Гкотеип тасымалдау машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций

Краткое описание

Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тастанбеков-ворд-2010.doc

— 4.09 Мб (Скачать документ)

ТК жұмыстарының орташа алғанда 40% тексеру мен реттеуге келеді. Машиналардың негізгі болшектерін тексеру, диагностика жасау мен реттеу тәсілдері техникалық пайдалану мәселелерінде арнайы айтылады. Бұл жерде аталған жұмыстар тек машиналардың қасиеттері төмендеуінің алдын алу және қалпына келтіруде негізгі екендігі ескертілген. ТК-нің соңғы операциясы - машинаға жанармай құю.

 

11.1-сурет. ТК технологияляқ процесінің  үлгі сұлбасы

Техникалық күтім құрылыс машинасының түріне қарай жедел жүргіш, баяу козғалғыш, пневмодоңғалақты. шынжыр табанды немесе бір орнында түрып жұмыс істейтін және бүлардан басқа да машинаны пайдалану жағдайына қарай күтім жұмыстарының түрін ескеріп, кәсіпорынның шеберханасында, әдейі арналған поста немесе жұмыс басында өткізіледі. Бірінші жағдайда күтім және жөндеу жүмыстарын ұйымдастыру машина базасының өндіріс процесінщ сұлбасына сәйкес жасалады. Бүл сұлба бойынша кәсіпорын орынжайына келген машина алдымен диспетчерлік-тексеру пунктінен өтеді (11.2-сурет). Бұл жерде ТК мен жөндеу жоспары, жүргізушінің сұранысы немесе тексерушінің қорытындысы бойынша машинаға тіркеу кағазы толтырылып, ол тазалау, жуу жұмыстарын орындайтын күнделікті күтім (КК) пунктіне жіберіледі. Ешкдндай күтім қажет етпейтін машина сақтау тұрағына барады.

Ал күнделікті күтімге жіберілген машина жуылып, тазаланган соң, диагностикадан өткізіліп не ТК немесе жеңіл-желпі жөндеу орындарына жіберіледі. Техникалық кұту барысында жөндеу жұмыстарының қажеттілігі анықталса, машина жөндеу зонасына түсіріледі. Машина алмасуы керісінше де болып тұрады. Техникалық күту мен жөндеуден өткен машиналар сақтау тұрағына жіберіледі.

11,2-сурет. Машина шоғырлану базасының өндіріс про-цесінің сүлбасы

 

Кәсіпорынның технологиялық процесінде диагностиканың орны әртүрлі: ол ТК не ЖЖЖ зоналарында немесе жеке орналасуы мүмкін (11.2-сурет). «Ұсыныстамада» ескертілгендей, жоспарлы ТК мен жөндеудің әр жолы қай жерде өткізілетіндігін жоғары сапада эсер етуші факторларды сұрыптау арқылы кәсіпорынның бас инженері шешеді. Техникалық күтімнің технологиялық барысын ұйымдастыру түрін тандауға мына негізгі факторлар әсер етеді: өндірістік бағдарламаның мөлшері; машина паркінің құрылым түрі мен олардың саны; күтімді шеберханада, уақытша дала паркінде немесе жүмыс орнында өткізудің өндірістік қажеттілігі; күтім жұмыстарын өткізуге арналған тұрақты және жылжымалы механикаландырылған қондырмалар мен машинаны күтім орнына таситын арнаулы көліктердің баржоғы.

Техникалық күтім жұмыстары шеберханада үйымдастырылғанда, өндірістік бағдарлама әмбебап немесе арнайы постарда орындалады. Күтімді әмбебап постарында өткізудің мағынасы - технология барысында қарастырылған барша жүмыс бір типті түйық әмбебап постында жасалады. Тұйықталған постарда күтім жұмыстарының ұзақтығы әр поста әртүрлі болуы мүмкін. Ол әрбір поста жұмыс мөлшері әртүрлі болуына мүмкіндік береді, ендеше әрбір поста әртүрлі машинаға күтім өткізуге болады. Құрылыс машиналары көп типті болғандықтан, ондай машиналар шоғырланған кәсіпорындарда ТК әмбебап постарында орындалуы көп тараған. Бұл тәсілдің бірталай кемшіліктері де бар: машинаны посқа орналастырып, посты босатуга артық уақыт кетеді; машина посқа шығып-түсіп жүріп шеберхананың ауасын жастайды; әр поста қондырмалар кейде бір типті қайталанады т.с.с.

Арнайы мамандандырылған постар бірінен кейін екіншісі тізбектеліп орналасады, мүндайда әр пост бірқалыпты жұмысты орындайды (11.3 - сурет).

Мұндай жағдайда пост жұмысшылары, біржақты маман және машина әр поста біркелкі уақыт тұрады. Соңғы шарт жекеленген постарда жұмысшы санын азайтып-көбейту арқылы реттеледі. Техникалық күтімді толассыз жағдайда өткізу уақыт ережесін қатаң сақтауды талап етеді, оның сақталмауы пост жұмыстарының үйлесімділігін бұзады.

