Гкотеип тасымалдау машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 23:08, курс лекций

Краткое описание

Қүрылыс, жол машиналарын жіктеу
Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналарына қойылатын maлап тар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

тастанбеков-ворд-2010.doc

— 4.09 Мб (Скачать документ)

 

2.1-сурет. Көлемдік гидрожетектің принципті сұлбасы

Құрылыс, жол машиналарының гидрожетектерінде тістегерішті және ротор-піспекті сораптар мен гидромоторлар кеңінен қолданылады. Сораптар жетектің механикалык энергиясын жұмысшы сүйықтың ағын энергиясына айналдырады да, жасаған қысым мөлшерімен және өнімділігімен сипатталады. Гидромоторлар жұмысшы сүйықтың ағын энергиясын механизмдердің жетек біліктерін айналдыратын механикалық   энергияға айналдырады да, бұрау моментінің мөлшері мен біліктің айналым жиілігімен сипатталады.

Бірбөлікті тістегеріштері сырттай ілініскен 6...2 тісті, НШ типті (2.2-сурет) сораптар кең тараған. Жетекші 4 және жетектегі 5 тістегеріштер сорушы және сықаушы қуыстары бар тұрқыда 2 қойылған сырғанау мойын-тіректеріне 3 орналасқан біліктермен 1 бірге жасалған. Тістегеріштер айналғанда жұмысшы сүйық шаннан сорушы қуыска сорылады да, тістер аралығын толтырып, сыкау қуысына етеді, одан тістегеріш тістерімен сықау желісіне сығылады. НШ типті сораптардың қысымы 15 МПа-ға дейін барады. Олардың құрылымы қарапайым, кіші габаритті және бағасы арзан. Негізгі кемшіліктері - ПӘЕ-і аз (0,6...0,75) және жоғары қысымда жұмыс істеу мерзімі үзақ емес.

2.2-сурет. Бірбөлікті тістегерішті сорап: а - жалпы көрінісі; б - жұмыс сүлбасы

радиаль-піспекті (2.3-сурет) болып бөлінеді.

Ротор-піспекті сораптар мен гидромоторлар аксиаль-піспекті және

Аксиал-піспекті сораптар мен гидромоторлардың қү-рылымы біркелкі, олар айналатын цилиндрлер бірікпесінен 5, піспектер 3 соташығынан 2, жетекші біліктен 1 және қозғал-майтын таратқыш діскіден 6 тұрады. Бірікпе шеңбер бойы сегіз цилиндр 4 орналастырылған. Жетекші біліктің осіне еңкейе (еңіс бұрышы а = 15...30°) орналасқан бірікпе 5 айналғанда, оның ішінде орналасқан піспектер бірге айналады да, сонымен қатар цйлиндрде қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс жасап, гидро-шаннан кезекпен жұмысшы сұйықты сорып, оны сықау желісіне сығып отырады. Піспектер сұйықты тараткыш дискінің 6 доғалы қуысы 8 аркылы сорып лоне сығып отырады. Бірікпе айналғанда, цилиндрлердің тесігі 7 сору немесе сығу желісімен қосылып отырады.

Гидросораптар реттелмейтін (өнімділігі мен еңіс бұрышы тұрақты) және реттелетін (өнімділігі ауыспалы) болады, соңғының еңіс бұрышын (а) жұмыс үстінде байыппен өзгертеді. Сораптың пайдалану қуаты тұрақты болғанда еңіс бұрышын өзгертсе, сораптың беретін қысымы Р мен өнімділігі Q өзара кері пропорцияда өзгереді, себебі

N = P×Q.

