Тамақ әзірлеу технологиясын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 17:38, курсовая работа

Краткое описание

Бағдарлама тәжірибеден өтуге арналып жасалған. Сондықтан барлық сағат көлемін сақтауды міндеттейді. Педагогикалық міндеті белгіленген бағыттар бойьшша арнайы білім мен іскерлік дағдыларын калыптастыру, оқушылардың шығармашылык іскерліктерін жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды.
9-сыныпқа арналған бағдарлама бойынша оқу материалдары оқушыларда жалпы еңбек, техникалық және арнайы білім, біліктілік, дағдыларын қалыптастыру үшін қол құрал-жабдықтармен өңдеу тәсілдерін меңгеруден әртүрлі технологиялық машиналармен, аспаптармен жұмыс істеуді басқаруға біртіндеп көшу қарастырылған. Оқушылар мектеп шеберханасындағы технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйренеді, сонымен қатар олардың құрылымының жалпы принциптерімен, ережелерімен және басқару тәсілдерімен танысады.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Жалпы білім беру саласында технология пәнінің маңызы
4
1.2 Технология пәнінде еңбекке үйретудің негіздері
5
1.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімі бойынша оқу қызметін жоспарлау
9
2 ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Аспаздық туралы ұғым және оның адам өміріндегі маңызы
13
2.2 Тамақ өнімдерін өңдеу процестері мен тағам даярлаудың негізгі тәсілдері
19
2.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімін оқыту әдістері
30
2.4 Аспаздықта қолданылатын құрал-жабдықтар мен ыдыс-аяқтар
31
2.5 Сарамандық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техника ережелері мен оны сақтау талаптары
32
3 9 – СЫНЫПТАҒЫ «ТАМАҚТАНУ МӘДЕНИЕТІ. ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» БӨЛІМІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімінің тақырыптық жоспары




35
3.2 Теориялық мәліметтердің мазмұны
36
3.3 Сарамандық жұмыстардың мазмұны
37
3.4 «Өзбекше палау дайындау» тақырыбының сабақ жоспары
37
ҚОРЫТЫНДЫ
42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
43
ҚОСЫМША А Ет тағамдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Диана.doc

— 3.30 Мб (Скачать документ)

Ыстық өнімдермен және ыдыстармен жұмыс істеген кезде техника  қауіпсіздігін сақтау ережелері:

1.  Кайнаған кезде тасып кетпес  үшін, сұйықтықты кастрөлдің ернеуіне 3-5 см жеткізбей кұю.

2.  Қайнап тұрған сұйықтығы бар кастрөлді ашарда, кақпағын өзіңнен әрі каратып алу және ұстағышпен ұстау.

3. Майы қызған табаға тағам саларда май шашырамас үшін, өзіңнен кері қарата абайлап салу.

4. Плитадан ыстық ыдысты тек ұстағышпен түсіру.

5. Ыстық сұйықтыққа қант, макарон өнімдерін, жарма саларда көбігі киімге, бетке шашырамауын абайлау.

6. Ыстық сұйықтықты шыны ыдысқа құюға болмайды.

7. Ыстық тағамды суымай жатып дәмін татпау керек.

Өткір және үшкір аспаптарымен жұмыс істеген кезде техника  қауіпсіздігін сақтау ережелері:

1. Азык-түлікті өңдеуде және  кесуде, банкілерді ашуда жақсы кайралған арнайы кұралдарды қолдану.

2.  Шаншитын және кесетін құралдарды тұтқасын алдына каратып ұсыну.

3. Қатты өнімдерді кесу үшін қалың және жалпақ жүзді пышақты, жұмсақ өнімдерді кесуде жұқа және жіңішке жүзді пышақты колдану.

4. Кескен кезде өткір пышақпен колды жарақаттап алмас үшін, пышақ жүзін сол қолдың сұқ саусағымен сүйемөлдеп отыру керек.

Еттартқышты пайдалану  ережелері:

1. Еттартқышты дұрыс құрастыру қажет. Тұрқының (корпусының) ішіне бұрандалы белдікті орнатады.

2.   Белдікке дөңес жағынан пышақты кигізеді.

3.  Пышақтың бетіне торкөзді оның жиегіндегі кертігі еттартқыштың тұрқысындағы тілге тура келетіндей етіп кигізеді.

4. Торкөздің бетіне бұрандалы ойма шеңберін тығыз бұрап орналастырады.

5.  Тұрқының   қарама-қарсы жағынан   шығарылған белдікке тұтқаны бұрап кіргізеді. (Бұрандасыз еттартқыштар да болады).

