Тамақ әзірлеу технологиясын оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 17:38, курсовая работа

Краткое описание

Бағдарлама тәжірибеден өтуге арналып жасалған. Сондықтан барлық сағат көлемін сақтауды міндеттейді. Педагогикалық міндеті белгіленген бағыттар бойьшша арнайы білім мен іскерлік дағдыларын калыптастыру, оқушылардың шығармашылык іскерліктерін жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды.
9-сыныпқа арналған бағдарлама бойынша оқу материалдары оқушыларда жалпы еңбек, техникалық және арнайы білім, біліктілік, дағдыларын қалыптастыру үшін қол құрал-жабдықтармен өңдеу тәсілдерін меңгеруден әртүрлі технологиялық машиналармен, аспаптармен жұмыс істеуді басқаруға біртіндеп көшу қарастырылған. Оқушылар мектеп шеберханасындағы технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйренеді, сонымен қатар олардың құрылымының жалпы принциптерімен, ережелерімен және басқару тәсілдерімен танысады.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Жалпы білім беру саласында технология пәнінің маңызы
4
1.2 Технология пәнінде еңбекке үйретудің негіздері
5
1.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімі бойынша оқу қызметін жоспарлау
9
2 ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Аспаздық туралы ұғым және оның адам өміріндегі маңызы
13
2.2 Тамақ өнімдерін өңдеу процестері мен тағам даярлаудың негізгі тәсілдері
19
2.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімін оқыту әдістері
30
2.4 Аспаздықта қолданылатын құрал-жабдықтар мен ыдыс-аяқтар
31
2.5 Сарамандық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техника ережелері мен оны сақтау талаптары
32
3 9 – СЫНЫПТАҒЫ «ТАМАҚТАНУ МӘДЕНИЕТІ. ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» БӨЛІМІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 «Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы» бөлімінің тақырыптық жоспары




35
3.2 Теориялық мәліметтердің мазмұны
36
3.3 Сарамандық жұмыстардың мазмұны
37
3.4 «Өзбекше палау дайындау» тақырыбының сабақ жоспары
37
ҚОРЫТЫНДЫ
42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
43
ҚОСЫМША А Ет тағамдары

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая Диана.doc

— 3.30 Мб (Скачать документ)

Әңгіме. Мұғалім оқу материалының бір бөлігін әңгіме үлгісінде жеткізеді, балаларға фактілерді белгілі бір жүймен хабарлайды. Бұл әдісті, мысалы, оқушыларды  қазіргі  тұрмыс қызметімен, яғни аспаздық цехтардың, нан зауыттарының, химиялық  жолмен киім тазалау және кір жуу ательелерінің  жұмысымен, қызмет ету саласындағы ғылыми жеітстіктермен, жаңа жабдықтармен т.б. таныстыру керек болған жағдайда пайдаланады. Оқушыларға таныс емес  терминдерді, атауларды тақтаға жазып көрсетеді. Әңгімені белсенді қабылдау үшін оқушыларға әңгіме барысында  да, одан кейінде сұрақтар беріледі [20].

Әңгімені материалды  баяндау арқылы түсіндіру талап  етілген сабақтарда пайдалану қолайлы әрі тиімді.

Түсіндіру. Түсіндіруді  көбінесе практикалық жұмысты ұйымдастыру алдында қабылдайды. Түсіндіру әр түрлі көрнекті құралдарды, еңбек ету тәсілдері мен іс-қимылдарды көрсету арқыла жалғасады. Жаңа материалды түсіндіргенде, оны бағдарламаға сәйкес, анық, ғылыми негізделген және дәйекті  баяндау керек екенін есте сақтау қажет. Бастапқыда тұтас бұйым немесе  нысана  жайында деректер беріп, содан кейін оның құрамдас бөлшектері туралы айту,  яғни жалпыдан жалқыға ауысқан  дұрыс. Бұл әдісті қолдану тиімділігі  көп жағдайда материалды баяандаудың әсерлілігіне байланысты болмақ. Өйткені әсерлі сөз оқушылардың жаңа материалдарды зерттеп, түсіну ықыласын  тудырады. Жаңа білімді орнықтыруға мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, көңі күй, жұмыстың барлық түрін  терминологиялық жағынан дұрыс түсіндіруі  ерекше рөл атқарады.

Әңгімелесу. Тиісті тақырып  бойынша оқушылардың белгілі бір білімі мен еңбек шеберлігінің қоры болған жағдайда ғана әңгіме өткізе алады.

Оқытушы әңгімелесуге әзірленіп, сұрақтарды іріктейді, оларды бір жүйеге  түсіреді және оқушыларды түйіндеп, қорытуға үйретеді.                                