Егер еңіс бұрышын қарама-қарсы жаққа ауыстырса, coрап сұйықты айдау бағытын да қарсы жаққа ауыстырады. Жүйедегі қысым мелшеріне байланысты бірікпе өсін өзгерту құрылымы бар реттелетін аксиалпіспекті сораптарды, тыс жүктеме  ауыспалы болғанда, жұмыс мәріміндегі және машинаның орын-даушы механизмдеріндегі күш пен жылдамдыкты автоматты түрде реттеуге пайдаланады. Біршөмішті экскаватордың және өздігінен жүретін жебелі крандардың гидрожетектерінде бір түрқыға орналастырылған қосарланған аксиаль-піспекті сорап-тарды қолданады. Мұндай сораптар, әдетте, жұмысшы сұйықты екі сықау желісіне сығады. Қазіргі аксиаль-піспекті сораптар унификацияланған, ПӘЕ жоғары (0,96...0,98) және жұмыс қысымы 35 МПа-ға дейін, өнімділігі минутына 1000 литрге дейін барады.

Аксиаль-піспекті сорапты гидромотор ретінде пайдаланғанда, жұмысшы сұйық сораптан оның сығу желісімен айдалады да, піспекке түскен қысым сораптың білігін айналдырады.

Гидроцилиндрлер машинаның жұмыс жабдықтарының элементтерін цилиндр 1 (2.4-сурет) немесе піспек 2 соташығы 5 сияқты қозғалмалы буьшдары арқылы іске қосады. Гидроци-линдрлерді бір-екіжақ бағытты әсерлі деп айырады. Біріншісін-де - қозғалмалы буындар сұйықтың қысымымен тек бір бағытта (жұмыс жүрісі) жылжиды, ал қайта орнына серіппенің 3 (2.4, а-сурет) немесе жылжушы элементтің салмағымен оралады. Ең

 

 

 

2.4 - сурет. Гидравликалық цилиндрлер

 

көп тараған екіншісінде - қозғалмалы буындар екі жаққа да сұйықтың қысымымен мәжбүрлі жылжиды (2.4., б, в, г, д-су-рет). Екіжақ әсерлі гидроцилиндрлердің соташықтары біржақты (2.4, б-сурет) және екіжакты (2.4, в, г-сурет) болады. Қозғалмалы буынды едәуір қашыктыққа жылжыту үшін (2,5...3 м дейін) телескопты гидроцилиндрді қолданады (2.4, д-сурет). Гидроцилиндрдің соташық орналасқан бөлігін соташық қуысы, ал қарама-қарсы жағын піспек қуысы дейді.

Жұмысшы сүйық піспек және шток қуыстарына жалғастықтар 7 және 8 арқылы құйылады. Піспек пен соташық қуыстарының қымтаулы бөлінуін піспек тығыздағышы 6 қамтамасыз етеді. Жұмысшы сүйықтың соташық қуысынан ағуына қымтағыш 4 кедергі жасайды. Цилиндр сағасы мен соташық бастиегінде машина элементтеріне топсалы бекітуге арналған тесіктер бар. Гидроцилиндрлердің негізгі параметрлері - цилиндрдің ішкі диаметрі, піспек жүрісі және номиналды қысым.

Гидротаратцыштар гидроқозғалтқышқа беретін сұйықтың ағымын және оның жұмыс тізбегін басқарады, колданылған сұйықтың ағызу куысынан шанға қайтарылуын және гидроқозғалтқыштың кері қимылын қамтамасыз етеді де, соңғының жылдамдығын реттейді. Таратқыштар реттығынды, клапанды және шұмекті деп бөлінеді. Ең көп тарағаны - рет-тығынды таратқыштар. Олардың негізгі элементі - қайтымды-ілгерілемелі жүретін реттығын. Қосылған арна санына қарай реттығынды таратқыштарды екі-үш-төртжүрісті деп бөледі. Реттығынды орнықтыру күйіне қарай таратқыштар үш-төрторынды болады. Үшорынды таратқыштың күйлерінің екеуі - жұысшы, біреуі-бейтарап, ал терторындыныкінің - екеуі жұмысшы, біреуі - бейтарап және тағы бірі - қалтқылы.

