Гкотеип тасымалдау машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций

Краткое описание

Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тастанбеков-ворд-2010.doc

— 4.09 Мб (Скачать документ)

Барлық пневмодоңғалақты жебелі крандар шығымды бұрамалы немесе гидравликалық тіректермен жабдықталады, олар кранның орнықтылығын арттырып, машинаның жүру бөліктерін жүктемеден босатады. КСРО-ның заводтарында жасалған лсебелі крандарды индекстеу жүйесі 4.22-суретте берілген.

Кранның әр моделіне индекс беріледі. Ол - екі әріптен КС (кран стрелевой), төрт цифрдан, одан кейін тағы екі әріптен түрады. Онда кранның негізгі сипаттамалары шартты белгілен-ген (шифрланған).

4,22-сурет. Жебелі өздігінен жүретін крандарды индекстеу жүйесі

Кранның жүру жабдығының типін белгілеу мынадай: Г -шынжыр табанды; ГУ - шынжыр табанның ені үлкейтілген; П -пневмодоңғалақты; Ш - шассиі автомобиль типті арнаулы; Ав -жүктік автомобильдің шассиі; Тр - трактор; Пр - жүру құрылғысы тіркемді. Кран климатқа байланысты белгіленеді: ХА - суық, Т - тропикалық, ТВ - тропикалық ылғалды климатқа арналған (орташа климатқа әріп қойылмайды). Мысалы, кранның танбасы КС - 4571АХЛ оның мағынасы мынадай: кран өздігінен жүретін, жүккөтергіштігі 16 т, автомобиль шассиінде жұмыс жабдығы қатаң аспаланған, моделі бірінші және жаңғыртылуы да бірінші, суық климатқа арналған. Басқаша индекстеу де өмірде орын алып отыр. Мысалы, МКГ-25БР-шынжыр табанды жинақтау краны, жүккөтергіштігі 25 т, көтеру жабдығы мүнаралы-жебелі; шынжыр табаны жайылмалы (раздвижно), СКГ-63А -жебелі, шынжыр табанды кран, жүккөтергіштігі 63 т, жаңғыртылуы А - бірінші.

4.4.1. Автомобильді крандар. Жасалатын автомобильді крандардың жүккөтергіштігі 4; 6; 3; 10 және 16 т. Оларды екі немесе үш осьті жүктік автомобильдерге жинақтайды. Автомобильді крандардың барлық механизмдері оның қозғалтқышынан жетек алады. Жетек типіне қарай автомобильді крандарды механикалық (көбінесе кіші типті өлшемділер), гидравликалық және электрлі жетекті деп айырады. Крандар негізгі жебеден басқа қазмойынмен ұзартылған жебелермен, мұнара-жебелермен, ал гидравликалық крандар суырмалы жебелермен жабдықталады.

Кетеретін жүктің массасына және жебенің шығымына байланысты крандар шығым тірегімен немесе онсыз жұмыс атқара алады. Массасы жебе шығымына қарай тиісті көтерімділігінен кем, кранның осі бойы орналасқан («жебе артқа»), 0,5 метрге көтерілген жүкпен сағатына 5 шм-нан кем жылдамдықпен құрылыс алаңы шебінде жылжи алады. Механикалық жетекте жұмысшы қозғалыстардың жылдамдығын қозғалтқыштың айналым жиілігімен және беріліс қорабы арқылы, ал айналым бағытын - конусты лоне цилиндрлі кері қимылдарымен ретж-тейді. Механизмдерді (лсалғастырғыштарды, телсегіштерді) автомобильдің қозғалтқышынан жетек алатын сығымдағыштың пневматикалық жүйесі арқылы басқарады.