6.  Жұмыс аяқталғаннан кейін еттартқышты жеке ретіне қарай бөлшектеп, азық-түлік қалдықтарынан тазалайды.

7.  Сабын, сода немесе құрғақ қыша қосылған жылы сумен мұқият жуады.

8.   Қайнаған сумен шайып,  салқындатып сүртеді.

9.  Тот басудан сақтау үшін  біраз уақыт бөлшектенген күйде  қалдырып кептіреді.

10.  Еттартқышты жинап, арнайы  бөлінген орынға қояды [19].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 9-СЫНЫПТА  «ТАМАҚТАНУ МӘДЕНИЕТІ. ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» БӨЛІМІ БОЙЫНША  САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Берілген бөлімнің мақсаты – сиыр етінен екінші тағамды және тұздықтарды дайындау, сондай-ақ қайнатылған және бисквитті қамырдан ас әзірлеу технологиясын оқытып, үйрету. Сонымен қатар бұл бөлімде отбасы бюджетін құру мен үй шаруашылығын жүргізуде маңызды орын алатын мәзір жасаудың негізгі ережесі де қарастырылады. Осы бөлімді оқу арқылы қой еті мен сиыр етінен тағам дайындау үрдісін салыстыруға мүмкіндік туады. Сондай-ақ ашытқылы, қайнатылған және бисквитті қамыр дайындау ерекешеліктері айқындалады. Бұл бөлім торттар мен пирожиныйларды ас үй жағдайында қалай дайындаудың құпия сырларын ашумен де қызықты [22].

 

3.1 9-сыныпта «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы»  бөлімі бойынша тақырыптық  жоспар

 

Кесте-1.«Технология» курсы бойынша сағаттарды бөлу. 9 – сынып ( қала және ауыл мектептерінің қыздары үшін)

№ р/б

 

Бөлімнің аты

Бөлінген сағаттар

Барлығы

Теориялық

Практикалық

1

Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы

 

12

 

4

 

8


 

Кесте -2           

Сабақ реті

Тақырыптар  атауы

Сағат саны

Сабақтың мазмұны

 

Теор.

 

Практ

 

Бар-

лығы

Терияллық мәліметтер

Сарамандық  жұмыстар

1-2

 

 

Тағамның өзіндік құнын есептеу.

Мәзір түрлері

1

1

2

Дастархан мәзірін жасау. Мәзір  жасаудағы принциптер. Тағамның калориялығын анықтау.

Күндік мәзірді дайындау. А-4 қағазына жазып тексеруге тапсыру.

3-4

Ет тағамдарын дайындаудың технологиясы

 

0,3

1,7

2

Ет туралы ұғым беру. Ет тағамдарын дайындауда ТҚ және санитарлық гигиеналық талаптар.

Ет тағамы қуырдақ дайындау.

5-6

Соустың негізгі түрлерін дайындау технологиясы

0,3

1,7

2

Соустың түрлерін қарастыру

Ет тағамдарында гарнирлердің алатын орны туралы айту. Түрлі тәсілде  дайындалған етке гарнир таңдауды үйрету

Ет тағамдарында пайдаланылатын соус пен гарнир дайындау

7-8

 

 

 

 

Қазақстан халықтарының ас үйіндегі ет тағамдары

0,2

1,8

2

Қазақстан халықтарының ет тағамдарының түрлерімен таныстыру

Өзбекше палау дайындау

9-10

Бисквит және қайнатылған қамырларды дайындау технологиясы

0,3

1,7

2

Бисквит және қайнатылған қамырларының негізін құрайтын тағамдар.

Бисквит пирожныйлерін әзірлеу.

Жұмысты нұсқау картасы бойынша  жасау

11-12

 

 

Торт пен тәтті тағамдарды әрлеу  тәсілдері

0,4

1,6

2

Торт пен пирожныйлар- ды әрлеу  әдістерін қарастыру

Крем, әйнекейлерді дайындау

 

Барлығы

4

8

12

   

 

 

3.2 Теориялық  материалдардың мазмұны

9-сыныптың «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы»  бөлімінің мемлекеттік бағдарламасының жоспарлауында теорияға 4 сағат бөлінген.

«Мәзірдің түрлері. Күндік мәзірді құру ережесі» деген тақырыптың мақсаты - Дастархан мәзірін жасау сатысы туралы мәлімет беру. Мәзір жасаудағы принциптерін жазу. Тағамның калориялығын анықтау.