Үшорынды төртарналы таратқыштың 5 жұмысшы сүйықтың күректі көтеру цилиндріне 8 берілуін басқаруы 2.1-су-ретте көрсетілген. Таратқыштың басқару тұтқасын 6 төмен қою арқылы (2.1, б-сурет) сықау 4 және ағызу 12 бойлары 7 құбыр-мен қосылады немесе тұтқаны көтеру арқылы (Р2 күйіне қойып, 2.1, в-сурет) сықау 4 және ағызу 12 бойлары 10 құбырмен косылады да, гидроцилиндрлердің алға-кері кимылын басқарады. Реттығынның бейтарап күйінде құбырлар 7, 10 жабылады да, сықау 4 және ағызу 12 арнасы клапан 11 арқылы қосылып, жұмысшы сұйық гидроцилиндрлерге түспейді.

Реттеуші құрылгыларда міндеттері әртүрлі клапандар мен кедергіштер болады. Жүйенің қысымы сақтық және төмендеткіш клапандармен реттеледі. Сақтық клапан сораптың максимал     қысымын   шектейді, жүйедегі қысым номиналдан 10... 15 %-ға артқанда ашылып, сұйықты ағызу желісіне жібереді. Олар гидрожетектің элементтерін асқын жүктеуден сақтайлы. Төмендеткіш клапан сорғы қанша кысым берсе де, жүйедегі кысымды белгілі бір мөлшерге төмендетеді. Кербағытты клапандар сұйық ағымын тек бір бағытта өткізеді. Кедерткіштер гидроцилиндрлердің қозғалғыш буындарының жылдамдығын немесе гидромоторлардың айналым жиілігін өзгерту мақсатында гидроқозғалтқыштарға берілетін сұйық мөлшерін реттейді.

Гидродинамикалыц беріліс деп негізгі қозғалтқыш пен трансмиссия аралығына орналастырылған гидрожалғастырғыш пен гидротрансформаторды айтады. Мұндай берілістердің әсер яринципі жетекші мен жетектегі элементтердің гидродинамикалык (яғни сүйық арқылы) байланысына негізделген.

Гидрожалғастырғыш (2.5, а-сурет) жетекші 1 және жетектегі 4 біліктерге орналастырылған және өзара саңылаумен бөлінген, жетекші сорапты 2 және жетектегі турбинді 3 шиыршық қалақты доңғалактардан тұрады. Доңғалақтар азтұтқырлы маймен толтырылған қаптама 5 ішінде орналасқан. Жетекші білік айналғанда, сорап доңғалағының қалақтары жұмысшы сұйықты турбинді доңғалақтың қалақтарына лақтырып, жетектегі доңғалақты өзі айналған жаққа айналуға мәжбүр етеді. Сұйык турбинді доңғалақтың қалақтарынан сорап доңғалағына оралып, тұйық тізбек қүрады. Гидроясалғастырғыштарда жетекші және жетектегі біліктерде бұрау моменті шамамен тең және олар машина қозғалтқышын асқын жүктеуден сақтайды.

Гидротрансформаторларда (2.5, б-сурет) сорапты 2 және гурбинді доңғалақтардан 3 баска олардың аралығында орналасқан қозғалмайтын бағыттаушы доңғалақ (реактор) 6 бар. Реактор сорапты және турбинді доңғалақтардың бүрау моменттерінің айырымын қабылдап, турбинді доңғалаққа эсер етуші реактивті моменттің туындауын қамтамасыз етеді. Сонымен,

шығаберіс білікке 4 екі момент қосындысы: сүйық ағымымен берілген жетекші біліктің бұрау моменті және реактивті момент әсер етеді. Тыс жүктеменің артуынан турбинді доңғалақтың айналу жиілігі кемігенде, автоматты түрде реактивті момент,

 

2.5- сурет. Гидродинамикалық берілістер

 

яғни жиынтық моментте артады. Трансформация еселігі дейтін максималды бұрау моментінің қозғалтқыш моментіне қатынасы, әдетте 2,5...3,5 аралығында. Гидротрансформаторларды қолдану машина қозғалтқышы мен трансмиссиясын асқын жүктеуден сақтайды, машинаның найдалану қасиетін жақсартады, олардын жұмысын автоматтандырып, өнімділігін кебейтеді.