Гидравликалық және электрлі жетектер кранның кинематикалық сұлбасын айтарлықтай жеңілдетіп, оның технологиялық мүмкіншілігін кеңейтеді және жұмысшы қозғалыстың жылдамдығын реттеуді жақсартады. Гидравликалық кранның жалпы көрінісі 4.23-суретте берілген. Оның негізгі жұмысшы жабдығы жылжымалы және жылжымайтын бөліктерден құралған суырмалы жебе 1. Жебенің жылжымалы бөлігі екіжакты эсерлі гидроцилиндр 2 арқылы суырылады. Жебенің еңістік бұрышын параллельді эсер етуші гидроцилиндрмен 3 өзгертеді, ал жебенің берілген күйін гидроцилиндрдің соташығы гидроқұлып арқылы орнықтырады. Жүкті көтеріп, түсіруді гидромотордан 10, бәсеңдеткіштен 8, атанақтан 9 және қалыпты-түйыкталған тежегіштен түратын жүкшығыр атқарады. Айналу механизмі 7 гидромотордан 6, шыға беріс білігінде тірек-бұрылу шеңберінің тәжімен ілінісетін тістегеріш орнатылған бәсеңдеткіштен 4 тұрады. Бүрылу механизмін тежегіш 5 арқылы орнықтырады.

Гидравликалық сорғы 11 қозғалысты беріліс қорабы 13 мен қуат алу бәсеңдеткіші 12 арқылы автомобильдің қозгалтқышынан 14 алады. Жетек жүйесі мен оны басқару төмендеп операцияларды үйлестіруге мүмкіндік береді: жүкті көтеріп, түсіруді - жебенің көтеріп, түсірілуімен, платформаның бұрылуымен, суырмалы жебе секциясының шығарылуымен, енгізілуімен; жебені көтеріп түсіруді - оның секциясының шығарылуымен және енгізілуімен, платформаның айналуымен; платформаның бұрылуын - жебе секциясының шығарылуымен және енгізілуімен.

 Электрлі жетекті крандарда әр механизмнің автомобиль қозғалтқышынан айналыс алатын, генератор энергиясынан коректенетін меншікті электрқозғалтқыштары болады.

Автомобиль крандары оларды қауіпсіз пайдалануға арналған әртүрлі шектегіштермен, нұсқағыштармен жабдықталады.

4.4.2. Пневмодоңгалаңты крандар. Олардың жүккөтергіштігі 25, 40, 63 және 100 т. Пневмодоңғалақты крандардың үлкен жүккөтергіштігімен бірге, айтарлықтай көтеру биіктігі (55 м-ге дейін) және ілгек шығымы (30 м-ге дейін) оларды өндіріс кәсіпорнының, жылу электростанцияларының құрылысында және технологиялық жабдықтарды орналастыруда кеңінен қолдануға себепші болды.

Пневмодоңғалақты кран негізгі екі өзара тірек-бұрылу құрылғысымен қосылысқан бұрылу және жүру бөліктерінен тұрады. Кранның бұрылу белігінде жұмыс жабдықтары, күштік қондырғы, жүк көтеруші, жебе шығымын өзгертуші және бұрылу бөлігін айналдырушы механизмдер мен басқару кабинасы орналасқан. Кранның барлық механизмдері меншікті электрлі Г-Д жүйесі бойынша жасалған түрақты ток жетектерімен жабдықталған.

Жүру бөлігі автомобильдікі типті жетекші және жетектегі белдіктерге сүйенген, пісіріп жасалған қаңқадан және шығымды тіректерден тұрады. Белдіктер саны (2...5) кранның жүккөтергіштігіне байланысты. Жүккөтергіштігі үлкен крандарда белдіктер жүру қаңқасына қатаң асылған теңгерілуші арбашықтарга біріктіріледі. Белдіктердің қатаң асылуы кранның жылжуын сағатына 18 шм-ға дейін шектейді. Жұмыс атқару кезінде кран шығым тіректеріне сүйенеді. Кранның жүктік сипаттамасына сәйкес ол шығым тірегінсіз жұмыс атқаруына және ілгектегі көтерілген жүктен жылжуына болады.

Автомобиль типті арнаулы шассидегі крандардың (4.24-сурет) жүккөтергіштігі 25...250 т, жылжу жылдамдығы 60...70 шм/сағ.

Арнаулы шасси құрылымы дағдылы автомобиль шассиінен белдіктер санымен, олардың орналасуымен, аспаларының кұрылымымен және басқару жолымен едәуір өзгеше (4.24-сурет).


