Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций
Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.
Рельсті жүру жабдығымен мүнаралы, көпірлі, торт тағанды, кадақаққыш қондырғылар және т.б. машиналар қамтылады. Оның негізгі сипаттамалары: құрылымы қарапайым, жылжу кедергісі, маневрлілігі және жылжу жылдамдығы төмен (аз). Рельсті жүру жабдығының негізгі элементі - рельсте жүретін болаттан жасалған тегіс құрсаулы бір немесе екі ернеулі доңғалақ. Доңғалақтардың жетегі жалпы немесе меншікті болуы мүмкін. Жетектері басқарылатын және автоматты тежегіштермен жабдықталады. Бір немесе бірнеше доңғалақ ортақ қаңқасымен қозғалтқыш, бәсендеткіш және тежегішімен жетекші жүру арбашығын құрайды. Арбашықтағы доңғалақ санын әсер етуші жүктеме мөлшері анықтайды.
Көпшілік ҚЖМ-ың, әдетте, бұрылу платформасына орналасқан жұмысшы бұрылу жабдығы болады. Платформа жүру құрылғысының қаңқасына тіректі-бұрылу дөңгелегі (ТБД) арқылы сүйенеді де, арнаулы механизм арқылы бұрылады. Унификацияланған аунақшалы ТБД кеңінен қолданылады. Оның құрамына кіретіндер (2.9, a-сурет): сыртқы бұрандамалармен 4 бекітілген жылжымалы сақиналар 2 және 3, домалау денесі ретінде қолданылатын аунақшалар 1, тісті тәжісі 6 бар ішкі қозғалмайтын сақина 5. Сақиналар 2 лсәне 3 бұрылу платформасына қатаң бекітіледі, ал сақина 5 - жүру құрылғысының қаңқасына бекітіледі. Сақиналардың аралығындағы аунақшалардың осьтері өзара перпендикуляр (2.9, б-сурет) орналасады да, 30° немесе 60°-қа еңкейген. Сонымен, аунақшалардьвд «В» жолымен домалайтын жартысы тірек жүктемесін қабылдайды, ал екінші «Г» жолымен домалайтын жартысы үзу (жұлу) жүктемесін қабылдап, бұрылу платформасын теңкеруден сақтайды.
2.3.2. Басқару жуйесі. Қүрылые, жол машиналарының басқару жүйесі кұрылым белгісіне қарай механикалық, гидравликалық, пневматикалық, электрлі және аралас болып бөлінеді.
Механикалъщ жүйе машина жүргізушінің аяғын немесе қолын иінтірек пен тартқыш арқылы оның жалғағыштарымен және тежегіштермен байланыстырады. Мұндай қүрылым сенімді және басқаруға сезімталдығы жоғары. Оның негізгі кемшіліктері: жүргізуші иінтіректер мен басқару басқыштарына едәуір күш жүмсайды, тез қажиды да, машинаның енімділігін кемітеді, иінтіректер мен басқыштардың тез тозатын топсалы қосылыстарын жиі реттен майлау керек. Әдетте, механикалық жүйені қосалқы ретінде жұмыс процестеріне қатысы жоқ механизмдерді басқаруға қолданады.
Гидравликалъщ басқару жүйесінде жалғастырғыштарды, тежеуіштерді және басқа механизмдерді іске қосуға жеткілікті күш өндіретін, бір-екі бағытты атқару гидроцилиндрлерімен иінтіректер жартылай немесе толық алмастырылады. Басқару жүйесін сорапты және сорапсыз деп айырады. Сорапты жүйеде жұмысшы сүйықтық, гидрожетектегідей (2.1-сурет), сораптан қысыммен атқарушы гидроцилиндрге жүргізуші басқаратын таратқыш арқылы беріледі.
