Тамақ әзірлеу технологиясын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 17:38, курсовая работа

Краткое описание

Бағдарлама тәжірибеден өтуге арналып жасалған. Сондықтан барлық сағат көлемін сақтауды міндеттейді. Педагогикалық міндеті белгіленген бағыттар бойьшша арнайы білім мен іскерлік дағдыларын калыптастыру, оқушылардың шығармашылык іскерліктерін жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды.
9-сыныпқа арналған бағдарлама бойынша оқу материалдары оқушыларда жалпы еңбек, техникалық және арнайы білім, біліктілік, дағдыларын қалыптастыру үшін қол құрал-жабдықтармен өңдеу тәсілдерін меңгеруден әртүрлі технологиялық машиналармен, аспаптармен жұмыс істеуді басқаруға біртіндеп көшу қарастырылған. Оқушылар мектеп шеберханасындағы технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйренеді, сонымен қатар олардың құрылымының жалпы принциптерімен, ережелерімен және басқару тәсілдерімен танысады.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Жалпы білім беру саласында технология пәнінің маңызы
4
1.2 Технология пәнінде еңбекке үйретудің негіздері
5
1.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімі бойынша оқу қызметін жоспарлау
9
2 ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Аспаздық туралы ұғым және оның адам өміріндегі маңызы
13
2.2 Тамақ өнімдерін өңдеу процестері мен тағам даярлаудың негізгі тәсілдері
19
2.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімін оқыту әдістері
30
2.4 Аспаздықта қолданылатын құрал-жабдықтар мен ыдыс-аяқтар
31
2.5 Сарамандық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техника ережелері мен оны сақтау талаптары
32
3 9 – СЫНЫПТАҒЫ «ТАМАҚТАНУ МӘДЕНИЕТІ. ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» БӨЛІМІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімінің тақырыптық жоспары




35
3.2 Теориялық мәліметтердің мазмұны
36
3.3 Сарамандық жұмыстардың мазмұны
37
3.4 «Өзбекше палау дайындау» тақырыбының сабақ жоспары
37
ҚОРЫТЫНДЫ
42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
43
ҚОСЫМША А Ет тағамдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Диана.doc

— 3.30 Мб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3

1 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

1.1 Жалпы білім беру саласында технология пәнінің маңызы

4

1.2 Технология пәнінде еңбекке үйретудің негіздері

5

1.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімі бойынша оқу қызметін жоспарлау

9

2 ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

2.1 Аспаздық туралы ұғым және оның адам өміріндегі маңызы

13

2.2 Тамақ өнімдерін  өңдеу процестері мен тағам  даярлаудың негізгі тәсілдері

19

2.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімін оқыту әдістері

30

2.4 Аспаздықта қолданылатын құрал-жабдықтар мен ыдыс-аяқтар

31

2.5 Сарамандық жұмыс  кезіндегі қауіпсіздік техника  ережелері мен оны сақтау талаптары

32

3 9 – СЫНЫПТАҒЫ «ТАМАҚТАНУ МӘДЕНИЕТІ. ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» БӨЛІМІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ

3.1 «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімінің тақырыптық жоспары  

 

 

 

 

35

3.2 Теориялық мәліметтердің мазмұны 

36

3.3 Сарамандық жұмыстардың мазмұны

37

3.4 «Өзбекше палау дайындау» тақырыбының сабақ жоспары

37

ҚОРЫТЫНДЫ  

42

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

43

ҚОСЫМША А Ет тағамдары

45


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі күн талаптарына орай, ақпараттық, телекомуникациялық, өндірістік соны технологияларды пайдалану өскелең ұрпақты заманға сай білім құралдарымен жан-жақты қамтамасыз етуді қажет етеді.

Атап айтқанда, болашақ жұмысшы өзінің кәсіби міндеттерін орындаудан басқа, жаңа технологияларды меңгеруі, шығармашылық жұмыстарын болжай алуы, жобалап, жоспарлай білуі тиіс. Жас жеткішнектер мектеп қабырғасында жүргенде осындай іскерліктерді игеріп, дағдылануы лазым.

