрбие ісінің тиімділігін  арттырып, оқушылардың дүниетанымы мен ойлау деңгейін, көркем шығармашылық белсенділігін дамытады, ұлттық танымын, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады және қызығушылығын арттырады. Курстық жұмысымыздың нәтижесі оқушыларға технология сабағында «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімінде өзбекше палау дайындаудың әдіс-тәсілдерін жасау тиімді болатындығына көзімізді жеткіздік.

Технология сабақтарында «Тамақтану мәдениет. Тамақ әзірлеу  технологиясы» бөлімі арқылы оқушылардың аспаздық қасиеттерін, қызығушылығын қалыптастыру жолдары қарастырылып, өзге ұлттың тағамдарын дайындау технологиясын үйренудің іс-тәжірибесі талданды.

Курстық жұмысты жасау  барысында жинақталған теориялық, технологиялық, тәжірибелік мәліметтерді талдай келіп төмендегідей қорытындыға  келдік:

- педагогика-психологиялық, әдістемелік тәжірибелерді талдай отырып, технология пәнін оқыту әдістемесі, бұл пәннің тағам дайындаудағы орны жайлы айтылды;

- аспаздық ұғымына,  тамақтану негізі, оның адам өміріндегі маңызы, тамақ өнімдерін өңдеу процестері, тағам даярлаудың негізгі әдістері туралы түсініктеме беріліп, қысқаша шолу жасалды;

- 9-сыныпқа арналған бүгінгі күнде пайдаланылатын оқу бағдарламасы мен оқулықтарына талдау жасалды;

- бағдарламалар мен оқулықтар негізінде 9-сыныпта «Тамақтану мәдениеті» бөлімі бойынша технология сабақтарын жоспарлау ұйымдастырылды;

- алынған  білім, біліктілік, дағды және шеберлік негізінде қазақтың өзбекше палау дайындаудың технологиялық картасы мен сабақ жоспары жасалды;

Қарастырылып отырған  мәселе үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Дегенмен, курстық жұмысымның мақсат-міндеттері орындалды деп ойлаймын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Катран Д. Қазақтың дәстүрлі ас-тағам мәдениеті тарихи-этнографиялық зерттеу): Монография. – Алматы, 2002. – 208б.

2.  Казахская кухня// Семерка.- 2007.- 21 сентября. – стр. 

3. Кенжеахметұлы Сейіт «Қазақтың  дархан дастарханы»/ Алматы: Алматыкітап, 2005.- 244б.

4. Қажыбеков Е. Тағам атауларының  да тарихы бар// Қазақстан әйелдері, 1982,9. 14-15б.

5. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық  анықтамалық./ Алматы: «Аруна» баспасы, 2005. – 530б

6. Қазақ ұлттық тағамдары//Қазақ тілін үйретейік! – 2003. - №2(10). – 1б

7. Қазақстан Республикасындағы  этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы  //Егемен Қазақстан. – 1996. – 7 тамыз. - 5б

8. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/ Алматы: Қазақ эециклопедиясының  бас редакциясы, 2003. –720б.

9. Қазақша - орысша терминологиялық  сөздік. Тамақ өнеркәсібі

10. Қазақ тілі терминдерінің  салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет»

11. Қасиманов С. «Қазақтың ұлттық  тағамдары»/ Алматы: «Қайнар» баспасы, 1977ж

12. Ковалев Н.И «Технология приготовлени  пищи»/ М: Экономика, 1983г

13. Күзембаева Г., Күзембаев Қ., Смағұлова А., Альжанова А «Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиялары»/ Алматы: АТУ, 2007.- 252б.

14. Күзембаева Г., Күзембаев Қ., Құлжанов Т «Азық-түлік өнімдерін тану»/ Алматы: АТУ, 2006.- 358б.

15. Өстеміров Қ. Технологиядан  дидактикалық материалдар. Жалпы  білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған байқау құралы./ Алматы: Мектеп, 2001. – 104б.

16. Покровский А.А « Тағам туралы  толғау»/ Алматы: Қайнар, 1990ж -288б

17. Садықов Б., Сарыев И., Отарбаев  А. «Ақ дастархан»/ Алматы: Қайнар, 1991. – 272б.

18. Сариев И. «Дастархан»/ Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1974ж

19. Технология. Оқыту әдістемесі: Жалпы  білім беретін мектептің 5-сынып  мұғалімдеріне арналған. –   Алматы: Атамұра, 2001

20. Технология. Оқыту әдістемесі: Жалпы  білім беретін мектептің 6-сынып  мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Атамұра, 2002. – 64б.

21. Технология. Жалпы білім беретін  мектептің 8-9 сыныптарына арналған  бағдарламалар.  – Алматы, 2004

22. Технология: Жалпы білім беретін  мектептің 8-сыныбына арналған  оқулық.- Алматы: «Мектеп» баспасы, 2004. – 272б

23. Технология. Оқыту әдістемесі: Жалпы  білім беретін мектептің 7-сынып  мұғалімдеріне арналған. - Алматы: Атамұра, 2003.

24. Төлешев Б. Қазақтың ұлттық  тағамдары// Мектептегі технология. – 2004. №7-8. – 38-40б. 

25. Уласевич М.В «Приготовление  пищи»/ Учебное пособие, 2-е изд,  М: Высшая школа, 2003г

26. Частный П.М «Национальные  блюда Казахстана»/ Алматы: «Кайнар», 1962г

27. Частный П.М, Черекаева И.А   «Мясо и мясные блюда»/ Алматы: Издательство «Кайнар», 1976г

28. Шатун Л.Г «Технология приготовления  пищи»/ М: Дашков и К, 2004 –  480с

29. Шаңырақ. Үй-тұрмыс энциклопедиясы, Алматы. Қазақ совет энциклопедиясы бас баспасы, - 1989. – 568б.

30. Шойынбеков Т.У., Песин Л.А., Сатинова Н.А «Дастан о дастархане» /Алматы: Қазақстан, 1996. – 280б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША А Ет тағамдары


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет -1. Қазақша ет

 

 

Сурет - 2. Қабырға

 

 

Сурет - 3.Құйрық-бауыр

 

 

 

Сурет - 4. Манты

 

 

 

 

Сурет – 5. Лағман

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тамақ әзірлеу технологиясын оқыту әдістемесі