Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций
Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.
электрлі (электрлі механикалык дірілдеткіштер), пневматикалық (пневматикалық дірілдет-кіштер), Гидравликалық (гидравликалы-механикалық дірілдеткіштер), іштен жанатын (моторлы дірілдеткіштер қозғалтқыштардан айналыс алуы мүмкін). Масса электромагниттен қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс алады (электромагнит дірілдеткіштер). Дарабілікті бейтеңдестікті дірілдеткіштер айналмалы тербелісті, ал жұп санды білікті бейтеңдестікті және электро-магнитті дірілдеткіштер бағытты тербелісті қоздырады. Құрылыс объектілерінде айналмалы тербелісті электромеханикалык және пневматикалық дірілдеткіштер аса көп тараған. Электромеханикалык дірілдеткіштермен салыстырғанда пневматикалықтар аз қолданылады, себебі жұмыс атқарғанда шуы кеп және сығымдағышты қалсет етеді. Әр дірілдеткіш үйтқытушы кушпен, бейтеңдестіктің статикалық моментімең, тербеліс жиілігі және амплитудасымен сипатталады. Бейтеңдестіктің айналуынан пайда болатын үйтқытушы күш, Н :
F = Мώ2,
мұндағы М - бейтеңдестіктщ статикалық моменті, Н×см; ώ- бейтендестіктің айналу бүрыштық жылдамдығы, рад/с.
М = к ×m×е,
Мұндағы к -дірілдеткіш бейтеңдестіктерінің жалпы саны; m -бейтендестіктің массасы, кг; е - дебаланстың эксцентриситеті, см. Дірілдеткіштің тербелу амплитудасы, см:
а = М/ mв
мұндагы mв - дірілдеткіштің массасы, кг.
Дірілдеткіштің теңселу жиілігі бетон қоспасының жьшжымайтындығымен және оның толтыргыштарының фракция өлшемдеріне байланысты таңдалады. Толтырғыштары ірі фракциялы бетон қоспаларының тербеліс жиілігі төмен және амплитудасы үлкен, ал ұсақ фракциялылардың тербеліс жиілігі жоғары, амплитудасы аз. Көпшілік дірілдеткіштердің тербеліс жиілігі қоспа толтырғыштарының орташа фракциясына сәйкес келеді. Дірілдеткіш бетон коспасы толық нығыздалғанша бір орнында жұмыс атқарады; нығыздалудың біткенін бетон қоспасының сыртқы белгісіне қарай анықтайды: қоспаның шөгуі токталады да, нығыздалушы беткейде цемент сүті пайда болады, ауа көпіршіктерінің шығуы жоғалады.
Нығыздалушы бетон қоспасына әсер ету тәсіліне карай дірілдеткіштерді беттік (8.17, а-сурет), сыртжақтық (8.17, б-сурет), тереңдік (8.17, в-сурет) деп ажыратады.
8.17 -сурет. Дірілдеткіштердің сұлбасы
8.4.1 Беттік дірілдеткіштер. Беттік дірілдеткіштер төселген бетон массасына астауша тәрізді төртбұрышты алаңша (алаңша дірілдеткіштері) немесе ұзындау келген тактайша (дірілтақтайшалары) арқылы тербеліс береді. Мұндай дірілдеткіштерді нығыздалушы беткейте орналастырады да, жұмыс барысында қолмен немесе сым арқылы жылжытады. Олар тұтасқұймалы болып жасалған бекемделмеген немесе дара арматурамен бекемделген аражабындарды, едендерді, тоғыспаларды, жол жабындарын, арна құламаларын және баска да қалыңдығы 0,25 м аспайтын құрылмаларды бетондағанда пайдаланылады. Беттік дірілдеткіштердің бір орнында дірілдету үзақтығы 20...50 с.
8.4.2, Сыртжақтық дірілдеткіштер. Сыртжактық дірілдеткіштер нығыздалушы қоспаға қалыптар арқылы тербеліс береді, дірілдеткіштер соңғыларға арнаулы қүрылымдармен бекітіледі. Мұндай дірілдеткіштер жұқа, жиі арматуралы және биік тұтасқұймалы имараттарды бетондағанда, темірбетонды құрама құрылымдардың бағана (тірек, ұстын), арқалық т.е.с элементтерін жасағанда қолданылады.
