Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций
Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.
Салмағы Q (Н) жүкті көтеруге қажетті үзындығы ℓ(мм) қолсаптағы күш Р (Н) мына формуламен анықталады:
P= (Q×dcp×tg(b+r)) / 2 ℓ ,
Мұндағы dcp- бұраманың бұрандасының орта диаметрі, мм.
Бұрамалы домкраттардың жүккөтерімділігі 50 т, көтеру биіктігі - 0,5 м-ге дейін. Электрлі немесе механикалық жетекті бұрамалы домкраттардың жүккөтергіштігі 100 т-ға дейін.
Төрткілдешті домкраттың (4.1, б-сурет) құрамы металдан жасалған тұрқыдан 14, оның бағыттамасында жылжитын бір бағытты тісті төрткілдештен 9 түрады. Төрткілдештің жоғарғы жағында жукті бұрушы бастиек 8, ал астытда - төмен орналасқан жүкті көтеретін табан 15 бар.
Төрткілдеш жүктірегіш тежегіші бар қауіпсіз қолсаптан 13 бір немесе қос тістегеріш берілісі 10 арқылы қозғалыс алады. Бір жүп тістегеріштің беріліс саны 4...6, ал кіші (жетекші) тістегеріштің тістер саны 4...5-тен аспайды. Кетерілген жүкті қырылдақ дөңгелек 12 пен ілмекшаппа 11 арқылы ұстайды.
Салмағы Q (Н) жүкті көтеруге қажетті ұзындығы ℓ (м) қолсаптағы күш,Н:
Р =(Q-dш)/ 2×ℓ×і×η
мұндағы dш - төрткілдешпен іліністегі тістегеріштің бастапқы шеңберінің диаметрі, мм; і - тісті берілістің беріліс саны; п - бе-рілістің ПӘЕ (0,65...0,85).
Төрткілдешті домкраттың жүккөтергіштігі 10 т-ға жетеді, көтеру биіктігі - 0,4 м-ге дейін.
Гидравликалыц домкраттардың төрткілдешті және бұрамалы домкраттармен салыстырғанда жүккөтергіштігі де, ПӘЕ-де жоғары. Қолдан жетек алатын гидравликалық домкраттың принципті сұлбасы 4.1, в-суретте көрсетілген. Жүкті цилиндр 20 мен нығыздағыш манжетасы бар тығынжылдан 21 тұратын тығынжылды сорғымен көтереді. Жетекші қолсап 22 арқылы сорғының тығынжылына қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс беріледі, ол сорғыш 24 және сықағыш 19 клапандар арқылы сұйықтықты шаннан 23 жұмысшы цилиндрге 17 айдайды (жібереді). Цилиндрдің төменгі жағында пайда болған сұйықтың қысымы піспекті 16 жүгімен қоса жоғары жылжытады. Құбыр-шүмекті 18 ашқанда сұйықтық жұмысшы цилиндрден шанға құйылады, піспек төмен (кері) жылжиды. Сұйықтық ретінде индустриалды майды немесе қатпайтын сұйықтарды қолданады.
Салмағы Q (Н) жүкті көтеруге қажетті ұзындығы ℓ (м) қолсаптағы күш, Н:
P=Q×d2× ℓ 1× /Д2× ℓ2× η
Мұндағы d - сорғының тығынжылының диаметрі, мм; Д - домкраттың піспегінің диаметрі, мм; ℓ 1 мен ℓ2 - қолсаптың иіндері, мм; η –домкраттың ПӘЕ(0,8...0,9).
Қолжетекті гидравликалық домкраттардың жүк көтергіштігі 200 т-ға дейін жетеді, кетеру биіктігі - 0,2 м-ге дейін. Ғимараттардың құрастырылған қабатын, көпір аралықтарын көтеру үшін ортақ бірікпеге қосылысқан және бір электржетекті сорғыдан сұйықтық қорегін алатын домкраттарды қолданады. Мұндай домкраттардың жүккөтергіштігі 3000 т-ға жетеді. Жүкті домкраттың жұмысшы жүрісінен асатын биіктікке көтеру үшін суырмалы және қайтымды (қос әсерлі) домкраттарды қолданады.