4.24 - сурет. Жүккөтергіштігі 120 т арнаулы шассидегі автомобиль типті жебелі кран

Мұндай крандардың енді бір өзгешілігі - біреуі шассиге, ал екіншісі - кранның бұрылу бөлігіне орналастырылған екі қозғалтқышпен 1 және 4 жабдықталған. Шассиге орналастырылған қондырғы кранның жүруін (жылжуын) және шығым тіректерін 6 басқаратын гидравликалық сорғының жетегін қамтамасыз етеді. Бұру бөлігіне орналасқан қондырғы кран механизмдерінің жұмысына жетек береді. Ол дизельден, бір немесе бірнеше гидромоторларды қоректендіретін сорғылардан тұрады. Ол сорғылар кетеру жебедкаларының 5 атанақтарын айналдыратын моторлардан басқа, жебені көтеріп-түсіретін 3 және суырмалы жебенің секцияларын жылжытатын гидроцилиндрлерді 2 қоректендіреді.

 

4.4.3. Шынжыр табанды крандар. Жебелі крандарға шынжыр табанды жүру (жылжу) жабдығын қолдану қатар - 16, 25,40, 63, 100, 160, 250 тонналық (4.25-сурет) кран дардың жасалуына әкеліп соқты.

4.25 - сурет. Жүккөтергіштігі 160 т шынжыр табанды кран: а - негізгі жебе; б - ұзартылған жебе; в - мұнаралы-жебелі жабдық; г - жүккөтергіштік графигі; 1 - негізгі жебемен; 2 - мұнаралы-жебелі жабдықпен жүккөтергіштік графигі

 

Шынжыр табанды крандар шығым тірегінсіз жұмыс істейді және құрылыс алаңында кез келген бағытта сағатына 0,5.. 1 км жылдамдықпен жылжи алады. Ондай крандардың үлкен маневрлілігі мен жүккөтергіштігі оларды құрылыстың әртүрлі саласында қолдануға мүмкіндік жасап, арнаулы кран асты жолын керек ететін мұнаралық крандарға үлкен бәсекелестік тудырады. Шынжыр табанды кранның негізі - тірекбұрылу құрылғысы арқылы кранның жылжу бөлігіне сүйенетін бұрылмалы платформа. Бұрылмалы платформаға жұмысшы жабдықтары, күш қондырғысы, жүк және жебе жүкшығырларының механизмдері, бұру механизмі мен басқарү жүйесі жинақталған. Жүккөтергіштігі 25 т-дан асатын ауыр шынжыр табанды крандардың электрлі жетегі қозғалтқыш-генератор қозғалтқыш жүйесімен жұмыс істейді.

Кран шынжыр табанына көлденең жұмыс атқарғандз оның қадам тірегін өсіру мақсатында, кейбір модельдерде көсілмелі (ысырмалы, жайылмалы) шынжыр табан арбашығын колданады.

Мұндай крандарды бір құрылыс алаңынан екіншісіне арнаулы ауыр тартқыштармен тасымалдайды.

 

4.4.4. Төрт таганды, көпірлік және кабельдік крандар аралық типті крандарға жатады. Жебелі крандармен салыстырғанда, тұрақты жүккөтерімді, орнықтылығы артық, массасы аз, бірақ маневрлілігі кем және жинақтауы күрделі. Төрт тағанды крандарды қоймаларда және құрылыс бұйымдары заводтарында, ірілеп жинақтау алаңшаларында көтеріп-түсіру жұмыстарын механикаландыруда, құрылыс кұрылмалары мен технологиялык жабдықтарды жинақтауда, жылжу және атом электр станцияларының бас корпустарын салғанда, ірі өндіріс жабдықтарын жинақтағанда кеңінен қолданады (4.26-сурет).

Төрт тағанды крандарды жалпылама жұмыстарға жәнс жинақтауға арналған деп бөледі. Жалпылама крандардың жүк-көтергіштігі 5 т-ға дейін, ал жинақтаушылардікі - 500 т-ға дейін Кранның аралық мөлшері мен көтеру биіктігін технологиялык міндетіне қарай қояды.

Төрт тағанды кранда көтеруші құрылым қызметін екі тірекке 7 сүйенген белдік 2 атқарады. Белдіктің бойымен жүк қарпығышы бар арбашық 3 жылжиды. Кранның тіректерінің әрбіреуі рельсті темір жолмен жүретін қозғалу арбашықтарына 8 орналастырылған. Мұндай крандардың жүктік арбашығы белдіктің үстіңгі немесе астыңғы белдемесінде жылжиды. Құрылымы құрастырмалы крандар көп тараған, оларда үстіңгі белдемемен - негізгі, ал астыңғымен жүккөтергіштігі төмен көмекші арбашық 9 жылжиды. Крандардың белдіктері шығым консолімен немесе консолсіз де жасалады. Шығым консолінің ұзындығы аралық ұзындығының 25...30 % құрайды.