Беткейлік және сыртжактық электрлі механикалық дірілдеткіштердің электрқозғалтқыш (мотор-дірілдеткіш) кірістірілген дірілдегіш бейтеңдестікті механизмдерінің құрылымы біркелкі. Мотор дірілдеткіштің (8.18-сурет) құрамына үшфазалы үйлесімсіз қысқа тұйықталған роторлы электрқозғалтқыш 2,
оның білігінің консольді шетіне катаң бекітілген статикалық моменті бірдей қос бейтеңдестік 3 және тербелісті нығыздалушы қоспаға беретін негізге бекітілетін кронштейнді 4 тұркы 1 жатады. Мотор-дірілдеткіштер бейтеңдестіктерінің статикалық моменті реттелмейтін (тұрақты) және реттелетін болып жасалады. Сорғылардың әрбір бейтендесі өзара бекітілетін ротордың білігіне қарағанда бұрылатын және бұрылмайтыи екі бөліктен тұрады. Олардың өзара орналасуы өзгергенде, бейтеңдестіктің статикалық моменті және оған сәйкес қоздырушы күштің өлшемі де өзгереді. Электрқозғалтқыш роторының айналу жиілігі дірілдеткіш тұркысының теңселу жиілігіне тең. Дірілдеткіштер қоздыратын тербеліс жиілігіне қарай ротор білігінің айналу жиілігі 50 с-1 үйлесімді электрқозғалтқышпен қамтылған калыпты жиілікті және үйлесімді айналу жиілігі 50 Гц-тен кем немесе жоғары электрқозғалтқышына сәйкес төменгі және жоеары жиілікті болып алсыратылады.
Қалыпты жиілікті мотор-дірілдеткіштің ұйтқытушы купи 2...30 кН, төмен жиіліктілердікі - 5...34 Кн, жоғары жиіліктілердікі - 3,5... 12 кН-ға дейін жетеді.
Мотор-дірілдеткіштер, сонымен қатар дірілконвейерлерінің және дірілқоректендіргіштердің жетегі ретінде әртүрлі сыйымдылықтардан құрылыс материалдарын діріл арқылы түсіруді жақсартуда пайдаланылады.
Пневматикалық сыртжақтық дірілдеткіштердің (8,19-сурет) құрылма сұлбасы бірыңғай болып орындалады да, ол планетарлық дірілқоздырғыштан және сығымдалған ауа көзіне қосатын иілгіш резеңкелі шлангіден тұрады. Дірілқоздырғыштың негізгі элементтеріне қаңқаның 1 бүйір қалқандарына жылжымайтын болып бекітілген бір текстолитті қалақшасымен 5 статор 4 және өзінің осіне теңгерілмеген қуыс ротор 3 лсатады. Ротор бейтеңдес-жүгіртпе ролін атқарады да, статордың айналасында планетарлы түрде домалайды. Статорды бойлай жасалған ойыққа орналасқан қалақша статор мен ротор аралығындағы кеңістікті екіге (А - жұмысшы жөне Б - шығаратын) бөледі. Жұмысшы бөлікке статордағы тесік арқылы түсетін сығымдалған ауа роторды айналдырады да, ол статордың цилиндрлі беткейіне центрден тепкіш күшпен қыспақталып, планетарлы түрде домалайды. Жұмыс атқарған ауа шығару кеңістігінен (Б) қаңқаның қалқандарындағы шығару тесіктері 2 арқылы атмосфераға жіберіледі. Планетарлы домалаудың әсерінен дірілдеткіш жоғары жиілікті 130...230 Гц тербелісті қоздырады. Пневматикалык дірілдеткіштердің негізгі кемшілігі - жұмыс атқару барысында шу шығарады.
8.19-сурет. Пневматикалық дірілдеткіштің дірілқоздырғышы
8.4.3. Тасымалды тереңдіктегі дірілдеткіштер. Мұндай дірілдеткіштердің жұмысшы мәрімі тығыздалушы қоспаға батырылатын дірілдегіш цилиндрлі ұштық болып орындалады. Тереңдіктегі дірілдеткіштер монолитті арматураланбаған бетонды және әртүрлі дәрежеде арматураланған темірбетонды құрылымдарға (іргетастар, қабырғалар, ұстындар, қадалар, арқалыктар) төселген бетон қоспаларын тығыздағанда, сонымен қатар, бетонды және темірбетонды құрастырмалы құрылыс бұйымдарын жасағанда пайдаланылады.
Дірілдегіш ұштаманың сыртқы диаметрі мен ұзындығы арматуралар аралығындағы саңылауларда еркін жылжитындай болып таңдалады. Терендіктегі электромеханикалық дірілдеткіштердің дірілқоздырғыштары иілгіш білік арқылы тасымалды және жер бетінде орналасқан электржетектен (иілгіш білікті дірілдеткіштер) немесе дірілдегіш үштамаға кірістірілген электрлі немесе пневматикалық қозғалтқышпен іске қосылады (кірістірмелі қозғалтқышты дірілдеткіштер). Тереңдіктегі дірілдеткіштердің дірілқоздырғыштары бейтеңдестікті және планётарлы болады.