Сорапсыз жуйеде (2.10-сурет) жұмысшы сүйықтықтың қысымы бірбағытты гидроцилиндрде 2 машинист әсерімен
иінтірек немесе басқыш 3 арқылы гидроцилиндр-түрлендіргіштің (бергіш) піспегінің жылжуымен жасалады. Машинист басқару басқышын күштеуін қойғанда, серіппенің 1 әсерімен піспек-бергіш бастапқы орнына қайта оралады. Сорапсыз жүйенің құрылымы қарапайым, пайдалануда сенімді, алайда оны жұмыс істетуге адам күші қажет, сондықтан көп қолданылмады. Сорапты басқару жүйесі көп қолданылады.
Пневматпикалыц басцару жуйесінің гидравликалықтан айырмашылығы-мұнда сұйықтықтың орнына сығымдағышта 0,7...0,8 МПа-ға дейін қысымдалған ауа қолданылады. Мұндай жүйенің қызмет атқару мәрімдері (2.11-сурет) - пневмоцилиндрлер 4 және бірбағытты әсерлі пневмобөлмешіктер 5. Олардың қозғалмалы піспек немесе соташығы мен диафрагма сияқты элементтері қосушы механизмдерге күш береді. Қысымдау басылған сәтте соташық серіппенің әсерімен орнына оралады. Пневмоцилиндрлер мен бөлшектердің жұмысын реттелетін және реттелмейтін пневмоаспаптар 3 арқылы басқарады. Реттелмейтін құбыршүмекті пневмоаспап сығымдағыштың 1 ауажинағышын 2 пневмоцилиндрдің (бөлмешіктің) жұмысшы қуысымен сығымдалған ауаның қысымын өзгертпей қосады. Реттелуші пневмоаспап механизмдерді іске қосу бірқалыптылығын атқарушы мәрімде қысым мөлшерін өзгерту аркылы арттырады. Негізгі кемшіліктері - жүйедегі қысымның төмендігінен атқарушы мәрімдердің тұрпаты көлемді, қысымдалған ауаның
құрамындағы бусүйықтық қатуы мүмкін.
тржетекті машиналарда пайдаланады, олар электрқозғалтқыштарды іске қосып, тоқтатады, олардың айналым жиілігін, кері қимылдауын, қауіпсіз жұмысын реттейді және т.с.с. Мұндай жүйенің құрамына магниттік іске қосқыштар, контроллерлер, әртүрлі релелер, автоматты ажыратқыштар, «жүргізу» және «тоқтату» батырмалары, блоктаушы құрылғылар, тежеуші электромагниттер т.с.с. жатады. Электрлі басқару жүйесі сенімді, қарапайым және пайдалануға қолайлы, механизмдерді және машинаны қашықтан басқаруды қамтамасыз етеді, машинаның жұмысын автоматтандыру мүмкіншілігін жасайды.
Машинаны басқаруды толык. немесе жартылай автоматтандыру мақсатында гидропневматикалық, гидроэлектрлі, гидропневмоэлектрлі т.с.с. жүйені қолданады.
3.3. Конвейерлер
Мұндай машиналарды құрылыс тетіктері мен құрылымдарды жасайтын заводтарда, құрылыс алаңында, карьерлеріе қиыршық, шағыл, уатылған тастарды, цементті, топырақты, бетон қоспаларын, кірпішті тасымалдауға қолданады. Құрылымына қарай оларды таспалы, бұрамалы, шөмішті, дірілді, қатпарлы, қырлауышты конвейерлер деп бөледі.
Таспалы конвейерлер. Таспалы конвейерлерді әртүрлі материалдарды көлденең және көлбеу бағытта үздіксіз тасымалдауға қолданады. Олар жоғары өнімді (сағатына бірнеше мың тонна) және бірталай (айтарлықтай едәуір) қашықтыққа (80 шақырымға дейін) тасымалдауды қамтамасыз етеді. Құрылыста шамалы қашықтыққа тасымалдайтын жылжымалы және стационарлы таспалы конвейерлерді пайдаланады.