Осыған байланысты Ы.Алтынсарин атындағы Қазак білім академиясы 1999 жылы жалпы білім беретін мектептерге арналган "Технология" пәнінің бағдарламасын (V— IX сыныптар) жарыкқа шығарды. Багдарламаның мазмұ-нына «Үй экономикасы мен кәсіпкерлік элементтері», «Ақпараттық технология әлементтері», «Тағам дайындау технологиясы», «Жобалау» сияқты тараулар енгізілді. Технология бағдарламасының негізгі мақсаты - жасөспірімдерді өздігінше еңбек ете білуге, бұкаралық кәсіпті игере алуға даярлау [23].

Бағдарлама тәжірибеден өтуге арналып жасалған. Сондықтан барлық сағат көлемін сақтауды міндеттейді. Педагогикалық міндеті белгіленген бағыттар бойьшша арнайы білім мен іскерлік дағдыларын калыптастыру, оқушылардың шығармашылык іскерліктерін жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды.

9-сыныпқа арналған бағдарлама бойынша оқу материалдары оқушыларда жалпы еңбек, техникалық және арнайы білім, біліктілік, дағдыларын қалыптастыру үшін қол құрал-жабдықтармен өңдеу тәсілдерін меңгеруден әртүрлі технологиялық машиналармен, аспаптармен жұмыс істеуді басқаруға біртіндеп көшу қарастырылған. Оқушылар мектеп шеберханасындағы технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйренеді, сонымен қатар олардың құрылымының жалпы принциптерімен, ережелерімен және басқару тәсілдерімен танысады.

9-сыныптың оқу процесінде еңбекті  ұйымдастырудың ұжымдық формалары,  жеке тапсырмалар, оқушылардың  өзін-өзі басқаруы, өзара көмек  көрсетуді қамтамасыз ету, моралдық  және материалдық көмек, шығармашылық  жұмыстар ұйымдастыруды кеңінен  қолдану керек.

Осы айтылғандардың негізінде 9-сынып  бойынша технология пәнінің бағдарламасын  талдай отырып, курстық жұмысымның тақырыбын  «9 - сыныптағы «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы» бөліміндегі тағам дайындау технологиясын оқыту әдістемесі» деп таңдадым.

 Берілген бөлімнің мазмұны мен құрылымын зерттей келіп, біріншіден технология пәнін оқыту әдістемесін ашуды, екіншіден тағам дайындау технологиясын оқыту әдістемесін қарастыруды, үшіншіден бөлім бойынша сабақты ұйымдастыруды ұйғардым.

 

 

 

 

 

1 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

1.1 Жалпы білім беру  саласында технология пәнінің  маңызы

Технология – математика, физика, химия, биология пәндерінен алынған білімді синтездейтін және олардың өндіріс, энергетика, байланыс, ауыл шаруашылық, транспорт саласында, адамның күнделікті іс-әрекеттерінде қолданылатынын көрсететін интегративті білім саласы. 

Қазакстандағы, Ресейдегі және басқа ТМД елдеріндегі технология саласындағы түпкілікті қайта кұрулар дүниежүзілік өркениет дамуының негізгі үрдістерін игеруге бағытталған.

Бірқатар Батыс Еуропа елдерінің  оқушыларды енбекке даярлау жүйесінде, мысалы, Ұлыбританияда бес оқу пәнінің (колөнер, дизайн, технология, өнер және дизайн ақпараттык технология, бизнес, үй экономикасы) жаңа оку пәні «Технологияға» біріктіре жасалған әдістемесі кең тараған. «Технология» пәнінің негізгі мақсаты болып жалпы білім беретін мекемелердегі оқушыларды еңбек саласына даярлау болып табылады [21].

«Технология» пәні оқушыларды өздігінше еңбек етуге даярлайтындықтан, оның бұрынгы еңбекке баулу жүйесінен айырмашылығы сол, ол баланың жеке тұлғалық шығармашылық дамуын қалыптастыруы тиіс. "Технология" пәнін игеру барысында оқушы белгілі бір политехнологиялық білімдерді меңгеріп қана қоймай, сол алған білімдерін іс жүзінде қолдана алуы үшін ізденуі қажет. Мәселен, оқушылар материалдық, интеллектуалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аталған пән бойынша алған білімдерін үйде, мектепте, өндірісте, демалу кезінде, бизнес саласында қолдана алуы тиіс.