Бейтеңдес электржетек кірістірілген дірілдеткіштердің (8.20, а, б-сурет) құрылым сұлбасы бірыңғай.
8.20-сурет. Тереңдіктегі электромеханикалық дірілдеткіштер
- Бейтеңдестікті дірілқоздырғыш болаттан жасалған цилиндрлі қаңқаның 1 ішіне жоғары жиілікті үш фазалы асинхронды, роторы қысқа тұйықталған электрқозғалтқыш 7 және екі домалаушы мойынтіректе 6 айналатын қуыс білікті бейтеңдес 5 кірістірілген түрінде орындалады. Мойынтіректер ұштықтың төменгі куысынан бейтеңдес білігі арқылы түсетін сүйық жағармаймен майланады. Дірілүштықтың тербеліс жиілігі электрқозғалтқыштың айналу жиілігіне тең. Дірілүштық оператордың білегімен 4 дірілоқшаулағыш резенке-маталы шлангі 2 арқылы қосылысқан, ал шлангінің ішімен электрлі козғалтқышты қоректендіретін кабель өткізілген. Дірілдеткіштің электрқозғалтқышын қосып-ажыратуға арналған дестелі ажыраткыш 3 оператор білігіне орналастырылған. Дірілдеткіштердің электр-қозғалтқыштары кернеуі 36 В, жоғары жиілікті (200 Гц) токтан жұмыс атқарады да, сыртқы тізбекке жиілікті түрлендіргіш арқылы қосылады. Электрқозғалтқыштары ендірілген тереңдік дірілдеткіштерінің дірілұштықтарының тұрқыеының сыртқы диаметрі 50, 75 және 100 мм, ұзындығы 410...510 мм, тербеліс жиілігі 183,3 Гц, қозғалтқыш қуаты 0,27...1,5 кВт болғандағы ұйтқытушы күші 2,5... 10 кН-ға жетеді.
Арматуралары шамалы ірі құрылымдарда бетон ағымы жоғары болғанда, бетон қоспаларын қаңқаға ілінген дірілдеткіштер тізбегімен нығыздайды. Дірілдеткіштер тізбегін жинактағыш жүккөтергіпгтермен алмастырады.
Иілгіш білікті электромеханикалық тереңдік дірілдеткіштерінің құрылымы бір типті. Олар (8.20, в-сурет) тасымал электрқозғалтқыштан 8, ұзындығы З...3,3 м иілгіш біліктен 9 және тербеліс қоздыруын планетарлы механизмнен алатын алмастырмалы дірілұштықтан тұрады. Мұндай дірілдеткіштердің тербеліс жиілігі жоғары (167...334 Гц), ұштық өлшемі шамалы (диаметрі 28...76 мм, ұзындығы 360...440 мм), ұйтқытушы күші 0,8...4 кН дейін жетеді де, олар арматуралары жиі және орташа темірбетонды құрылымдар мен бұйымдарды жасағанда бетон қоспаларын нығыздауға қолданылады. Дірілүштығының тұрқы жылжымайтын төлкенің 14 конусты беткейі мен бейтеңдес-жүгірткінің 13 (8.20, г, д-сурет) планетарлы түрде домалауынан теңселеді.
Дірілүштықтары бейтеңдестікті іштей (8.20, г-сурет) және сырттай (8.20, д-сурет) домалайтындар деп алсыратады. Бейтеңдес-жүгіртпе 13 айналдырық пен 11 бейтеңдестікке айналдырықтың айналу осінен есепті бұрышқа ауытқуына мүмкіндік (жасайтын) беретін резеңке-металды жалғастырғыш 12 арқылы қосылысқан. Дірілдеткішті іске қосқанда бейтеңдес-жұгіртпе алдымен ауа кеңістігінде айналады, соңынан центрден тепкіш күштің әсерімен дірілұштығының геометриялық осінен ауытқып (5° бүрышқа дейін), төлкеге соққы береді де, ұштықтың тұрқында тербеліс қоздырады. Айналыс тасымалды электрқозғалтқышынан бейтеңдесі мен айналдырықка оң айналымды (тарқатылмау мақсатында) қорғағыш резеңкематалы шлангіге енгізілген диаметрі 8...12 мм иілгіш білік арқылы беріледі. Планетарлы дірілдеткіштердің жетегі ретінде жиілігі (50 Гц) қалыпты, кернеуі 36 В-тан жұмыс істейтін және сыртқы электр торабына төмендеткіш трансформатор арқылы қосылатын, қысқа түйықталған роторлы қуаты 0,6...1,2 кВт асинхронды электрқозғалтқышы колданылады. Элекіркозғалтқыш жаңа тоселген коспаға қоюға мүмкіндік болатын астауша тәрізді тұғырыққа жинақталады. Дірілұштығының тербеліс жиілігі (Гц) бейтеңдес-жүгіртпенің планетарлы козғалысының айналым жылдамдығына тәуелді де, төмендегіше анықталады: бейтеңдес іштей домаласа
N = п(l-D/d),
бейтеңдес сырттай домаласа
N = п(D/d-1),
мұндағы п - айналдырыктың айналу жиілігі, с-1; D - төлкенің диаметрі, mm; d - бейтеңдес-жүгіртпенің диаметрі, мм.