Жүктік арбашық белдікті бойлап, электрлі кері қимыл жүкшығыры 1 арқылы жылжиды (4.26, б-сурет). Көтеру механизмі белдіктің екі жағында симметриялы орналасқан және ортақ траверсаға 5 жұмыс атқаратын екі полиспастан 4 тұрады. Полиспастың үстіңгі блоктары арбашықтың мойынтіректерінде, ал астыңғысы - траверсада орналасқан. Ауыр жинақтағыш крандарда жүкті өте баяу жылдамдыкпен қою үшін жүк көтеру механизмінде төрт жүкшығыр пайдаланылады (4.26, в-сурет).

4.26 - сурет. Жүккөтергіштігі 100 т терт тағанды кран: а - кранның сұлбасы; б - арбашықтың жылжу механизмінің арқан қорының сұлбасы; в - жүк көтеру механизмінің арқан қорының сұлбасы

Суреттегідей асылғанда барлық жүкшығырларды қосып немесе екіден 10 мен 11 немесе 12 мен 13 іске қосып немесе 10 мен 11 бір жаққа, ал 12 мен 13 оларға қарсы жаққа қосып, жылдамдықты үлкен аралықта реттеуге болады. Белдікке түсетін жүктемені кеміту мақсатында жүктік және тартқыш жүкшығырларды тіректерге немесе оларға қатаң бекітілген аралықтарға орналастырады. Кранды кабинадан 6 басқарады. Қозғалу арбашықтарында бөлек жетегі бар айдауға қарсы бекітпелер орналастырылады. Дауыл соққанда анемометр автоматты түрде бекітпелердің электрқозғалтқышын жұмысқа қосады.

Төрт тағанды крандардың көпшілігі - өзі жинакталатындар.

Жартылай төрт таганды крандар (4.27-сурет), әдетте. биікке орналасады, ол құрылыстың құрылмасына, мысалы жылу электр станциясының бас корпусының этажеркасына салынған жолмен 4 жыллшды.

4.27 - сурет. Жартылай төрт тағанды кран

Көтеруші белдік 3 және қатаң жасалған тірек 5 Г-тәрізд: қаңқа қүрайды. Кранның салмағын кеміту мақсатында көтеру механизмінің 2 және жүк арбашығының жылжу механизмінің 1 жүкшығырлары қатаң тірекке орнатылады.

Жылуэнергетика құрылысында жүккөтергіштігі Ю...30т. аралық ұзындығы 11...28 м, көтеру биіктігі 16...60 м жартылай төрт тағанды крандарды пайдаланады.

Көпірлік крандарды (4.28-сурет) электр станцияларын, іргетастарды салу үшін, ірі жабдықтарды және құрылыс құрылмаларын жинақтауға пайдаланады. Құрылыс жұмыстары біткеннен кейін кранды штат жабдығы ретінде технологиялық жұмысты орындауға пайдаланады. Көпірлік кран екі негізгі бөліктен: көпір (белдік) 2 мен жүктік арбашықтан 3 түрады. Белдік-көпір - металдан жасалған жылжу механизмдерінен 6 козғалыс алатын, жүру дөңгелектеріне сүйенген құрылым.

Жылжу механизмі тікелей арқалыққа орналасады да, рельсті жолмен кранды горизонталь бағытта жылжытады.