«Технология» пәнінің принциптерін жүзеге асыру үшін оқушыларды сабақтың өтілуімен оған даярлық процесінің жаңа тәртіптеріне бағдарлау қажет. Оқушылар тұжырымдаманы орындауға қажетті ақпаратты іздеп табуы, қойылған міндеттердің шешімін табуға арналған идеяларды ұсынуы, жұмысты жоопарлау, ұйымдастыру, орындау, технологиялық шешімдер мен технологияларды жасау, оның аралық және соңғы нәтижелерін бағалау, өз қызметін, іс-әрекетін жөнге түсіру, жасалған бұйымдарды өткізу үшін оңтайлы шарттарды айқындауы керек. Осы айтылғандардың бәрі жеткіншектердің кәсіптік бағдарды сезінуіне, еңбекті бағалауына, бірге атқаратын жұмысқа дағдылануына, жауапкершілікті сезінуіне, мінез-кұлық және қарым-қатынас мәдениетін калыптастыруына септігін тигізеді [23].

Бұл жаңа пән өмір суруге қажетті алғашқы білімдерді және үй шаруашылырын, отбасы экономикасын жүргізуге қатысты іскерліктерді, адамның табиғатпен, қоғаммен өзара қатынасындағы негізгі салаларды қоса алғанда, баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына бағытталған.

Технология - қоршаған ортаның өзгерту мен қайта құру барысында адамның іс-әрекет тәсілдері туралы ғылым; бұл ғылым негіздерін өнеркәсіп, энергетика, байланыс, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа бағыттағы адам қызметінің салаларында пайдалануды бірлестіретін интеграциялық оқу пәні.

"Технология" пәнінің негізгі  мазмұны дегеніміз жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқушылар оқып үйренетін тиісті білім мен дағдының міндетті көлемі.

1.2 Технология пәнінде еңбекке үйретудің негіздері

Технология пәнінде еңбекке оқытып-үйретудің негіздеріне мыналар жатады: ғылымилық, оқытудың тәрбиелік сипаты; теорияның тәжірибемен байланысы; жүйелілік пен дәйектілік; көрнекілік, саналылық пен белсенділік; оқытудың түсініктілігі мен қолданушылығы; білімді меңгерудің беріктігі; политехникалық үрдістер.

Жалпы тәрбиелеу процесінде оқытып-үйретудің сипаты еңбекке баулуға байланысты. Бұл шеберханалардағы сабақтарда оқушыларға идеялық-саяси, адамгершілік, еңбек, дене, ақыл-ой,  эстетикалық тәрбие беру міндеттерін кешенді түрде шешумен түсіндіріледі.

Дамытып оқытудың негізі жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге, оқушыларды ғылыми біліммен, сарамандық шеберлікпен және дағдымен жарақтандыруға, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған [20].

Теорияны тәжірибемен байланыстыру. Технология сабақтарының ерекшеліктері сол: оларды таза күйінде теориялық және тәжірибелік деп бөлу мүмкін емес. Мектеп оқушыларына теориялық деректер белгілі бір тәртіп бойынша беріледі, яғни бағдарламаның жаңа тақырыбын оқып, білгенннен кейін өткен материалды тәжірибемен бекіту, алынған білім негізінде оқушыларда сарамандық шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру ісі ескерілуі тиіс.

Сөйтіп технология сабақтарында терияны тәжірибемен байланыстыру принципін іске асыруға қолайлы  жағдайлар жасалған, өйткені бүкіл  теориялық  материалдар мектеп оқушыларына  тәжірибелік тапсырмаларды дұрыс орындау үшін беріледі.

Еңбекке үйретудің негізгі әдістері.  Мұғалім технологиядан сабақ беру әдістемесінің сындарлы элементтерін мақсатты түрде үйлестіргені жөн. Әрбір элементтің дидактикалық мәні мен технологиялық негізділігін ойластырып отыру қажет. Сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың қызметі алуан түрлі. Бұның мәнісі мынада: әрбір нақты жағдайда оқытудың білім беру, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жету үшін әр түрлі жұмыс әдістері қолданылады [19].

Технология мұғалімдерінің жұмыс  сараманында оқытудың түсіндіру-безендіру репродукциялау (суреттерді көшіру әдістері өте жиі кездеседі.

Түсіндіру-безендіру  әдістері. Мұғалім түсіндіру-безендіру әдістерін дайын ақпараттарды хабарлағанда қолданады. Оқушылар сол ақпараттарды қабылдайды, ой елегінен өткізеді де есінде сақтап қалады.