 Лабораториялық  тәжірибелер. Оқытудың бұл әдісі мектеп оқушыларын маталар мен  тағам өнімдерінің қасиеттерімен таныстырғанда үлкен рөл атқарады. Бұл тәжірибелер лабораториялық – сарамандық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Оқушылар аспаптардың санына қарай топтаға бөлінеді. Мысалы, мата талшықтарының қасиетін зерттегенде оқушыларға лупалар және маталардың әр түрлі қиындылары таратылады. Біреуіне таза жүн мата берілсе, басқаларына мех үлестіріледі т.б., ауызша және жазбаша  тапсырмалар беріледі, оларды орындау арқылы оқушылар кестелер түрінде,  мысалы,  талшықтардың әртүрлі қасиетін зерттеп,  жазып отырады.

Лабораториялық – сарамандық жұмыстар оқушылар жасына қарай             жасалады.

          Лабораториялық – сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде оқушылар қызметін жандандыру аясында бірден олардың оқу мақсатын, ақырғы нәтижелерін айқындау керек.

Нұсқау беру. Технологиядан сабақ берудің тиімді әдістерінің бірі – нұсқау беру, яғни сарамандық жұмысты орындау үшін негізгі техникалық білімен таныстыру, оны орындаудың тәртібі мен тәсілдерін көрсету. Нұсқау берудің нәтижесінде оқушыға тақырыптар, жұмыстың мақсаты мен тәсілдері түсінікті болуға тиіс. Мұғалім нұсқау беру барысында оқушыларға оны орындауда кететін  қалыпты қателіктер, еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы, өз іс-қимылдарын- қай жерде, қашан және нені бақылау керектігі жайында әңгімелейді.Мұғалім оқушылардан бұл іс - әрекеттерді және тәсілдерді қайталауды сұрайды, оларды неғұлым тиімді орындау үшін нұсқаулар береді, қателіктерді талдайды. Жұмыс барысында кіріспе, ағымдағы нұсқау беру және қорытынды нұсқау беру деп бөлінеді.

Кіріспе нұсқау беру. Кіріспе нұсқау берудің көлемі мен мазмұны оқушылар танысуға тиісті материалдың тың болуына, еңбек тапсырмасын орындаудың қызметіне байланысты. Мұғалім тақырыпты, сарамандық жұмыстың мақсатын хабарлайды, жаңа материалды  талдайды, одан кейін жұмыстың  ретімен,  әрбір еңбек операциясын орындаудың қажетті тәсілдермен, қолданылатын аспаптармен және басқа құрал-жабдықтармен таныстырады.

Егер еңбек тапсырмасын  оқушылар бірнеше сабақ бойына орындайтын болса, онда сарамандық жұмыс басталатын алғашқы сабақта нұсқау беру жалпы  сипатта болады. Онда  барлық еңбек операцияларын орындаудың  тәсілдерін жан-жақты айтудың қажеті жоқ.Өйткені балалар бәрібір оны келесі сабақтарға дейін есінде ұстай алмайды. Мұғалім бұл жағдайда кіріспе нұсқау беруге оқушыларды тақырыппен, жұмыстың мақсатымен таныстырады, бұйымды дайындаудың  ретін белгілейді,  сол сабақта орындауға тиісті  операциялардың тәсілдерін жіктеп, түсіндіріп береді.

Ағымдағы нұсқау беру.  Ағымдағы нұсқау беру оқушылардың жеке жұмысы барысында жүзеге асырылады. Мұғалім олардың жұмысын қадағалап, аралап шығу процесінде қажетті нұсқаулар береді. Мұғалім аралауды белгілі бір жүйелікпен алдын ала жоспарлауы мүмкін немесе әр оқушының жұмысын бақылайды. Аралап шығу мақсаты, кешенді болады. Мақсатты варианттар барлық оқушылар жаппай жұмыстың бір түрін орындағанда атқарылады. Ал кешенді аралап шығу тәсілдердің орындалу дұрыстығына ғана емес, сонымен бірге технологиялық реттілігін, операцияны орындаудың сапасын, өз еңбегін жоспарлай білуін және өзін - өзі бақылауды, өзара бақылауды т.б. жүзеге асырылуын қадағалауды да жүргізеді.

          Ағымдағы нұсқау беру  процесінде  мұғалім оқушылардың қателерін  тауып, түзейді, қатені қалай  түзеуді және алдағы жұмыста  оған жол бермеуді түсіндіреді,  тәсілдерді қалай дұрыс орындауды  көрсетеді, оқушылардың бәрінен  бұрын қандай еңбек әрекетін қайталауды сұрайды. Сөйтіп ағымдағы нұсқау беру жеке және ұжымды болуы мүмкін.