I

®®

II

®

III

®

IV

®

V


11.3-сурет. Мамандандырылған тізбекті постардағы жұмыстардың сұлбасы:

І-жинақтау, тазалау; ІІ-жуу; ІІІ-бекіту; IV-майлау; V-реттеу.

 

Бұл ТК ұйымдастыру тәсілі машиналардың және жұмысшылардың жүрісін азайтады, өндірістік ғимараттың ауданын үнемдейді. Күтімді толассыз тәсілмен орындағанда конвейерді қолдануға болады. Мекемеде бір типті машиналар көп болғанда, толассыз тәсіл орынды. Зерттеу нәтижесінде ТК-1-дің тәуліктік бағдарламасы 10 күтімнен артса, ал ТК-2 4-5-тен асса толассыз тәсіл өзін-өзі ақтайтыны анықталды [4].

Машиналардың күтім жұмыстарын жақсартудың тағы бір жолы - жұмыстарды мамандандыру және механикаландыру. Елімізде құрылыс машиналарына ТК-ді жұмыс орнында (құрылыс басында) мамандандырылған буындармен ұйымдастыру тәжірибесі бар. Оның негізгі мағынасы - машинаға 3-6 кісіден құралған шеберлер буыны күтім жасайды. Буынның әр мүшесі бекіту, майлау, тазалау, тексеру, реттеу жұмыстарының бір, екі түріне маманданады. Буын мүшелерінің жанына күтім алушы машинаның жургізушісі де кіреді. Механикаландырылған буындар АТУ, ГОСНИТИ-2, А-701 сияқты жыллсымалы шеберханалармен камтамасыздандырылады.

Жылдық ТК мен жөндеу жоспары арқылы лсүмыстардың бағдарламасы есептеледі (Пто), ал керекті буындар саны төмендегі формуламен анықталады:

Pzтозг×b

Мұндағы b-механикаландырудың нәтижесінде еңбек сыйымдылығынын кему еселігі (АТУ-да Р= 0,6; А-701-де р = 0,7); Т3.г. - буыннын жылдық жүмыс сағаты.

Бір буынның неше машинаға күтім жасайтыны мына формуламен анықталады:

 

пм= Тз*г /tтог

 

мұндағы  tтог- бір машинаның жылдық ТК-ге кететін еңбек сыйымдылығы.

 

11.2.2. Жеңіл-желпі жөндеудің технологиялық процесін уйымдастыру. Пайдаланушы базаларда құрылыс машиналарының жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары өндіріс бөлімшелерінде және жөндеу аумағының әдейі арналған постарында өткізіледі. Жеңіл-желпі жөндеудің технологиялық процесінің типті сұлбасы (11.4-сурет) бойынша машина қабылданып, жуып тазаланғаннан соң, жөндеуші посқа орналастырылады. Бүл поста машина бөлшектеледі, базалы тетіктері жөнделеді және жөнделген агрегаттары мен бөлшектері қайтадан орындарына құрастырылады. Бұл жұмыстар тізбегі пост жұмыстары деп аталады. Орнынан алынған агрегаттар әр тетікке бөлшектеледі де, жуған соң сұрыпталады: іске жарамайтындары - қоқысқа, ал ақау, кемістігі барлары жөндеуге жіберіледі. Іске жарайтын, жөндеуден өткен және қоймадан алынған лсаңа тетіктер жинақталып, агрегаттар құрастырылады. Сынаудан өткен соң машина да тиісті орнына орналастырылады. Аталған жұмыстар әртүрлі өндіріс бөлімшелерінде орындалады. Жинақталған машина сыналып, боялған соң сақтау аумағына жіберіледі.

Келтірілген технологиялық сұлба машина пайдалану базасында толық орындалмайды, мысалы, тетіктер мен агрегаттарды қалпына келтіру және машинаны бояу көбінесе лсөндеу заводтарында жасалады. Пайдалану базаларында жабдықталуына қарай істен шыкқан тетіктер мен кейбір агрегаттар ғана қалпына келтіріледі. Жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары «ұсыныстамада» көрсетілген орташа нормаға сай жоспарланады, мұндай жөндеу жүйесі келісілген, себебі жөндеу жұмыстары керегіне сай мерзімді күту жасаганда өткізіледі. Сондықтан уақ-уак жөндеудің бір бөлігі ғана жоспарлы түрде іске асырылады, дәлірек айтқанда, еңбек өнімділігінің 40%-ы осылайша өткізіледі.