Түсіндіру-безендіру  әдістеріне әңгіме, түсініктеме, оқулықтар  мен басқа көрнекі дүниелерді көрсету, нұсқау карталармен жұмыс  жатады. Бұл әдісті жүзеге асыру  үшін мұғалімнің жанды сөзіне, оқу  кітаптарымен көрнекі құралдарға ақпаратты шоғырландырып беру мүмкіндігі қосылды, сондай-ақ тігін және тоқыма кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласындағы жұмысшылар атқаратын еңбек тәсілдерінің орындалу барысын кино арқылы көрсетуге болады. Компьютерлерде конструкцияның есептеулерін жүргізуге, әр түрлі бұйымдардың үлгілерін жасауға, модельдерді, жұмыстың әр түрлі озық жолдары мен тәсілдерін көрсетуге мүмкіндік туды.

Репродукциялау әдістері. Бұл әдістер негізінен оқушылардың дағдылануы мен шеберлікке үйреніп, меңгеруінде қолданылады. Мұндай әдістерге жаттығу, лабораториялық жұмыстар нұсқамалар жатады.

Іздестіру-зерттеу әдістері – бұл әдіске технология пәнінің  жаңа тарауы- шығармашылық жоба жатады. Ол оқушыларға дербес, шығармашылықпен  жұмыс істеуге, өзінің күш – жігерін байқауға, алдына міндеттер қойып оны шешуге мүмкіндік береді. Тақырыптарды өздерінің қалауына қарай таңдайды.

Оқу шеберханаларында өтетін технология сабақтары еңбекке баулудың негізгі міндеттерін шешуге және оның мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Технология сабақтарында оқушылар теориялық материалды зерттеп  қана қоймай, сонымен бірге практикалық  жұмыстарды да орындайды. Ал бұл қосымша  уақытты қажет етеді. Сондықтан 90-минут ішінде қосарланған сабақтар өткізіледі [20].

Технологияның  білім  саласында төмендегідей талап қойылады.

Дидактикалық мақсат. Сабақ мақсатының айқындылығына  оның ұйымдастырылуы да, мазмұн көлемі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын таңдауға байланысты. Сабақ барысында бірнеше дидактикалық мәліметтердің біреуі басым келіп, ол бүкіл сабақтың барысына ықпал етуі де мүмкін.

Мысалы, тігін бұйымдарын модельдеуге арналған сабақтардың  басты міндеті оқушылардың шығармашылық және конструкторлық қабілетін дамытуға, олардың модельдерді  жасауға  өз бетінше шешім қабылдауға қолайлы  жағдайлар  жасау. Басқа қалған міндеттер қосалқы болуы мүмкін, дегенмен кейде олар  да  сабақтың барысына ықпао ете алады.

Оқытушы сабақ өткізгенде, ол басты және қосалқы мақсаттарды  айқындайды  және  сабақ барысында  оған жету үшін барлық күш – жігерін жұмсайды.

Тәрбие берудің мақсаты  еңбекке сүйіспеншілікпен қарау, еңбек  адамдарын   құрметтеу,  адамдардың еңбек нәтижелеріне  сыйластықпен қарау,  материалдар  мен тағам  өнімдерін  ұқыптылықпен  және үнемді жұмсау,  аспаптарға,  құралмен басқа да оқу заттарына ұқыпта қарау болып табылады.

Эстетикалық талғамды,  көпшілік ортасындағы  мінез –  құлық мәдениетін тәрбиелеу.

Сондай-ақ сабақтарда  жұмыстың кәсіптік бағдарын анықтауды,  адамдардың еңбек қызметінің алуан  түрлерімен,  олардың өндірістің  жалпы жүйесіндегі ролімен танысуын  жүзеге асыру.

Мақсат – оқушыларды  материалды салыстыруға, талдау жасауға, қорытуға, сөйтіп оны тәжірибеде қолдануға  үйрету.  Бұл мақсатты  жүзеге асыру үшін  оқушыларға шығармашылық  жобалар  беріледі. Соның нәтижесінде олар материалдық  ерекшелігімен  айырмашылығын, жүйелілігін   айыра білу қабілетін дамытады.

Информация о работе Тамақ әзірлеу технологиясын оқыту әдістемесі