«Ет тағамдарын дайындаудың технологиясы»  деген тақырыптың мақсаты - ет туралы ұғым, еттің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы туралы мәлімет беру. Қуырылған, бұқтырылған, көмбелеп пісірілген ет тағамдарын дайындау технологиясы. Ет тағамдарын дайындауда ТҚ және санитарлық гигиеналық талаптармен таныстырып, дәптерлеріне жазғызу.

«Соустың негізгі түрлерін дайындау технологиясы» деген тақырыптың мақсаты- Ет тағамдарында гарнирлердің алатын орны туралы айту. Түрлі тәсілде дайындалған етке гарнир таңдауды үйрету. Соус туралы ұғым беру. Соустың түрлері, жасалу жолдарын көрсету. ТҚЕ және СГТ қайталау.

«Қазақстан халықтарының ас үйіндегі ет тағамдары» деген тақырыптың мақсаты – Қазақстан халықтарының ет тағамдарының түрлерімен таныстыру. Нұсқаулық картаға талдау жасау. СГТ, ТҚЕ туралы айту.

«Бисквит және қайнатылған қамырларды дайындау технологиясы» деген тақырыптың мақсаты – қамыртың түрлерін қайталау. Бисквит қамырын дайындау тәсілдерін айту. Қамыр сапасына қойылатын талаптар туралы білім беру. ТҚЕ және СГТ бойынша нұсқау жасау.

«Торт пен тәтті тағамдарды әрлеу тәсілдері» деген тақырыптың мақсаты - Торт пен пирожныйлар- ды әрлеу әдістерін қарастыру. ТҚЕ және СГТ қайталау.

 

 

3.3 Сарамандық  жұмыстың мазмұны

9-сыныптың «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы»  бөлімінің мемлекеттік бағдарламасының жоспарлауында сарамандық жұмысқа 8 сағат бөлінген.

«Мәзірдің түрлері. Күндік мәзірді құру ережесі» деген тақырыптың мақсаты - күндік мәзірді дайындау. А-4 қағазына құрастырып жазу.

«Ет тағамдарын дайындаудың технологиясы»  деген тақырыптың мақсаты - ет туралы алған білімдерін пайдалану. Нұсқау картасымен жұмыс. Ет тағамы қуырдақ дайындау. Дайын туралған етті тұздап, бұрыштау.

«Соустың негізгі түрлерін дайындау технологиясы» деген тақырыптың мақсаты - Ет тағамдарында пайдаланылатын соус пен гарнир дайындау. ТҚЕ және СГТ қайталау.

«Қазақстан халықтарының ас үйіндегі ет тағамдары» деген тақырыптың мақсаты – Ет тағамдарын дайындау дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Қажетті аспаптарды дайындау.  Өзбекше палау дайындау. Нұсқаулық картаға талдау жасау. СГТ, ТҚЕ туралы айту. Дайын тағамды дастарханға тарту.

«Бисквит және қайнатылған қамырларды дайындау технологиясы» деген тақырыптың мақсаты – Бисквит пирожныйлерін әзірлеу. Жұмысты нұсқау картасы бойынша жасау. Түрлі қамырдан тәтті тағамдар жасауға дағдыландыру.

«Торт пен тәтті тағамдарды әрлеу тәсілдері» деген тақырыптың мақсаты -

Крем, әйнекейлерді дайындау. Жұмысты нұсқау картасы бойынша жасау. Шығымын анықтау. 

 

3.4 «Өзбекше палау дайындау» тақырыбының сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы:   Өзбекше палау дайындау

Сынып:     9 - сынып

Уақыты:  90 мин

Сабақтың мақсаты: Ет тағамдары туралы білімдерін жалғастыра отырып, баларға өзге елдің ет тағамдарын жасауды үйрету.

Білімділік: Өзбекше палау жасаудың ерекшеліктері туралы, дайындау технологиясы және піскен тағамды дастарханға ұсыну туралы білім беру;

Дамытушылық: балаларды еңбексүйгіштікке, технологиялық нұсқау карталарымен жұмыс істеуге, тәжірибелік бөлімінде дербес және топтық жұмыстар орындауға баулу;

Тәрбиелік: Палау әзірлеу арқылы қыз баланы басқа елдің мәдениетін құрметтеуге, сонымен қатар халықтық салт-дәстүрлерімізді ұмытпай сақтауға, тағам дайындауда ұқыптылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, көрсету арқылы түсінік, нұсқау беру

Сабақтың түрі:  дамыта отыра оқыту

Пәнаралық байланыс: математика

Құрал-жабдықтар,ыдыс-аяқтар, көрнекіліктер: бөлу тақтайы, кастрөл, оқтау, табақ, пышақ, шаңышқылар, нұсқау картасы, ет тағамдарының суреттері.