Жылжымалы таспалы конвейерлердің ұзындығы, әдетте, 5, 10 және 15 метр, олар машинаға тіркеу немесе қол күшімен жылжыту үшін доңғалакты болады. Стационарлы таспалы конвейерлер жинақтауға ыңғайлы болу үшін 2...3 метрлік жеке бөлімдерден құралады, жалпы ұзындығы 40...80 м болады.
Конвейердің негізгі тасымалдаушы және тартым жасаушы мәрімі ретінде (3.9-сурет) жетекші 6 және керу 2 атанақтарына оралып тұйыкталған кендірден тоқылған бірнеше қабат резеңкеленген мата таспаны 4 қолданады. Үстіндегі жүгімен таспаның ілгерілемелі қозғалуы оның жетекші атанағымен түйісу аумағында туындаған үйкеліс күшінің әсерінен болады. Жетекші атанақты бәсеңдеткіш 9 арқылы электрлі қозғалткыш 10 айналдырады. Жетекші атанақтың жанына құлаш бүрышы огны өсіріп, ол арқылы тартым күшін ұлғайту мақсатында ауытку атанағын 7 орналастырады. Таспаның үстіңгі жұмыс және астыңғы бос тарамдарын үстіңгі 5 және астыңғы 8 аунақша тіректер ұстап түрады. Конвейерлердің өнімділігін көбейту мақсатында үстіңгі аунақша тіректерді таспа астауша формалы болатындай етіп орналастырады. Аунақша тіректердің аралығында таспа салбырамас үшін және конвейердің тартым күшін ұлғайту мақсатында таспаны алдын ала бұрама немесе жүк керу құрылымы 1 арқылы тартады.
3.9 - сурет. Таспалы конвейер: а - құрылымның сұлбасы; б - аунақшалы тірек; в - жетекші атанақтағы күштердің сұлбасы
Тасымалдаушы материалды таспаға арнаулы құйғыш 3 арқылы тиейді. Конвейерді тоқтатқаннан кейін таспа өздігінен артқа (төмен) жылжымау үшін жетекші атанақтың білігіне тежеуіш қояды. Конвейердің көлбеу бұрышы тасымалдаушы материалдың жылжымалылығына және қозғалғандағы материал мен таспаның үйкеліс еселігінің мөлшеріне байланысты. Құм, қож, шағылтас сияқты материалдар үшін, әдетте, көлбеу бұрышы 16...20°. Таспалардың ені конвейердің өнімділігі мен таспаның жылдамдығына байланысты.
Өндірісте пайдаланатын таспалы конвейерлердің таспасының ені 0,4... 1,6 м. Негізгі құрылыс материалдарын тасымалдайтын конвейерлердің жылдамдығы 0,8...2,5 м/сек. Арнаулы, мысалы, көп шөмішті экскаваторларда қолданатын конвейерлердің ені 3,2 м-ге дейін, ал жылдамдығы 8 м/сек.
Өзі өте ұзын және өнімділігі үлкен конвейерлерде резеңкеленген таспалардың беріктігі жеткіліксіз. Мұндай жағдайда тасымалдау аралығына бірінен кейін бірін бірнеше конвейерлер қояды, ал тартым мәрімі ретінде резеңкеленген жіңішке сымды арқаннан жасалған төсемдерді қолданады. Алыс қашықтыққа тасымалдау үшін тартым және жүкті көтеру қызметш ажырата атқаратын конвейерлерді де қолданады. Тартым қызметін атқаруға сымарқан немесе шынжыр қолданылады, ал жүкті көтеру қызметін жеңілденген, резенкеленген арнайы формалы тартым арқанына немесе шынжырға сүйенетін таспалар атқарады. Таспалы конвейерлердің енімділігі, т/сағ:
П = 3600 Ғ р v,
Мұвдағы: Ғ - таспада жатқан материалдың көлденең қима ауданы, м2; р - тасылатын материалдың тығыздығы, т/м 3; v - материалдың жылжу жылдамдығы, м/с.
Талапты өнімді қамтамасыз ету үшін таспаның ені В (м):
мұндағы к - науа тәрізді таспадағы көлденең қима ауданының езгеруін ескеретін еселік (үш аунақшалы конвейердің жанындағы аунақшаның бүйір бұрышы a¢-20 және 30° болғанда К=0,05 және 0,04 деп қабылданады).