4.28 - сурет. Көпірлік кран

 

Көпірдің құрылымына байланысты бір және екі арқалықты көпірлік крандар деп бөлінеді. Бір арқалықты крандардың жүккөтергіштігі 10 т-ға дейін, ал аралық мөлшері үлкен емес (5...17 м) болып жасалады. Жүккөтергіштігі үлкен крандардың белдігі бір-бірімен қосылған қимасы қорап немесе тавр тәрізді екі арқалықтан түрады. Белдіктің арқалығын бойлап жүктік арбашық жылжиды. Арбашық жүру дөңгелектеріне сүйенген қаңқадан, жүк көтеру 4 және жылжу 5 механизмдерінен тұрады. Көпірлік крандардың жүк көтеру, белдіктің және арбашықтың жылжу механизмдерінің әрқайсысы жеке қозғалтқыштан қимыл алады. Қимыл алу сұлбасы кәдімгідей: козғалтқыш-жалғастырғыш-тежегіш-бәсендеткіш-орындаушы мәрім (жүру доңғалағы немесе жукшьіғырдьщ атанағы). Кранды кабинадан 1 басқарады.

Кабельдік крандарда (4.29-сурет)жүктік арбашықты 6 тартым арқаны 5 жылжытады. Арбашық екі діңгектің 1

4.29 - сурет. Кабельдік кран

арасыні тартылған болат сымнан жасалған арқанмен 3 жылжиды. Кранның діңгектері зәкірге бекітілген ванталармен 2 керілген. Жүктік арқан 4 жүктік арбашықтың ілгек аспасымен полиспаст 8 кұрайды. Осы арқанның бір басы - діңгекке, ал екіншісі - жүктік жүкшығырдың атанағына бекітілген. Жүк көтеруші арқанды полиспаст 7 керіп түрады. Кранның жүкшығырлары оның діңгектерінің тіректерінде орналасқан.

Кабельдік крандарды кұрылыс материалдарын су бөгеттерінен өту үшін, ірі тетіктерді СЭС (су электростанцияларына беру үшін басқа крандарды пайдалану мүмкіншілігі жоқ болғанда пайдаланады. Кабельдік крандардың тағы бір артықшылығы - оның жұмыс ауқымы кең, 250...400-ден 1000 м-ге дейін. Мұндай крандардың жүккөтергіштігі 5..15 т, кей кезде 25 т-дан асады.

 

8. БЕТОНДАР МЕН ЕРІТІНДІ ҚОСПАЛАРЫН ДАЙЫНДАУ, ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ БЕТОН ҚОСПАЛАРЫН ТӨСЕУ МЕН НЫҒЫЗДАУ МАШИНАЛАРЫ

 

8.1. Бетон заводтары

 

Қызмет корсету аумағында жұмыс істеу мерзіміне қарай бетон заводтары тұрақты, жартылай тұрақты және жылжымалы деп аясыратылады. Тұрақты бетон заводтары дайын бетон қоспасын, құрғақ қоспаны және бетон, темірбетон бұйымдарын жасайды. Олар тәулік бойы лсұмыс істейтін қондырғылармен лсабдықталады. Жартылай тұрақты заводтар негізінен белгілі бір құрылыс объектісіне қызмет етуге арналады да, құрылыс жұмысы ол объектіде аяқталғанда, келесі жерге көшіріледі. Жылжымалы бетон заводтары, әдетте, бір жерде бір құрылыс маусымы бойы қызмет атқарады. Олар аз уақытта аз шығынмен жедел бөлектеніп-жинақталатын және жылжымалы, мобильді қондырғылармен жабдықталады.

Негізгі жабдықтарының типіне қарай бетон заводтары циклді және үздіксіз әсерлі болады. Циклді әсерлі заводтарда тиеу, араластыру, түсіру (арылу) сияқты жұмыс циклдері қайталанатын құрылыс машиналары қолданылады. Үздіксіз әсерлі заводтарда аталған жұмыс түрлері бір уақытта және үздіксіз атқарылады.

Негізгі жабдықтарының үйлес тірілуіне қарай заводтар екі түрлі болады: 1) мұнара типті, онда қоспа құрамындағы заттар жоғарыда орналасқан (мұнарада) таратқыш құрылғыдарда көтеріледі де, олар темен орналасқан жабдықтарға өз салмақ күшімен гравитация әсерімен беріледі; 2) партер типті, онда жабдықтар екі-үш сатылы сұлбамен орналасады, қоспа құрамындағы заттар екі, үш рет көтеріліп-түскенде мөлшерленіп, араластырылып, соңында көлік құралдарына тиеледі.

Басқару жүйесіне қарай заводтар пульттан тікелей, қашықтан автоматты басқарылатын және завод-автомат деп ажыратылады.

Информация о работе Гкотеип тасымалдау машиналары