4.1.2. Тальдер - тіректерге асып қоятын ықшам жүк көтергіш құрылымдар. Оларды жинақтау, жөндеу және такелаждық жұмыстарды орындауға қолданады. Олар қолжетекті (жұмысшы қолынан) және электрлсетекті болады.
Қолжетекті талъдер құрылымына қарай иінтіректі -қырылдақ механизмдері немесе тұйықталған шынжыр арқылы адамның қол күшімен жетектелетін тістегерішті және иірмекті болып бөлінеді. Иірмекті таль (4.2-сурет) тірек элементтеріне таль түрқымен 6 топсалы қосылысқан ілмек 7 арқылы асылады. Таль тұрқында жүк жұлдызшасымен 4 бірге ортақ білікте қатаң бекітілген иірмекті доңғалақпен 5 ілініскен иірмек 9 орналасқан.
Жүк көтергіш (әдетте тілікті) шынжыр 2 жүк жұлдызшасын 4 және жылжымалы ілгек құрсамасының 1 жұлдызшасын 10 орап, екі еселі полиспаст құрайды да, бір басы таль тұрқына бекітіледі. Тұйықталған шынжыр 11 арқылы тартым жұлдызшасын 8 айналдырғанда қозғалыс иірмекті беріліс арқылы жүк көтергіш шынжырды жылжытатын жұлдызшаға 4 беріледі де, шынжыр ілгекті көтереді немесе түсіреді. Көтерілген жүкті сол жағдайда иірмек білігіне орналасқан қьірыддақ кідіртпелі дискілі тежегіш 3 ұстап түрады.
4.2 - сурет. Иірмекті қолжетекті таль
Салмағы Q (Н) жүкті көтеруге керекті тартым шынжы-рындағы күш, Н:
P=Q× r / iп× ir×R× η
Мұндағы r - жүк жұлдызшасының радиусы, мм; iп - полиспаст еселігі; ir - иірмекті берілістің беріліс саны; R - тартым жұлдызшасының радиусы, мм; η – тальдің ПӘЕ (0,55...0,75).
Көтерілген жүкті горизонталь бағытта жылжыту қажет болғанда, тальді екі таврлы арқалықта - монорельсте жүретін арбашыққа асады. Жүру механизмі жоқ, жүккөтергіштігі 0,5-10 т тальдерді жұмысшы күшімен жылжытады, ал жүккөтергіштігі 1-5 т тальдердің арбашықтарына кол күшінен жетек алатын механизм орналастырылады. Қолжетекті тальдердің жүккөтергіштігі 0,5..10 т, ал жүк көтеру биіктігі - 3 м-ге дейін.
Электрлі тальдерді оздігінен, дербес жүк тасымалдауға немесе крандардың (ұстындағы крандар, кран-арқалық, төрттағанды т.б.) жүк көтергіш механизм ретінде пайдаланады. Олар жылжымайтын және жылжымалы, қолдан және электржетекті механизмдермен жылжитындар болады. Ақырғы жолдағы тальдерді тельфер деп атайды (4.3-сурет), оның құрамына бір немесе екі жүруші арбашық 1, электрлі қозғалтқыш 11, атанақ 10, бәсеңдеткіш 7, электрмагнитті дискілі (немесе қалыпты) тежегіш 4, ілмек құрсамасы 8 жатады. Бұрау моменті қозғалтқыштан сымарқан 9 оралатын ойымды атанаққа бәсеңдеткіш арқылы беріледі. Электротельферді жүк көтеруге немесе түсіруге қосқанда, электр қозғалтқыштың тізбегіне қосылған электромагнит 6 тежегіштің дискілерін ажыратады да, жедел айналымды біліктің 3 айналуына мүмкіншілік туғызады. Электрқозғалтқышты тоқтатқанда электромагниттің катушкалары токтан ажыратылады да, серіппе 5 жылжымалы дискілерді жылжымайтындарға қыспақтайды, қорытындысында көтерілген жүк сол жерде ұсталып тұрады. Ілгектің құрсамасы шекті биіктікке жеткенде жүк көтеру биіктігін шектегіш автоматты түрде электрқозғалтқышты ажыратады. Тельфер монорельс 2 бойымен дербес электроқозғалтқыштан жылжиды. Электрлі тальдарды жерден иілгіш кабель, жібергіш батырма арқылк баскарады. Электротальдердің жүккөтерімділігі - 0,2... 10 т, жүк көтеру биіктігі -35 м-ге дейін, көтеру жылдамдығы - 0,13 м; арбашықтың жылжу жылдамдығы -0,33...0,5 м/с.