Ірі кесек материалды тасымалдағанда, таспаның ені В (м) жүктің шашырамауын камтамасыз етуі тұрғысынан мына талап орьшдалуы керек:
В≥2 аmax + 0,2
мұндағы аmax - кесектің максимал мөлшері, м.
Қатпарлы конвейерлерді өткір ұшты, кесек, ыстық, дана заттарды тасымалдауға қолданады. Мысалы, ірі кесек тастарды уатқыштарға жеткізу үшін катпарлы конвейерлерді пайдаланады. Оларға (3.10-сурет) тартым мәрімі ретінде жетекші 4 және керуші 2 жұлдызшаларға оралған тұйықталған шынжыр 3 қолданылады. Тартым шынжырына металдан жасалған тіліктер 1 бекітіледі, соңғылардың арасынан тасымалдаушы заттар түсіп қалмас үшін бірін-бірі жауып тұрады.
Қырмауышты конвейерлер. Шынжыр тартымды конвейерлердің бір түрі - қырнауышты конвейерлер (3.10, б-сурет). Олардың қатпарлы конвейерлерден айырмашылығы - тартым шынжырларына 3 қырғыштар 5 бекітілген, ал астыңғы жұмыс тарамы ашық, жылжымайтын науада жатады. Қырғыштар жылжи келе науадағы заттарды тасымалдайды.
3.10 - сурет. Шынжыр тартымды конвейерлер
Шөмішті конвейерлер заттарды тік немесе тіккөлбеулі бағытта биіктігі 50 метрге дейін тасымалдайды (3.11, а, в-сурет). Тұйықталған жетекші 3 немесе жетектегі (керуші) 5 атанақтарға (жұлдызшаларға) оралған таспаға 1 немесе екі шынжырға шөміштер 2 бекітілген. Олардың қадамы t және сырты металдан жасалған қаптамамен 4 жабылған.
Жетекші атанақ немесе жұддызша редуктор арқылы электрлі қозғалтқыштан айналады. Электрқозғалтқышты ажыратқанда және апат болғанда тартым мәрімін шеміштерімен ұстап жүктелген тарамды кері жүргізбеу үшін конвейердің же-тегі қырылдақ немесе аунақшалы кідермемен жабдықталған. Тартым мәрімі бұрама тартқыш қүрылғымен жетектегі 5 атанақты (жұлдызшаны) жылжыту арқылы керіледі.
Шөмішті конвейерлерде үш түрлі шөміштерді пайдаланады: қүрғақ және оңай ақтарылатын материалдар үшін - терең (3.11, г-сурет), ылғалды және нашар сусымалы материалдар үшін - ұсақ (3.11, д-сурет), кесек материалдар үшін - қабыршықты (3.11, е-сурет). Терең және ұсақ шөміштер белгілі бір қадам мен, жылу жылдамдығы 1,2..2 м/с тартым мәріміне бекітілген және конвейердің төменгі нүктесінен өткенде көсіп алу
арқылы тиеледі (3.11, а, б-сурет). Ұсақ және терең шөміштер жетекші атанақ тұсынан өткенде пайда болатын центрден тепкіш күштін әсерімен босайды. Қабыршықты шөміштер жылжу жылдамдығы 0,4...0,8 м/с тартым мәріміне тізбектелген, ал материал тиеуші науадан беріледі (3.11, в-сурет). Мұндай шөміштерден материал өз салмақ күшімен босайды. Шөмішті конвейерлер өздігінен дербес тасымалдаушы қүрылғы ретінде де, сонымен қатар бетон және асфальтбетон қоспаларын жасайтын тораптар, қондырғылар құрамында да қолданылады.