Сонымен, жеңіл-желпі жөндеу жұмыстарын екіге бөлуге болады, оның бір бөлігі постарда, екінші бөлігі шеберхананың өндіріс бөлімшелерінде орындалады. Постарда бөлшектеу, құрас тыру, бекіту және реттеу жұмыстары жасалады. Бұл жұмыстар жалпы ЖЖЖ жұмыстарының 30-40% құрайды. Жеңіл-желпі жөндеу жұмыстарының калғандары агрегатты, электротехникалык, аккумулятор, доңғалақ жөндеу мен құрастыру, мысты тетіктерді жөндеу, ұсташылық, пісіру, механикалық зергерлік, ағаш шеберлігі, бояу бөлімшелерінде орындалады. Шеберхана машина жөндеуден басқа өз мұктажын қалпына келтірумен де айналысады.

11.4-сурет. Жеңіл-желпі жөндеудің технологиялық процесінің үлгі сұлбасы

 

Жеңіл-желпі жөндеу екі түрлі болады: арнайы жәңе жалпы. Машинаны арнайы тәсілмен жөндегенде, оңың ақауы бар агрегатын бөлшектеп, жөндеп, сол машинадағы оз орнына қояды. Жалпы немесе агрегатты жөндеу тәсілі жетілген деп саналады. Мұнда істен шыққан агрегатты алдын ала жөнделген немесе жаңа агрегатпен алмастырады, ал орнынан алынған агрегат жөнделген соң айналым қорына түседі. Машинада алмастырушы агрегатты орнынан алу және машинаны жөнделген, жаңа агрегаттармен құрастыру жұмыстары жасалады. Агрегатты тәсілмен жөндеу оны машинаның тікелей жұмыс орнында (құрылыс басында) ұйымдастыруі а мүмкіндік туғызады. Механикаландыру базасы құрылыс басынан алыста болған жагдайда агрегатты жөндеуді қолдану машинаның жөндеуде тұру уақытын азайтады, тасымалдау шығынын кемітіп, шеберхананың жұмысын бірқалыпты етіп жүктеуге мүмкіндік туғызады.

Құрылыста агрегатты женіл-желпі жөндеу негізгі тәсіл болуға тиісті. Алайда ол тәсілді іс жүзіне асыру үшін бірқатар ұйымдастыру-техникалық мәселелеріи шешу керек: айналым агрегаттарыньщ жеткілікті болуы, жөндеу заводтарында немесе орталық жөндеу шеберханасында (ОЖШ) агрегаттарды жоғары сапалы жөндеуді уйымдастыру. Бұл мәселелерді шешу үшін ОЖШ-ның жанынан тиісті жабдықтармен жеткілікті түрде қамтылған арнайы бригада құру керек. Олар кұрылыс басындағы машиналардың агрегаттарын ауыстыруы, ОЖШ немесе жөндеу заводтарына істен шыққан агрегаттарды жеткізуі керек. Бригаданың жұмысын іс маманы - механик ұйымдастырып, тексеруі керек. Егер құрылыс кәсіпорнында машина түрлері бірнешеу болса, олардың әрқайсысының санына қарай әртүрлі машиналармен айналысатын мамандандырылған бірнеше бригада ұйымдастырылады.

Агрегаттарды орнынан алып, оны қайта орналастыру үшін көтергі құралдары, тасымалдау көліктері, толық кілттер тізбегі, бір-біріне тығыздалып кигізілген тетіктерді орнынан суыру үшін алсыратқыш қүралдары қолданылады, олардың бірнеше түрі болуы керек. Алмастыру жұмыстарын орындау үшін тегіс орынды тандайды, ал трактор, автогрейдер сиякты машиналарды жөндеу үшін арнаулы көтергі, эстакада қолданылады.

Агрегаттар алдын ала дайындалған жұмыстар тізбегі, технологиялық карталар бойынша алмастырылады. Жұмыс жағдайына, кәсіпорынның мүмкіншілігіне байланысты агрегатты тәсілмен қатар, кейбір машиналар дербес тәсілмен жеңіл-желпі жөндеуден өткізіледі. Мұндай лсағдайда жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін тиісті құралсаймандар болу керек. Кей жағдайда бір машинаға жөндеудің екі түрі қатар қолданылуы да мүмкін, мысалы, машинаның моторы агрегатты әдіспен алмастырылып, ал күрделі емес агрегат дербес тәсілмен жөнделеді.

Айналым қорыидағы агрегаттардың қажеттілік саны бір типті машиналардың санына, оның жылдық жоспарлы жұмыс сагатына, бөлшектердің жұмыс істеу шегіне және айналым уақытына байланысты мына формуламен аныкталады:

 

Оф = (А×М×В×Нпл/365 ×Ту) ×К.

мұндағы А - әр машинадағы біртекті бөлшектер (агрегаттар) саны; М - базадагы бірдей таңбалы машиналар саны; В - бөлшекті жөндеу айналым уақыты, күн; Нпл - машинаның жоспарлы жылдық жұмыс істеу уақыты, сағат; Ту - бөлшектің жұмыска жарамдылық шегі, сағат; К - агрегаттың жарамдылық шегінің. жөндеу айналым уақытының ауытқуын ескеретін еселік (1,05...1,1).


Информация о работе Гкотеип тасымалдау машиналары