4.1.3. Жукшығырлар жөндеу, жинақтау және такелаж жұмыстарында қолданатын жүкті көтеріп немесе жылжытуды атанаққа оралған арқан арқылы атқаратын механизм. Олар жетек түріне қарай қолдан және механикалық; атқаратын міндетіне қарай көтергіш, тартқыш және бұрылғыш; орнықтыруына қарай жылжымалы және тұрғылықты; атанақ санына қарай бір, екі және үш атанақты болып бөлінеді. Атанақтар тегіс беткейлі және ойымды болуы мүмкін.
4.3-сурет. Электрлі таль (тельфер)
Қол жүкшыгырлары жұмысшының бұлшык, ет күшімен жұмыс істейді де, біратанақты немесе иінтіректі болуы мүмкін. Біратанақты қол жүкшығыры (4.4-сурет) тұғырдан 5, біліктерден және оларға орналасқан атанақтан 6, тісті доңғалақтардан, автоматтандырылған тежегіштен тұрады. Жүкті көтеру және түсіру жетекші білікке бекітілген бір немесе екі қолсапты қолмен 3 айналдыру арқылы іске асады. Жеңіл жүктерді жедел көтеру
4.4 - сурет. Қол жүкшығырының кинематикалық сұлбасы
мақсатында, қол жүкшығырды екі жылдамдықты етіп жасайды. Жүкті көтеру жылдамдығын өзгерту үшін тістегеріштер жиынтығын 2 жетекші біліктің осін бойлата жылжытады. Жүкті түсіргенде қырылдақ кідіртпе 4 мен тежегіш дискілерден 1 түратын автоматты жүктіректі тежегіш атанақтың тежелуін, ал жүмысшы қолсапты қоя берсе, сол сәтте тоқтауын қамтамасыз етеді.
Қолсаптың білігіндегі бұрау моменті, Н×м:
Мр = Рр ℓ,
мұндағы Рр - қолсаптағы күш (бір жұмысшыға жұмыс ұзақтығына қарай 98...200 Н аралығында қабылданады); ℓ - қолсаптың ұзындығы (ℓ = 0,4 м).
Сериялы шығарылатын біратанақты қол жүкшығырларының құрылымы біркелкі, олардың бірінші жылдамдыктағы тартым күші 4,9...78,5 кН, атанақтың арқан сыйымдылығы 50...200 м.
Механикалық жүкшығырлар көбінесе кернеуі 220/380 В айнымалы ток желісінен қоректенетін электрқозғалтқыштан жетек алады. Атанақтар санына байланысты жүкшығырлар бір және екіатанақты, ал қозғалтқышпен атанақ аралығының кинематикалық байланысына қарай тісті-үйкелісті және кері қимылды болуы мүмкін.
Кері қимылды жүкшығыр (4.5-сурет) П - тәрізді сұлба мен атанақ 1, бәсеңдеткіш 2 және электрқозғалтқыш 5орналастырылған қаңқадан тұрады. Бәсендеткіш пен электрлі қозғалтқыш өзара серіппелі төлкесаусақты жалғастырғышпен 4 қосылысқан, оның бір жартысы, сонымен қатар екіқалыпты электромагнитті тежегіштің 3 шкиві қызметін атқарады. Атанақтың айналым бағыты электрқозғалтқыштың айналым бағытын өзгерту (керіқимылдау) арқылы жасалады. Жүкшығырдың қаңқасы іргетасқа, тұрақты зәкірге, ғимарат құрылмасына бекітіледі немесе балластпен жүктеледі.
Жалпыміндетті кері қимылды жүкшығырлардың құрылым сұлбасы бірыңғай, тартым күші 3... 122,5 кН, электрқозғалтқышының қуаты 2,8...кВт, арқанының бірінші қабатының оралым жылдамдығы (көпқабатты оралымда) 0,08...0,7 м/с және атанақ арқанының сыйымдылығы 80...800 м/с.