Шемішті конвейерлердің техникалық өнімділігі, м3 /сағ :
П = 3,6 q n¢ e,
мұндағы q - шөміштің сыйымдылығы, л; e - шөміштің толу еселігі (0,4...0,8); n¢- шөміштің босау саны (n¢=v/t), с-1 ; v -таспаның немесе шынжырдың жылжу жылдамдығы, м/с; t -шеміштер қадамы, м.
Бурамалы конвейерлер (3.12-сурет) сусымалы, кесек және қоймалжьвд заттарды горизонтальды немесе еңістікте (еңіс бұрышы 20°-қа дейін) З0...40м қашықтыққа дейін тасымалдауға қолданады. Өнімділігі - сағатына 20...40 м3
3.12 - сурет. Бұрамалы конвейер
Заттарды түбі жартылай дөңгелек науада 3 айналатын бұрама (шнек) 5 арқылы тасымалдайды. Машинаға науаның тиеуші келтеқүбыры 6 арқылы түскен тасымалдаушы затты бү-рама науаның түбімен түсіруші келтеқүбырына 7 дейін жылжытады. Бұрама айналымды (жиілігі 0,6...2с"') электрлі қозғалтқыштан 1 тісті бәсеңдеткіш 2 арқылы алады. Бұраманы аралық аспалы мойынтіректерде 4 өзара қосылысқан жеке бөлшектерден құрайды. Бұрамалардың стандартты диаметрі 0,1...0,8 м. Бү-рама бір және екі кірмелі, қадамы тұрақты, орамы оң немесе теріс бағытты болады. Бұрамаларды төмендегіше айырады: ұнтақталған құрғақ, түйіршік заттар (цемент, бор, гипс, гранулданған кож) үшін - тұтас (3.12, б-сурет), уақкесекті заттар (малта тас, шағылтас, гранулданбаған кож) үшін - таспалы (3.12, в-сурет), ылғал, жатып қалған және қоймалжың заттар (сүйык балшық, ерітінді және бетон қоспалары) үшін - пішінді (3.12, г-сурет), бетон қоспалары үшін - қалақты (3.12, д-сурет). Бұрамалы конвейерлердің құрылымы бір типті, өзара ауыстырмалы унификацияланған, ұзындығы 2...4 м бөліктерден жинастырылады, ал бөліктер саны заттарды тасу қашықтығымен анықталады. Бөліктердін көлденең қимасы, ұзындығы әртүрлі. Бұрамалы конвейердің техникалық өнімділігі,м3 /сағ:
Пт
= 900 × p × d2 × t × n × e × c,
мұндағы d және t - бұраманың
диаметрі мен қадамы
(d=t), м; п - бұраманың айналым жиілігі, с-1; e - науаның толу еселігі (е =0,25...0,45); с - конвейердің еңістігін ескеруші еселік (с=1...0,65).
Дірілді конвейерлерді сусымалы жүктерді горизонтальды, еңіс (еңіс бүрышы 15°дейін) бағыттарда тасымалдауға қолданады. Оларды жетек ретінде эксцентрикті, инерциялық, теңгерілмеген, электромагниттік, гидравликалық және пневматикалык дірілқоздырғыштарда пайдаланады. Эксцентрики діріл жетегімен жабдықталған конвейердің (3.13-сурет) жүмыс мәрімі қиылымы тік төртбүрышты науадан 1 тұрады, ол тірек қаңқасына 2, көлбеу орналасқан серпімді элементтерден 3 қүралған серіппегішке сүйенеді. Дірілді конвейердің жетегіне эксцентрики білік 4, жүмыс мәрімімен байланысқан таспалы бүлғақ 5 жатады. Эксцентрики білік 4 сынақайысты беріліс 6 арқылы электрлі қозғалтқыштан 7 айналады. Сонда бұлғақ мойынтірегі тұрқымен қоса айналымды қозғалыста болып, таспалы бұлғақ жүктемені діріл бұрышы Р бағытында жұмыс мәріміне 1 береді. Тасымалданушы материал науаның алға жылжуынан ондағы затқа күш импульсын береді, одан материал түйірі алға, Р бұрышы бағытында жылжиды.