 

Пневматикальщ берілісте сығымдағыштардағы 0,5...0,8 МПа-ға дейін сығымдалған ауаның энергиясы пневмотоқпақтарды, қол машиналары мен дірілдеткіштерді, әрлеу жұмыстарының әртүрлі аспаптарын қоректендіруге, сонымен қатар машиналардың басқару жүйесіндегі механизмдерді жатық қосу және оларды тежеуге пайдаланылады. Мұндай берілістің негізгі бөлшектері: жетекші қозғалткышы мен ауажинағышы (ресивер) бар сығымдағыш; айналымды және қайтарымды-ілгерілемелі қозғалысты пневматикалық қозғалтқыш; қосымшалаушы ауа құбырлары; қысым реттегіштер мен сақтық клапандары; ауа сүзгілері мен майсу бөлгіштер. Қолданған ауа тікелей атмосфе-раға жіберіледі. Сығымдағыштар электрқозғалтқыштары мен іштей жанатын қозғалтқыштардан жетек алады. Сығымдағыш жетегімен және қосалқы аспаптарымен сығымдағыш қондырғыны құрайды, ол тасымалды немесе жылжымалы болуы мүмкін. Бір-екі осьті арбашықтарға, тіркемеге, жүқ автомобильдерінің шассиіне (өздігінен жүретін қондырғылар) орналастырылған сығымдағыштар құрылыс-жинақтау жұмыстарында кең қолданылады. Тасымалды қондырмалар негізінен аз көлемді әрлеу (бояу) жұмыстарында қолданылады. Сығымдағыштарды әсер принципіне қарай піспекті, ротациялы, турбинді, диафрагмалы және бұрамалы деп айырады. Құрылыста ең көп тарағандары -бір-екі сатылы қысымдайтын піспекті сығымдағыштар.

Бір сатылы қысымдайтын сығымдағыштың (2.6, а-сурет) цилиндрінде 4 иінді білікпен 1 жетектелген, топсалы бұлғақпен 2 қосылған піспек 3 қайтымды-ілгерілемелі қозғалады.

2.6 - сурет. Піспекті сығымдағыштар

 

Цилиндрдің қақпағында серіппемен қыспақталған сорушы 5 және сықаушы 7 клапандар орналасқан. Піспек төмен жылжығанда, цилиндрде ауа сирейді де, атмосферадағы ауа клапанды 5 ашып, цилиндрді толтырады. Піспек жоғары жылжығанда, клапан 5 жабылып, цилиндрдегі ауа қыспақталады. Белгілі бір мөлшерге жеткен ауа қысымы клапанды 7 ашады да, қысымдалған ауа ауажинағышқа 8 түседі, одан үлестіргіш шүмектер арқылы резеңке шлангімен тұтынушыға беріледі.

Екі сатылы қысымдайтын сығымдағышта (2.6, б-сурет) ауа алдымен 0,2...0,25 МПа-ға дейін төмен қысымды цилиндрде 9 сығымдалады, одан кейін тоңазытқыштан 10 өтіп, жоғары қысымды цилиндрге 11 түсіп, онда 0,8 МПа-ға дейін сығымдалып, ауажинағышқа беріледі. Ауажинағышта қысымдалған ауа қоры жиналып, одан бірқалыпты, лүпілсіз тұтынушыға беріледі, сонымен қатар қысымдалған ауа суытылып, су мен майдан тазартылады. Ауажинағыштың сақтық клапаны артық қысым жағдайында ашылып, қысымдалған ауаның бір бөлігін атмосфераға шығарады: Қысым мөлшері манометрмен тексеріледі. Жылжымалы сығымдағыш қондырманың өнімділігі минутына 2...20 м3.