Әдебиеттер:

Мұғалімге: 1) Технология. Жалпы орта білім беретін мектептердің 8-9 сыныптарына арналған бағдарламалар. – Алматы, 2004

  2) Шаңырақ. Үй-тұрмыс энциклопедиясы, Алматы. Қазақ совет энциклопедиясы бас баспасы, - 1989. – 568б.

Оқушыға:     1) Технология оқулығы 9-сынып

Сабақтың барысы:

І.   Себептік  5-7 мин

ІІ.  Іс-әрекеттік – 80 мин

ІІІ. Рефлексия – 3-5 мин

Сабақтың мазмұны:

І. 1)   Ұйымдастыру  бөлімі  - 5 мин

-  сабаққа қатысуды  бақылау; 

-  жұмыс киімін және  сабаққа дайындығын тексеру

- проблемалық жағдайларды  шешу ( жұмыс киімін, қажетті құралдарды әкелмеуін т.б.)

-  ұйымдастыру кезеңінде  сабақтың жұмыс ырғағын анықтау.

 

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, қыздар? Орындарына отырыңыздар. Кезекші, бүгінгі сабақта кім жоқ? Рахмет. (Жұмыс киімін, қажетті құралдарды әкелмеген қыздардан түсініктемелерін алу)

Оқушылар: Сәлеметсіз бе? ( Кезекші орнынан тұрып, қатыспайтын балалардың аты-жөнін айтып, орнына отырады)

 

2) Тақырыпты айқындау, мақсатын  айту

Мұғалім: Бүгінгі сбағымыздың тақырыбы «Өзбекше палау» дайындау. Сабақтың мақсаты - өткен сабақтарда ет тағмдары туралы алған білімдеріңізді әрі қарай тереңдету.

 

ІІ.  1) Өткен сабақ  бойынша қайталау жасау  - 5мин

Сұрақ қою және ұлттық тағамдар түрлерінің суреттерін көрсету арқылы жүзеге асады.

Мұғалім: Енді тақтаға назар аударайық. Суреттерге мұқият қарасаңыздар, сіз не бейнелетіп тұрғанын көресіз.

Оқушылар: Бұл ұлттық ет тағамдары...

Мұғалім: Өткен сабақтарда біз сіздермен ұлттық тағамдар туралы, еттен даярланатын тағамдар туралы, ет тағамдарын дайындау және сақтау туралы, ет тағамдарына қолданылатын соустар мен гарнирлер туралы, соустың негізгі түрлері туралы айтқан болатынбыз. Ендеше бүгін осы өткен материалдарды қайталайық.

Қайталау сұрақтары:

  1. Ұлттық тағамдар?
  2. Өзге елдердің ұлттық ет тағамдарының қандай түрлерін білесіңдер?
  3. Мына үлгілерге қарап ет тағамының түрін анықтаңыз

 

Мұғалім: Дұрыс. Ұлттық тағамдары туралы білімдеріңіздің бар екені көрініп тұр.

Ал енді үйге берілген тапсырмаларыңыздың орындалуын көрейік. (үйде өзбекше палау дайындаудың жеке нұсқау  картасын жасау берілген). Бірнеше оқушының жұмыстарын тексеріп аламын да, ең дұрыс орындалған нұсқау картасын үлгі ретінде пайдаланамыз.

 

2) Жаңа тақырыпты түсіндіру  - 15 мин

 Жаңа тақырыпты  баяндау, өзбекше палау дайындау тәсілдері туралы әңгімелеу, технологиялық нұсқау карталарын талдау, технологиялық әдіс-жолдарды жүйелі орындауды көрсету, тағамның сапасына қойылатын талаптар, қажетті аспаптар мен құралдар туралы тағыда қайталап айту.  Жұмыс орнын ұйымдастыру және техника қауіпсіздігіне санитарлық-гигиеналық талаптар туралы айту.

Мұғалім: Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Иә.

Палау – бұқтырылып даындалатын  ет тағамдарына жатады. Палау өзбек  елінің ұлттық тағамы болып саналады. Сондықтан оны дайындау технологиясын  сол елдің технологиясымен ұштастырып тағамды әзірлеу дұрыс.

Технологиялық нұсқау картасына  талдау жасасақ. Палауды қалай жүйелі түрде әзірлеуге болатынын көресіз. Палауды әзірлеуді бастамас бұрын санитарлық-гигиеналық талаптарды және техника қауіпсіздігін қайталап шығайық.

Информация о работе Тамақ әзірлеу технологиясын оқыту әдістемесі