Электромеханикалық планетарлы дірілдеткіштердің негізгі артықшылығы - электрқозғалтқыш білігінің салыстырмалы айналым жиілігі шамалы болса да төлке мен бейтеңдес-жүгіртпенің диаметрлерінің ара қатынасын таңдай отырып, дірілдеткіш түрқының тербеліс жиілігін жоғарылатуға болады.
Планетарлы электромеханикалық дірілдеткіштердің негізгі кемшіліктері - жүгіру жолына жағармай тисе, тербеліс жиілігі күрт төмендейді және ұштықтың бойымен тербеліс амплитудасы біркелкі таралмайды.
Тереңдіктегі пневматикалық дірілдеткіштердің цилиндрлі тұрқыға кірістірілген планетарлы дірілкоздырғышы (пневм тикалық сырттай дірілдеткіштердегі тәрізді) болады, оған сы ғымдалған ауа шүмегі бар иілгіш шлангімен жіберіледі. Мұнда дірілдеткіштердің тербеліс жиілігі 134...200 Гц.
Дірілдеткіштерді дамытудың негізгі жолы - көпжиілікт; (яғни тербеліс жиілігі реттелмелі) бөлшек өлшемдері мен жылжымалылығы әртүрлі кез келген бетон қоспаларын екпінді нығыздайтын діріл механизмдерін жасау.
11.2. Машиналарды техникалық күтім мен жөндеудің технологиялық барысын ұйымдастыру
11.2.1. Машиналарга техникальщ күтімді уйымдастыру. Технологиялық процесс деп қандай да болса жұмысты орындаудың әлдекандай кезектілігін айтады.
Технологиялық процесс бірқатар негізгі элементтерден түрады, олар жалпы процестің бір бөлігі, сонымен қатар толық аяқталған жұмыс циклі. Құрылыс машиналарының ТК үлгі технологиялық процесінің сұлбасы мына жұмыстарды (11.1- сурет) қамтиды: тексеріп бақылау; сыртқы тазалау, жуу немесе сыртқы күтім жасау; бекіту жұмыстары; жағармай қүю және майлау жүмыстары; машина элементтерін тексеру-диагностика және реттеу жұмыстары; жанармай қүю.
Тексеріп бақылағанда күтім жасаушы объектінің жалпы
жағдайы анықталады, оның түгелдігі тексеріліп. сырткы күтім жұмыстарының мөлшері шамаланады. Сыртқы күтім жұмыстарына жинақтау, тазалау, машинаның кейбір элементтерін жуу жатады. Әдетте, машина жүргізушісінің жұмыс орны жинақталады, машинаның боялмаған бөліктері, жүру механизмдері мен жұмыс атқару жабдықтары тазаланады. Сыртқы күтім жұмыстарының негізгісі де, ауыры да - тазалау және жуу. Бұл жұмыстар-ды нәтижелі ету мақсатында суды қыздырады, жуғыш заттарды қолданады, жуғыш сұйықтарды үлкен қысыммен береді. Сырткы күтім жұмыстарынын негізгі мақсаты - машинаны келесі сатыда жүргізілетін жұмыстарға дайындау.
Бекіту жұмыстары бұрандамалы қосылыстардың тартылуын қажетті қалпына келтіруге арналған. Техникалық күтімге кететін еңбектің 20% -дан астамы - бекіту жұмыстарының үлесінде. Бекіту жүмыстарының түрлері мен кезектілігі машинаның түріне және оны пайдалану жағдайына байланысты өткізіледі.
Машина бөлшектеріне диагностиканы жұмыс жағдайында жасау үшін олардың тетіктерінің үйкеліс беттерін майлау қажет. Сондықтан бекіту жүмыстарынан кейін тексеру, диагностика мен реттеу жұмыстарының алдында майлау жұмыстары откізіледі. Үйкеліс беттеріне майды таза күйінде жоне неғұрлым аз еңбекпен жеткізу мақсатында әртүрлі майлауға арналған қондырмалар пайдаланылады.