Кейде кіріспе нұсқау беру мен ағымдағы нұсқау беру барысында  оқытушы кіріспе нұсқау берудің  келесі кезеңін өткізуге қайта оралады. Бұл жағдайда операцияның  күрделілігінен бүкіл технологиялық процестің  барысы туралы бірден айтуға тиімсіз болғанда ғана жасалады.

Қорытынды нұсқау беру. Сарамандық жұмысты аяқтау нәтижесінде мұғалім жұмыс қорындысын шығару мен мақсатымен ақырғы нұсқау беруді өткізеді. Мұғалім сынып алдында үздік жұмыстарды  көрсетіп, олардың жақсы жағы мен кемшіліктеріне жан-жақты тоқталады, оқушылар жұмысында қалыпты кемшіліктерді және олардың көздерін талдайды, орындалған жұмыстың нәтижелерін хабарлайды.

Зерттелетін нысандар мен  басқа  да көрнекті құралдарды көрсету. Мектеп оқушыларын  зерттелетін обьектілермен таныстырудың тиімді тәсілі-әр түрлі бейнефильмдерді, диафильмдерді және диапозитивтерді пайдалану. Бейнефильмдер мен диафильмдер оқушыларға басқа көрнекі құралдар  көмегімен көрсету мүмкін емес, сән үйлерінің әр түрлі киім үлгілерімен,сән ательелерінің жұмысымен таныстырғанда, олардың түсінік алұға жағдай жасайды. Бұл бір жағынан жаңа білімнің көзі болса, басқа жағдайда-мұғалім баяндаған материалды бекітіп, қорытудың тәсілі болмақ.

Технология сабақтарының тағы бір маңызды ерекшеліктері графиктік көрнекі құралдарды – машиналармен механизмдерді, бұйымдардың сызбаларын, үлгілермен бөлшектерінің суреттерін көрсету.

Оқыту нұсқау карталарымен жұмыс. Жазбаша нұсқау беру - технология бойынша мектеп шеберханаларының жұмыс сараманына кеңінен енгізілуде. Ол технологиялық операциялардың мазмұнын, техникалық жағдайларын айқындауға, операцияларды орындауға, операцияларды орындаудың тәсілдеріне, бір немесе бірнеше операциялардың суреттері мен сызбаларын жасауда өзін-өзі бакылауды іске асырудың әдістеріне негізделеді.

Технологиялық нұсқау карталарын пайдалану оқу процесінде оқушылардың белсенділігін арттыруға, өз жұмысына талдау жасап, оны бағалауға ұмтылыс жасап, жігерлендіріп отырады.

Оқыту нұскау карталары оқушыларға өзіне бакылау жасауға, ягни өзіне жеке бақылау орнатуға мүмкіндік береді.

Жаттығулар. Технология сабақтарын жоспарлай келе мұғалім мүмкіндігінше оқушыларды көбірек жаттықтыруға тырысады. Жаттығу қатаң жүйелілікті талап етеді, әрбір жаңа дағдылану бұрын жинақталған білім мен үйрену жүйесіне қосылуы тиіс. Жаттығулар оқушылардың бастапқы еңбек тәсілдері мен қимылдарын меңгеру, дағдылануды қалыптастыру, еңбек қызметі мен өзін-өзі бақылауды жоспарлау, жұмыс орнын ұйымдастыру, аспаптарды, құралдарды, жабдықтарды пайдалану кезінде қолданылады.

Жаттығуларды өткізу үшін олардың тазалығы мен ұзақтығына үлкен мән беріледі, ол оқушылардың жасына да байланысты.

Жаттығулардың көмегімен біліктілік пен дағдылану біртіндеп жинақталады, қалыптасканнан кейін олар берік орнығады [20].

 

1.3 Тағам дайындау технологиясы бөлімі бойынша оқу қызметін жоспарлау

Тағам дайындау технологиясы бөлімі бойынша оқу қызметін жоспалау үшін ең алдымен жалпы технология пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру  туралы білімдеріміз жетік меңгерілуі тиіс.

Технология – мұғалімнің оқушыларға техникалық, технлогиялық білім мен білік беретін, оқу  мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиялармен таныстырып, олардың политехникалық көзқарасын қалыптастыратын жоспарлы оқу үлгісі.

Технологиялық еңбек  сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін  ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханалар мен физика кабинеттерін ұтымды пайдалануға, сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді.

Жоспар – оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың негізі. Сабақтың табысты өтуі үшін іргелі даярлық қажет. Оның негізгі бөлігі жоспарлау болып табылады. Оқу  сабағын жоспарлаудың екі түрі бар: күнделікті, перспективті. Перспективті жоспарлаудың мақсаты оқу материалын үйренудің логикалық жүйесін белгілейді. Перспективалы және күнделікті жоспарлаудың болмауы берекесіздік туғызып, тәртіптің нашарлауына, технология сабақтарына деген оқушылардың қызығушылығын төмендетуге әкеп соқтырады [23].