Жүру жабдыгына шынжыр табанды, пневмодоңғалақты немесе рельсті жүру кұрылғылары және оның жетек механизмдері жатады. Әрбір жүру құрылғысы қозғаушы мен аспадан тұрады. Қозғаушы тірек беткейімен тұрақты байланыста (іліністе) болады да, машинаның ілгерілемелі қозғалысын қамтамасыз етеді. Аспа қозғаушыны машинаның тірек қаңқасымен байланыстырады да, баяу жүргіш машиналарда қатаң, тез жүр-гіш машиналарда жартылай қатаң және серпімді болады. Өзі жүретін ҚЖМ сериялы жүк автомобильдерінің, доңғалақты және шынжыр табанды тракторлардың, пневмодоңғалақты тартқыштар және арнаулы шынжыр табанды пневмодоңғалақты шассилердің базасына жинақталады да, жетекті машинаның ортақ трансмиссиясынан немесе меншікті гидравликалық және электрлі қозғалтқыштарынан алады. Қазіргі кездегі ҚЖМ-ның арнаулы шассиі унификацияланған.

Пневмодоңгалацты журу жабдығы ептілікті, жедел әрекетті, жоғары жылдамдық (сағатына 60.,.70 шм-ға дейін) пен жатық жүрісті қамтамасыз етеді. Пневмодоңғалақты қозғаушы жетекші және жетектегі доңғалақтардан тұрады. Олардың айналым қозғалысы машинаның ілгерілемелі жүрісіне айналады. Көпшілік ҚЖМ-да барлық доңғалақтары жетекші. Доңғалақ саны әр доңғалаққа келетін рауалы жүктемеге, машинаның жұмыс жағдайы мен режиміне, оның қажетті жүру жылдамдығына байланысты. ҚЖМ-ның жүру құрылымдары, әдетте, өзара ауысымды 4...8 біркелкі доңғалақтардан тұрады. Әр пневмодоңғалақтың негізгі элементі - ауа үрленген доңғалақтың тағына жинақталған серпімді резеңкелі шина. Шиналар камералы және камерасыз болуы мүмкін. Камералы шинада (2.7, а-сурет) ауа камераға 3, ал камерасызда (2.7, б-сурет) - қымталып жинақ-талған дөңгелек қап пен доңғалақ тағы аралығына үрленеді. Тікелей жол бетімен әсерлесетін шина бұжыртабанының суреттер жамылғысы қатты жолдар үшін ұсақ, ал қара жол үшін - ірі болады (2.7, в-сурет). Жұмсақ, көтерілімділігі төмен қара жолда жүріп және жұмыс істегенде, машинаның еткізгіштігін жақсарту мақсатында тірек беті үлкен, кең профильді және (аркалы) доғалы шиналарды қолданады (2.7, г-сурет). Ондай шиналардың тогіырақілгіші биік, әсер қыртысына меншікті қысымы 0,05...0,14 МПа-дан артпайды. Көпшілік машиналар, жүмыс атқару және қозғалу жағдайына байланысты, шинаның қысымын (әр шинаны жеке немесе барлығын бірге) жүргізушінің кабинасынан реттейтін құрылыммен жабдықталады. Шинаның қысымы 0,05...0,08 МПа-ға дейін төмендегенде, оның топырақпен түйісу ауданы да, машинаның өткіштігі де, сонымен қатар машинаның қозғалуына кедергі де, шинаның тозу екпінділігі де көбейеді. Жақсы жолда шинаның қысымын 0,5...0,7 МПа-ға дейін өсіреді.