4.5 - сурет. Қайтымды жүкшығырдың кинематикалык сұлбасы
4.6 - сурет. Тісті-үйкелісті жүкшығырдың кинематикалық сұлбасы
Үйкелісті жүкшығырлардың қайтымдылардан айырмашылығы, оларда электрлі қозғалтқыштар мен атанақтың (атанақтардың) аралығында үйкелісті конусты (немесе цилиндрлі) үйкеліс жалғастырғышы орналасқан. Мұндай жүкшығырларда берілген қозғалыс жүкті көтеруге пайдаланылады. Жүктің темен түсуі, жалғастырғыш ажыратылған жағдайда, жүктің меншікті салмақ күшімен атқарылады. Мұндай жүкшығырларда бір электркозғалтқыштан меншікті жалғастырғыштарымен және тежегіштерімен қамтылған бірнеше атанақтар жетек алады. Бір атанақты үйкелісті (4.6-сурет) жүкшығырдың атанағы сынакайысты 4, ашық тісті 2 берілістері және бір жартыжалғастырғышы тісті доңғалақпен, ал екіншісі - атанақпен 6 бірге жасалған жалғастырғыш 1 арқылы электрқозғалтқыштан 3 жетек алады. Жалғастырғышты қозғалмайтын ось 7 бойы атанақты жылжыту және оның жартыжалғастырғышын жетектегі доңғалақтың жартыжалғастырғышына қысымдау арқылы жетекке қосады. Атанақ айналмалы қолсаптың 11 кысқыш сомыны 10 арқылы жылжиды. Жүкті түсіру жылдамдығы басқарылатын қалыпты тұйықталған таспалы тежегіш 5 аркылы реттеледі. Жүкті көтерілген күйінде атанаққа бекітілген қырылдақ доңғалақтан 9 және ілмекшаппадан 8 түратын қырылдақ кідіртпе арқылы үстайды.
Жалпыміндеіті үйкелісті жүкшығырлардың атанақтағы немесе атанақтардағы тартым күші 5...20 кН, козғалткыш куаты 4,5...20 кВт және атанақ (атанактардың) арқанының сыйымдылығы 80...230 м.
Жүкшығырдын жетек қозғалтқышының қуаты, кВт :
N=P×v/103× ηл
мұндағы P - атанаққа оралатын арқандағы күш, Н; v - арқанның оралым жылдамдығы, м/с; ηл- жүкшығырдың ПӘЕ.
4.2. Құрылыс көтергіштері
Құрылыс көтергіштері - жүктасымалдау мәрімдері (платформа, шөміш, ілмек, шанақ, қарпығыш, кабина және т.б.) вертикаль немесе көлбеу бағыттағыштарда жылжитын жүк көтергіш машиналар. Вертикаль бағыттауышты көтергіштер ілінбелі иілгіш (арқан) және қатаң (діңгек) бағыттауыштылар болып ажыратылады. Діңгекті көтергіштер көп қабатты ғимараттар салғанда кең қолданылады. Қазіргі кездегі құрылыс-жинақтау және әрлеу жұмыстарының екпінділігі мен оларды ұйымдастыруына байланысты мұнаралы крандардың қажетті заттарды мезгілінде жеткізуі мүмкін емес, себебі әрлеу жүмыстары 3...5 қабатқа кешігіп, жинақтау жұмыстарымен қатар өтеді. Сондықтан заттар мен жабдықтарды жеткізуге, терезе және есік ойықтары мен жинақтағыштарды, әрлеушілерді және жұмысшыларды көтеруге діңгекті көтергіштер қолданылады. Атқаратын міндетіне қарай құрылысшы діңгекті көтергіштерді жүктік және жүкжолаушылық деп беледі. Жылжу мүмкіншілігіне карай тұрақты және жылжымалы (рельсті, пневмодоңғалақты, автомобиль негізінде, шынжыр табанды) және тұрақты деп ажыратады. Соңғылары еркін тұрушы және тақап қоюшы болып бөлінеді. Ғимараттар қабатының көбеюіне және мұржалардың биіктігінің өсуіне байланысты осы кездегі көтергіштердің басым көпшілігі-ғимараттың биіктігі өсе келе оларға бекітіліп отыратын тақап қоюшылар. Жылжымалы және еркін тұрушы көтергіштер діңгегі 12 м-ге дейін, олар аз қабатты қүрылыста қолданылады да, объектіден объектіге бұзбай-тасымалданады.