Келесі оқу жылының жүктемесі осы оқу жылының аяғында белгілі болатындықтан, алдын ала жұмыс жоспарын жасаудың мүмкіндігі бар. Оқу қызметінің перспективті жоспарын жасау үшін мұғалім төмендегілерді орындауы қажет:

- бағдарламалық материалдарды  тыңғылықты үйреніп, оған талдау жасау;

- пәнаралық байланыстарды  белгілеу;

- мектептің-материалдың  базасының мүмкіндіктерін бағалау,  оны толықтыруға байланысты деректерді  анықтау;

- оқушылардың еңбек  етуінің түрлері мен мазмұнын  анықтау;

- техникалық құжаттарды  дайындау, қажет құралдарды, материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарын (ТОҚ) анықтау;

- көрнекі құралдарды, кестелерді, плакаттар мен оқу  әдебиеттерін дайындаудағы қиындықтарды  анықтау.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бағдарлама мен әдістемелі ұсыныстарды  оқып шығып, жыл боына берілген сабақтарды бөлімдер мен тақырыптар бойынша ойластыру негізінде құрылады.. Жоспар құрастырудың бірегей формасы жоқ, әр мұғалім бұл жұмысқа жекеше шығармашылық тұрғыдан қарайды. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар сабақ өткізу барысында толықтырылады және анықтала түседі. Ол сабақ жопарларын құрастыруға көп септігін тигізеді.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды  мектеп директоры бекітеді және шеберханалардың материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын ойластырады.

Сабақ конспектісі – технология бойынша сабақтардың жоғары деңгейде өтуіне кепілдік беретін негізгі жоспарлардың бірі. Оның әрбір элементтерін бөлшектеп талдау қажет. Сабақ конспектісінде сабақтың өтуін неғұрлым толық сипаттап жазбағанмен, дидактикалық жұмыс түрлерін түгел қамту міндетті.

Оқушылар сабақта еңбекке қатысты  нақты білім мен білікті игереді. Игеру ісі мұғалім тарапынан  техникалық-технологиялық мағлұмат беру  белгілі бір техникалық операциялардың орындалу әдістерін  көрсету кезінде жүзеге асады. Мұғалім  сабаққа дайындық барысында оның мақсатын, мазмұнын, құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады. Осының бәрін қамтитын сабақ жоспары мынадай элементтерден тұрады:

  1. Сабақтың тақырыбы: оқушыларға берілетін техникалық технологиялық білім мен біліктің көлемін қамтиды. Күнделікті сабақ пен әрбір өткен және келер сабақтардың арасында қисынды байланыстар бар.
  2. Сабақтың мақсаты: білім, тәрбие мен даму аспектісін қамтитін міндеттердің кешенімен таныстыру.
  3. Материалдық-техникалық базасы – жабдықтар, саймандар, материалдар, көрнекі құралдар, технологиялық нұсқау карталары. Сабақ басталғанға дейін оның нәтижелі өткізілуіне қажетті заттар түгенделеді. Әррбір бұйымды мұғалім өзі дайындайды немесе дайындығы жоғары оқушыға тапсырады. Осылайша ұсынылған технологияның ұтымтылығына, оны орындауға жұмсалатын оқушылардың жұмсайтын уақытын анықтауға мүмкіндік туады.
  4. Сабақтың мазмұны мен құрылымы оның мақсатына сәйкес белгіленеді, әрбір элементті орындауға жұмсалатын уақытты шамамен анықтау, оны өткізудің лайықты түрлері мен әдістерін таңдау қажет.

Өзін-өзі қызмет көрсету  еңбегі сабағында оқулық мұғалімнің маңызды көмекшісі болып табылады. Сондықтан оқушылардың оқулықпен  жұмыс істей білуі маңызды  рөл атқарады. Бұл әсіресе сызбалары  мен технологиялық атаулары бар  оқулықты алғаш рет пайдаланатын 5-сынып оқушыларына қатысты. Оқушыларды оқыған ақпаратты түсінуге, тақырыптың маңыздылығын іріктеп алуға, теориялық материалды игеру мен есте қалдыруға үйрету мұғалімнің негізгі міндеті болып табылады [23].

Бұл ретте оқушылардың  міндеті:

1.  Тақырыпты мұқият оқып шығу және мәтіннің мазмұнын аңғарту, осы тақырып төңірегінде өзінің не білетінін еске түсіру, мәтінде не туралы айтылғанын өз бетінше әңгімелеп беру.

Информация о работе Тамақ әзірлеу технологиясын оқыту әдістемесі