2.7-сурет. Шиналар типі: а - камералы; б - камерасыз; в -протекторлар типі; г - аркалы шина

Пневмодоңғалақтарда машинаның қаңқасына қатаң бекітілген немесе теңгергіш, серпімді аспа арқылы қосылған жетекші және жетектегі белдіктер сүйенеді. Белдіктердің саны әдетте үштен аспайды. Аса жүктелген белдіктерде доңғалақтар қосарланады. Машинаның жүру бағытын басқару доңғалақтарын белдікті доңғалағымен қоса бұру арқылы өзгертеді. Жетекші доңғалақтардың айналуы механикалық трансмиссиядан, жалпылама жүру мәрімінің электрқозғалтқышынан, төмен моментті гидромотордан, дербес немесе әр доңғалақтың күпшегіне кіріс-тірілген жетекші бірікпеден болуы мүмкін. Соңғы құрылғыны мотор- доңғалақтар дейді. Оның құрамы электрқозғалтқыш немесе гидромотордан, планетарлы бәсеңдеткіш пен тежегіштен тұрады. Мотор-доңғалақты ҚЖМ-ның жылдамдығын жол жағ-дайы мен әсер етуші жүктемеге байланысты үлкен аралықта (диапазонда) қалыпты өзгертуге болады. Әр мотор-доңғалақтың өзі жеке бұрылуы мүмкін, ол ҚЖМ-ның маневрлілігін арттырады. Жұмыс атқару кезінде экскаваторлардың, жебелі өздігінен жүретін крандардың, бұрғылайтын және т.б. құрылыс, жол машиналарының жүру қүрылғыларын жүктемеден босату (арылту) үшін машинадан оқшауланған тыстіректер-аутригерлер қолданылады. Пневмодоңғалақты қозғалыс құрылғыларының массасы жалпы машина массасының 10...12 %-ын құрайды.

Шынжыр табанды жүру жабдықтары жер қыртысымен жақсы іліңісуімен, тартымы жоғарылығымен, тірек беткейінің үлкендігімен, жер қыртысына меншікті қысым шамасының аз болуымен (0,04...0,1 МПа) сипатталады. Осы қасиеттер жиынтығы (комплексі) шынжыр. табанды жабдықтардың өткіштігін арттырады, сондықтан оларды жолсыз жерде, нашар жолдарда қолданатын машиналарда пайдаланады. Шынжыр табанды жабдықтардың кемшіліктері: баяу жүрісті (сағатына 12 шм-нан кем), массасы үлкен (машина массасының 30...40 %) және құрылымы күрделі.

Шынжыр табанды қозғау механизмдері (2.8, а-сурет) өзара топсалы қосылған буындардан тұратын жетекші 1 және бағыттаушы (керуші) 9 доңғалақтарды орайжанаушы шынжырлы таспадан 1 тұрады. Донғалақтар қаңқаның 7 бас-аяғына орналасқан. Машинадан түскен жүктеме шынжырлы таспаның темени тармағына оның үстімен жүретін тірек аунақтары 6 арқы-лы беріледі. Шынжыртаспаның үстіңгі бос тармағын аунақшалар 3 көтермелеп, салбыраудан сақтайды. Шынжырлы таспаны керуші доңғалақты 9 жылжыту арқылы бұрама құрылымымен 8 реттейді.

Тіреу беткейлеріне икемделуіне қарай қозғаулар жүмсақ, қатаң және жартылай қатаң болады. Қатаң қозғауларда тірек аунақтары тікелей қаңқаға (2.8, а-сурет), ал жұмсақтарда -серіппемен серіппегіштер арқылы бекітіледі. Экскаваторлардың, жебелі крандардың, тиегіштердің және басқа да машиналардың қатаң қозғауларының қаңқасы өзара көлденең арқаулармен қосылған, ал оларға машинаның салмағы мен тыс жүктеме түсетін тіректі-бұру дөңгелегі 4 сүйенген жүру қаңқасы 5 орналасады. Әр шынжыртаспаның жетекші доңғалағының жетегі берілістер жүйесі арқылы электрқозғалтқыштан немесе іштен жанатын козғалтқыштан, жалпы (2.8, б, в-сурет) немесе бәсеңдеткіш арқылы электрқозғалтқыштан, гидромотордан меншікті болуы мүмкін.

Информация о работе Гкотеип тасымалдау машиналары