4.2.1. Діңгекті құрылыс көтергіші (4.7, а-сурет) тірек қаңқасынан 3, кері қимылды жүкшығырынан 4, вертикаль бағыттамаларында жүк тасушы мәрімі 1 (жебе, платформа, монорельс) орналасқан діңгектен 7,
4.7 - сурет. Діңгекті көтергіштер: a - жүктік; б - жүк-жолаушылық
басқару жүйесінен және сақтандырғыш құрылғыларынан тұрады.
Автомобиль тіркемесімен тасымалдайтын мобильді көтергіштерде көтергіш жұмыс атқарғанда бұрамалы тіректермен (аутригерлермен) 6 көтеріп қоятын пневмошиналы дөңгелек 5 қарастырылған. Жүкжолаушы көтергіштерде (4.7, б-сурет) қосымша атанағымен теңсалмақ 8, бастиекке 9 орнатылған жебе 10 (діңгектің биіктігін өсіретін), кабина мен машина бөлімінің қоршауы 11, сотшмен қатар салынып жатқан ғимаратқа көтергіштің 13 діңгек бекіткіштері 12 бар. Заттарды беруге немесе ғимаратқа кісілер өтуі үшін жоғарғы немесе төменгі суырмалы алаңшаларды 2 қолданады.
Көтергіштердің діңгектері - қиылымы тікбүрышты және үшбұрышты тор тәрізді құрылым, онда бір немесе екі жүктасымалдағыш мәрімнің аунақшалары жүретін бағыттамалар орналасқан. Діңгек санына қарай көтергіштерді бір-екі тіреуішті деп бөледі. Көп қабатты құрылыстар үшін көтергіш діңгектерінің ұзындығы 1,5...3 м. Өзара ауысымды секциялардан тұратын бөлшектелмелі болып жасалады. Діңгекті бойлай арқан-шығыршықты немесе төрткілдешті беріліс арқылы кеңістікте қатаң немесе жылжымалы болып орналасқан жүктасушы мәрімдер жылжиды. Қатаң мәрімдерге вертикаль жылжитын платформалар жатады. Жүк беруші мәрімдердің ең ыңғайлысына жүкті суырмалы платформа 1 (4.8, а-сурет), топсалы бекітілген жебе 3 (4.8, б-сурет) немесе жылжымалы монорельстер 5 (4.8, в-сурет) арқылы ғимарат қүрылыстарынан оның ішіне енгізіп беретіндер жатады. Ондай айлабұйымдардың арқасында жұмысшы жүкті түсіріп алу үшін платформаға шықпайды, ол - жұмыстың қауіп сіздігін қамтамасыз етеді.
Құрылыс көтергіштерінің негізгі параметрлеріне жататындар (4.7; 4.8-суреттер): жүккөтергіштік Q (көтергіштің көтеретін жүгінің номиналды массасы), жүкті көтерудің ең үлкен биіктігі Н (вертикаль бойынша ең жоғарғы күйіндегі жүктің төменгі шебі мен жер беткейінің аралығы), жүкті көтеру және түсіру жылдамдығы v, жүкті горизонталь бағытта жылжыту аралығы L (ғимаратқа енгізілген жүкті вертикаль бағытта жылжыту аралыгы), жүкті беру жылдамдығы v2, көтергіште орнатылған қозгалтқыштың қуаты N, жүккөтергіштің құрылымдық және жалпы массасы m, ғимарат қабырғасындағы тіректер қадамы t, өнімділігі және т.б.
Көтергіштерді ғимарат немесе имарат қабырғаларына перпендикуляр немесе параллель бағытта орналастырады. Егер платформа осі ғимаратқа параллель болса, кіші өлшемді жүктер беріледі, ал платформа перпендикуляр бағытта болса, ұзын өлшемді жүктерді беруге мүмкіншілік болады.